Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Мая 2012 в 16:24, реферат
Резервтік капитал құрылтайшылық құжаттарға сәйкес акционерлік қоғамды өз қалауынша құрады. Оны басқа ұйымдар да құруы мүмкін. Акционерлік қоғамдағы резервтік капитал залалдарды жабуға, сондай-ақ қоғамның облигацияларын жабуға және басқа қаражат болмаған жағдайда акцияны сатып алуға арналған. Серіктестікте резервтік капиталды пайдалану бағыттары жарғы бойынша анықталады.
КІРІСПЕ
1 ЖАРҒЫЛЫҚ ҚОР: ҚАЛЫПТАСТЫРЫЛУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӨЗГЕРУ ТӘРТІБІ
2 ЖАРҒЫЛЫҚ КАПИТАЛ МӨЛШЕРІНІҢ ӨЗГЕРУІ
3 РЕЗЕРВТІК КАПИТАЛ: ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІ ЖӘНЕ ТӘРТІБІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Егер де қатысушылар шығып кетсе, онда соған байланысты жарғылық капитал да азаяды, демек: 503 шот дебеттелінеді де, 441, 451, 101-103, 121-125, 201-206, 221, 22 шоттары кредиттелінеді.
Егер де акционерлік қоғамның мүшелері өз акцияларын қайтып алса, 501, 502 шоттары дебеттелінеді де, 521 – «Қайтып алынған капитал» шоты кредиттелінеді.
Капиталдың қозғалысы бойынша операциялардың дұрыс көрсетілуінің маңыздылығы әрбір кәсіпорын үшін зор болып саналады. Төменде капиталдың қозғалысы бойынша тиісті операциялар көрсетілген:
Төленбеген капиталдың есебін жүргізу үшін 511-ші «төленбеген капитал» шотын пайдаланады. Бұл шотта заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық серіктестіктің жарғылық қорына қосқан үлестері бойынша қарыздарының сомасы туралы ақпарат жинақталады.
511 «Төленбеген капитал» шоты шоттардың Бас жоспарында, «Меншік капиталы» ретінде саналса да, яғни баланстың пассивтік шоттарының қатарында болса да, ол өзінің табиғаты бойынша активтік шот болып табылады. Сондай-ақ 511 шоты тек қана жалған капиталды көрсетеді, яғни ол бар болғаны табыс табуға арналған жалған капиталдарды тіркейді, демек сол капиталдарға иелік құқығы бар екенін ғана білдіреді.
Жарияланған жарғылық қор сомасына 511-ші «Төленбеген капитал» шоты дебеттелінеді де, 50-ші «Жарғылық капитал» бөлімшесінің шоттары – 501-ші «Жай акциялар», 502-ші Артықшылықты акциялар» және 503-ші «Қосқан үлестер мен жарналар» шоттары кредиттелінеді.
Жарғылық қорға салымдардың салынуының жүзеге асырылуына қарай 511-ші «Төленбеген капитал» шоты кредиттелініп отырады, ал салым шоттары дебеттелінеді. Олар:
- материалдық емес активтерді жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде
101-104, 106 шоттары;
- жерді, негізгі құралды, малды, аяқталмаған құрылыс объектілерін жарғылық
қорға жарна ретінде төлеу кезінде – 121-125 шоттары;
- материалдар мен тауарларды жарғылық қорға жарна ретінде төлеу кезінде
201-206, 208, 221-223 шоттары;
- ақшалай қаражаттарды жарғылық қорға жарна ретінде аударған кезінде –
Егер де 511 шотының дебеттік қалдығы болмаса, онда кәсіпорын өзінің жарғылық қорын толығымен қалыптастырғанын білдіреді.
511-ші шоты бойынша аналитикалық есеп акционерлер бойынша жүргізіледі.
Жарғылық капиталды құқықтық реттеу оның функцияларына орай ерекше маңызы болады, олар негізгі үш санатқа бөлінеді. Біріншісі – жарғылық капиталдың жарналары кәсіпорынды ұйымдастырған кезде оның қызметін жүзеге асыру үшін материалдық база болуында. Жарғылық капиталдың екінші функциясының кепілдік сипаты болады. Жарғылық капиталдың үшінші функциясы әрбір акционердің немесе қатысушының кәсіпорындағы қатысу үлесін белгілейді. Серіктестікке қатысу кәсіпорынның таза табысының бір бөлігін алу құқығын береді.
