Касіп орын экономикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 18:07, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағ-дайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табыла-ды.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
-қаржы менеджменті саласында алған білімімді қолдану;
-өндірістік практикада жинаған тәжірибемді пайдалану;
-қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық материалдарды жинақтау және өңдеу;
-кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
-жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................... 3-5

1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының теориялық негіздері............................ 6
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні........................................................................... 6-13
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі.........13-22

2. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау
2.1 «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының жалпы сипаттамасы... 23
2.2 Кәсіпорынның табыстылығын талдау........................................................ 24-27
2.3 Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау............................... 27-30

3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары
3.1 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін арттыру...........................................................................................................31-35

Қорытынды...........................................................................................................36-37

Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................................38

Қосымша..............................................................................................................39-40

Работа содержит 1 файл

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы.doc

— 391.00 Кб (Скачать)

Жағымсыз жағдайлардың ауқымына байланысты кәсіпорын жағдайын жетілдіруге қажетті іс-әрекеттер көлемі анықталады. Жеңіл қаржылық дағдарыс кезінде ағымдағы  қаржылық жағдайды бірыңғайлау, яғни ақша қаражаттары-ның кірістері мен шығыстарын үйлестіру жеткілікті. Ал терең қаржылық дағда-рыс жағдайы қаржылық жағдайды тұрақтандырудың барлық ішкі және сыртқы механизмдерін қолдануды қажет етеді. Кәсіпорынның жағдайы аппаттық дең-гейге жеткенде қаржылық жағдайды жетілдірудің жолдарын іздестіру қажет, ал табылмаған жағдайда кәсіпорынды жою туралы шешім қабылдауға мәжбүр бо-лады [17].31 бет Савицкая Г.В. «Экономический анализ». - Москва, Новое знание, 2008

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандырудың ішкі механизмдері ең алдымен кәсіпорынның ағымдағы төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге ба-ғытталуы тиіс. Ағымдағы төлем қабілетсіздікті жою мақсатында кәсіпорын қар-жылық жағдайды жетілдіру бойынша оперативтік шаралар жүргізу, яғни ағым-дағы шығыстарды азайту және кейбір активтерді сату қажет. Осыдан кейін ал-дағы кезеңде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын  қамтамасыз етуге бағыт-талған тактикалық шаралар жүргізілуі қажет. Кәсіпорынның толық қаржылық тұрақтылығының негізгі шарты ол – ұзақ мерзімді қаржылық теңдікті қамтама-сыз ету болып табылады. Сондықтан кәсіпорынның стратегиялық шаралары қаржылық тұрақтылықты  ұзақ мерзімде уақытқа дейін сақтап тұруға бағытта-луы тиіс. Кәсіпорынды дағдарыстан алып шығу үшін қаржылық жағдайды тұ-рақтандырудың ішкі және сыртқы механизмдерінің жиынтығынан құралатын кәсіпорынды сауықтыру бойынша бизнес – жоспар жасалынады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сауықтырудың бағытттарын қарастырайық  (сурет-23):                     

Кәсіпорын меншікті айналым  қаражаттарының жетіспеушілігін азайту мақсатында жаңа акциялар мен облигациялар шығаруы мүмкін. Бірақ жаңа акцияларды шығару олардың бағамдарының төмендеуіне алып келуі мүмкін. Сон-дықтан батыс елдерінде көбіне облигацияларға көп жүгінеді.

Кәсіпорынның банкроттығының алдын алу жолдарының бірі ол –  акциялар бойынша дивидендтер көлемін азайту немесе төлеуден уақытша бас тарту. Бірақ бұл шараны іске асыру үшін кәсіпорын акционерлерін қаржылық сауық-тыру бағдарламасының  нәтиже беретіндігін және болашақта дивидендтер көле-мінің өсетендігіне сендіру қажет [17].31 бет Савицкая Г.В. «Экономический анализ». - Москва, Новое знание, 2011

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сауықтырутырудың маңызды  көзі – факторинг, яғни кәсіпорынның өзінің дебиторлық борыштары бойынша талап ету құқықтарын банке немесе факторинг компанияларға сатуы болып табылады.

Кәсіпорынның материалдық  техникалық базасын жаңартудың ең тиімді жолдарының бірі – лизинг. Ол инвестициялаудың бір түрі болып табылады. Ли-зингтік операциялар бойынша жедел амортизацияны пайдалану өндіріс құрал-дарының оперативті түрде жаңартып отыруға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынға үлкен табыс  әкелетін тиімді жобаларды іске асыру  мақсатымен кредиттер тарту да кәсіпорынды  сауықтырудың негігі бағыттарының бірі болып табылады [2].32 бет. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа. - М.: ИНФРАМ, 2010 ж.

Меншікті капиталдың жетіспеушілігін азайтудың  бір  жолы ол – оның айналымдылық жылдамдығын арттыру болып табылады.                                  

