Қаржылық менеджмент

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 10:21, курсовая работа

Описание работы

Қаржылық менеджмент туралы айтпас бұрын, қаржы терминіне анықтама беріп кетейік. Financia термині 13-15 ғ. Италияның сауда қалаларында пайда болған және алғашқыда барлық түрдегі ақшалай төлемдерді көрсеткен. Әрі қарай пайдалану – ақша қаражатының мемлекеттік қорын құру жөнінде тұрғындар мен мемлекеттің арасында ақша қатынасы жүйесінің байланысын түсіндіреді. Сонымен, бұл термин мынаны көрсетеді:
Екі субъектінің арасындағы ақша қатынасы;
Осы қатынас кезінде субъектілер әр түрлі қылықтарға ие болады;
Осы қатынас кезінде ақша қаражатының жалпымемлекеттік қоры – бюджет құрылды. Яғни, бұл қатынастар қордық мақсаттар алды.
Қаражаттың бюджетке үнемі түсуін салыққа, түсімдерге және басқа да мемлекеттік-еріксіз түрдегі төлемдерге берусіз қамтамасыз ету мүмкін емес еді.
Осылар қаржының негізгі белгілері болып табылады, бұл арқылы қаржыны ақшалай қатынастардың барлық жинағанынан қатесіз ажыратуға болыды. Мысалы, азаматтар арасындағы, адамдар мен жеке сауда арасындағы ақшалай қатынастарды қаржыға жатқызуға болмайды. Сонымен, қаржы – бұл әр кезде ақшалай қатынас, бірақ ақшалай қатынастардың барлығы емес, әр кезде де қаржылай қатынас бола алады.

Содержание

КІРІСПЕ
1. ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ МӘНІ, МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
1.1. Қаржылық менеджменттің мәні,
оның эволюциясы және қазіргі парадигма.................................
1.2.Қаржылық менеджменттің мақсаты мен
тапсырмалары.............................................................................
2. ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ, ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН СУБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ МЕХАНИЗМІ
2.1. Қаржылық менеджменттің объектілері
мен субъектілері...........................................................................
2.2. Қаржылық менеджменттің функциялары..........................
2.3. Қаржылық менеджменттің механизмі................................
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

Қаржылық менеджмент.doc

— 226.50 Кб (Скачать)

    2. Қазіргі портфелді теория. 1952 жылы «Портфель таңдауы» атты жұмысында осы тұжырымдаманың негізгі принциптерін көрсеткен Гарри Марцкович бұл тұжырымдаманың негізін қалаған. Қаржылық менеджменттің осы теориялық тұжырымдамасының негізінде, меншіктенушілердің жағдайын барынша жақсарту критерийі бойынша инвестициялық портфельді қалыптастыруда қаржылық инвестициялаудың тәуекелдік құралдарының табыстылығы мен тәуекел деңгейінің қатынасын оңтайландыру және статистикалық талдаудың әдістемелік принциптері жатады. Кейіннен осы теорияны өңдеуге Нобель сыйлығының лауреаттары – Джеймс Тобин және Уильям Шарп белсене қатысты.

    3. Капитал құрылысының тұжырымдамасы. Мұны Франко Модильяни және Мертон Миллер ұсынып, олардың «Капитал құны, корпоративті қаржылар және инвестиция теориялары» атты еңбегінде (1958 ж.) жазылды. Бұл тұжырымның негізінде  - кәсіпорынмен таңдалған меншікті және қарызға алынған капитал ара қатынасының оның нарықтық құнының көрсеткішіне әсер ету механизмі жатады.

    Қаржылық  менеджменттің теориялық тұжырымдамалары  мен моделдерінің қысқаша мазмұны 1.1. суретте көрсетілген. 
 
 
 
 

       

         

         
 

 
 
 

 

 
 
 

 
 

 
 

 

 
 
 

 

 
 

 
 

Сурет 1 - Қаржылық менедженттің қазіргі парадигмасының негізін          құрайтын маңызды теориялық тұжырымдамалар мен моделдер жүйесі

       4. Дивидендтті саясат  теориясы. Мұның негізін 1956 жылы американдық экономист Джон Линтнер қалады. Ол өзінің «Корпоративті табысты дивиденд, капитал және салық арасында бөлу» атты еңбегінде жазылды. Дивидендті саясаттың теориялық негізінде кәсіпорынның нарықтық құнына және оның акцияларының бағасына әсер ету механизмі қарастырылады.

