Қаржылық менеджмент

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 10:21, курсовая работа

Описание работы

Қаржылық менеджмент туралы айтпас бұрын, қаржы терминіне анықтама беріп кетейік. Financia термині 13-15 ғ. Италияның сауда қалаларында пайда болған және алғашқыда барлық түрдегі ақшалай төлемдерді көрсеткен. Әрі қарай пайдалану – ақша қаражатының мемлекеттік қорын құру жөнінде тұрғындар мен мемлекеттің арасында ақша қатынасы жүйесінің байланысын түсіндіреді. Сонымен, бұл термин мынаны көрсетеді:
Екі субъектінің арасындағы ақша қатынасы;
Осы қатынас кезінде субъектілер әр түрлі қылықтарға ие болады;
Осы қатынас кезінде ақша қаражатының жалпымемлекеттік қоры – бюджет құрылды. Яғни, бұл қатынастар қордық мақсаттар алды.
Қаражаттың бюджетке үнемі түсуін салыққа, түсімдерге және басқа да мемлекеттік-еріксіз түрдегі төлемдерге берусіз қамтамасыз ету мүмкін емес еді.
Осылар қаржының негізгі белгілері болып табылады, бұл арқылы қаржыны ақшалай қатынастардың барлық жинағанынан қатесіз ажыратуға болыды. Мысалы, азаматтар арасындағы, адамдар мен жеке сауда арасындағы ақшалай қатынастарды қаржыға жатқызуға болмайды. Сонымен, қаржы – бұл әр кезде ақшалай қатынас, бірақ ақшалай қатынастардың барлығы емес, әр кезде де қаржылай қатынас бола алады.

Содержание

КІРІСПЕ
1. ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ МӘНІ, МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
1.1. Қаржылық менеджменттің мәні,
оның эволюциясы және қазіргі парадигма.................................
1.2.Қаржылық менеджменттің мақсаты мен
тапсырмалары.............................................................................
2. ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ, ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН СУБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ МЕХАНИЗМІ
2.1. Қаржылық менеджменттің объектілері
мен субъектілері...........................................................................
2.2. Қаржылық менеджменттің функциялары..........................
2.3. Қаржылық менеджменттің механизмі................................
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

Қаржылық менеджмент.doc

— 226.50 Кб (Скачать)

       б) кәсіпорын ақша ағымын басқару менеджері («кэш - менеджер»);

       в) кәсіпорын қаржылық тәуекелдерін басқару менеджері («риск - менеджер»);

       г) кәсіпорынды дағдарысқа қарсы қаржылық басқару бойынша менеджер («дағдарысқақарсыменеджер») 

 
 
 

1.4. сурет. Қаржылық басқару объектілері ретіндегі кәсіпорын сыныптамасы

2.2. Қаржылық менеджменттің  функциялары 

       Қаржылық  менеджмент, өзінің басты мақсаты  мен негізгі тапсырмаларын, белгілі  функциялары арқылы жүзеге асырады. Қаржылық менеджмент функциялары кәсіпорын  қаржысының функцияларын орындауға бағытталған. Олар екі негізгі топқа бөлінеді:

  1. Басқару жүйесі ретіндегі қаржылық менеджмент функциялары;
  2. Кәсіпорынның арнайы бөлімін басқаруға негізделген қаржы менеджментінің функциялары.

       Басқару жүйесі ретіндегі  қаржылық менеджмент функцияларының құрамына мыналар жатады:

