Қаржылық менеджмент

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 10:21, курсовая работа

Описание работы

Қаржылық менеджмент туралы айтпас бұрын, қаржы терминіне анықтама беріп кетейік. Financia термині 13-15 ғ. Италияның сауда қалаларында пайда болған және алғашқыда барлық түрдегі ақшалай төлемдерді көрсеткен. Әрі қарай пайдалану – ақша қаражатының мемлекеттік қорын құру жөнінде тұрғындар мен мемлекеттің арасында ақша қатынасы жүйесінің байланысын түсіндіреді. Сонымен, бұл термин мынаны көрсетеді:
Екі субъектінің арасындағы ақша қатынасы;
Осы қатынас кезінде субъектілер әр түрлі қылықтарға ие болады;
Осы қатынас кезінде ақша қаражатының жалпымемлекеттік қоры – бюджет құрылды. Яғни, бұл қатынастар қордық мақсаттар алды.
Қаражаттың бюджетке үнемі түсуін салыққа, түсімдерге және басқа да мемлекеттік-еріксіз түрдегі төлемдерге берусіз қамтамасыз ету мүмкін емес еді.
Осылар қаржының негізгі белгілері болып табылады, бұл арқылы қаржыны ақшалай қатынастардың барлық жинағанынан қатесіз ажыратуға болыды. Мысалы, азаматтар арасындағы, адамдар мен жеке сауда арасындағы ақшалай қатынастарды қаржыға жатқызуға болмайды. Сонымен, қаржы – бұл әр кезде ақшалай қатынас, бірақ ақшалай қатынастардың барлығы емес, әр кезде де қаржылай қатынас бола алады.

Содержание

КІРІСПЕ
1. ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ МӘНІ, МАҚСАТЫ ЖӘНЕ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
1.1. Қаржылық менеджменттің мәні,
оның эволюциясы және қазіргі парадигма.................................
1.2.Қаржылық менеджменттің мақсаты мен
тапсырмалары.............................................................................
2. ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ, ОБЪЕКТІЛЕРІ МЕН СУБЪЕКТІЛЕРІ ЖӘНЕ МЕХАНИЗМІ
2.1. Қаржылық менеджменттің объектілері
мен субъектілері...........................................................................
2.2. Қаржылық менеджменттің функциялары..........................
2.3. Қаржылық менеджменттің механизмі................................
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Работа содержит 1 файл

Қаржылық менеджмент.doc

— 226.50 Кб (Скачать)
 

. 
 
 

МАЗМҰНЫ

                                                                       

КІРІСПЕ  

1. ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ  МӘНІ, МАҚСАТЫ ЖӘНЕ  ЭВОЛЮЦИЯСЫ

1.1. Қаржылық  менеджменттің мәні,

       оның эволюциясы және қазіргі парадигма.................................

1.2.Қаржылық  менеджменттің мақсаты мен 

       тапсырмалары.............................................................................  

2. ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ  ФУНКЦИЯЛАРЫ, ОБЪЕКТІЛЕРІ  МЕН СУБЪЕКТІЛЕРІ  ЖӘНЕ МЕХАНИЗМІ

2.1. Қаржылық  менеджменттің объектілері 

       мен субъектілері...........................................................................

2.2. Қаржылық  менеджменттің функциялары..........................

2.3. Қаржылық  менеджменттің механизмі................................

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

                                                       КІРІСПЕ

 

    Қаржылық  менеджмент  туралы айтпас бұрын, қаржы  терминіне анықтама беріп кетейік. Financia термині 13-15 ғ. Италияның сауда  қалаларында пайда болған және алғашқыда  барлық түрдегі ақшалай төлемдерді көрсеткен. Әрі қарай пайдалану – ақша қаражатының мемлекеттік қорын құру жөнінде тұрғындар мен мемлекеттің арасында ақша қатынасы жүйесінің байланысын түсіндіреді. Сонымен, бұл термин мынаны көрсетеді:

  1. Екі субъектінің арасындағы ақша қатынасы;
  2. Осы қатынас кезінде субъектілер әр түрлі қылықтарға ие болады;
  3. Осы қатынас кезінде ақша қаражатының жалпымемлекеттік қоры – бюджет құрылды. Яғни, бұл қатынастар қордық мақсаттар алды.
  4. Қаражаттың бюджетке үнемі түсуін салыққа, түсімдерге және басқа да мемлекеттік-еріксіз түрдегі төлемдерге берусіз қамтамасыз ету мүмкін емес еді.

