Самрук Казына

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 19:39, курсовая работа

Описание работы

Дайындаған курстық жұмысым үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде - Коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындардың қаржысы туралы жазылған. Кәсіпорын мен ұйымдар қаржысын — белгілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланады. Екінші бөлімінде - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорын талдау және оның құрамындағы даму институттары қызметтерінің тиімділін арттыру туралы мағлұмат берілген. Ал, үшінші бөлімінде - «Самұрық-Қазына» мәселелерін шешу жолдары және индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру

Содержание

іріспе..........................................................................................................3
І Тарау. Коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындардың қаржысы
1.1 Коммерциялық кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың көздері…………………………………………………………………………...5
1.2 Кәсіпорындар ұйымдардың қаржы қорлары……………………….12
1.3 Өндірістік капиталдар және кәсіпорындардың қызметінің қаржы нәтижелері……………………………………………………………………..15
ІІ Тарау. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорын талдау.
2.1 «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының қызметін талдау………………………………………………………………………......22
2.2 «Самұрық-Қазына» Қоры 2010 жылдың қорытындысы…………..26
2.3 «Самұрық-Қазына» Қорының құрамындағы даму институттары қызметтерінің тиімділігі…………………………………………………..…31
ІІІ Тарау. «Самұрық-Қазына» Қорының маңызды мәселесін шешу жолдары мен стратегиялары.
3.1 «Самұрық-Қазына» мәселелерін шешу жолдары………………….33
3.2 Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру…....37
Қорытынды…………………………………………………………………..39
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................41

Работа содержит 1 файл

Самурык Казына Камшат.doc

— 440.50 Кб (Скачать)

    Коммсрциялық  кредит вексель жүзінде жасалады. Вексель — бұл айналым қаражаттарын толықтырудың нағыз көзі, анағұрлым арзан кредит.

    Негізгі өндірістік капиталдар мен материалдық емес активтердің ауыспалы айналымы мыналарды қамтиды:

  • негізгі капиталдар мен материалдық емес активтердің тозығы; амортизацияны есептеу;
  • толық қалпына келтірудің қаражаттарын қордалау; нақтылы (тура) инвестициялар мен материалдық емес активтерге жұмсалынатын инвестицияларды қаржыландыру жолымсн ауыстыру.

    Айналым қаражатгарына авансталған ақшалай шығындардың орнын толтыру (өтеу) өнімді, тауарларды және қызметтерді өткізгеннен кейін және кәсіпорынның шотына түсім-ақша түскеннен кейін жүзеге асырылады, бұл келесі ауыспалы айналым үшін еңбек заттарының кезекті тиісті мөлшерін сатып алуға мүмкіндік береді.

    Өндірістік капиталдардың ауыспалы айналымының жоғарыда баяндалған процестері жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға сипатты болып келеді.

    Негізгі капиталдар мен материалдық емес активтерді жәй және ұдайы жаңғыртылу процесі ұзақ мерзімді инвестициялардың көмегімен жүзеге асырылады. Сонымен бірге жәй ұдайы өндіріс құрылысты және негізі капиталдар мен материалдық емес активтерді қолданыстағы негізгі капиталдар мен материалдық емес актиктер бойынша тозуын есептелген сомасына сәйкес мөлшерде жасау мен сатып алуды білдіреді.

    Ұлғаймалы ұдайы өндіріс негізі капиталдар мен матсриалдық емес активтерді олардың тозығының ссептелген сомасынан асатын көлемде жаңартуды қажет етеді.

    Ұзақ  мерзімді инвестициялардың мүмкін болатын  көздеріне мыналарды жатқызуға болады:

  • шаруашылық жүргізуші субъектінің меншікті қаражаттары; республикалық жәнс жергілікті бюджеттердің қаражаттары;
  • шетелдік инвесторлардың қаражаттары; банктердің кредиттері.

    Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаттарына құрылтайшылардың алғашқы жарналары, амортазациялық аударымдар және таза пайда жатады.

    Мемлекеттік кәсіпорындарда өндіріске жұмсалған  инвестициялардың бастапқы көзі қызметін бюджет қаражаттары мсн орталықтандырылған бюджеттен тыс ресурстар, ал мемлскеттік емес кәсіпорындарда акционерлік капитал атқарады. Өндіріс базасын одан әрі дамыту кәсіпорындардың ішкі рссурстары мен тартылган қаражаттар ессбінсн жүзеге асырылады.

    Тартылган қаржылық қаражаттар ақшаларды орналастырудан, еңбек ұжымы мүшелерінің, заңды және жеке тұлғалардың жарналарынан алынған ақшаны камтиды.