  1. Кәсіпорынның қаржылық жоспарын өңдеу. Мұнда кәсіпорынның нәтижелі дамуы үшін ұзақ мерзімге қаржылық қызметтің мақсатты көрсеткіштері мен жүйесі қалыптасады. Кәсіпорынның қаржылық жоспары экономикалық дамуыдың негізгі бөлігі болып есептеледі.
  2. Кәсіпорынның қаржылық қызметінің барлық аспектілері бойынша басқару шешімдерін қабылдау және оны жүзеге асыруды қамтамасыз ететін ұйымдық құрылымдарды құру. Мұндай құрылымдар иерархиялық немесе функционалдық белгілері бойынша қалыптасады. Қаржылық менеджменттің бұл функциясын жүзеге асыру үшін кәсіпорынның қызмет ету шарттарының өзгерісіне осы ұйымдық құрылымдарды бейімдеуді қамтамасыз ету қажет. Ұйымдық құрылымдар кәсіпорынды басқарудың жалпы ұйымдық құрылымына бірігуі керек.
  3. Басқару шешімдерінің баламалы нұсқауларының негізін қамтамасыз ететін нәтижелі ақпараттық жүйені қалыптастыру. Бұл функцияның жүзеге асырылу барысында қаржылық менеджменттің ақпараттық қажеттіліктерінің мазмұны мен көлемі анықталуы керек; осы қажеттіліктерді қанағаттандыратын, ақпараттың  ішкі және сыртқы көздері қалыптасуы қажет.
  4. Кәсіпорын қаржылық қызметінің негізгі бағыттары бойынша жоспарлауды жүзеге асыру. Қаржылық менеджмент функциясын жүзеге асыру ағымдағы жоспарлар жүйесін өңдеу және қаржылық қызметтің негізгі бағыты бойынша оперативті бюджетерді қалыптастырумен байланысты болып табылады. Мұндай жоспарлаудың негізі болып – дамудың әр бір кезеңінде нақтылықты талап ететін, кәсіпорынның өңделген  қаржылық жоспары болып табылады.
  5. Қаржылық қызмет саласындағы қабылданған басқару шешімдерін орындауды ынталандыру жүйесін өңдеу. Бұл функцияны орындау үшін кәсіпорындағы бас менеджерлердің және басқа саладағы менеджерлердің өз өызметін уақытында әрі жақсы орындағаны үшін немесе орындамағаны үшін оларға сыйақы немесе керісінше, жауапқа тарту санкцияларын қолдану жүйесін қалыптастыру қажет.
  6. Кәсіпорын қаржылық қызметінің түрлі аспектілерінің талдауын жүзеге асыру. Мұнда қаржылық операциялардың, еншілес кәсіпорынның қаржылық қызметінің нәтижесінің, «жауапкершілік орталығының» және филиалдарының, кәсіпорынның қаржылық қызметінің жалпылама нәтижесінің  экспресс және терең талдауы жүргізіледі. 
  7. Қаржылық қызмет саласындағы қабылданған басқару шешімдерін жүзеге асырудағы нәтижелі бақылауды жүргізу. Мұнда кәсіпорында ішкі бақылауды орнату жүзеге асырылады.

     
     

 
 

 

 
 
 

 
 

 

 

 

 

       Кәсіпорынның  арнайы бөлімін басқаруға  негізделген қаржы менеджментінің функцияларына мыналар жатады:

  1. Активтерді басқару. Бұл басқарудың функцияларына  - активтердің кейбір түрлеріне қажеттілікті  және олардың жалпы сомасын анықтау, айналымдағы активтердің кейбір түрлерінің өтімділігін қамтамасыз ету және олардың айналым циклін тездету және оларды қаржыландырудың тиімді формалары мен көздерін таңдау жатады.
  2. Капиталды басқару. Мұнда, кәсіпорынның қалыптасқан активтерін қаржыландыру үшін жалпы қажеттілік анықталады; активтердің басқа да тиімді түрлеріне капиталды қайта қаржыландыру бойынша іс – шараларды қалыптастыру жүзеге асырылады.
  3. Инвестицияларды басқару. Бұған: кәсіпорын инвестициялық қызметінің маңызды бағыттарын қалыптастыру, нақты проектілердің инвестициялық тартымдылығын және қаржылық құралдарын бағалау және олардың ең тиімдісін таңдау, нақты инвестициялық бағдарламаларды және қаржылық инвестиция қоржынын қалыптастыру жатады.
  4. Ақша ағығын басқару. Мұнда, кәсіпорынның ақшалай қаражаттарының кіріс және шығыс ағындарын қалыптастыру, олардың көлемі және уақыты бойынша  сәйкестілігі, уақытша бос ақшалай активтердің қалдығын тиімді пайдалану жүргізіледі.
  5. Қаржылық тәуекелдерді басқару. Мұнда, берілген кәсіпорынның шаруашылық қызметіне қатысты негізгі қаржылық тәуекелдердің құрамы көрсетіледі; осы тәуекелдердің деңгейін бағалау жүзеге асырылады; кейбір қаржылық тәуекелдерді азайту және алдын алу бойынша іс – шаралар жүзеге асырылады.
  6. Дағдарысқа қарсы қаржылық басқару. Мұнда, қаржылық дағдарыстың алдын алу үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайын үнемі тексеріп, бақылап отыру қажет.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2.3. Қаржылық менеджменттің  механизмі 

