Жобалық талдаудың құрылымы

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 17:48, курсовая работа

Описание работы

Жобалық талдаудың ақша ағынын модельдеу, жобаны оның өмірлік циклі бойынша қарастыру, уақыт факторын ескеру, инфляцияның әсерін есепке алу, тәуекелдің әсерін ескеру, кәспорындардың қаржылық жағдайын «жобамен» және «жобасыз» шарттарымен салыстыру деп аталатын қағидалары бар.
Болашақ инвестициялық жобаның бизнес идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес-идеянысын іске асыра ала ма деген сауал туындайды. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы жағдайын талдау керек.
Курстық жұмыcтың тақырыбы: «Жобалық талдау, оның мазмұны мен міндеттері».

Содержание

Кіріспе...............................................................................................................................3

1 Жобалық талдау түсінігінің теориялық аспектілері.......................................................................................................................5
1.1 Жобалық талдаудың маңызы, мақсаты және түрлері...............................................................................................................................5
1.2 Жобалық талдаудың қағидалары......................................................................................................................10

2 Нақтылы инвестициялық жобаларды талдау..........…………………………………................................................................13
2.1 Жобалық талдаудың концептуалды негіздерін бағалау.............................................................................................................................13
2.2 ЖШС « Тамир » инвестициялық жобасын
талдау...............................................................................................................................19
2.3 Қазақстан Республикасындағы инновациялық-инвестициялық жобалардың даму перспективалары...................................................................................................22

Қорытынды...................................................................................................................28

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................................................................................30

Работа содержит 1 файл

Жобалық талдау.doc

— 319.00 Кб (Скачать)

2010 жылы аймақтарды іске қосылған Қазақстанның индустриялық карта жобаларына үңілсек, Ақмола облысында – 11, Ақтөбеде – 23, Алматыда – 10, Атырауда – 7, Шығыс Қазақстанда -12, Жамбылда – 8, Батыс Қзақстанда – 9, Қарағандыда – 9, Қостанайды – 10, Қызылордада – 7, Маңғыстау облысында – 9, Павлодарда – 16, Солтүстік Қазақстан облысында – 9, Оңтүстік Қазақстанда – 7, Алматы қаласында – 4 және Астана қаласында 1 өнідіріс орны іске қосылған. Егер осы көрсеткіштерді сала бойынша сараптасақ, бұл жобалардың 15-і мұнай өңдеу және мұнай-газ секторының инфрақұрылымы саласында, 23-і тауа-металлургия өнеркәсібінде, 4-еуі көлік және телекоммуникация инфрақұрылымында, 9-ы энергетика, 1-еуі туризм, 5-еуі химия өнеркісібі, 26-сы құрылыс индустриясы, 15-і машина жасау, 48-і агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында, 2- еуі жеңіл өнеркәсіп, ал 4-еуі фармацевтика саласында жүзеге асты. Бір жылдың ішінде барлығы 152 ірі индустриялдық-инновациялық жоба іске қосылды.

Сурет 1. – Инвестициялық жобалардың аймақтық құрылымы.

Дерек көзі: www.kase.kz

       

         Осы жобалардың іске асуына 800миллиардқа жуық теңге жұмсалды, 24 мың жаңа жұмыс орындары ашылды. Қазақстанның индустрияландыру картасы еліміздегі жұмыссыздық санын 6,5-тен 5,6 пайызға төмендетті. Ішкі жалпы өнім жалпы 7 пайызға артып, өнеркәсіп өнідірісінің өсімі 10 пайызды құрады.

       Индустриялдық жобалардың тұсаукесер рәсімінде «Бейнеу-Бозой-Қызылорда-Шымкент» магистральды газ құбырының құрылысы басталуына орай капсула салынды. Бұл жоба жүзеге асқанда батысқазақсатндық арзан газдың игілігін оңтүстіктегілер де көретін болады. Осыған орай ғасыр құрылысы атанған «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ құбырының Бейнеу-Шымкент бағытындағы алғашқы кезеңі пайдалануға берілді. Бұл құрылыстың жалпы құны 500 млрд.теңгені құрайды.

