Жарғылық капиталды қалыптастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2012 в 16:24, реферат

Описание работы

Резервтік капитал құрылтайшылық құжаттарға сәйкес акционерлік қоғамды өз қалауынша құрады. Оны басқа ұйымдар да құруы мүмкін. Акционерлік қоғамдағы резервтік капитал залалдарды жабуға, сондай-ақ қоғамның облигацияларын жабуға және басқа қаражат болмаған жағдайда акцияны сатып алуға арналған. Серіктестікте резервтік капиталды пайдалану бағыттары жарғы бойынша анықталады.

Содержание

КІРІСПЕ
1 ЖАРҒЫЛЫҚ ҚОР: ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨЗГЕРУ ТӘРТІБІ
2 ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛ МӨЛШЕРІНІҢ ӨЗГЕРУІ
3 РЕЗЕРВТІК КАПИТАЛ: ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ ЖӘНЕ ТӘРТІБІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

каржы.doc

— 114.50 Кб (Скачать)

Резервтік капиталды өзгерту құрылтай құжаттарының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Резервтік капитал меншік акцияларды сатып алу үшін пайдаланылуы мүмкін. Компаниялардың акцияларды сатып алуы қоғамның қаржылық қызметінде қолайсыз жағдайлар болған кезде ақшаның едәуір әкетілуіне жол бермеу мақсатында акциялар санын және олардың бағамдық бағаларын жасанды түрде реттеу үшін қолданылуы мүмкін.

Акциялар осы мақсатқа арналып құрылған резервтер не бөлінбеген кіріс есебінен сатып алынады.

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері, сол ұйымның шығарған акцияларының түрлері, акциялардың сандары, сондай-ақ бір акцияның атаулы құнына сәйкес акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің, өндірістік кооперативтердің жалпы жиналысында бекітіледі. Жалпы кез келген ұйымның жарғысы тиісті мемлекеттік органдарда тіркеуден өткізілуі тиіс. Қандай да болмасын қоғамның акциясын сатып алатын мүшесі ол акцияларды қоғамға немесе үшінші тұлғаға сатуға ұсыныс жасауына құқы бар.

Акционерлік қоғамдар мен басқа да ұйымдар өздерінің таза пайдасы есебінен жоғарыда айтылғандай резервтік капитал құрады. Бұл резервтік капиталдың мөлшері қоғамның жарғысында белгіленеді. Резервтік капиталдағы жинақталған сома алдын-ала болжанбаған, төтенше жағдайлардан болатын шығындарды жабу үшін жұмсалады. Жалпы резервтік капиталдағы жинақталатын сомаларды жұмсау тәртібі акционерлік қоғамдардың жарғысында бекітіледі. Резервтік капиталдың жұмсалуына байланысты азаюы келесі есепті кезең ішінде қоғамның жарғысында көрсетілген мөлшерге тең етіп қайта қалыптастыруды қажет етеді.

Жалпы акционерлік қоғамның немесе қандайда бір кәсіпорынның құрылғанынан бастап жұмсалмаған (бөлінбеген) таза пайдасы оның капиталы болып саналады. Кез келген кәсіпорынның меншікті капиталының жалпы сомасы, яғни барлық активтерінің сомаларының қосындысынан міндеттемелері сомаларының қосындысын алып тастағандағы қалған сомасы кәсіпорынның немесе акционерлік қоғамның жарғысында көрсетіліп белгіленген жарғылық капиталының сомасынан кем болмауы тиіс. Егер баланс активінің нетто сомасы қоғамның жарғысында белгіленген жарғылық қордан кем болған жағдайда ұйымның қызметінің рентабельдігінің төмен екенін көрсетеді. Бұндай жағдайда кәсіпорынның жарғылық қорының мөлшері қайта қаралуға тиісті.

Есепті жылдың соңында барлық кәсіпорындардың бухгалтериясында жетінші «кірістер» және сегізінше «шығыстар» деп аталатын бөлім шоттары «жиынтық кіріс (зиян)» деп аталатын шотпен жабылуы тиіс, яғни бұл шоттарда қалдық қалмайды. Жоғарыда аталған жетінші бөлім шоттарын жабу барысында бухгалтерлік есепте жетінші «кірістер» деп аталатын бөлім шоттары дебиттелініп, «жиынтық кіріс (зиян)» деген шот кредиттелінеді.Ал сегізінші бөлім шоттарын жабу барысында бухгалтерлік есепте «жиынтық кіріс (зиян)» деп аталатын шот дебиттелініп, сегізінші «шығыстар» деп аталатын бөлім шоттары кредиттелінеді. Осы операциялардың қорытындысы бойынша «жиынтық кіріс (зиян)» деп аталатын шоттың дебиті мен кредитіндегі сомалар салыстырылып, егер дебитіндегі сома артық болған жағдайда кәсіпорынның ағымдағы жылы зиян шеккендегі, ал кредиттік сома артық болған жағдайда кәсіпорынның ағымдағы жылы өзінің істеген жұмысының қорытындысы бойынша пайда тапқандығы болып табылады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1.      С.Б.Баймұханова «Бухгалтерлік есеп» Оқулық – Алматы, «ИздатМаркет» 2005 ж.  

2.      В.Л.Назарова «Бухгалтерлік есеп» Алматы, «Экономика» 2005 ж.

3.      Қ.К.Кеулімжаева, З.Н.Әлібаева, Н.А.Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп принциптері» Алматы, «Экономик'с» 2003 ж.

4.      В.К.Радостовец, Т.Ғ.Ғабдуллин, В.В.Радостовец, О.И.Шмидт «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» Алматы 2002 ж.

5.      Б.Оразбекұлы «Бухгалтерлік есеп негіздері» Алматы 2001 ж.

6.      В.Л.Назарова, М.С.Жапбарханова, Д.А.Фурсов «Басқару есебі» Оқулық – Алматы, «Экономика» 2005 ж.

7.      Б.Оразбекұлы, Р.Мәукебаев «Бухгалтерлік есеп бас шоттарының корреспонденциясы» Алматы, «Агроуниверситет» 1998 ж.

8.      Бухгалтер бюллетені №4 (265) қаңтар 2003 ж.

9.      Бухгалтер бюллетені №11 (272) наурыз 2003 ж.

10. Бухгалтер бюллетені №21 (282) мамыр 2003 ж.

11. Бухгалтер бюллетені №25 (286) маусым 2003 ж.

12. Бухгалтер бюллетені №44 қараша 2004 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



Информация о работе Жарғылық капиталды қалыптастыру