       5. Кәсіпорынның тұрақты  өсімін қаржылық  қамтамасыз ету моделі. Алғаш рет бұл можелді 1988 жылы американ экономисті Джеймс Ван Хорн шығарды және оның «Тұрақты өсімділікті моделдеу» атты еңбегінде көрсетілді. Кейіннен, кәсіпорынның тұрақты өсімінің күрделенген моделдері Роберт Хиггинспен өңделді. Олар оның «Фирма өзіне өсімнің қандай қарқынына мүмкіндік бере алады» деген еңбегінде жазылған. Еңбек  1997 жылы жарық көрді.

       ІІІ. Таңдау кезінде инвестициялаудың қаржылық құралдарының нақты нарықтық бағасын  қамтамасыз ететін тұжырымдамалар мен  моделдержүйесінде төмендегілердің маңызы зор:

       1. Нарықтың тиімділігінің болжамы.  Бұл болжам 1970 жылы американдық  экономист Юджин Фамамен ұсынылды. Бұл болжам, қор нарығының бағалық  тиімділігінің, оның қатысушыларын  ақпаратпен қамтамасыз ету деңгейіне  тәуелділігін көрсетеді. 

       2. Агенттік қатынас тұжырымдамасы.  Мұның авторлары американдық  зерттеушілер – Майкл Дженсен  және Уильям Меклинг болып  табылады. Бұл тұжырымдаманың пайда  болу себебі: иелену функциясы  мен компанияның қызметін басқару  және бақылау функциясы араларындағы  алшақтықтың болуында жатыр. Осығае орай тұжырымдаманың мәні бойынша компания иелері сол компанияның күнделікті басқарудың ұсақ мәселелеріне араласуға тіпті міндетті емес делінеді.

       3. Ассиметриялық (үйлесімсізді) ақпарат  тұжырымдамасы. Авторлары – Стюарт  Майерс және Николас Майджлаф болып табылады. Бұл капитал нарығының тиімділік тұжырымдамасымен тығыз байланысты. Оның мәні бойынша, кейбір өзге адамдар барлық нарыққа қатысушылары тең түрде қол жеткізе бермейтін ақпаратты иелену мүмкін.

       4. Баға белгілеудің арбитраждық тұжырымдамасы. Бұл 1976 жылы Стефан Россонмен ұсынылды. Мұның негізіне «арбитраж», бәсекелес қаржылық нарықтарында, қаржылық активтердің , оның тәуекелділігі мен табыстылық деңгейіне сәйкес нақты нарықтық баға түзетулерін қамтамасыз етеді. Басқаша айтқанда, арбитраж механизмі әр түрлі қаржылық нарықтарда бағалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді.  

       Кәсіпорын қаржылық қызметінің тиімді басқарылуы бірқатар қағидаларды жүзеге асыру барысында  ғана қамтамасыз етіледі. Олардың негізгілері  мыналар: 

