Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2011 в 08:32, курсовая работа
Соңғы жылдары жұмыссыздық халықтың қалың топтарын қамтуда және барған сайын ұлғайып келеді. Оның деңгейі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ–ОЭСР) кіретін елдердің барлығында дерлік өсу үстінде. Тіпті экономикалық өсудің жоғары қарқындары белгіленген дамушы елдердің көпшілігі халық санының өсуінен қалып қоймаулары үшін біршама жылдам қарқындармен жұмыспен қамтуды ұлғайту мәселесін әрең игеріп отыр.
Республиканың «Халықты жұмыспен қамту туралы» жаңа заңында қоғамдық жұмысты ұйымдастыру , каржыландыру және төлеу тәртібі өзгертілді . Осы Заңға байланысты қоғамдық жұмысты орталық және жергілікті атқарушы органдар ұйымдастырады , ол республикалық және жергілікті бюджеттен , сондай-ақ жұмыс берушілер қаражатынан қаржыландырылады .
Жалпы
экономикалық ахуалды ескере отырып
, (ал оның ерекше белгілеріне жұмысшы
күшіне сұранымның төмендеуі , жаңа жұмыс
орындарын құрудың төмен
Бағдарлама бойынша 2005 жылы республикада 13638 жұмыссыз адамды кәсіптік оқытуға жіберу қаралды , нақты жіберілген адам саны 12.784 яғни жоспарлы тапсырма 93,7 пайыз орындалды . Оқыту 30 кәсіп бойынша жүргізілді . Оқудан өткендердің 10 мыңы жұмысқа орналастырылды , 272адам өз ісін ашты . Жұмыссыздарды оқыту жөніндегі ең жоғары көрсеткіштер Маңғыстау облысында – тапсырма 2,3 есе , Қостанайда – 2,2 есе , Ақтөбеде – 1,5 есе орындалды .
Бағдарлама бойынша жұмыссыздарды оқыту жөніндегі тапсырманы қамтамасыз етпегендер : Солтүстік Қазақстан облысы – 12,7% , Жамбыл – 19,8% , Павлодар – 62,2% , Алматы – 76,4% , Шығыс Қазақстан – 77,0% , Қызылордада – 77,1% , Ақмола – 84,0% .
Қаржыландырудың жеткіліксіздігі жұмыссыздарды кәсіптік оқуға жіберуді қиындатты , соның салдарынан оқумен қамту ойдағыдай емес . Басында кәсіптік оқыту үшін 207,9 миллион теңге қаралғанымен , қаражаттандыруға нақты белгіленгені 81,9 миллион , яғни 37,6 пайыз болды , мұның өзі негізінен жұмыссыздарды оқыту жөнінде жасалған төрт жақты келісім шартта көрсетілген шектеуге байланысты еді .
Бизнес –инкубаторлар
Бизнес-инкубаторлар 9 облысты және 2 қалада құрылған . Республика бойынша бүгінде 31 бизнес-инкубатор ашылған , олардың офистері мен өндірістік ғимараттары алып жатқан жер 28,907 шаршы метр , келешекте осы мақсатқа тағы да 6250 шаршы метр бөлу көзделіп отыр . Маңғыстау және Атырау облыстарына оларды құру ұйымдастыру сатысында ғана .
Бизнес-инкубаторлар аумағында өндірістің әртүрлі салалары бойынша 202 кәсіпорын салынған .
Бизне-инкубаторларды ұйымдастырумен олардың қызмет істеуі үшін жуапкершілік қалалар мен аудандардың әкімдеріне , облыстық және қалалық Еңбек , жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаменттері мен басқармаларына , кәсіп-керліктің , шағын және орта бизнестің облыстық басқарламалары мен комитеттеріне жүктелген .
Кәсіпкерлікті
колдаудың Батыс Қазақстан
Шағын несие беру
Шағын несие беру адамдардың өзін өзі жұмыспен қамтуына көмек көрсететін экономикалық шара ретінде кедейлікпен және жұмыссыздықпен күрес жөніндегі бағдарламаның құрамдас бөлігі болып табылады . Ең аз қамтамасыз етілген 70 мың азаматқа шағын несие беру көзделген болатын . Бағдарлама жұмыс істей бастаған мерзімнен бері 19,2 мың адамға 601,7 миллион теңгенің шағын несиесі , оның ішінде қайтып келген сомадан 3 миңнан астам шағын несие берілді . Бағалау деректері боынша шағын несие бағдарламасы жүзеге аса бастаған кезден бері 10 мың жаңа жұмыс орны құрылды .
Қазіргі кезде 2006 жылы беріліп , мерзімі өткен несиелерде қайтару жүріп жатыр .
Халыққа
шағын несие беру бағдарламасының
жаңа жобасы жасалады . Қазіргі кезде
ол бұған мүдделі министрліктерге
жіберілді .
