Касіп орын экономикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 18:07, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағ-дайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табыла-ды.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
-қаржы менеджменті саласында алған білімімді қолдану;
-өндірістік практикада жинаған тәжірибемді пайдалану;
-қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық материалдарды жинақтау және өңдеу;
-кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
-жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................... 3-5

1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының теориялық негіздері............................ 6
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні........................................................................... 6-13
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі.........13-22

2. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау
2.1 «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының жалпы сипаттамасы... 23
2.2 Кәсіпорынның табыстылығын талдау........................................................ 24-27
2.3 Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау............................... 27-30

3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары
3.1 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін арттыру...........................................................................................................31-35

Қорытынды...........................................................................................................36-37

Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................................38

Қосымша..............................................................................................................39-40

Работа содержит 1 файл

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы.doc

— 391.00 Кб (Скачать)

1. Айналымдағы табыстың  үлесін арттыру, яғни бұл негізінен  шығындарды азайтуға бағытталады.  Осы мақсатта шығындардың қалыптасуына үнемі бақы-лау жасалынып отырады.

2. Активтердің айналымдылық  жылдамдылығын арттыру, яғни кәсіпорын қызметінің рентабельділігін арттыру болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Бұл курстық жұмыста кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және оны жақсарту жолдары қарастырылды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау қаржы менеджментінің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау нәтижелері бойынша кәсіпорында қалыптасқан жағымды және жағымсыз құбылыстар туралы, кәсіпорын қыз-метінің мықты және әлсіз жақтары туралы, сонымен қатар олардың туындауына себеп болған факторлар жөнінде қорытынды жасауға болады. Қаржылық тал-даудың нәтижелері туралы ақпаратқа тек ішкі субъектілер (меншік иелері, бас-қарушылар, жұмысшылар) ғана емес, сонымен қатар сыртқы субъектілер ( жабдықтаушылар, инвесторлар, кредиторлар және тағы басқалар) де қызығушылық білдіреді. Сыртқы субъектілер талдау нәтижелерін алдағы уақытта субъектілер болса оны қалыптасқан қаржылық жағдайды тұрақтандыруға және оны жоғары деңгейде ұстап тұруға пайдаланады.

Аяқтай келе істелінген жұмыстар бойынша қорытындылар жасау  қажет. Дипломдық жұмыстың бірінші  бөлімінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздеріне  зерттеу жасалынған болатын.

Нарықтық қатынастары  жағдайында кәсіпорыннын қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қыз-метін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.                                                                                  

Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға бола-

ды:                                                                                                                                        

1) көлденең талдау;

2) тікелей талдау;

3) трендтік талдау;                                                                                                              

4) салыстырмалы талдау;                                                                                                     

5) факторлық талдау;                                                                                                                  

6) қаржылық коэффициенттер  әдісі.                                                                                                                                                                  

Екінші бөлімде мен «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайына талдау жүргізілді. Яғни кәсіпорынның мүліктік жағдайына, төлем қабілеттілігімен өтімділігіне, қаржылық тұрақтылығына және табыстылығына мен іскерлік белсенділігіне талдау жүргізілді. Талдау нәтижесінде келесі-дей кемшіліктер анықталды:

Кәсіпорынның мүліктік жағдайы тұрақсыз, яғни ол жыл соңына 3%-ға төмендеді. Негізгі құралдардың активтердің жалпы сомасындағы үлесі 18%-ға төмендесе, айналымнан тыс активтердің үлесі 11%-ға төмендеді.

Кәсіпорынның негізгі  проблемаларының бірі - төменгі төлем қабілеттілік пен өтімділік болып табылады. Кәсіпорынның баланс құрылымы нашар болып келеді және ақша қаражаттарының өте тез өзгеруіне душар.

Қаржылық тұрақтығы  жағынан кәсіпорын сыртқы қарыз  көздерінен тәуелсіз. Оған ұзақ мерзімді міндеттемелердің жоқ болуы дәлел  бола алады.

Кәсіпорынның тағы бір  негізгі проблемаларының бірі – оның рентабельсіздігі. Ағымдағы жылы сатуан түскен түсім артқанына қарамастан кәсіпорын шы-ғын шегуде. Жалпы табыстың азаюы өндіріс рентабельділігінің төмендеге ні-мен және соған қатысты шығындардың өсуімен түсіндіріледі.

Үшінші бөлімде кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту жөнінен ұсыныстар жасадық. Кәсіпорыннның қаржылық жақсарту бойынша іс-шаралар негізгі үш проблеманы шешуге бағытталады: кәсіпорын активтерінің өтімділігін арттыру, қаржылық тұрақтылықтың және іскерлік белсенділіктің көрсеткіштерін ағымдағы деңгейде сақтау және кәсіпорынды қызметінің рентабельділігін арттыру.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың логикалық жалғасы  оның қызметінің тиімділігін сақтап тұру және кемшіліктерін жою бойынша  іс- шара-лар дайындау болып табылады. Кәсіпорынды қаржылық сауықтыруда ішкі жә-не сыртқы көздер пайдаланылуы мүмкін.

