Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2011 в 17:40, реферат
Саяси биліктің түрлері. Қоғам өзінің саяси жүйесінде әлеуметтік міндеттерді билік арқылы, құқықтық заң-жобалар, нанымдар және басқа шартты қалыптасқан дәстүрлер арқылы жүргізіп отырады. Бұл ретте саяси жүйенің өз ішінде саяси рөлдердің өз бөлініп отырады.
1. Саяси биліктің түрлері
2. Саяси биліктің маңызды функциялары
3. Саяси биліктің партиялары
4. Мемлекеттің жүйелері
Саясаттанушы Д.Кейнстің идеясы бойынша нарықтық экономикадағы елдерде жұмыс қолы түгел қамтылуы керек, тұтынушылардың тұтыну қабілеті өндіріс құралдарын өндіруге сәйкес дамуы тиіс. Ол үшін мемлекет салық, бюджет, инвестициялық және несие саясатын қолдануы қажет. АҚШ сияқты елдерде экономиканы реттеу сауда, мемлекеттік кәсіпорындар, транспорт, ғылыми-техникалық жұмыстар арқылы жүргізіледі.
1) Байланыс және коммуникациялық функциялары.
2) Әлеуметтік функциялары.
3) Мәдени-тәрбиелік функциялары.
Мемлекеттік аппараттың әкімшілік функциялары:
1) Жағдайды, терең әлеуметтік құрылымдардың жағдайын талдау.
2) Бағдарламалық шешімдерді жасау.
3) Заңдық қызмет – бағдарламаларды заңдарға сәйкестендіру арқылы талдау.
4) Финанстық қызмет – жеке бағдарламалардың бюджетін анықтау, мемлекеттің бюджетін әкімшілік жағынан дайындау.
Жеделдік
(оперативтік) функцияларына:
1) Кадрлық қызмет.
2) Ұйымдастыру қызметі.
3) Ақпараттық-психологиялық жұмыс.
4) Бақылаушылық қызметі.
Ендігі бір маңызды мәселе мемлекеттік аппараттың жетекші партиямен байланысына қатысты. Бірпартиялық жүйеде ол белгілі. Ал көппартиялық жүйеде жетекші партия,
үкіметтік партия басшы рөл атқарады.
Жергілікті өзін-өзі басқару мәселесін түсінуде азаматтық қоғам мен жергілікті мемлекеттік биліктің қарым-қатынасын талдап білу керек. Қазіргі кезеңде кейбір саясаткерлер жергілікті өзін-өзі басқаруды ұлтаралық шиеленісті өршіту үшін пайдалануды көздеуде.
Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызметкерлердің мәртебесі туралы мәселе де маңызды орын алады.
Қанша мемлекеттік
қызметкерлер қажет? Парламентаризм және көппартиялық жағдайда билікке қабылеті жеткіліксіз адамдар келуі мүмкін. Сондықтан қазіргі жағдайда бұл барлық елдерді толғаныдырады. Оның өзі билік мәселесі бойынша технократиялық теорияларды туғызуда. Оның мәні: үкіметтің билігінде ғалымдар, мамандар отыруы қажет деген сөз. Басқаша айтқанда, техниктер, инженерлер және ғалымдар басқаруы қажет. Бұл технократ-мамандардың билігі деген сөз.
Қоғам дамуында әлеуметтік процестердің техникалық, экологиялық, экономикалық, саяси, құқықтық, рухани күрделене түсуіне байланысты аталмыш проблеманы мамандарды қатыстыру арқылы шешудің қажеттігі шығады. Кейбір нақты мемлекеттік басқару органдарына маманларды енгізу өзін-өзі ақтайтын практика: мәселен, консультанттар, кеңесшілер, сарапшылар, т.б. Практика көрсетіп отырғандай, маман мен саясаткерді үйлестіру мемлекеттік қызметке өте пайдалы адамды тартуға болатындығын дәлелдеп отыр. Батыс елдерінде мемлекеттік қызметкерлерді кеңінен дайындау және мамандандыру қолға алынған. Ол үшін социогуманитарлық университеттік білім үстем болуда. Сонымен қатар лауазым – шені, класность тобы, рейтингісі іскерлік қасиетіне берілген ұпайы ескеріледі.