    Қарыз қаражаттарын коммсрциялық банктсрдің ұзақ мерзімді несиелерді, негізгі капиталдарды қаржы лизингі негізіндс сатып алу жәнс инвестициялық салық кредиті жатады.

    Сөйтіп, өндірістік капиталдарды жасау мен  оның өсімін қаржыландырудың көздерін меншікті, тартылған жәнс қарыз қаражаттарына топтастыруға болады. Айналым каражаттарынын аса маңызды құрамды бөлігі меншікті айналым қаражаттары больш табылады, өйткені олардың болуы, сақталымдылығы, басқа каражаттармен арасалмағы рыноктегі кәсіпорынның каржылық орнықтығынын дәрежесін анықтайды,

    Түсім-акшаның  ауқымы кәсіпорынның (ұйымның), фирманың өнім өндіру мен оны өткізуге жұмсаған шығындарының (ақшалай жұсалымдарының) көлеміне байланысты болады. Бұл шығындар экономикалық мазмұны мен мақсатты арналымына қарай мынадай топтарға бөлінеді:

  • Кәсіпорынның негізгі капиталын қалыптастыруға, кеңеюуге және қалпына келтіруге байланысты күрделі сипаттағы шығындар;
  • айналым капиталның айналымында қатысатын тауар-материалдық құндылықтарын сатьш алуға және пайдалануға байланысты шығындар;
  • кәсіпорынның ішкі жәнс сыртқы берешектсрін төлеугс байланысты шығындары;
  • күрделі жәнс күрделі смес сипаттағы бір жолғы шығындар; кәсіпорынның бос ақшасын инвестациялауға байланысты шығындар;

    Өнім  өткізуден алынған түсім-ақша (қосылған құнға салынатын салық пен акциздерсіз) мен оны өндіруге және өткізуге жұмсалынған шығындардың арасындагы айырма өнім (жұмыс, қызмет) өткізуден алынған пайда болып табылады. Оған кәсіпорынның негізгі қорлары мен басқа мүлігін өткізуден түскен пайда, сондай-ақ өткізу операцияларынан тыс алынған табыстар қосылады. Өнім өткізу кезінде түсім-ақша меи өзіндік құн арасындағы теріс нәтиже де — зиян да шегуі мүмкін. Сондай-ақ өткізу операцияларынан тыс зияндар да болуы мүмкін: алынған айыппүлдардан төленгендерінің асып түсуі, валюта ессп-қисаптары мен операциялары бойынша теріс бағам айырмасы, күші жойылған тапсырыстар бойынша зияндар, дүлей апаттардан, авариялардан, басқа апаттардан болған сақтық төлемдсрмен өтелмейтін ысыраптар және т.т.с. Жалпы аталған құрамды бөліктср кәсіпорынның баланстық пайдасын немесе зиянын құрады.

    Өнім  өткізуден алынған табыс пен  оның өзіндік құны арасындагы айырьм жалпы табысты құрайды. Алайда бұл бойынша өзіндік құн бүкіл шығыстарды қамтып көрсетпейді — олардың бір бөлігі кезең шығыстарын құрайды, соның ішінде:

  • жалпы және әкімшілік шығындары (жалпышаруашылық және әкімшілік арнальшы шығыстарынын сомасы);
  • өткізуге (тауар-материалдык босалқы қорларды сатуға) байлаиысты шығыстар;
  • пайыздар (алынған кредиттер, мүлікті жалдау үшін жопе пайыздар бойынша басқа шығыстар) бойынша шығыстар.

    Жалпы табыс пен кезең шығыстары арасындағы айырым негізгі қызмет бойынша сальдоланылған қаржылық нәтижені қамтып көрсетеді және "негізгі қызметтен алынған табыс (немесе шян) " деп аталады.

    Негізгі емес қызметтен алынған табыс (немесе зиян)активтерді пайдалануға табыстаудан, бағалы қағаздарды қайта бағалаудан т.с.с. алынған қаржылық нәтиже.

    Сметалық  қаржыландыру бюджеттің қаражаттарын пайдалануды қатаң қадағалайды, тек баптардың белгілі бір шеңбері тұршсында ғана оларды кайта бөлуге шамалы мүмкіндіктер береді. Бюджет қаражаттарын жұмсауға мекемелерді қаржыландыруды жүзеге асыратын қаржы органдары тарапынан бағалау қойылған.

    Бюджеттік қаржыландырудың мынандай нысандары  қолданылуы мүмкін: жәрдем қаржы (дотация), субвенциялар, субсидиялар.

