Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2012 в 16:24, реферат
Резервтік капитал құрылтайшылық құжаттарға сәйкес акционерлік қоғамды өз қалауынша құрады. Оны басқа ұйымдар да құруы мүмкін. Акционерлік қоғамдағы резервтік капитал залалдарды жабуға, сондай-ақ қоғамның облигацияларын жабуға және басқа қаражат болмаған жағдайда акцияны сатып алуға арналған. Серіктестікте резервтік капиталды пайдалану бағыттары жарғы бойынша анықталады.
КІРІСПЕ
1 ЖАРҒЫЛЫҚ ҚОР: ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨЗГЕРУ ТӘРТІБІ
2 ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛ МӨЛШЕРІНІҢ ӨЗГЕРУІ
3 РЕЗЕРВТІК КАПИТАЛ: ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ ЖӘНЕ ТӘРТІБІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қостанай экономикалық колледжі 2012 жыл
Реферат
Тақырыбы: Жарғылық капиталды қалыптастыру
Пәні: Ұйым қаржысы
Пән мұғалімі: Алимова.А .Е
Орындаған : Тасболат .М.Ж
Қостанай экономикалық колледжі 2012 жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ЖАРҒЫЛЫҚ ҚОР: ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨЗГЕРУ ТӘРТІБІ
2 ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛ МӨЛШЕРІНІҢ ӨЗГЕРУІ
3 РЕЗЕРВТІК КАПИТАЛ: ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ ЖӘНЕ ТӘРТІБІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің құрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы ұйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да көздерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады. Жалпы кәсіпорынның есебін жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексте шаруашылық серіктестікті қалыптастыру, құқық және міндеттерінің тәртібі анықталған. Азаматтық кодекстің 58-бабында шаруашылық серіктестігі жарғылық капитал құрылтайшыларының үлесіне бөлінген коммерциялық ұйым ретінде сипатталады, ал өзінің қызмет процесінде жасаған, жинаған немесе құрған мүлік жеке меншігіне жатады. Шаруашылық серіктестіктің жарғылық капиталындағы салым ақшаға ақшалай қаражат, құнды қағаздар, заттар, мүліктік құқық, оның ішінде ақыл-ой меншігі және басқа нәрселер жатуы мүмкін.
Жарғылық капитал – «жарғы» деген сөзден алынған – ұғымды анықтайтын ережелердің жиынтығы, белгілі бір ұйымның атқаратын қызметінің тіртібі, немесе актив құндарының екінші жағынан көрінуі, яғни жарғылық қорға салынған активтердің жалған және номиналдық құны.
Әр бір шаруашылық жүргізуші субъектіні құру үшін құрылтайшылық құжаттары болуы керек, бұл құжаттың ең негізгісі Жарғы болып табылады. Құрылтайшылық құжаттар нотариалдық тұрғыда расталып, заң органдарында мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жарғыда субъект серіктестік құрылтайшыларының салым ақшаларынан тұратын жарғылық капиталды жариялайды. Салым ақшаны бағалау тараптардың келісімі бойынша жүргізіледі және тәуелсіз аудиторлық тексеруге жатады.
Резервтік капитал құрылтайшылық құжаттарға сәйкес акционерлік қоғамды өз қалауынша құрады. Оны басқа ұйымдар да құруы мүмкін. Акционерлік қоғамдағы резервтік капитал залалдарды жабуға, сондай-ақ қоғамның облигацияларын жабуға және басқа қаражат болмаған жағдайда акцияны сатып алуға арналған. Серіктестікте резервтік капиталды пайдалану бағыттары жарғы бойынша анықталады.
Резервтік капитал жыл сайынғы таза табыстан аудару жолымен құрылады. Жыл сайынғы аудару мөлшері акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді. Резервтік капиталды пайдалану жағдайында көрсетілген шамаға дейін оны толтыру үшін аударым жаңғыртылады.
Кәсіпорынның жарғылық капиталы қызметті бастауды қамтамасыз ету үшін жаңадан құрылған кәсіпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.
Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттің қаражаттарының, материалдық емес активтердің және басқа да мүліктердің немесе мүліктік құқықтарының есебінен құрылады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметін бастау үшін бастапқы материалдық базасы болып табылады, ол құрылтайшылардың, акционерлердің, қатысушылардың қатысу үлесін және кепілдік сипатын анықтайды.
Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да, бағалы қағаздар да, мүлік те, мүліктік құқық та және басқа да мүліктер болуы мүмкін.
Осындай бағалау кезеңінен бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылтайшылары өздері қосқан сомаларының шегінен артық бағаланған салымдарына субъекті кредиторларының алдында бірлесіп жауап береді.