  1. Кәсіпорынды басқарудағы жалпы жүйемен біртұтас байланысқандығы. Кәсіпорынның қандай қызмет саласында болсын шаруашылық шешім қабылданбасын, олар ақшалай ағымдардың қалыптасуына және қаржы қызметінің нәтижесіне тікелей немесе жанама түрде әсер етеді. Қаржы менеджменті өндірістік менджментімен, инновациялық менджментімен, қызметкерлер және басқа да менеджмент түрлерінемн тікелей байланысты. Ал бұл қаржы менеджментінің кәсіпорындағы жалпы басқару жүйесімен түпкілікті біріктірілгендігінің қажеттілігін анықтайды.
  2. Басқарушылық шешемдері қалыптасуының кешендік сипаты. Кәсіпорынның қаржы ресурстарының қаоыптасу, үлестірілуі мен пайдалану және оның ақшалай айналымын ұйымдастыру салаларындағы барлық басқарушылық шешемдері тығыз байланысқан және оның қаржылық қызметі нәтижесіне тікелей немесе жанама түрде әсер етеді. Сондықтан қаржы менеджментінің өзара байланысқан басқарушылық шешеімдерді әзірлеуін қамтамасыз ететін кешенді басқарушы жүйесі ретінде қарастырған жөн.
  3. Басқарудың жоғары серпінділігі. Кәсіпорынның қаржы ресурстарының құрылуы мен пайдалануы және ақшалай айналымының оңтайландырылуы мәселелері өткен кезеңдердегі әзірленген және жүзеге асырылған ең тиімді қаржылық шешімдері де сол кәсіпорынның қаржылық қызметінің кейінгі кезеңдерінде әрдайым қолдау таба бермеуі мүмкін. Мұның басты себебі, сыртқы ортадағы алуан түрлі факторлардың өзгергіштігіне, әсіресе қаржы нарығы конъюктурасының өзгергіштігі. Сондықтан, қаржы менеджментіне сыртқы орта факторларының өзгерісін ескере алатын жоғары серпінділік тән болуы мүмкін.
  4. Өзге басқарушылық шешімдерді даялаудағы көзқарасының таңдау барысындағы қалыптасуы. Бұл қағиданы жүзеге асыру үшін қаржы ресурстарының қалыптасуы мен пайдалануы және ақшалай айналымының ұйымдастырылуы салаларындағы әр басқарушылық шешімдердің даярлануында іс – қимылдардың баламалы мүмкіндіктері ескерілгені жөн болады.
  5. Кәсіпорын дамуының стратегиялық мақсаттарына орай бағытталғандығы. Қаржылық қызмет саласындағы басқарушылық шешімдер қаншалықты тиімді болса да, егер олар кәсіпорынның стратегиялық бағытына қайшы келіп, экономикалық базаның қалыптасуын бұзатын болса, онда ол шешімдер қабылданбайды.

      Қаржылық  менеджметтің басты мақсаты –  ағымдағы және келешек кезеңдердегі кәсіпорын иелерінің әл – ауқат жағдайларының жақсаруын қамтамасыз ету болып саналады. Бұл мақсат нақты өз шешімін бизнестің нарықтық құнын барынша өсіруді қамтамасыз ету арқылы табады және өз иесінің ақырғы қаржылық мүддесін іске асырады.

      Микроэкономикалық теорияның дамуымен кәсіпорын қызметінің басты мақстын анықтаудағы экономистердің әдістері өзгере бастады. Бұл әдістердің ішінен кәсіпорын қызметінің басты мақсатының негізгі моделдерін ерекшелеп көрсетуге болады. Оларға:

  1. Табысты барынша көбейту моделі;
  2. Трансакциялық шығынды барынша азайту моделі;
  3. Сату көлемін барынша ұлғайту моделі;
  4. Кәсіпорын өсімінің қарқынын барынша арттыру моделі;
  5. Бәсекелестік тиімділігін қамтамасыз ету моделі;
  6. Қосылған құнды барынша арттыру моделі;
  7. Кәсіпорынның нарықтық бағасын барынша көбейту моделі.

       Айтылған  моделдердің ең соңғысы, жаңа моделдердің  бірі болып табылады. Кәсіпорынның нарықтық бағасын барынша көбейту моделі – кәсіпорын қызметінің иелерінің жағдайын барынша жақсарту деген мағына береді. Соңғы он жылдықта, бұл тұжырымдама АҚШ – та, Европада және Жапонияда дамып, оны нарықтық экономикасы дамыған елдердегі компаниялар мен фирмалардың басшылары қолдап отырды.

         
 
 

     
     
     

     
     
     

     
     
     
     
     
     
     

    Сурет 1.2. Қаржылық менеджменттің  негізгі қағидалары. 
     
     
     
     
     
     
     
     
     

1.2.Қаржылық  менеджменттің мақсаты  мен

    тапсырмалары

       Бұл модель қысқаша «бағаға бағытталған» модель деп аталады және оны басқа моделдерден ерекшелейтін негізгі белгілері 1.3. суретте көрсетілген.

       Бұл моделдің мәні мен еркшеліктерін  қарастыру барысында, оны нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның тиімді мақсатты қызметі екеніне  көзіміз жетіп отыр. Осы моделді  жүзеге асыру барысында көптеген ролді кәсіпорынның қаржылық қызметі алып отырғанын ескерсек, онда ол қаржылық қызметті басқарудың басты мақсаты ретінде қабылданып, былайша қалыптаса алады:

Қаржылық  менеджменттің басты мақсатына  - ағымдағы және келешек кезеңде, оның нарықтық құнын барынша арттыру жолымен қамтамасыз етілген, кәсіпорын меншіктенушілерінің жағдайын барынша жақсарту жатады. Қаржылық менеджмент өзінің басты мақстын жүзеге асыру барысында келесі негізгі тапсырмаларды орындауға бағытталады (1.1. кесте).  