       Кәсіпорындағы қаржылық қызметті басқару процесі  белгілі механизмге негізделеді. Қаржы менеджментінің механизмі – кәсіпорынның қаржылық қызметінің саласында басқару шешімдерді әзірлеу және оларды жүзеге асыру процестеріне әсер ететін негізгі элементтердің жиынтығы болып табылады.

       Қаржы менеджменті механизмінің құрылымына мына элементтер кіреді (1.7. сурет):

         
 
 
 
 
 
 
 

         
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

       1.7. сурет. Қаржы менеджменті механизмінің негізгі элементтері 

       1. Кәсіпорынның қаржы қызметін  реттеу жүйесіне мыналар жатады:

  • Кәсіпорынның қаржы қызметін мемлекеттік нормативтік – құқытық реттеу. Кәсіпорынның қаржылық қызметін реттейтін заңдар мен басқа да нормативтік актілерді қабылдау – мемлекеттің ішкі қаржы саясатын жүзеге асырудың бір бағыты болып табылады. Бұл саясаттың заңдық және нормативтік негіздері әр түрлері бойынша кәсіпорынның қаржылық қызметін реттейді.
  • Кәсіпорынның қаржылық қызметін реттейтін нарық механизмі. Бұл механизм ең алдымен, қаржы нарығы саласының жекелеген түрлері мен сегменттерінің шеңберінде қалыптасады. Қаржы нарығында сұраным мен ұсыныс баға және кейбір қаржы құралдары бойынша баға белгілену деңгейін қалыптастырады, ұлттық және шетелдік валюталары бойынша несие ресурстарының қол жеткізе алатындақ деңгейі, капитал табыстылығының орташа мөлшерін табады, кәсіпорынның өз қаржылық қызмет ету процесінде қолданылатын кейбір қор және ақша құралдарының өтемпаздық жүйесін анықтайды.
  • Кәсіпорынның қаржылық қызметіндегі жеке тұрғыдағы ішкі реттеу механизмі. Мұндай реттеудің механизмі кәсіпорынның қаржы қызметіне қатысты тиісті шұғыл басқару шешімдерді өзара ұштастыра отыра кәсіпорынның өз шеңберінде қалыптасады. Айталық, кәсіпорынның қаржы қызметіндегі бірқатар мәселелір сол кәсіпорын жарғысының талаптарына сай реттеледі. Мұның ішіндегі кейбір қызметінің жеке бағыттары бойынша мақсатты қаржы саясаты арқылы реттеледі. Сонымен қатар, кәсіпорында қаржы қызметінің жеке бағыттары бойынша ішкі нормативтер мен талаптардың жүйесі даярланып және бекітіліп қойылуы мүмкін.
 