    Осылар  қаржының негізгі белгілері болып  табылады, бұл арқылы қаржыны ақшалай  қатынастардың барлық жинағанынан  қатесіз ажыратуға болыды. Мысалы, азаматтар арасындағы, адамдар мен  жеке сауда арасындағы ақшалай қатынастарды қаржыға жатқызуға болмайды. Сонымен, қаржы – бұл әр кезде ақшалай қатынас, бірақ ақшалай қатынастардың барлығы емес, әр кезде де қаржылай қатынас бола алады.

    Қаржы – экономикалық, әлеуметтік және саяси міндеттерді жүзеге асыру үшін ақшалай қаражаттың жалпы мемлекеттік қорын құру мен пайдалануды іске асыру үшін мемлекетепн ұйымдастаралған ақшалай қатынастардың жиынтығы болып табылады.

    Қаржылық  менеджмент дегеніміз – бұл кәсіпорындағы қаржы ресурстарын қалыптастыруға, үлестіруге және қолднуға, сонымен қатар оның ақшалай қаражаттары айналымын ұйымдастыруға қатысты басқарушылық шешімдерді әзірлеу және оны жүзеге асыру қағыдалары мен әдістерінің жиынтығы болып табылады.  Кәсіпорындағы қаржылық шешімдері тұрғысынан қарастырғанда, қаржылық менеджментті – кәсіпкерлік қызметтерді инвестициялау мен қаржыландыру процестерін басқару нысаны деп ұйғаруға болады. Қаржы менеджменті ғылым саласы ретінде, біршама негіздеме қалаушы тұжырымдамаларға негізделеді:

    1. Ақшалай ағымының  тұжырымдамасы;

    2. Ақшалай ресурстардың уақытша құндылық тұжырымдамасы;

        3. Қауіп – қатер  мен табыстылық  араларындағы өзара  ымыралы келісімге  келу тұжырымдамасы;

    4. Капитал бағасының  тұжырымдамасы;

    5. Капитал нарығының  тиімділік тұжырымдамасы;

    6. Агенттік қатынас  тұжырымдамасы;

    7. Үйлесімсізді ақпарат тұжырымдамасы;

    8. Ақшалай шығындар  тұжырымдамасы.

    Бұл тұжырымдамаларды толығырақ курстық  жұмыстың бірінші бөлімінде қарастырамыз. Сонымен қатар, қаржы менеджментінің мақсаттары, функциялары, міндеттері және кәсіпорын қаржылық қызметінің тиімді басқарылуының бірқатар қағидаларын қарастырып өтеміз. Курстық жұмыстың мақсаты: Қаржылық менеджмент ұғымын тереңінен зерттеп, оның пайда болу эволюциясын, даму тенденциялары мен қызмет ету құралдарын ашып көрсету болып табылады. Курстық жұмыс кіріспе, екі негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдбиеттерінен тұрады.

    1 ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТТІҢ  МӘНІ, МАҚСАТЫ ЖӘНЕ 

       ЭВОЛЮЦИЯСЫ 

    1.1 Қаржылық менеджменттің  мәні,оның эволюциясы  және қазіргі 

                     парадигма 

    Кез – келген кәсіпорын қызметінің алуан қырлы тұстарын басқару жүйесінде қазіргі замандағы аса күрделі және жауапты буыны ретінде  қаржыны басқару болып табылады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде, мұндай басқарудың қағидалары мен әдістері әлгі ХІХ – ХХ ғасырлар тоғысында, ал кейінірек, «қаржылық менеджмент» деп аталатын арнайы білім саласы ретінде  қалыптасты. Қаржы менеджменті саласындағы белгілі американ маманы – Ю.Бригхем, ұғым атауы дербес ғылыми пәні ретінде тұңғыш АҚШ – та, ХІХ ғасырдың 90 – жылдарында қалыптасқандығымен байланыстырады.

    Қаржылық  менеджмент - бұл кәсіпорындағы қаржы ресурстарын қалыптастыруға, үлестіруге және қолднуға, сонымен қатар оның ақшалай қаражаттары айналымын ұйымдастыруға қатысты басқарушылық шешімдерді әзірлеу және оны жүзеге асыру қағыдалары мен әдістерінің жиынтығы болып табылады.