Жарғылық капиталды қалыптастыру тәртібіне көңіл бөле отырып, жарғылық капиталға салым енгізу мерзімдерінің орындалмау салдарларын атап кеткен жөн. ҚР АК-не сәйкес салымдар енгізу тәртібі мен мерзімдері және жарғылық капиталды қалыптастыру жөніндегі міндеттемелерді орындамау жауапкершілігі заң актілерінде немесе құрылтай құжаттарында белгіленеді. «Серіктестіктер туралы ...» ҚР Заңында қатысушы жарғылық капиталды қалыптастыру шарттарын орындамағаны үшін ҚР АК-нің 353-бабына сәйкес шығындардың орнын толтыру көзделген. Көрсетілген бапта қатысушы жарғылық капиталға салым енгізу жөніндегі міндеттеменің бір бөлігін орындамаған жағдайда, қайта қаржыландырудың ресми ставкасын қолдану көзделген Сонымен, белгіленген мерзімде салым енгізу жөнінде өз міндеттемесін орындамаған құрылтайшыға салымның енгізілмеген бөлігіне пайыздар есептеу түрінде санкциялар қолданылады.
ЖШС 2000 жылы тіркелген. Жарғылық капиталы 5000000 теңге мөлшерінде жарияланған және мынадай жазбалар жасалған.
Д-т | К-т | Сомасы, теңге | |
511 | 503 | 1500000 | 1- құрылтайшы-резидент |
511 | 503 | 1500000 | 2- құрылтайшы-резидент |
511 | 503 | 1000000 | 3- құрылтайшы-резидент |
451 | 511 | 2000000 | Кассаға 1 және 2- құрылтайшылардан ақша салынған |
125 | 511 | 500000 | 2- құрылтайшыдан жабдықтар түскен |
2000 жылдың ішінде жарғылық капиталды қалыптастыру бойынша басқа операция жүргізілмеген.
2002 жылдың басында ЖШС өзінің атауын өзгертеді және жарғылық капиталды 82300 теңгеге дейін азайта отырып, әділет органдарында қайта тіркеуден өткен. Сонымен бірге, құрылтайшылар жиналысында 3-құрылтайшының өздерінің үлесін 1-құрылтайшыға беру жөнінде шешім шығарылады.
Қалыптасқан жағдайда мынадай сұрақтар туындайды:
1. Жыл ішінде ЖК толықтай қалыптасуы үшін бақылауды кімдер жүргізеді?
Бірнеше жыл бойы жарғылық капиталды толық қалыптастырмағаны үшін қандай санкция көзделген? Бұл санкцияларды қолдануға кімдер құқылы?
1. Егер жарғылық капиталды толық көлемінде қалыптастыру мүмкін болмаса, онда ЖК-ды қайта тіркеу мен қалыптастыру мөлшерлеріне дейін азайтудан басқа өзге іс-әрекеттер жасау мүмкін бола ма?
2. Егер ЖШС-тің капиталы азаятын болса, бухгалтерлік және салық есебінің Тәртібі қандай болады, оны бұдан кейін ұлғайту мүмкін бола ма?
Бірінші кезекте мынаны атап көрсетеміз: «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» ҚР Заңының 27-бабына сәйкес қатысушылар өз салымдарын құрылтай құжаттарында мәлімделген жарғылық капиталды азайту жүзеге асырылуы мүмкін, бұған осы Заңның 24-бабының 4-тармағының екінші бөлігінде көзделінген жағдай қосылмайды. Егер салымның енгізілмеген бөлігін сату мүмкін болмаса, онда жарғылық капитал осы сомаға азайтылады және соған сәйкес қатысушылардың жарғылық капиталдағы үлестері өзгертіледі. Егер осылар сақталмаса, қайта тіркелу заңсыз деп танылады. Заңның 68-бабына сәйкес серіктестікті құру кезінде жоюға болмайтынсипатта заң бұзушылыққа жол берілуіне байланысты оның тіркелуі жарамсыз деп танылған жағдайда серіктестік таратылуы мүмкін. Егер жарғылық капиталды азайту жөніндегі рәсім заңның талаптарына сәйкес келетін болса, онда жарғылық капиталдың енгізілмеген бөлігінде: Д-т 503 К-т 511 деген жазба жүргізу керек.