Меншікті қаржы ресурстарынының  көлемін арттыру жолдары:

-тұрақты шығындар сомасын азайту

-айнымалы шығындар сомасын азайту

-жедел амортизацияны пайдалану

-пайдаланылмайтын мүліктерді сату

-сыртқы әлеуметтік және тағы да басқа бағдарламалардан бас тарту, инвестициялық белсенділікті төмендету.

Кәсіпорынды қаржылық сауықтырудың негізгі бағыттарыныың бірі өндіріс табыстылығын арттыратын  ішкі резервтерді іздеу болып табылады. Оған өндіріс қуаттылығын толық пайдалану, өнімнің сапасы мен бәсеке қабілеттілігін арттыру, өзіндік құнды азайту, материалдардық, еңбек және қаржы ресурстарын үнемді пайдалану жатады [17].32 бет Савицкая Г.В. «Экономический анализ». - Москва, Новое знание, 2009

Тәжірибеде кәсіпорынның қаржылық жағдайына әсер ететін негізгі  үш проблема кездеседі:

-Төлемқабілеттіліктің төмен болуы, яғни ақша қаражаттарының жетіспеушілігі. Бұған кәсіпорынның кредиторлар, жұмысшылар және бюджет алдындағы мін-деттемелерін өтеуге қаражаттарының жетіспеушілігі дәлел бола алады.

-Меншік иелерінің мүдделерін толық қанағаттандырмау. Бұған меншік иелері алатын табыстарының олардың салған салымдарына қарағанда әлдеқайда төмен болуы дәлел бола алады.

-Қаржылық тәуелсіздігінің немесе қаржылық тұрақтылығының төмендеуі. Тәжірибеде қаржылық тұрақтылықтың төмен болуы болашақта міндеттемелер-ді өтеу бойынша қиыншылықтар тудыруы мүмкін, ал бұл өз кезегінде кәсіпо-рынның кредиторларға тәуелді болуына алып келеді. Жоғарыда жасалынған талдау негізде біздің кәсіпорында алғашқы екі проблеманың (өте төменгі төлем қабілеттік және рентабельділік) қаржылық тәуелсіздігіне келсек, ол ұзақ мер-зімді қарыздардың жоқ болуы және кәсіпорын қызметінің негізінен меншікті капиталмен қаржыландырылуына байланысты кәсіпорын кредиторларға тәуелді емес, яғни қаржылық тұрақты. Талдау барысында анықталған кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының әлсіз жақтары негізінен төлемқабілеттілік пен рен-табельділіктің төмен болуынан туындап отыр. Осыған байланысты біз кәсіпо-рынның қаржылық тұрақтандыру үшін төлемқабілеттік пен рентабельділікті арттыру жолдарын іздеу керек деген қорытындыға келеміз 4.

Кәсіпорынның төменгі  төлемқабілеттілігі мен рентабельділігін талдау кезінде ұзақ мерзімді міндеттемелерді алу қажет пе деген сұрақ туындайды. Бір жағынан, ұзақ мерзімді міндеттемелерді пайдаланбау кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, яғни тәуекелсіздігін білдірсе, екінші жағынан, ұзақ мерзімді міндеттемелер кәсіпорынның төлемқабілеттігі мен рентабельділігін арттыруға көмектеседі. Бұл жағдайда біз “тәуекел-табыс” деген екі факторлы моделіне тоқталып кеткен жөн. Бұл модельдің негізгі қағидаты - тәуекелсіз табыс та жоқ. Яғни тәуекел мен табыстың қолайлы қатынасын тапқан жөн. Алайда қарыз қаражаттарын пайдалану қажеттілігі болмайды егер кәсіпорын өз пайдасын өзіндік құнды төмендету негізінді арттырса.

Сонымен кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартудың бірнеше жолда-рын атап көрсетуге болады: өзіндік құнды азайту қажет. Ол үшін өзіндік құнға факторлық талдау жасау, оның өсу себептерін анықтау және азайту жөнінде шаралар қолдану қажет. Материалдық, еңбек және қаржылық ресурстарының тиімді пайдалануына көп көңіл бөлу қажет [30].

Негізгі көзі меншікті капитал болып табылатын капитал салымдарын азайту не боламса ұзақ мерзімді қарыз қаражаттарын немесе лизингті пайдалану.

Капитал салымдарын белгілі  бір уақытқа дейін қысқарту пайда  алуға мүм-кіндік береді, алайда бұл капитал салымынан мәңгі-бақиға бас тарту қажет екендігін білдірмейді. Сондықтан ол үшін кәсіпорын ұзақ мерзімді несиелер алуы немесе лизингті пайдалануы қажет. Сонымен қатар жаңа техникалар енгі-зу, ғылыми–зерттеу, тәжірибелі–конструкторлық және технологиялық жұмыс-тар жүргізуді ұмытпаған жөн. Бұл өндірістік шығындардың азаюына септігін тигізіп, кәсіпорын табыстылығын арттырады.

