Саяси билік

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2011 в 17:40, реферат

Описание работы

Саяси биліктің түрлері. Қоғам өзінің саяси жүйесінде әлеуметтік міндеттерді билік арқылы, құқықтық заң-жобалар, нанымдар және басқа шартты қалыптасқан дәстүрлер арқылы жүргізіп отырады. Бұл ретте саяси жүйенің өз ішінде саяси рөлдердің өз бөлініп отырады.

Содержание

1. Саяси биліктің түрлері

2. Саяси биліктің маңызды функциялары

3. Саяси биліктің партиялары

4. Мемлекеттің жүйелері

Работа содержит 1 файл

Жоспары.docx

— 33.41 Кб (Скачать)

                
 
 

                              Жоспары:

1. Саяси биліктің түрлері

2. Саяси биліктің маңызды функциялары 

3. Саяси биліктің партиялары

4. Мемлекеттің жүйелері 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

CАЯСИ БИЛІК САЯСАТТАНУДЫҢ НЕГІЗГІ ПРОБЛЕМАСЫ 

Саяси  биліктің  түрлері. Қоғам өзінің саяси жүйесінде  әлеуметтік міндеттерді билік арқылы,  құқықтық заң-жобалар, нанымдар және басқа шартты  қалыптасқан дәстүрлер арқылы жүргізіп отырадыБұл ретте  саяси  жүйенің  өз ішінде  саяси  рөлдердің  өз бөлініп  отырадыМемлекет саяси билікті жүргізудегі  ең негізгі буын болып табылады. Мемлекет  мынандай сипаттармен  айқындалады: 

1) Бұқаралық  билікті жүзеге асыратын  адамдардың ұйымыол үшін  нормалық-құқықтық және ақпараттық-идеологиялық жағдайларды   қалыптастырып  отырады. 

2) Елдің барлық территориясын қамтитын жағдайда салықтарды алып отыратын ұйым. Мемлекет саяси билікті  жүргізетін құрылым  екендігі белгілі. Әр түрлі қоғамда мемлекеттің билігі де өзгеріп отырады,  қызметінің  түрлері де  көбейіп отырады. Соңғы уақытта  мемлекет үстем таптардың мүддесіне орай езілуші таптардың  мүддесіне  орай езілуші таптардың қарсылығын басып отыратын  аппарат деп келедіБұл дұрыс таТек  бұл қырынан  келіп қарау  маркстік теорияны жете бағаламаумен бірдей. «Анти-Дюринг», «Л.Фейербах және неміс классикалық философиясының ақыры», «Семьяныңжекеменшіктің және мемлекеттің шығуы» деген еңбектерді талдай келіп, біз мынандай  қорытындыларға келеміз: 

1) Мемлекет адамзат қауымының немесе азаматтық қоғамның  дамуына  және еңбек бөлісіне қарай дамып жетілді. 

2)  Бұл процесс өз мүдделеріне  сәйкес жаңа әлеуметтік топтардың  шығуына әкелді. 

3)  Бұл бөлінудің өзі ортақ мүдделерді жүзеге асыру үшін қажетті  функцияларды талап  етеді. 

4)  Қарама-қайшы топтар арасындағы шиеленісті туғызып, олардың кейбіреуін басу қажеттігі туады. 

5)  Ортақ мүдделер мен функцияларды атқару қажеттігі шығады. 

Осы аталғандардан келіп  биліктің  төмендгідей  маңызды функциялары шығады: 

1) Мемлекеттің жалпыға бірдей мүддесін қорғау және  белгілі бір тәртіпті сақтап отыру. Бұл алдымен ортақ мүддеге қарсы немесе  экономикалық  үстем таптардың  мүддесіне қарсы шығушы жеке адамдар  мен жіктердің мүддесін басуға бағытталады, одан кейін  ел тұрғыныдарының  мүдделерін үйдестіру және келістіру, үшіншіденсыртқы шабуылдан  қорғау. 

2) Басқару арқылы  ортақ  мүддені қанағаттандыру бүкіл қоғамның міндеттерін  әкімшілік жолымен  орындау. 

Бірінші міндет  қоғамның  ыдырауына жол бермейтін  қажеттіліктен  туады. Бірақ кей жағдайда қарсыласушы топтардың  мүдделеріне тағы басқа топтардың  қосылуы мүмкін. Онда олардың  ортақ мүдделерін таба білу қажет. Мемлекеттегі таптар мен жіктердің ымыраға келу жағдайын қарастыру болып табылады.  

Мемлекеттің сыртқы дұшпандардан қорғалуындағы биліктің рөлі ерекше. 

Информация о работе Саяси билік