Касіп орын экономикасы

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Декабря 2012 в 18:07, курсовая работа

Описание работы

Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағ-дайын талдау және оны жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табыла-ды.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
-қаржы менеджменті саласында алған білімімді қолдану;
-өндірістік практикада жинаған тәжірибемді пайдалану;
-қарастырылып отырған мәселе бойынша статистикалық және заңнамалық материалдарды жинақтау және өңдеу;
-кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
-жүргізілген талдау нәтижелері бойынша жетіспеушіліктерді анықтау және оларды жою жолдарын ұсыну.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................... 3-5

1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының теориялық негіздері............................ 6
1.1 Қаржылық жағдайдың мәні........................................................................... 6-13
1.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі.........13-22

2. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау
2.1 «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының жалпы сипаттамасы... 23
2.2 Кәсіпорынның табыстылығын талдау........................................................ 24-27
2.3 Кәсіпорын қызметінің іскерлік белсенділігін талдау............................... 27-30

3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жетілдірудің негізгі бағыттары
3.1 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен іскерлік белсенділігін арттыру...........................................................................................................31-35

Қорытынды...........................................................................................................36-37

Қолданылған әдебиеттер тізімі...........................................................................38

Қосымша..............................................................................................................39-40

Работа содержит 1 файл

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы.doc

— 391.00 Кб (Скачать)

      Субъект қызметінің қаржылық нәтижесі туралы есеп бухгалтерлік есептің №3 "Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп" стандартымен анықталады. Онда заңды тұлғаларды рет-ретімен құру және ұсыну мақсатында қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі жөніндегі есептің баптарын жіктеу және есепке алудың тәртібі көрсетіледі, бұл өз кезегінде занды тұлғаның әр мезгілдегі есептік кезеңдердегі қаржылық есебі мен түрлі заңды тұлғалардың қаржы есептерін салыстыруға мүмкіндік береді.                                                                                                                      

Сондай-ақ стандарт, негізгі  қызметтен алынған табыс пен  шығынды, төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан болатын табыс пен зиянды, сондай-ақ есеп кезіндегі есептік бағаның, есеп саясатының өзгеруінен және қаржылық есептегі елеулі қателерді түзетуден болатын әр түрлі табыс және шығындарды ашудың тәртібін анықтайды.                                                                

Табыстар мен шығындар баптарының арасын ажырату да субъектінің жұмысының нәтижесін көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл бөлімдерге әр түрлі баптар жатады. Мысалы, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп жалпы табысты, салық салынғанға дейін және салық салынғаннан кейінгі негізгі қызметтен алынған табысты және таза табысты көрсетуі мүмкін.                                                                                                                

Бұл есептің жасалуы  №3 бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес келесідей түрде болады.

     Бұрынғыға қарағанда бұл едәуір оңайлатылған. Мұнда табысты пайдалануды, бюджетке төлемді, табыс салығы бойынша жеңілдіктерді есептеу барысындағы шығындар ашып көрсетілмеген. Ол тек есепті кезеңдегі қаржылық нәтиженің қалыптасуын (таза табысты немесе зиянды) ғана көрсетеді.                                                                                                                       

Есепті кезеңде табылған табыстар мен шығындардың барлық баптары есепті кезеңнің таза табысын  немесе шығынын анықтау барысында  есепке алыңады.Осылайша кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп, қаржылық есептің қалған екі элементі туралы - яғни табыс пен шығындар туралы мәліметтерден тұрады. ҚР Президентінің 2009 жылы 26 желтоқсандағы №2732 "Бухгалтерлік есеп туралы" заң күші бар Жарлығында, сондай-ақ ҚР-ның Ұлттық комиссиясының қаулысымен бекітілген бухгалтерлік есеп бойын-ша 2010 жылы 12 қарашада №2 каржылық есепті дайындау және тапсыруға қа-жетті Концептуалдық негізінде айтылғандай, бұл элементтер субъектінің қар-жылық көрсеткіштерін өлшеумен тікелей байланысты. Табыстар активтердің көбейюін немесе міндеттемелердің азаюын көрсетеді, ал шығындар – активтер-дің азаюын немесе есепті кезеңдегі міндеттемелердің көбеюін көрсетеді.                                                                                                                     

Табыстар мен шығындар баптарынын арасына койылған шектеулер тәжірибеде жалпы қабылданған болып табылады. Бұл шектеу, баптың қалыптасу көзі осы субъектінің ақша қаражаттарын болашақта айналдыру мүмкіндігін бағалау барысында белгілі бір маңызға ие болады деген негізде жүргізіледі.                                                                                                                          