Жоғарыда айтылғандарға  қосымша кәсіпорынның өндірістік қуаттылығына талдау жасау, олардың 100 % пайдаланылуын  қамтамасыз ету және олардың қолданылмайтын бөлігін сату немесе жалға беру қажет. Сонымен қатар жоспарлардың жасалуы мен орындалуына көп көңіл бөлген жөн [8].33 бет

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы реурсының жағдайы. Ол өндірістің тиімділігімен, сондай-ақ кәсіпорын қызметінің қорытынды нәтижелерімен тығыз байланысты.  Өндіріс көлемінің азаюы, өнімнің өте жоғарғы өзіндік құн кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының төмендеуіне алып келеді [15].34 бет Оған көптеген ішкі және сыртқы факторлар әсер етеді.

Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын  еркіне бағынышты емес.                              Негізгі ішкі факторларды қарастырайық. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді. Сондай-ақ, тұрақты және айнымалы шығындар арасындағы қатынас маңызды болып табылады.     

Кәсіпорынның өндірілетін  өнім және өндіріс технологиясымен  тығыз байланысқан қаржылық тұрақтылығының маңызды факторларының бірі - активтердің  тиімді құрамы мен құрылымы, сондай-ақ кәсіпорынның басқару стратегиясын дұрыс таңдап алуы болып табылады. Ағымдағы активтерді басқару өнері - кәсіпорын шотында оның ағымдағы жедел қызметі үшін қажет болатын қаржының ең төменгі сомасын ұстаудан тұрады.                                    

Қаржылық тұрақтылықтың ішкі, маңызды факторларының бірі - бұл қаржы ресурстарының құрамы(мен құрлымы, оларды басқару стратегиясы мен тактикасының дұрыс таңдалып алынуы. Кәсіпорынның өз қаржы ресурсы, соның ішінде таза табысы қаншалықты көп болса, соншалықты ол өзін жайлы сезіне алады.                                                                                                                  

Сонымен бірге тек  таза табыстың көлемі ғана емес, сонымен  қатар оны тарату құрылымы, әсіресе өндірісті дамытуға бағытталған бөлігі де өте маңызды болып табылады.                                                                                  

         Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі - яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? - деген қауіп туады. 

         Және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен роль берілген.                                                                                     

Жоғарыда айтылғандарды  қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақты-лығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:                                                                                                                                    

кәсіпорынның салалық  топқа жатуы;                                                                             

-шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;                                                                          

-төленген жарғылық капиталдың мөлшері;                                                                           

-шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динами-касы;                                                                                                           

-қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;                                                                    

         -кәсіпорындарды басқару тиімділігі.                                                                                               

Сыртқы факторларға  шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.   

Айта кеткен жөн, қажылық  тұрақтылықты қалыпты жағдайда ұстап  тұру үшін стратегия қажет. Стратегияда кәсіпорынның мынадай негізгі мақсаттарды, яғни алдағы уақыттағы кәсіпорын қызметінің бағытын, өндірілетін өнім (көрсе-тілетін қызмет, атқарылатын жұмыс) сапасын арттыру, аз шығын жұмсай оты-рып өндірістің тиімділігін қамтамасыз ету, өзіндік құнды төмендету және рен-табельділіктің қажетті деңгейін қамтамасыз ету жолдарын анықтау қажет.

Меншікті капиталдың рентабельділігін арттыру мақсатында қарыз қаражаттарын тарту қажет. Ал қарыз қаражаттарының негізгі көзі  коммерциялық және банктік несиелер болып табылады [8].35 бет

Стртегиямен байланысты шешімдер қабылдағанда мыналарды ескерген жөн: стратегияның кәсіпорынның мүмкіншіліктерімен сәйкестігі, стратегияны іске асыруға қажетті қаржы қаражаттарының бар болуын және олардың мақсатты пайдаланылуын, сондай-ақ тәуекел деңгейін.

Кәсіпорынның стратегиясы қаржы ресурстарын оның қызметінің тиімділігі мен қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін іс-шараларға бағытталуын қамтамасыз етуі тиіс.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін талдау  оның өз ресурстарын  тиімді пайдаланатындығын көрсетті.

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен оның қаражат айналымының жылдамдығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті талдау, кәсіпорынның өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғанын анық-тауға мүмкіндік беретін, әртүрлі қаржылық айналымдылық коэффициенттердің деңгейі мен қозғалысын зерттейді.

И.А.Бланк өз еңбегінде  іскерлік белсенділікті арттырудың мынадай жолдарын атап көрсетеді:

Информация о работе Касіп орын экономикасы