    Өзінің  өмір сүруінің жүз жылдан астам кезеңінде  қаржылық менеджмент бірнеше даму кезеңдерінен өтті. Бұл кезеңдердің дүркіндігі, көбінесе, кәсіпорын қызметінің экономикалық шарттарының өзгерісі және олардың  қаржылық қатынастарының формаларының ұлғаюымен байланысты болды.

    Өзінің  құрылуының алғашқы кезеңінде (1890 – 1930 ж.ж.) қаржылық менеджмент төмендегідей негізгі проблемаларды шешуге бағытталған:

  • жаңа фирмалар мен кәсіпорындарды құру кезінде капиталды тарту жағдайлары мен көздерін анықтау;
  • акциялар мен облигацияларды эмиссиялау сияқты сыртқы көздері есебінен кәсіпкерлікті кеңейту кезінде қаржылық ресурстарды ұлғайту мүмкіндіктерін зерттеу;
  • басқа компанияларды біріктіру формалары мен қаржылық аспектілерді қарастыру;
  • облигациялардың және басқа да міндетті төлемдердің, кейіннен акциялардың да рейтингілік бағалау жүйесін қалыптастыру. Мұндай бағалаудың көрсеткіштерін, алғаш рет Мудис (Moody`s Investors Service), Стандарт және Пур (Standart and Poor Corporation) сияқты маманданған компаниялары өңдеп шығарды.
  • қаржылық нарық жағдайының динамикасын және негізгі индикаторларының жүйесін қалыптастыру.

     

    Қаржылық  менеджмент дамуының екінші кезеңі (1931 – 1950 ж.ж.) 1930 ж. Ұлы дағдарыстың жағымсыз нәтижелерін жеңумен және соғыстан кейінгі экономикалық құлдыраумен байланысты болды. Бұл кезеңде инфляцияның жоғарылауы, кәсіпорындардың жаппай банкротқа ұшырауы, инвестициялық белсенділіктің төмендігі өрши түсті.

         *  кәсіпорындарды қаржылық дағдарыстан  құтқарудың негізгі бағыттарын анықтау, сонымен қатар, қалпыну келтіру және банкроттықтан құтқару процедураларын реттеу әдістері және формаларын зерттеу.

         *   қаржылық инвестициялаудың  негізгі құралдарын, оның эмиссиясының  ережелері мен шарттарын сәйкестендіру;

         * ұйымдастырылған қаржы нарығындағы шаруашылық субъектілер тәртібінің нормалары мен ережелерін сәйкестендіру;

         *  инвестициялаудың негізгі қаржылық  құралдарының нақты нарақтық  құн бағасының көрсеткіштері  мен әдістерін қалптастыру. 

    Қаржылық  менеджмент дамуының үшінші кезеңінде (1951 – 1980 ж.ж.) оның тұжырымдамалық негіздерінің көркеюі байқалды. Мұнда кәсіпорынның қаржылық қызметінің негізгі аспектілерімен басқару әдістері, менеджмент теориясы зерттеле бастады. Бұл кезеңде қаржылық менеджмент саласындағы ғылыми зерттеулер төмендегідей негізгі проблемаларды шешуге бағытталды:

         *   кәсіпорын қаржылық қызметініңбасты  мақсатын теориялық тұрғыдан  негіздеу және оның дамытудың  жалпы мақсаттарының жүйесіндегі  орнын анықтау;

         *  қаржылық инвестиция портфелінің нәтижелі қалыптасу шарттарын көрсету;

         *    қаржылық нарықтың барлық  қатысушыларының тең дәрежеде  ақпарат көздеріне қол жеткізуін  қамтамасыз ету;

         *  түрлі қаржы көздерінен тартылған  капитал құнын бағалау әдістерін  өңдеу;

         *   қаржылық жоспарлау мен бюджеттеу әдістерінің негізін қалыптастыру;

         * кәсіпорынның бірігу, бөліну немесе  қайта құрылудың басқа формаларының  қаржылық аспектілерін зерттеу.

    Жоғарыда  аталған проблемалар, олардың жаңашылдығы  және өңделу тереңдігі мынадай шешім қабылдауға негіз бола алады. Яғни, қаржылық менеджменттің қазіргі парадигмасының* негізі осы екінші кезеңде қалыптасқан деуге болады.