Қорытынды
Cонымен
қорытындылай айтар болсақ, жұмыссыздық
мәселесі қазіргі кезде бүкіл
дүние жүзі бойынша ауқымды
да, күрделі мәселеге айналып
отыр. Американдық еңбек базарында
жүргізілген көптеген
Экономиканың қай уақытта толық жұмылдырылған жағдайда болатындығын анықтау экономикалық саясаттың негізгі мәселесі болып табылады. Жұмыссыздықтың табиғи дәрежесі мен құрылымдық дәрежесі мағыналары бойынша сәйкес келетін түсініктер болып табылады. Жұмыссыздықтың табиғи жағдайын анықтаушы факторлар жұмыссыздықтың жалғасуы және жиілігі терминдерінде көрініс табуы мүмкін. Жұмыссыздықтың жағасуы циклдік факторларға байланысты болады.
Біздің
елдегі жұмыссыздықтыңнегізгі
барысында, жасырын жұмыссыздық ашық жұмыссыздыққа айнала бастады
Жұмыссыздық зардабын бәсендететін факторлардың бірі – ғылыми техникалық өрлеу, жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін өндіріс саласында еңбек етуге қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтамассыз етуді көбейтеді.Жалпы, ғылыми –техникалық революция жағдайында жұмыспен қамтуды тұрақты түрде өсіру негізінен, өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Онын ұлғаюы, тұрғындардың әр түрлі қызмет түрлеріне деген шығынның тез өсуімен және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағандағы жоғары еғбек ауқымдылығымен сипатталады.
Қазіргі кезде біздің елде қаржы саясаты тұрақтанды деп айтуға болады. Ұлттық Банк бағдарды инфляция бойынша ғана белгіленген болады.
Сонымен қатар Қазақстан әлеуметтік- саяси жағдайлар есебімен экономиканы тұрақтандыруд және ақша айналымында инфляциямен күрес жүргізуде қолдануға тырысады.
Жұмыссыздық
– бүкілдүниежүзілік
Республика бойынша және оның жеке аймақтары бойынша да кедей адамдар да , жұмыссыздар да бар, бірақ, оларды одан әрі кедейлендірмеу үшін, олардың қоғамдық өмірден, қоғамның ішкі өмірінен шеткері қалмауы үшін оларға жұмыс істеп жүрген басқа адамадар есебінен көмек көрсету керек.
Біздің болашағымыз - жасөспірімдер. Жұмыссыз жасөспірімдердің көбі - жұмыс күші қатарына жаңадан келіп қосылғандар. Егер жастардың жұмыс іздеуге кеткен уақыты қысқартылған болса, онда олардың арасындағы жұмыссыздықты азайтуға болар еді. Жастарды мектеп бітіргеннен кейін жұмысқа орналастыратын қызмет немесе орталықтар құрылуға тиіс.
Жастардың жұмыс күші қатарына қосылып және одан шығуының бір себебі – сол жұмыс орны оларды қызықтырмайды. Жұмыс орнын жақсарту мәселесімен кейбір еуропалық елдер, әсіресе, Германия жастарды жұмыс орнына қызықтыру үшін техникалық тұрғыдан оқытуды қолға алып отыр.
Жұмыссыздықты тереңірек болдырмау үшін, біздер белгілі бір шараларды қолдануымыз керек:
Мемлекет жаңа жұмыс орындарын ашу керек.
Жаңа жұмыс орындарын аша отырып, бірте-бірте жалақыны өсіру.
Адамдарды қоғамдық жұмыстарға тартумен қатар, өз ісімен, өз кәсібімен шұғылдансам деген адамдарға шағын несие беріп, олардың өз кәсібін ашуына көмек жасауға көмек көрсету.
Шетелдік инвесторлар келген кезде, шетелдік мамандар мен жұмыскелер көбірек орын алып кетпейтіндей етіп, сол жаңадан ашылған жұмыс орындарына мамандығы мен білікті бар адмдарымызды жұмысқа орналастыра алатындай ішкі еңбек базарын құру қажеті де жоспарлануы қажет.
Сонымен,
жұмыссызыдық деңгейін төмендету шараларын
асыруға қажетпіз. Біз Қазақстандағы
әр отбасының кемінде бір мүшесін
жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуі тисті
және жұмысты жоқ халықты еңбек етуге
ынталандыратын жаңа жұмыс орындарын
құруымыз біздің міндеттімізге жатады.Біздің
көзделіп отырған мақсаттар – жұмыспен
қамтудың белсенді саясатын жүзеге асыру
және негізінен еңбекке жарамсыз кедей
азаматтарға, сондай-ақ, еңбек базарындағы
жағдайы осал халыққа таулы көмек көрсету
есебінен кедейліктің ауқымын қысқарту
және жұмыссыздық деңгейін төмендету
болып табылады.