Егер де салым ретінде субъектіге мүлікті пайдалану құқы берілсе, онда бұл салым үшін төленетін төлемнің мөлшері, құрылтайшылардың құжаттарында көрсетілген барлық мерзімі үшін есептелген сомадан анықталады.
Мүліктік құқы жоқ және басқа да материалдық емес игіліктерді жеке салым ретінде жасауға рұқсат етілмейді, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке бір-бірінің қарызын өзара есептесуге жатқызуына болмайды.
Қосымша және жауапкершілігі шектелген серіктестіктердің жарғылық капиталының бастапқы мөлшері құрылтайшылардың салым сомасына тең болады және құжаттарын мемлекеттік тіркеуден өту үшін берген күнінде, оның мөлшері жүз айлық есепті көрсеткіштен кем болмауы керек.
Аталған серіктестіктер тіркеуге дейін өздерінің жарғылық капиталының жалпы сомасының 25 пайыздай мөлшеріндесоманы төлеуге міндетті. Бірақ ол жарғылық капиталының минималды сомасынан кем болмауы керек. Жалпы жиналыстың шешімімен бекітілген мерзімде серіктестіктің барлық қатысушылары жарғылық капиталына берешегін толығымен өтеуі тиіс.
Ол мезгіл серіктестіктің тіркелген күнінен бастап саналады және ол бір жылдан аспауы керек. Егерде серіктестіктердің қатысушылары белгіленген мерзімде өз үлестері бойынша міндеттемесін орындамаса, онда қатысушылар өзінің есебінен бермеген үлесінің бір бөлігін қосуы керек, болмаса олардың жарғылық капиталы қосатын үлесіне дейін азайтылады.
Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының ең аз деңгейдегі көлемі – бір айлық есеп айырысу көрсеткішінің 50000 есе мөлшерін құрайды (13.05.03 ж. №415 «Акционерлік қоғамдар туралы» заңның 10-бабы) және мемлекеттік тіркеуден өткен күннен кейін 30күннің ішінде төленуі керек (11-бап, 2-тармақ).
Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшері бірыңғай валюта көрсетілген барлық шығарылған акцияның номиналды құнына тең болады. Қоғам өзінің шығады деп жариялап қойған акцияларының барлығын немесе тек бір бөлігін ғана шығаруы және орналастыруы мүмкін. Ол жағдайда жабық акционерлік қоғамы мемлекеттік тіркеуден өтпес бұрын жарияланған жарғылық капиталының толық төленуін қарастырады. Ашық акционерлік қоғамы өзінің жарияланған жарғылық капиталының кем дегенде 25 пайыз тіркеместен бұрын төлеу тиіс.
Жарияланған жарғылық капиталының минималды көлемі ашық акционерлік қоғам үшін – бес мың минималды есептік көрсеткішін, ал жабық қоғам үшін – жүз минималды есептік көрсеткішін құрайды.
Акционерлердің жалпы жиналысында анықталған әрі жарияланған санының шегінде акцияны шығарудың жағдайы, мерзімі, саны директорлар Кеңесінің шешімімен белгіленеді.
Қоғамның шығарылған жарғылық капиталының деңгейі шығарылатын акцияның номиналдық құнына тең болады. Шығарылған жарғылық капитал жаңадан шығарылған немесе сатып алынған және жойылған акцияларына сәйкес өзгеруі мүмкін. Бұл жерде шығарылған акцияның номиналды құнының жиынтық сомасы әрбір қоғам типіне белгіленген минималды деңгейден төмен болмауы керек.
Қоғамның жарияланған жарғылық капиталы түгелдей төленіп және орналастырылып біткен соң ғана, ұлғайтуға рұқсат беріледі; жарияланған капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.
Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірақ оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.
Барлық кредиторларға кем дегенде 30 күн бұрын хабарланған соң, жарияланған жарғылық капиталын азайтуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда кредиторлар өзінің алашағын толық деңгейде, әрі тез арада талап етуге құқылы.
Заңға сәйкес акциялар акционерлердің келесі құқтарын қанағаттандырады:
1 дивиденттер алуын;
2 қоғамдық басқаруына қатысуын;
3 қоғам жойылғаннан кейін одан қалған мүлікті бөлісуге қатыса алатындығын.
Қоғам тек иесі жазулы (атаулы) акцияны шығаруға құқы бар. Иесі жазулы (атаулы) акцияның қозғалысы, яғни акцияның өз ұстаушысын ауыстыру, қатаң тәртіпте арнайы құжатта – акционерлік қоғамның акционерлерінің тізімінде белгіленеді. Иесі жазулы (атаулы) акцияның құқығын, тек тізімге еңгендер ғана пайдалана алады.
Артықшылықты акцияны шығару барлық акциялардың жалпы санының 25 пайыздан көп болмауы керек (13-бап, 2-тармақ).