    Қаржылық  менеджменттің дамуының төртінші, яғни қазіргі кезеңі (1981 жылдан қазіргі кезге дейін) экономиканың ғаламдану процестерінің күшеюімен, ғылыми – технкалық прогрестің өсу темпінің күшеюімен сипатталады. Бұл кезеңде қаржылық менеджменттің дамуы келесі негізгі проблемаларды шешуге бағытталған:

           *  қаржылық менеджментті басқаруға  негізгі сәйкестендірілген көзқарасы бойынша түрлі ғылыми мектептердің (американдық, европалық, жапондық және т.б.) теориялық нәтижелерін біріктіру; 

    Парадигма – зерттеу есептерінің үлгілері ретінде қабылданған теория. 

          *   кәсіпорынның тұрақты өсімін  қаржылық қамтамасыз ететін әдістері мен принциптерін негіздеу;

          * қаржылық кәсіпорындарды басқару  саласында жаңа қаржылық құралдар  мен қаржылық технологияларды  белсенді түрде өңдеу; қаржылық  ғылымның жаңа бағытын қалыптастыру, яғни «қаржылық инженерияны».

           * қаржылық нарық пен кәсіпоырндар  саласында ақпараттық технологияларды  әрі қарай дамыту; қаржылық менеджмент  пен басқармалық есептің әдістемелік  аппаратын және теориялық нәтижелерді  біріктіру;

           *  өндірістік бағалық қағаздардың  инвестициялық тартымдылығын бағалау әдістерін тереңдету;

    Осылайша, қаржылық менеджмент өзінің даму кезеңінде  зерттелетін проблемалар ауқымын  кеңейтті – егер оның құрылуы кезінде  ол негізінен жаңа фирмалар мен компанияларды  құрудың қаржылық сұрақтарын қарастырса, ал нәтижесінде – қаржылық инвестицияларды басқару мен банкротқа ұшырау проблемаларын қарастырды. Ал қазіргі кезде ол кәсіпорын қаржысын басқарудың барлық бағыттарын қарастырады.

    Қаржылық  менеджменттің қазіргі парадигмасы  көптеген ғылыми пәндердің теориялық нәтижелерінде негізделеді және кәсіпорын қаржылық менеджментінің механизмі және  қаржылық нарық құралдары мен қызмет ету механизмдері тығыз қарым – қатынаста болады.

    Қаржылық  менедженттің қазіргі парадигмасының негізін құрайтын маңызды теориялық  тұжырымдамалар мен моделдер жүйесін үш топқа бөлуге болады:

         1.кәсіпорын қаржылық қызметінің негізгі параметрлерін және мақсатын анықтайтын тұжырымдамалар мен моделдер.

         2.таңдау кезінде инвестициялаудың  қаржылық құралдарының нақты  нарықтық бағасын қамтамасыз ететін тұжырымдамалар мен моделдер.

         3.қаржылық нарықтың қатысушыларын  ақпараттық қамтамасыз етумен  байланысты және нарықтық бағаны  қалыптастырудың тұжырымдамалары.

    І. Кәсіпорын қаржылық қызметінің негізгі параметрлерін және мақсатын анықтайтын тұжырымдамалар мен моделдер жүйесінде төмендегілердің маңызы зор:

      1. Меншіктенушілердің экономикалық мүддесінің басымдылығының тұжырымдамасы. Мұны алғаш рет американдық экономист Герберт Саймон, өзі қалыптастырған коммерциялық ұйымдарда шешім қабылдау теориясы негізінде ұсынды. Максималды пайда мен табысты көздеген ұйым секілді фирманың классикалық және неоклассикалық ұсынымын жоққа шығарып, ол меншіктенушілердің мүддесін қанағаттандыру қажеттілігін тұжырымдайтын альтернативті мақсатты тұжырымдамасын қалыптастырды.  Бұл теориялық тұжырымдаманы қаржылық ғылым өкілдері қолдап, қаржылық менеджменттің басты мақсатына айналды, яғни кәсіпорын меншіктенушілерінің жағдайын барынша жақсарту болып табылады. Басқаша оны «кәсіпорынның нарықтық құныны барынша көбейту» деп те атайды. 1978 жылы Г.Саймонға экономика бойынша Нобель сыйлығы тағайындалды.

Информация о работе Қаржылық менеджмент