      2. Кәсіпорынның қаржылық қызметін сырттай қолдану жүйесі мынаны қамтиды: 

  • Кәспорынды  қаржыландырудың  мемлекеттік және басқа да сыртқы түрлері. Бұл механизм кәсіпорынның дамуын мемлкеттік бюджет жүйесі тарапынан, бюджеттен тыс қорлар және де әр түрлі бизнестің дамуына ықпал жасайтын мемлкеттік емес қорлар есебінен аржыландырудың түрлерін сипаттайды.
  • Кәсіпорындарды несиелендіру. Бұл механизм кәсіпорынға әр түрлі несиелік институттар тарапынан алуан түрлі несиені қайтарымдылық негізінде, атаулы уақытқа және белгілі процент бойынша негізделген.
  • Лизинг (аренда). Бұл механизм кәсіпорынның атаулы уақыт кезеңіне белгілі төлемақы өтеп отыру арқасында тұтас мүлік кещендерін, айналымнан тыс активтердің кейбір түрлерін пайдалануына берілетіндігіне негізделген.
  • Сақтандыру. Сақтандыру механизмі кәсіпорын активтерін қаржылық қорғауға, кейбір қаржылық қауіп – қатерлердің орын алған жағдайларында оның мүмкін боп қалар деген шығындардың орнын толтыруға бағытталған.
  • Кәсіпорынның қаржы қызметін сырттай қолдаудың басқа да түрлері. Бұған кәсіпорын қызметіне лицензия беру, инвестициялық жобаларға мемлкеттік сараптама жүргізу және т.б.
 

      3. Қаржылық тұтқалар жүйесі қаржылық қызметтердің салалары бойынша басқару шешімдерінің қабылдану және жүзеге асыру процестеріне әсерін тигізетін мына негізгі түрлерді қамтиды: 

  • Баға;
  • Процент;
  • Пайда;
  • Амортизациялық аударым;
  • Таза ақша ағымы;
  • Дивидендтер;
  • Синергизм (компаниялардың қосылу нәтижесінен туындалған аса үлкен тиімділік);
  • Өсімақы, айыппұл, тұрақсыздық төлемі;
  • Басқа да экономикалық тұтқалар.
 

      4. Қаржы әдістерінің жүйесі негізгі тәсілдер мен амалдар арқасында кәсіпорынның қаржы қызметіндегі әр түрлі салаларында нақты басқару шешімдері негіздеме табатын және бақыланатын сол тәсілдер мен амалдардан құралады: 

  • Техникалық  – экономикалық есептеулер әдістері;
  • Баланстық әдіс;
  • Экономикалық – статистикалық әдіс;
  • Экономикалық – математикалық әдіс;
  • Эксперттік әдістері;
  • Құнды дисконттау әдістері;
  • Құнды өсіру әдістері;
  • Әртараптандыру әдістері;
  • Активтерді амортизациялау әдістері;
  • Хеджирлеу әдістері;
  • Басқа да қаржы әдістері.
 

      5. Қаржы құралдарының жүйесі кәсіпорынның  кейбір басқарылатын шешімдерін  жүзеге асыру механизмін қамтамасыз ететін және оның басқа да экономикалық объектілермен қаржы қатынастарын нақтылайтын мына келесі контрактілік міндеттемелерден құралады:

  • Төлем құралдары (төлем тапсырмалары, чектер, аккредитивтер және т.б.);
  • Несиелік құралдар (несиелік келісім – шарттар, несиелік сертификаттар және т.б);
  • Инвестициялау құралдары (акциялар, инвестициялық сертификаттар және т.б.);
  • Сақтандыру құралдары (сақтандыру келісім – шарттары, сақтадыру полисі және т.б.);
  • Депозиттік құралдар (депозиттік келісім – шарттар, депозиттік сертификаттар және т.б);
  • Басқа да қаржы құралдары.
 
 
 
 
 

 

     

         
 
 

         

       

       

       

         

         

       

       

         

       

       

         

         

       

         

         

 

 
 
 
 
 
 

1.9- сурет Қаржылық менеджмент механизмінің негізгі элементтерінің мазмұны. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе Қаржылық менеджмент