Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2013 в 17:48, курсовая работа
Жобалық талдаудың ақша ағынын модельдеу, жобаны оның өмірлік циклі бойынша қарастыру, уақыт факторын ескеру, инфляцияның әсерін есепке алу, тәуекелдің әсерін ескеру, кәспорындардың қаржылық жағдайын «жобамен» және «жобасыз» шарттарымен салыстыру деп аталатын қағидалары бар.
Болашақ инвестициялық жобаның бизнес идеясы тұжырымдалғаннан кейін, кәсіпорын сол бизнес-идеянысын іске асыра ала ма деген сауал туындайды. Бұл сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы жағдайын талдау керек.
Курстық жұмыcтың тақырыбы: «Жобалық талдау, оның мазмұны мен міндеттері».
Кіріспе...............................................................................................................................3
1 Жобалық талдау түсінігінің теориялық аспектілері.......................................................................................................................5
1.1 Жобалық талдаудың маңызы, мақсаты және түрлері...............................................................................................................................5
1.2 Жобалық талдаудың қағидалары......................................................................................................................10
2 Нақтылы инвестициялық жобаларды талдау..........…………………………………................................................................13
2.1 Жобалық талдаудың концептуалды негіздерін бағалау.............................................................................................................................13
2.2 ЖШС « Тамир » инвестициялық жобасын
талдау...............................................................................................................................19
2.3 Қазақстан Республикасындағы инновациялық-инвестициялық жобалардың даму перспективалары...................................................................................................22
Қорытынды...................................................................................................................28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................................................................................................30
Сондай-ақ, менеджменттің
инвестициялық саласындағы
Міндеттері:
Институционалдық талдау инвестициялық жобада жүзеге асырылатын жағдайларды, яғни құқықтық, саяси ортаны және ұйымдарды бағалау, жобаның мемлекеттік органдар талаптарына бейімделуін талдау, кәсіпорынның ұйымдастырушылық қызметін, қаржылық жағдайын және тағы басқаларды талдау жүзеге асырылады.
Әлеуметтік талдау – жобаның қосымша жұмыс орындарын құруға, жұмыскерлердің тұрғын үй, мәдени тұрмыстық, еңбек ету, демалыс жағдайларында кездесетін мәселелерді шешуге көмектеседі.
Әлеуметтік талдаудың мақсаты – бұл жоба жоспарының нұсқауларын, оны пайдаланушылар үшін жарамдылығын анықтау болып табылады. Әлеуметтік талдауды жүргізу нәтижесінде жоба мен оны пайдаланушылар арасындағы өзара әрекет етудің стратегиялық мүмкіндігін қамтамасыз ету қажет.
Әлеуметтік талдаудың шешетін мәселелері:
Әлеуметтік талдаудың стандарттық әдісі мен процедураларының жоқтығынан бұл жобаның түрі өте күрделі болып келеді.
Жоба бойынша әлеуметтік
нәтижелер келесідей болуы мүмк
Экологиялық талдауда – экологияға залал тигізу туралы сараптамаға баға беріледі. Залал орын алған жағдайда оны жеңілдеті немесе болдырмау шаралары анықталады. Дүниежүзілік тәжірибеде жоба бойынша шығындар сметасына қоршаған ортаны қорғау шараларын жүзеге асыру шығындары енгізіледі. Олардың ауытқу деңгейі барлық салымдардың 10%-ын құрайды. Сонымен қатар, шығындар сметасында күтілмеген шығындарға шағын жобалар үшін 5%, ал мегажоба үшін 15% шамасында шығындардың деңгейі қарастырылады.
Экологиялық талдаудың
мақсаты – инвестициялық жобаны
Экономикалық талдау кезінде тек қана пайда мен шығындар қарастырылып қоаймай, әрбір қатысушы мен қоғам тұрғысынан жобаны ұйымдастырудағы ғаламдық проблемалар зерттеледі. Бұл талдау түрі қаржылық, техникалық, коммерциялық, әлеуметтік, және басқа да түрлерімен байланысты, яғни кеңірек болып келеді.
Экономикалық талдаудың мақсаты – нарықтық мәмілелерде көрініс табатын экономикалық айналымдарды және ақшалай емес құндылықтарды, сонымен қатар, жобаның артықшылықты көрсеткіштеріне баға бере отырып, инвестициялық жобаның нәтижесінде жалпы қоғамға әкелетін тиімділікті анықтау болып табылады.
Экономикалық талдаудың міндеті – жобаның іске асырылуымен байланысты шығындар мен нәтижелерді тікелей салыстыруға мүмкіндік беретін тетктерді жасау арқылы инвестициялық жобаның тиімділігі туралы нақты шешім қабылдау болып табылады. Экономикалық талдау іске асырылатын жобаның даму мақсатына мүмкіндік жасатын және ең аз шығынды жұмсай отырып, экономикалық тиімділікке қол жеткізетін балама тәсілдерді анықтауға бағытталған.
Қаржылық талдау – экономикалық талдаудың жалғасы ретінде қаржылық ақпараттарды жинау, трансформациялау және пайдалану тәсілдерінің жиынтығын білдіреді.
Қаржылық талдауың міндеттері:
Қаржылық талдаудың негізгі мақсаты – инвестициялық жобаны іске асыру шығындары мен нәтижелерін зерттеу ең бірінші кезекте әрбір қатысушының максималды пайда алуының тиістілігі ескеріледі.
Қаржылық және экономикалық талдау – инвестиция тиімділігінің көрсеткіштерінтұтас экономика үшін жобаның табыстылыған баға беріледі.