Резервтік капитал – акционерлік қоғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі қызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивидендтерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады.
Резервтік капиталдың есебі 55-ші «Резервтік капитал» бөлімшесінің мынадай пассивті шоттарында жүргізіледі: 551-ші «Заңдармен белгіленген резервтік капитал» және 552-ші «Басқа да резервтік капитал».
Заңдармен белгіленген резервтік капиталдың есебі шаруашылық жүргізуші серіктестіктің резервтік капиталы құрылтайшылардың құжаттарында, жарғысында, құрылтайшылардың шарттарында белгіленеді, сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жыл сайын түскен таза табыстан аударып отыру акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді. Оның мөлшері жарияланған жарлық капиталдың 15 пайызынан кем болмауы керек.
Резервтік капиталды қалыптастырған кезде 561 шоты дебеттелінеді де, 551 шот кредиттелінеді.
Резервтік капитал қаражаттарын пайдалану 551-ші шоттың дебетінен мына шоттардың кредитінде көрініс табады: 621, 622, 687 – артықшылығы бар акциялар бойынша төлем жасауға қажет қаржысы болмаған жағдайда серіктестіктердің резервтік капиталының ішіндегі дивиденттердің есебінен төлеген кезде; 561 шот «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)», 562 шот «Өткен жылдардың бөлінбеген табысы (жабылмаған зияны)» - зиян шеккен соманы резервтік капиталдың есебінен жапқан кезде.
Басқа да резервтік капитал есебі, 552-ші «Басқа да резервтік капитал» шотында жүргізіледі. Бұл шотта заң тәртібімен көзделген ең төменгі мөлшерден тыс жасалған резервтік капиталдар есептелінеді.
552 шоттың дебеті мен кредиті бойынша шоттар корреспонденциясы 551 шоттың корреспонденциясына ұқсас. Бұндай резервтер кәсіпорынның өз қалауы бойынша қалыптастырылады.
Резервтік капиталды ұйым болашақта қандай да бір негіздер бойынша ақша төлеу үшін қаражат жетіспеген жағдайда құрады. Ұйымның қызметі барысында құрылатын ықтимал шығыстардың орнын жабуға арналған резервтерді және, мысалы, оның қаражатын жарғылық капиталды ұлғайтуға жұмсау, таза кіріс қаражаты жетіспеген кезде бөлінетін кірістің бір бөлігін төлеу үшін құрылатын резервтік капиталдан айыра білген жөн. Резервтік капитал есептік кезең аяқталған соң ұйымның бөлінбеген кірісі есебінен құрылады. Мысалы, есептік жыл аяқталғаннан кейін, яғни салықтар төленгеннен кейін ұйымның (ЖШС) 1000,0 мың теңге сомасында кірісі бар, ол ЖШС-нің Жарғысына сәйкес қатысушылар арасында толық бөлінуі мүмкін. ЖШС қатысушыларының жиналысы 600,0 мың теңге сомасындағы таза кірісті бөлу керек, қалған 400,0 мың теңгені резервтік капиталға аудару керек деп шешті. Келесі есептік жылы ЖШС залал шекті және ЖШС қатысушыларының жиналысы 400,0 мың теңгені бөлу керек деп шешті.