Сыртқы көздерге жаңа акциялар мен облигациялар шығару, дәрменсіз кә-сіпорындардың басқа кәсіпорындармен қосылуы, банктік несиелер мен дота-циялар, лизинг, факторинг, дивидендтер төлеуді уақытша тоқтату жатады. Ал қаржылық жағдайды сауықтырудың  ішкі көздеріне өнімдердің сапасы мен бә-секе қабілеттілігін арттыру, өнімнің өзіндік құнын төмендету, тұрақты шығын-дар мөлшерін азайту, өндіріс қуаттылығын толық пайдалану және пайдаланыл-майтын активтерді сату болып табылады.

Талдау нәтижелері кәсіпорында  негізгі проблеманы анықтады: төлем  қабілетсіздік және рентабельсіздік.

Осы проблеманы шешуде мен  екі әдісті ұсындым:

Бірінші әдіс  25 млн. теңгені  қысқа мерзімді міндеттемелерден ұзақ мерзімді міндеттемелерге ауыстыруды қарастырады. Бұл меншікті айналым қаражаттарының 15000 мың теңгеге артуына және ағымдағы өтімділік коэффициентінің 1,5 пунктке, аралық өтімділік коэффициентінің 0,7 пунктке, абсолюттік өтімділік коэффициентінің 0,1 пунктке өсуіне алып келді.

Екінші әдіс тауарлы-материалдық  қорлардың көлемін 25 млн. теңгеге азайтып, оларды ақша қаражаттарына аударуды қарастырады. Бұл аралық өтімділік коэффициентінің 0,42 пунктке, абсолюттік өтімділік коэффициентінің 0,4 пунктке өсуіне алып келді.

Екі әдісті қатар пайдалану  меншікті айналым қаражаттарының 15000 мың теңгеге артуына және ағымдағы өтімділік коэффициентінің 1,5 пунктке, аралық өтімділік коэффициентінің 1,42 пунктке, абсолюттік өтімділік коэффициентінің 0,8 пунктке өсуіне алып келді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі

 

1. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2007 ж.22 бет

2. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа. - М.: ИНФРАМ, 2009 ж.32 бет

3. Крейнина М.Н. Анализ финансового состояния и инвестиционной привлекательности акционерных обществ в промышленности, строительстве и торговле. - М.: АО «ДИС», «МВ-Центр», 2010 ж.5 бет

4. Артеменко В.Г., Беллендир М.В. Финансовый анализ: Учебное пособие. — Издательство «ДИС», НГАЭ и У, 2011ж.8-16 бет

5. О бухгалтерском учете. Указ Президента Республики Казахстан, имеющий силу Закона, от 26 декабря 2008 г., №2732.6-12 бет

6. Стандарты бухгалтерского учета. Национальная комиссия Республики Казахстан. - Алматы,2011 ж.6 бет

7. Руководство по финансовому учету, отчетности и аудиту. Первая редакция Центральный и операционный отдел учета и отчетности. Всемирный банк, январь 2010 ж.6-8 бет

8. Методические рекомендации по составлению финансовой отчетности. Утверждены директором Департамента методологии бухгалтерского учета и аудита. Министерства финансов Республики Казахстан 21.05.97 г., №7 /Бюллетень бухгалтера. 1997., №29.33-35 бет

9. Ефимова О.В. Как анализировать финансовое положение предприятия (практическое пособие). — «Бизнес-школа», Интел-Синтез, 2009 ж.8-13 бет

10. Ковалев В.В. «Практикум по анализу и финансовому менеджменту». -

Москва, Финансы и статистика, 2010.8-14 бет.

11.Кубышкин И. «Использование финансового анализа для управления компанией».// Финансовый директор. - 2005. - №4. 17-19 бет

12. Попова М. «Как вывести предприятие из финансового кризиса».// Финансовый директор.-2011. -№3. 13 бет

13.Румянцева Е.Е «Новая экономическая энциклопедия».-Москва, Инфра-М, 2006.15 бет

14.Савицкая Г.В. «Анализ хозяйственной деятельности предприятия». - Москва, Инфра-М, 2006. 16 бет

15.Трохина С.Д., Ильина В.А., Морозова Т.Ф. «Управление финансовым состоянием предприятия».//Финансовый менеджмент. - 2004. - №1.34 бет

16.Финансовый менеджмент./ Под. ред. Стояновой Е.С. - М.: Перспектива, 2006.17-22 бет

17.Шеремет А.Д. «Теория экономического анализа». - Москва, Инфра-М, 2006.30-33 бет

 

 

 

 

Қосымша А

 

Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп * Савицкая Г.В. «Анализ хозяйственной деятельности предприятия». - Москва, Инфра-М, 2010.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                    Қосымша Ә

 

Қаржылық сауықтырудың негізгі бағыттары.* Трохина С.Д., Ильина В.А., Морозова Т.Ф. «Управление финансовым состоянием предприятия».//Финансовый менеджмент. - 2010.

 

 

 

1Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2001 ж.

 


Информация о работе Касіп орын экономикасы