1.2 Жобалық талдаудың қағидалары
Жобалық талдаудың ақша ағынын модельдеу, жобаны оның өмірлік циклі бойынша қарастыру, уақыт факторын ескеру, инфляцияның әсерін есепке алу, тәуекелдің әсерін ескеру, кәспорындардың қаржылық жағдайын «жобамен» және «жобасыз» шарттарымен салыстыру деп аталатын қағидалары бар.
Ақша ағынын модельдеу дегеніміз – жоба бойынша әр түрлі уақыттағы табыс пен шығынды өзара салыстыру. Сонымен қатар, инвестициялық жобаны жүзге асыру мерзімінде кәсіпорынынң өндірістік, инвестициялық, қаржылық қызметтері бойынша ақшаның түсуі мен кетуін сипаттайды. Сондай-ақ, инвестициялық жобаны іске асыру ақша ағынын қарастырумен байланысты.
Ақша ағынын модельдеу есеп беру кезеңіндегі ақша ағынынның барлық түсімдері мен шығындарын есепке ала отырып, модельді құрастыру негізінде жүзеге асырылады.
Ақша ағындарының
Уақыт факторын ескеру жобаның парметрлер қозғалысын және оның экономикалық ортасын көрсетеді. Сондай-ақ, өндіріс өндіруі және ресурстардың келуі олардың төлем арасындағы мерзім айырмашылығын ескереді. Қорытындысында, олардың уақытысының әр түрлі және бірдей еместігі ескеріледі.
Жобаны талдаудың екі қағидасын біріктіріп қарастырайық. Инфляцияның және тәуекелдің әсерін есепке алу, сондай-ақ жобаны сатуда бірнеше валютаны қолдану инфляцияны болжауда ескеріледі:
«Жобамен» және «жобасыз» салыстыру. Инвестициялық жобаның тиімділік бағасы «жобаға дейінгі» және «жобадан кейінгі» «жобамен» және «жобасыз» эағдайларда салыстыру жолымен жүзеге асырылуы керек. Бұл кәсіпорын қызметіндегі маңызды микроэкономикалық көрсеткіштерге жобаның қалай әсер еткеніне талдау жасауды көрсетеді (сату көлемі, табысы, актив және меншікті капиталдың рентабельділігі және т.б.).
1.1- кесте
Инновациялық жобалардың тиімділігін салыстыру
Қызмет түрі |
Ақша түсімі |
Ақша қаражаттарының түсімі |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
*Дерек көздері: Әлжанова Н.Ш. Инвестициялық жобалау: Оқу құралы. – Алматы. 2007ж
Мұндай инвестициялық жобаны қабылдауды жоспарлайды, сондай-ақ жобаны қабылдау немесе қабылдамау жағдайларын анықтайды. Сол себепті кәсіпорын өзгерісін табу қажет.
1.2- кесте
Кәсіпорын өзгерісі
|
Жиынтық табыс |
Жиынтық шығындар |
Таза пайда |
Жобамен |
90 млн |
60млн |
30млн |
Жобасыз |
60млн |
50млн |
10млн |
Өзгерісі |
30млн |
10млн |
20млн |
*Дерек көздері: Омарова А.К. Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу: Оқулық – Алматы: Таугуль Принт, 2009-236б.
Жоғарыда анықталғандай, жобаны іске асыру туралы шешім қабылдағанда шығындардың өсуіне қарамай кәсіпорынның таза пайдасы 20 млн болады.
Жобалық талдаудың уақыт, инфляция, тәуекел факторларының қағидалары «кеңістіктегі құн» деген ұғымға негізделеді. Яғни бүгінігі 1 теңгенің ертеңгі 1 теңгеге қарағандағы құны пайыздық болып келеді. Сондықтан да инвестициялық жобаны бағалау кезеңінде жоба бойынша пайыздық мөлшерлеменің деңгейін таңдау маңызды болып табылады. Нақты экономикада бірегей мөлшерлемелер жоқ. Олардың бірнеше түрлері болады. Оларға қысқа, ұзақ мерзімді несие бойынша облигация, депозит бойынша және тағы да басқа пайыздық мөлшерлемелердің түрлері жатады. Сондықтан да инвестициялық жобаның қаржылық менеджерлері ең тиімді қаржыландыру көзін және инвестицияның обьектісін таңдау барысында нақты экономикадағы пайыздық мөлшерлемелерге негізделуі тиіс. Сонымен пайыздық мөлшерлеме және салыстыру мөлшерлемесі белгілі бір уақыт ішінде ақша ресурстарының құндылығының өзгеріс қарқынын сипаттайтын көрсеткіш болып табылады.
Жобалық талдаудың негізгі мақсаты жобаның тиімділігін бағалау болып табылады. Мұндай кіспорын инвестициясының жобасын жүзеге асыру және кәсіпорын инвестициясының жобасын жүзеге асырмау әдістерін қолдану маңызды. Басқаша айтқанда, бұл қағида «жобамен» және «жобасыз» деп аталады.
Жобалық талдаудың барлық
бағыттары мен қағидалары негізінде
инвестициялық жобаның бизнес-
2 Қазақстан Республикасындағы даму институттарының инвестициялық
жобаларын талдау
2.1 Инвестициялық жобаларды бағалау әдістері.
Уақыт параметірі ескерілуіне немесе ескерілмеуіне байланыссыз инвестициялық қызметтерді зерттеуде қолданылатын критерилерді келесі екі топқа бөлуге болады:
А) Дисконттауға негізделген
В) Есептеуге негізделген
Бірінші топтағы
критерийлерге жатады: таза келтірілген
құн (NPV), таза терминалдық құн
(NTV), инвестициялар
Енді, жоғарыдағы
аталған инвестициялық