Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Сентября 2011 в 17:40, реферат
Саяси биліктің түрлері. Қоғам өзінің саяси жүйесінде әлеуметтік міндеттерді билік арқылы, құқықтық заң-жобалар, нанымдар және басқа шартты қалыптасқан дәстүрлер арқылы жүргізіп отырады. Бұл ретте саяси жүйенің өз ішінде саяси рөлдердің өз бөлініп отырады.
1. Саяси биліктің түрлері
2. Саяси биліктің маңызды функциялары
3. Саяси биліктің партиялары
4. Мемлекеттің жүйелері
Елдің халқын басқару саласында мәселе күрделі болып келеді. Бұл мәселеде әртүрлі бағыттар бар. Бірінші бағыт мемлекеттің барлық функциялары елдің
қоғамын тұтасымен басқару деп қарастырылады. Екінші бағыт атқарушы өкіметтің мемлекеттік басқару қызметі деп
қарастырылады, заң шығару мен соттық билікті ескермейді. Мұны «әкімшілік» деп атайды. АҚШ-та оны бұқаралық «әкімшілік» дейді.
Жалпы теория мен практикада биліктің функцияларын: заң шығарушы, соттық және атқарушы деп бөледі. Мемлекет басшысының функциясы тағы бар. Билікті жүзеге асыратын подфункциялар да бар. Америкалық саясаттанушы Л.Уайт мемлекеттік басқару органдарын
үш топқа бөледі:
1) штабтар - өзі орындай алатын шешімдерді қабылдайтындар;
2) жедел қызметтер – штабтардың шешімдерін жүзеге асырушылар;
3) көмекші қызметтер – штабтар мен жедел қызметтердің қажеттегідей жұмысына жағдай туғызатындарды атайды.
Барлық мемлекеттік ұйымдар екі түрге бөлінеді: үкіметтің мемлекеттік органдары – жалпы мемлекеттік шешімдер қабылдайды; мемлекеттік басқару органдарының аппараты, олар мемлекеттік
ұйымдар, мемлекеттік басқару, мемлекеттік аппарат деп аталады. Мемлекеттік
ұйымдардың барлығын орталық және жергілікті деп екіге бөледі.
Бір сөзбен айтқанда, басқарушы, егеменді мемлекеттік органдар
- саяси билік болып табылады. Ең бастысы
«билікті бөлу» болып табылады. Социалистік мемлекетте билікті бөлісу жоқ, тек әртүрлі компетенциясы бар деген ұғым қалыптасқан. Ал компетенцияның өзі билікті бөлісу емес пе, марксизм-ленинизм классиктерінің
өзі оны мойындайды.
Қазіргі билікті бөлу мәселесінде Монтескьенің идеясы жатыр: заң шығару, орындаушы, сот билігі, оларға қоса мемлекет басшысының билігі бар. Билікті бөлу тұрғысынан саяси биліктің жұмыс істеуі: аралас билікте, билікті бөлісуде, биліктердің ынтымақтасып жұмыс істеу жағдайларында мүмкін болады. Аралас билікте мемлекет басшысы заң шығару, орындау, сот биліктерін аралас жүргізе алады.
Саясат ғылымында атқарушы билікке ерекше мән бріледі. Әкімшілік қызметтің барысы тұтасымен алғанда елдің жағдайын тікелей байланысты. Мемлекеттік басқару қашан болмасын саяси басқару болып келеді. Атқарушы биліктің функциялары:
1) Егемендікті жүзеге асыру функциялары: а) мемлекеттің сыртқы жағдайдағы егемендігі мен тұтастығын қорғау; б) ішкі қарым-қатынасты сақтау, тәртіпті, ішкі тұтастықты сақтау; в) мемлекеттік –саяси жүйенің қызметін ұйымдастыру – сайлау науқаны, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар және басқалары.
2) Экономикалық функциялары. Қазіргі уақытта бір де бір мемлекет елдің экономикасын мемлекет тарапынан реттеуге қарсы емес. Мұнда туатын проблеманың ең бастысы саясаттың экономикаға ықпал ету шегі мен оның берер нәтижелері. Экономикалық заңдылықтарды ескермей кету қатері бар. Сондықтан мемлекеттік билік экономиканың дамуына өте тиімді ыпал жасауы қажет. Социалистік мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей саяси басшылық экономикалық басшылықты ауыстырмауы керек. Мемлекеттің функциясын бақылап отыру, дағдарысты жағдайларға жол бермеу. Экономикамен айналысқан мемлекеттік билік тұтыну, қажеттілік өндірісінің қуаты мен ақиқатты көлемін бақылап отыруы қажет.