- Еншілес және тәуелді шаруашылық серіктестігі – жарғылық капитал акционерлік қоғамдардың бір-бірімен өзара қатысумен қалыптасады;
- өндіріс капитал – жарғылық капитал кооператив мүшелерінің пай салу есебінен қалыптасады (АК 97-бап);
- мемлекеттік кәсіпорын - шаруашылық меншік құқына немесе оперативтік басқаруға негізделеді (АК 102-бап);
- коммерциялық емес ұйымдар – басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы меншіктенушілермен құрылатын және қаржыландырылатын ұйым (АК 105-бап).
Шаруашылық жүргізуші субъекті жарғылық капиталға мүліктік және ақыл-ой қызметі түрінде қаржылық салымды жүзеге асырса, басқа субъектілер кәсіпкерлік табыс, капитал пайызы мен өсімін алу мақсатында акция пакетін алу жолымен бұл қызметке ықпал етіп, бақылау жүргізеді. Мұндай салуды инвестиция деп атайды. Бухгалтерлік есептің 13 «Шоғырландырылған қаржылық есеп берушілік және еншілес серіктестіктегі инвестиция есебі» стандартына және оның әдістемелік ұсынысына сәйкес - егер дауыс беру құқымен инвестрленген объектінің 50 пайыз акциясынан көбіне ие болса, онда бұл иелену бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.
Бақылауды қолына алған инвестор негізгі серіктестік деп танылады, ал инвестицияланатын объекті еншілес шаруашылық серіктестік болады.
Егер басқа заңды тұлға оның дауыс беру акциясының 20 пайыздан көбіне ие болса (АК 95-бап), онда акционерлік қоғам тәуелді шаруашылық серіктестігі деп танылады. Басқа субъектінің дауыс беру акциясының 20 пайыздан азына ие болуына сәйкес бақылау бірігіп жүргізіледі.
Салым ақшаға кез келген актив, яғни ақшалай қаражаттар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер, тауарлы-материалдық қорлар жатады.
Жарғылық капиталдың қолда бары және қозғалысы 501-ші «Жай акциялар», 502-ші «Айрықшалығы бар акциялар», 503-ші «Қосқан үлестер мен жарналар» шоттары енетін 50-ші «Жарғылық капитал» деген шоттар бөлімшесінде жүргізіледі.
50-ші «Жарғылық капитал» деген шоттары бойынша қалдығы, оның құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық капиталының мөлшеріне сәйкес келуі керек. 50-ші бөлімшенің шоттары бойынша жазу жарғылық капиталдың белгіленген тәртібі бойынша жүреді, олардың ұлғайған немесе азайған жағдайында құрылтай құжаттарында да тиісті өзгерістер еңгізіледі.
50-ші «Жарғылық капитал» бөлімшесінің шоттары бойынша операцияларын қарастырайық.
501-ші «Жай акциялар», 502-ші «Айрықшалығы бар акциялар» шоттарының кредиті бойынша акционерлік қоғамның жарғылық капиталына салынатын салымдары бойынша қатысушылардың қарыз сомасы көрініс табады, ал ол 511-ші «Төленбеген капитал» шотымен корреспонденцияланады.
Шығарылған акциялардың немесе жарналардың номиналдық құны төленсе, онда ол: 431, 432, 441, 451, 452 дебеті бойынша және 511 шоттың кредиті бойынша көрініс табады.
Егер де шығарылған акциялардың номиналдық құны негізгі құралдармен, материалдық-құндылықтармен және басқа да активтермен төленсе, онда мына шоттар дебеттелініп: 101-103, 106, 121-125, 201-206, 221-223 және 511 шоты кредиттелінеді.
Жоғарыда атап өткеніміздей, жауапкершілігі шектелген серіктестіктердің жарғылық капиталын қалыптастыру процесі бір жылдан аспауы керек, егер де бұл мерзім сақталмаса, онда ол бойынша есептелген пайыз сомасының бөлігі немесе оның бір бөлімі, яғни жарғылық капиталына жетіспей тұрған сомасы 332 «Есептелген пайыз» шотының дебеті бойынша және 724 «Акция бойынша дивиденттер мен пайыз түріндегі табыс» шотының кредиті бойынша көрсетіледі.
Егер де аталған жағдай орындалмаса, онда жарғылық капиталына жетіспей тұрған сомаға тиісті түзетулер жасалынады, ол кезде 511 шоты дебеттелген және 503 шоты кредиттелген – қызыл жазылады.
Серіктестіктердің қатысушысы мүшеліктен шығып кетсе, онда оның үлесін үшінші тұлға сатып алуы мүмкін, ол кезде жарғылық капиталдың сомасы өзгермейді, тек қатысушылардың құрамында ғана өзгерістер болады.