Газ құбырының ұзындығы 1,5 мың шақырым. Газ құбыры іске қосылған жағдайда «көгілдір отынды» тұтыну көлемі Қызылорда облысында – 5есе, Оңтүстік Қазақстан облысында – 2,5есе, Жамбыл облысында – 4 есе, Алматы облысы мен Алматы қаласында 4,4 есеге өспек. Жалпы, Бейнеу-Шымкент бағытында іске қосылып отырған газ құбыры Қытайға тартылатын транзиттік газ желісімен жалғасады.

Қазақстанның индустрияландыру Картасына енгізу үшін Қызылорда облысы бойынша жалпы сомасы 296,5 млрд.теңгені құрайтын 92 жоба ұсынылды. Бүгінгі күні, жобалрды нақтылау жұмыстары нәтижесінде жалпы қаржысы 245,2 млрд.теңгені құрайтын 54 инвестициялық жобалар іріктелініп алынды.

Қазіргі таңда 10 жобаның жалпы сомасы 950,0 млн.теңге құрайтын 2 жобасы жүзеге асырылды. Атап айтқанда,

  • «Тасбұлақ» ЖШС-гінің қуаттылығы жылына 1,3млн.тонна құрайтын қиыршықтас шығаратын өндірісі іске қосылды. Жоба құны – 250,0млн.теңге. жаңадан 50 жұмыс орны ашылды.
  • «УАД» ЖШС-нің «Битум шығару зауытының құрылысы»жобасы бүгінгі таңда толығымен дайын және ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінен өнімге лицензия алынды. Жобаның қуаттылығы тәулігіне – 500тонна битум. Жаңа жұмыс орны – 50.

Қалған 8 жоба бойынша жұмыс жүргізілуде, атап өтсек олар:

  • «РЗА» АҚ-ның «Тауарлы сүт фермасының құрылысы» инвестициялық жобасы.
  • «Қазгермұнай» АҚ-ның «Газды тиімді пайдалану кешенінің 2-ші кезегінің құрылысы» инвестициялық жобасы.
  • «ПетроҚазақстанҚұмкөлРесорсиз» АҚ-ы Компаниясының «Құмкөл газотурбиналық стансасында қуаттылығы 25 мВТ-ы 2 қосымша газотурбиналық қондырғының құрылысы» инвестициялық жобасы.
  • «БИС» ЖШС-нің «Мұнай қалдықтарын және көмірсутекті шикізатты қайта өңдеу қондырғысы» инвестициялық жобасы.
  • «УАД» ЖШС-нің «Қиыршық тас зауыты» инвестициялық жобасы.
  • «УАД» ЖШС-нің «Асфальт шығару зауыты» инвестициялық жобасы.
  • «Шалқия Неруд» Компаниясы» ЖШС-нің «Жоғары сапалы қиыршықтас өндірісін ұйымдастыру» инвестициялық жобасы.
  • «Шапағат сүт» ЖШС-нің «Аусымына 30тн.нан өнімдерін шығаратын нан зауыты» инвестициялық жобасы.

Қазақтанның индустрияландыру картасына жалпы сомасы 8 триллион құрайтын 294 жоба еніп отыр. Биылдың өзінді 805млрд.теңге игеріліп, 152 жоба іске қосылды. Осылайша біздің стратегиямыз жақсы нәтижелерге қол жеткізіп отыр. 2020 жылға дейін әлі он жыл бар. Бірақ бұл жұмыс жиырма жылмен тоқтамайды. Олар көп жылға созылады. Егер де біз көштің артында қалып, басқалардың шаңын жұтпайық десек, осы бағдарламалар орындалуы керек. Сондықтан жастар, зиялық қауым, жалпы бүкіл халық осы индустриялық мәселеге белсенді араласуы тиіс.

Бүгінде қазақ елі атқарып жатқан жұмыстарға бүкіл әлем, солардың арасында Дұниежүзілік банктер жоғары баға беріп отыр. Қазақстандық қарқында дамып келе жатқанына барлық ел куә. Бүгінде мемлекет кәсіпкерлікке қолдау көрсетумен ғана шектеліп отырған жоқ. Билік пен бизнес арасында да серіктестікті дамытуға ерекше көңіл бөлінуде.