Заңнамаға сәйкес резервтік капитал жарғылық капиталды ұлғайтуға жұмсалуы мүмкін. Мысалы, есептік жыл аяқталғаннан кейін ұйымның 1000,0 мың теңге сомасында бөлінбеген кірісі бар. Қатысушыларының жиналысы 600,0 мың теңгені қатысушылар арасында бөлу туралы, ал әр бір үлесті қатысушы үлесінің мөлшеріне сай етіп бөле отырып, 400,0 мың теңгені ұйымның жарғылық капиталын ұлғайту үшін жұмсауға шешім қабылдайды.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікте резервтік капитал құрылтайшы құжаттарында көзделген шарттармен құрылады. Егер резервтік капиталдың өзгеруі резервтік капиталдың бір бөлігі немесе барлығы жарғылық капиталды ұлғайтуға жұмсау есебінен болса («Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» ҚР Заңының 26-бабы), онда өзгерістер резервтік капиталдың көлемінде де, жарғылық капиталдың мөлшеріне де бірдей сомада қатысты болады. Резервтік капитал мөлшерінің азаюы дебеттік айналым ретінде, ал жарғылық капитал мөлшерінің ұлғаюы кредиттік айналым ретінде көрсетіледі. Заңнамаға сәйкес құрылатын резервтерді құру және пайдалану тәртібі көбірек пайдаланылады және белгілі. Бухгалтер үшін жарғылық және резервтік капиталдың шоттары бойынша бухгалтерлік есепте жазбалар жасау үшін негіздеме қатысушының немесе серіктестік қатысушыларының шешімі болатынын атап өтейік. Резервтік капиталдың қаражатын пайдалану, егер осы қаражатты жұмсау шарттары құрылтайшылармен келісілсе, ұйымның жарғысында, жиналыстың шешімінде және есеп саясатында көзделген тәртіппен және мөлшерде ғана жүзеге асырылады. Қатысушылардың бөлінбеген кірісті өздерінің арасында бөлуге құқы бар, резервтік капитал осы кірістің бір білігі болып табылады және сондай-ақ қатысушылардың шешімімен ғана қандай да бір мақсаттарға жұмсалуы мүмкін. Салық салу мақсатында резервтік капитал есепке алынбайды, өйткені ол салық салынған кірістің бір бөлігі болып табылады. Бұдан кейін оны қатысушылар арасында бөлген кезде ғана салық салынады. Салық заңнамасында бөлінетін кіріске «дивидендтер» ұғым беріледі, оларға осындай кіріс түрінің төлем көзінен 15 проценттік ставка бойынша салық салынады.
Акционерлік қоғамдар туралы жаңа Заңның қабылдануына байланысты, оның, мысалы, резервтік капиталды қалыптастыруға байланысты кейбір ерекшеліктерін ескерген жөн.
Резервтік капиталдың сомасы Шоттардың Үлгі жоспарындағы «Өз капиталы» деп аталатын 55-бөлімшесіндегі шоттарда есепке алынады.
АҚ-ның резервтік капиталын пайдалану тәртібі тек қана қоғамның директорлар кеңесінің құзіретіне жатады, бірақ оны құру тәртібі мен мөлшері заңда белгіленбеген.
Бұрын резервтік капиталды құру мен пайдалану заңнамамен реттеліп отыратын.
Резервтер құру және пайдалану тәртібі акционерлік қоғамның құрылтай құжаттарында және есеп саясатында көзделуге тиіс. Осы мақсаттар үшін Шоттардың Үлгі жоспарында 551-«Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капитал» және 552-«Басқа да резервтік капитал» деген шоттары бар 55-«Резервтік капитал» бөлімшесі көзделген. 55-бөлімшенің шоттары акционерлік қоғамның резервтік капиталының жай-күйі және қозғалысы туралы ақпаратты қорытындылауға арналған. К-т 551, 552 және Д-т 561 «Есепті жылдың бөлінбеген табысы (жабылмаған зиян)» бойынша резервтік капиталға аудару көрсетіледі. Д-т 551, 552 бойынша акционерлермен дивиденттер бойынша есеп айырысу бөлігіндегі 621, 622, 623-шоттары және 687-«Басқалар» шоты бойынша корреспонденциямен резервтік капитал қаражатын пайдалану көрсетіледі. Резервтік капитал есептік кезеңде көзделген мақсаттарға арналған кірістің болмауы немесе жеткілікті болмауы жағдайында пайдаланылады. Д-т 551, 552 және 52-«Бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян)» бөлімі шоттарының К-ті бойынша кәсіпорынның есептік кезеңдегі немесе өткен жылғы шығынының орнын жабуға жұмсалған сома көрсетіледі.