1.1-кесте Қаржылық менеджменттің басты мақсатын жүзеге асыру үшін бағытталған негізгі тапсырмалар жүйесі 

Қаржылық  менеджменттің басты мақсаты Қаржылық  менеджменттің басты  мақсатын жүзеге асыру  үшін бағытталған  негізгі тапсырмалары
  

КӘСІПОРЫННЫҢ  НАРЫҚТЫҚ ҚҰНЫН БАРЫНША АРТТЫРУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
1. Алдағы  кезеңдегі кәсіпорын дамуының тапсырмаларына сәйкес қаржылық ресурстардың жеткілікті көлемін қалыптастыруды қамтамасыз ету.

2. Кәсіпорын  қызметінің негізгі бағыттарына  сәйкес қаржы ресурстарының қалыптасқан  көлемін тиімді түрде бөлу  және пайдалануды қамтамасыз  ету.

3. Ақша  айналымын оңтайландыру.

4. Қаржылық  тәуекелдің қарастырылып отырған  деңгейінде кәсіпорын табысын  барынша молайтуды қамтамасыз  ету.

5.  Қаржылық  тәуекелдің қарастырылып отырған  деңгейінде кәсіпорын табысын  барынша азайтуды қамтамасыз  ету.

6. Кәсіпорын  даму кезеңінде оның тұрақты қаржылық тепе – теңдігін қаматамысз ету.

7. Шаруашылық  қызметті жүзеге асыру барысында  сыртқы және ішкі жағдайларының  өзгерісі болғанда, капиталды тез

 арада  қайта инвестициялауды қамтамасыз  ету. 
 
 
 
 
 

         
 

    1.3. Сурет. Кәсіпорынның нарықтық құнын барынша арттырудың   мақсатты моделінің негізгі ерекшеліктеріне сипаттама. 
     
     
     
     
     
     
     
     
     

2. Қаржылық менеджменттің  функциялары, объектілері  мен субъектілері  және механизмі

2.1. Қаржылық менеджменттің  объектілері және  субъектілері 

       Басқа да басқару жүйесі сияқты қаржылық менеджменттің де белгілі бір басқару объектісі болады. Осындай басқару объектісі ретінде қаржылық мекемелер және оның қаржылық қызметі болып табылады. Қаржылық ресурстар және капиталдың қалыптасу ерекшеліктері, осы қаржылық ресурстардың бөліну әдістері мен формалары, ақша ағымының қарқындылығы мен көлемі және қаржылық қызметтің басқа да шарттары әр кәсіпорындарда ажыратылады. Осыған орай, түрлі белгілері бойынша қаржылық менеджмент объектілері сияқты кәсіпорын классификациясы қажет (1.4. сурет).

       Қаржылық  менеджмент басқару жүйесі сияқты белгілі  бір басқару субъектілерінің  болуымен ерекшеленеді. Қаржылық менеджменттің  қазіргі практикасы осындай субъектілердің 3 түрін ажыратады (1.5. сурет). 
 
 
 

         
 
 

       

 

         
 
 
 
 

       1.5. Сурет. Қаржылық менеджменттің негізгі    субъектілерінің құрамы.

       1. Кәсіпорын меншіктенушісі – аз мөлшердегі қаржылық  қызметімен кіші кәсіпорындарда, қаржылық басқарудың функцияларын атқарады. Мұнда жалдамалы жұмысшыны тартудың еш қажеттілігі жоқ.

       2. Кең ауқымды профильді қаржылық менеджер – кәсіпорын қаржылық басқаруының барлық функцияларын орындайтын жалдамалы қызметші – маман болып табылады.

       3. Функцияоналды қаржылық менеджер – кәсіпорынның қаржылық қызметінің бір саласында басқарудың арнайы функциясын жүзеге асыратын жалдамалы қызметкер – маман. Қазіргі шетелдік және отандық практика функцияоналды қаржылық менеджерлердің мамандандырудың келесі формаларын ұсынады:

       а) кәсіпорын инвестициясын басқару менеджері («инвестициялық менеджер»);

Информация о работе Қаржылық менеджмент