Алдағы кезеңде индустрияландыру саясаты индустриялық-инновациялық процестердің жеделдетушісі болатын «дәстүрлі мамандандыру» салаларын дамыту арқылы басым шикізаттық емес секторды озыңқы дамытуға бағытталған болатын.

Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде мемлекеттің күш  жігері экономиканың мынадай басым  секторларын дамытуға бағытталады  деп қорытындылар жасауға болады:

  • дәстүрлі: мұнай-газ секторы, тау-кен металлургия кешені, шикізат өндірістерін кеәннен аса жоғары қайта бөлулерге ауыстырылатын атом және химия өнеркәсібі;
  • жер қойнауы пайдаланушылар, ұлттық компаниялар және мемлекет сұранысына негізделген: машина жасау, құрылыс индустриясы, фармацевтика;
  • шикізаттық сектормен байланыстырылмаған және экспортқа басым бағдарланған өндірістер: агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл өнеркәсіп, туризм;
  • келесі 15-20 жылда әлемдік экономикада үстем рөлге ие болатын «болашақ экономикасының» секторлары: ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар, биотехнологиялар, баламалы энергетика, ғарыш қызметі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                           

 

 

 

 

                                                Қорытынды

 

Қорыта келгенде, жобалық  бөлім жобаларды талдауды анықтаушылық мәнге ие, өйткені жобаның өмірге қабілеттілігін бағалау үшін керекті нарықтық ақпараттарды алуға мүмкіндік береді. Көп жағдайда сапасыз маркетингтік талдау нәтижесінде фирма едәуір ақша құралдарын шығындап, жабдықтау мен өнімді өткізу операцияларын іске асыруға күш жұмсағанымен, ойдағы пайдаға жете алмайтын жағдайлар кездеседі.

Елімізде  индустриалды-инновациялық саясатты ойдағыдай  жүзеге асыру барысындағы негізгі  күшті әлемдік тәжірибені ескере отырып, инвестицияларды үйлестіру  мен іскерлік ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бастамаларға жұмсау қажет. Бірақ Қазақстанның бюджеттік қаражаты жеке меншіктегі кәсіпорындарға қаржылық және инвестициялық қолдау көрсетуге бағытталмағандықтан мемлекет нақты компанияларға тікелей қаржылық қолдау көрсете алмайды, дегенмен ол экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелерінде катализатор, яғни бастамашы бола отырып, жеке меншіктегі кәсіпорындарды инновациялық процестерге тартады. Сонымен қатар, өндірістік және бәсекеге қабілетті әлеует құруға, оларды одан әрі жақсартуға, жаңғыртуға ықпал етеді. Сөйтіп, еліміздегі даму институттары болашақта игерілетін барлық инновациялық жобалардың қаржыландырушысы болып, ал мемлекет өз тарапынан тек қолдау көрсететін болады. Ал бұл жағдайда негізгі тәуекелді екінші деңгейлі банктер мен жеке меншік секторлары алады.

Қазақстан Республикасының индустриялды-инновациялық саясатының басты мақсаты – өнеркәсіпті тұтастай, сонымен бірге жекелеген өндірістер тұрғысынан қайта құру.

Жалпы, индустриялды-инновациялық саясаттың көбіне даму институттардың қолдауымен жүзеге асатындығын дамыған елдердің тәжірибесі дәлелдеп отыр. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдері Жапония мен Германия даму институттары қоғамдық инфрақұрылымын дамытуға бағытталған жобаларды қаржыландыруды дәстүрге айналдырса, Оңтүстік Корея мен Қытайдың даму банктері негізінен экономиканың қайта өңдеуші салаларын қаржыландырумен айналысып келеді.