№3 "Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі" ҚР шаруашылық субъектілерінің қаржылық есеп беруіндегі жаңа үлгі болып табылады. Бұл есеп-те кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі ақша қаражаттарының көздері анықтала-ды және оларды пайдаланылу жолдары көрсетіледі. Кәсіпорынның есепті кезе-ңіндегі қаражаттары жеткілекті ме, соңы көрсетеді. Ол сондай-ақ қаражаттары жеткілекті ме, соңы көрсетеді. Ол сондай-ақ қолданушьшарды кәсіпорынның операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің белгілі бір бөлігіндегі есепті кезеңдегі ақша қаражаттарының келіп түсуі мен шығыны туралы ақпа-раттармен қамтамасыз ете отырып, оларға кәсіпорынның қаржы жағдайындағы өзгерістерін бағалауға мүмкіндік береді.                                                                                       

Ақша қаражаттары - бұл  кассадағы және банк шоттарындағы қолма-қол ақша.                                                                                                                

Операциялық қызмет деп  субъектің табыс алу жөніндегі  негізгі қызметін, сондай-ақ оның инвестициялық  және қаржылық қызметіне қатысы жоқ, басқада бір қызметін түсінеміз.                                                                                                   

Инвестициялық қызмет дегеніміз - бұл ұзақ мерзімді активтерді сатып  алу және сату, өтелінетін несиелерді беру және алу.                                              

Қаржылық қызмет, бұл нәтижесінде меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының құрамы мен мөлшері өзгеріске ұшырайтын субъектінің қызметі болып табылады. Субъект қызметінің барлық осы түрлері ақша қаражаттарының келіп тусуі мен шығуының негізгі арналары болып табылады.                                                                                                                

Сонымен, кәсіпорынның қаржы  жағдайын талдаған кезде тек бухгалтерлік баланс мәліметтері ғана емес сонымен бірге басқа да қаржылық есеп беру нысандарының көрсеткіштері, түсіндірме хаттағы мәліметтер және де есеп берудегі қосымша ақпараттар мәліметтері де қолданылады.                            

Қаржылық есеп берудің жаңа түрі, кәсіпорынның коммерциялық құпиясы болып табылатын ақпараттарына сүйенбестен, оның қаржылық жағдайын ке-шенді түрде талдауға мүмкіндік береді [1]22 бет Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2011 ж .

 

 

2. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының қаржылық жағдайын талдау

 

2.1 «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының жалпы сипаттамасы

«Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясы 1919 жылы құрылған. Оның негізгі қызметі  мұнай өндірісі, құрылысы, мұнай газ өңдіру скаважиналарын жөңдеу және іске қосуға қажетті құрал жабдықтарды жасау және жабдықтау-мен айналысу болып табылады.

Компанияның орталық офисі  Хьюстонда (Техас штаты) орналасқан.

Жұмысшылар саны 85 мың адамды құрайды.

Кәсіпорынның әлемнің 120 мемлекетінде бөлімшелері бар, солардың қатарында Қазақстан да бар. Қазақстандағы кәсіпорынның бөлімшесі Каспий-дегі мұнай жобаларын әзірлеумен айналысады.

Компанияның айналымы 2009 жылы 30,5 млрд. АҚШ долларды құрады.

Соңғы 12 жылда «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясы Нарьян-Марда, Няганда, Ханты-Мансийскте, Пермьде, Тюменьде, Нижневартовскте, Нефтеюганскте, Сургутте, Губкинскте, Ноябрьскте, Архангельскіде, Мегионда, Радужда, Охада, Тенгизде, Ақтөбеде, Атырадау, Актауда, Астраханда, Причал-да, Небит-Дагта, Туркменбашыда және Южно-Сахалинскте жобаларды іске асырумен айналысты.

Компанияның Energy Services Group бөлімшесі мұнай және газ саласында  қызмет етеді және скажиналар құрастыру, оларды аяқтау және жөңдеу бойынша қызметтер көрсетеді.

Компанияның екінші білімшесі Halliburton Engineering and Construction Group теңіздегі  платформаларды, мұнай және газ өңдеу  зауыттарын жабдықтаумен және өндіріс  объектілерін салумен , жөңдеумен айналысады.

Әлемнің 30 халықаралық  тәуелсіз компанияларымен бірлесіп қызмет ету тәжірибесі бар.

«Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясы Қазақстанда  Қашағанды иге-ріп жатқан Agip KCO консорциумымен, «Казахойл Актобе» компаниясымен және «Тенгизшевройлмен» (ТШО) қызмет жасайды.

«Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының басқарушылық құрылы-мы төмендегі 1- суреттетен көруге болады.







 

 

Сурет-1. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясының басқарушылық құрылымы

2.2 Кәсіпорынның табыстылығын талдау

Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның табыстылығы абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.

Табыстылықтың абсолютті көрсеткіштерін талдау. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және түпкі мақсаты табыс алу болғандықтан, барлық назарды осы көрсеткішті талдауға аудару керек.

Табыстылықтың бірінші  абсолютті көрсеткіші өнімді (жұмыс, қызмет) өт-кізуден алынатын табыс болып табылады. Ол қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шеге-рімдері және баға шегерімдері алынып тасталып көрсетіледі.

Қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есептің осы бабы бойын-ша негізгі қызметтен түсетін табыс көрсетіледі.

Табыс құрылымында ең үлкен үлес салмақты өнімдер мен  тауарларды өткізуден түсетін табыс алады, оның мөлшері өнім өндіру деңгейімен, оның сапасымен және төменде қарастырылатын басқа да факторлармен анықталады.

Өнім өткізуден түсетін  табыс сомасына қоймадағы өтпеген  бұйымдар қалдықтарының және сатып алушының жауапты сақталуындағы тиеліп жіберілген тауарлардың өзгерістері белгілі бір әсер етеді. Тауарлы-материалдық құндылықтардың азаюы немесе керісінше өсуі бірінші жағдайда өткізуден түсетін та-быс сомасының өсуіне, екішіде - азаюына әсер етеді.

Кәсіпорында өнімді өткізуден  түскен табыс жоспарланған тауар  өндірісінен және бұйымдардың (дайын  өнімдер, сатып алушының жауапты  сақталуындағы тауарлар) өтпеген бөлігінің қалдықтарының өзгерісінен шығуы керек. Бірақ өнімді өткізуден түсетін табыс көлемі жоспарының төмендеуі, ауыспалы тауарлы-материалдық қорлардың артуы есебінен болатын жағдайлар да кездеседі.

Табыстылықтың екінші абсолютті  көрсеткіші - жалпы табыс. Ол өнімді өт-кізудің қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде өнімді өткізуден түскен табыс пен өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны арасындағы айырма ретінде анықталады.

Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн, сондық-тан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсер тигізеді.

Көптеген кәсіпорындарда өзіндік құнды баптар бойынша  талдаумен айналысатын, оны төмендету жолдарын іздестіретін экономикалық қызметтің бөлім-шелері болады.

Шаруашылық жүргізудің тұрақты экономикалық жағдайында жалпы табыстың өсуінің негізгі жолы - материалды шығындар бөлігінде өзіндік құнды тө-мендету. Бұл әсіресе шикіат құнының үлес салмағы өнімнің өзіндік құнында өте жоғары болып келетін өңдеу және қай та өңдеу салаларында (машина жасау және металл өңдеу, металлургия, мұнай–химия, тігін, тамақ және т.б.) қызмет жасайтын кәсіпорындар үшін өте маңызды.

Табыстылықтың келесі абсолютті  көрсеткіші – таза табыс. Ол сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы табыс пен кезең шығындары ара-сындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады :

Д = Д - Р

Мұндағы: Д - негізгі қызметтен алынған табыс;

                  Д - жалпы табыс;

                  Р - кезең шығындары.

Кесте-2. «Халлибуртон Интернэшнл Инк.» компаниясы қызметінің нәтижесін сипаттайтын көрсеткіштер

 

Көрсеткіштер 

Жыл соңы жжжжжжжжылжыл

Жыл басы

Өзгеріс

Сатудан түскен түсім

377 085

364 805

+12 280

Өзіндік құн

376 690

356 350

+20 340

Жалпы табыс

395

8 455

-8 060

Таза табыс (шығын)

-1 065

-2 025

+960


 

Сатудан түскен түсімнің алдыңғы жылмен салыстарғанда 3,4%-ға, яғни 12280 мың теңгеге өскеніне қарамастан, кәсіпорынның жалпы табысы 95%-ға немесе 8060 мың теңгеге азайған. Сонымен қатар кәсіпорын өткен және ағым-дағы кезеңдердегі таза табыс таппай отыр. Алайда шығын мөлшері алдыңғы жылмен салыстырғанда 960 мың теңгеге азайған және ол 1065 мың теңгені құ-рады. Жалпы табыстың азаюы рентабельділіктің төмендеуі мен өндірістік шы-ғындардың өсуін білдіреді.

Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштерін талдау. Табыстылықтың салыстырмалы көрсеткіштеріне нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорын-ның қаржылық қызмет жасау, қаржыландыру көздерін ынталандыру және оларды тиімді пайдалану сияқты мүмкіндіктерін анықтайтын, осы кәсіпорын қызме-тінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштері жатады. Олар кәсіпорын қызметін түрлі бағытта белгілейді және олар экономикалық процеске қатысушылардың мүдделеріне сай топтастырылады.Табыстылық коэффициенттері салыстырмалы талдау мен кәсіпорынның қаржы жағдайын бағалаудың міндетті элементтері болып табылады, өйткені олар кәсіпорын табысын қалыптастырудың фактор-лық ортасын сипаттайтын маңызды көрсеткіштер. Оларды толығырақ қарасты-райық:

Барлық активтердің  тиімділік деңгейі (авансталған, жиынтық капитал) мына формула бойынша есептелінеді:

Д = Таза табыс / Барлық активтер (авансталған, жиынтық капитал)

Информация о работе Касіп орын экономикасы