Қазақстандық қоғамның алдында 2020 жылға дейінгі дамудың Стартегиялық жоспарының жаңа міндеттері тұр. «2020 жоспары» бес бағытқа негізделген: ел экономикасын дағдарыстан кейінгі дамуға дайындау; қарқынды индустрияландыру мен инфрақұрылымды дамыту есебінен экономиканың өсуінің дәйектілігіне қол жеткізу; адамдық капиталдың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында инвестицияны болашаққа белсене салу; халықты сапалы әлеуметтік және тұрғын үй-коммуналдық қызметпен қамтамасыз ету; ұлтаралық келісімді нығайту, ұлттық қауіпсіздікті арттыру және халықаралық қатынастарды одан әрі дамыту.

Қарқынды индустрияландыру мен инновациялық дамудың Мемлекеттік бағдарламасы және елді индустрияландырудың нақтылы картасы жасалынды. Осы екі құжатта таяудағы бес жылда қайдан және қалай құрылыс салынатыны жөніндегі іс-қимыл жоспары нақтыланған.

Инвестициясының жалпы көлемі 6,5 триллион теңгені  құрайтын 162 жобаны жүзеге асыру көзделуде. Ал, бұл дегеніңіз еліміздің жалпы жиынтық өнімінің 40 пайызынан асады және соңғы үш жылдың ішінде ғана 200 мыңнан астам жұмыс орындарын ашуға тікелей мүмкіндік береді. Егер біз бұрын шикізат қорына арқа сүйесек, енді еліміздің экономикалық қауіпсіздігі мен бәсекеге қабілеттілігін шикізат саласының қатысуынсыз нығайту мүмкіндігі туындап отыр.

Сонымен елдің индустриялды-инновациялық өсуін қамтамасыз ету, сонымен бірге  өркендеп келе жатқан экономиканың мұқтаждарын  қанағаттандыру мақсатында шикізаттық емес саладағы өндірістерді құру және оны жаңарту – мемлекеттің ұлттық экономиканы дамытудағы құралы және объектісі болып саналатындығын көрсетеді.

 

 

 

 

 

                                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

[1] «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы №373-II Заңы

[2] «Қаржы лизингі туралы» Қазақстан Республикасының 05.07.2000ж. №78-II Заңы

[3] «Инвестициялық қорлар туралы» Қазақстан Республикасының 7 шілде 2004 жылғы №576-II Заңы

[4] «Қазақстан Даму банкі туралы» Қазақстан Республикасының 25 сәуір 2001 жылғы №178-II Заңы (02.04.2010 жылғы жағдай бойынша өзгерістер мен толықтырулармен)

[5] «Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 23 нарыздағы Заңы

[6] 2010-2014 жылдарға арналған Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы;

[7] «Жаңа он жылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 29 қаңтар 2010 жыл

[8] Қазақстан Республикасы Президентінің «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауы 06.03.2009 жыл.

[9] «Қазақстан Республикасы экономикасының бәсекеге қабілеттілігі мен экспорттық мүмкіндіктерін сапалы жаңа деңгейге жеткізудің 2008-2015 жылдарға арналған тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1332 қаулысы.

[10] Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы. ҚР Президентінің 2003 жылғы 17 мамырдағы №1096 Жарлығымен бекітілген, Астана.

[11] «Қазақстан Даму Банкі» АҚ-ның 2010 жылдық есебі;

[12] «Қазақстан Инвестициялық Қоры» АҚ-ның 2010 жылдық есебі;

[13] Омарова А.К.  Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу: Оқулық – Алматы: Таугуль Принт, 2009-236б.

[14] Қадерова Н.Н., Макенова А.А., Әбуова Ж.М. Инвестицияларды қаржыландыру және несиелеу: Оқулық. – Алматы: ТОО «Print-S», 2011-570б

[15] Әлжанова Н.Ш. Инвестициялық жобалау: Оқу құралы. – Алматы. 2007ж

[16] Жүнісова Б.Т. «Қазақстан экономикасындағы инновациялық-инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы», Банки Казахстана №4, 2011;

[17] www.kdb.kz

[18] www.kase.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                               

 

 

 

 

 

 

 

 




Информация о работе Жобалық талдаудың құрылымы