    Жәрдем  қаржы (дотация) кезінде бюджеттен ақшалай қайтарусыз тәртіппен кәсіпорындар мен ұйымдардың зияндарын жабуға, сондай-ақ төменгі бюджеттерді теңдестіруге бөлінеді. Нарық жағдайында жәрдем каржыны қолдану күрт төмендеуде.

    Субвенциялар — халықты әлеуметгік қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалар мен шараларға жене басқа мақсаттарға берілетін мақсатгы мемлекеттің қаржылык көмегінің нысаны.

    Субсидиялар — белгілі бір шараларды үлестік негізде қайтарусыз қаржыландыруға бюджет және арнаулы мақсатты қорлардың қаражаттары есебінен ақша немесе натуралдық нысанда берілетін жәрдем ақы.

    Жоғарыда  аталған нысандар (оларды қалыпты  жүзеге асырған жағдайда) трансферттік қаржыландырудың түрін қабылдайды. Трансферттер кең мағынада — белгілі бір қажеттіліктерді қаржыландыру үшін бюджеттен қаражаттарды оларды қайта бөлгенде тегін және қайтарусыз беру. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    ІІ  Тарау. «Самұрық-Қазына»  Ұлттық әл-ауқат қорын  талдау.

    2.1 «Самұрық-Қазына»  Ұлттық әл-ауқат қорының қызметін талдау.

    Әлемдiк  қаржылық дағдарыстың алғашқы кезеңiнде  қазақ Үкiметi ел экономикасын дамыту әрi жақсарту және маңызы жоғары мемлекеттiк  активтердi бiр жерге шоғырландыру мақсатында, 2008 жылдың 13-қазаны күнi елiмiздегi екi iрi холдинг – «Самұрық» пен «Қазына» қорын бiрiктiрiп, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын құрды.

    Билiктiң  дағдарысқа қарсы түзген бағдарламасын  жүзеге асыру барысында материалдық  әрi стратегиялық тұрғыда кәдiмгiдей  сеп болған бұл Қордың жарғылық капиталы 2008 жылдың қорытындысы бойынша 3 триллион 458 миллиард 923 миллион 9 мың теңге (23 млрд. АҚШ доллары) болған. Күнi бүгiнге дейiн отандық экономиканы тұрақтандыруға жұмсалған қаржы – 791,2 млрд. теңге, яғни, қаражаттың 72,7 пайыздан астамы. Оның iшiнде, 476,2 млрд. теңге – қаржы саласын тұрақтандыруға, 48 млрд. теңгесi – үлескерлiк құрылысындағы қордаланып қалған қиындықтарды шешуге, 120 млрд. теңгесi – шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдауға, 27 млрд. теңгесi – индустриялық және инфрақұрылымдық жобаларды iске асыруға бағытталған(1 сурет).

    1 сурет. Отандық экономиканы тұрақтандыруға жұмсалған қаржы – 791,2 млрд. теңге

    

    2009 жылдың күзiне дейiн инвестиция салуға өте тартымды болған жылжымайтын мүлiк нарығы қатты жапа шеккенi белгiлi. Осы себептi, Үкiмет «Самұрық-Қазына» қоры арқылы 455 миллиард шеңберiнде қаржы бөлiп, оның 95 млрд. теңгесi 2009 жылы қазақстандық жеке меншiк банктер арқылы жұмысы тоқтап қалған құрылыс нысандарын қаржыландыруға; 240 млрд. теңге жылжымайтын мүлiк қоры арқылы тұрғын үй құрылысын аяқтауға; 120 млрд. теңге ипотекалық несиелердi қайта қаржыландыруға бағытталды.

  1. сурет.  2009 Үкiмет «Самұрық-Қазына» қоры арқылы 455 миллиард шеңберiнде қаржы бөлді.

    млрд  теңге

    

      Осының нәтижесiнде, Алматы мен Астана қалаларындағы 4538 пәтерлi 21 үй пайдалануға берiлiп, үйсiз қала жаздаған 3831 үлескер баспаналы болды. Ипотекалық несиелердi қайта қаржыландыру мақсатында бөлiнген 120 млрд. теңге 31 мыңға жуық қарыз алушы азаматтың ай сайын төлейтiн қаражатын 30 пайызға дейiн азайтуға мүмкiндiк бердi.

    Бүгiнде  Экономиканы жаңғырту жөнiндегi мемлекеттiк  комиссияның шешiмiне сәйкес, 35 мың  пәтерлi 21,6 мың үлескерi бар 128 құрылыс  нысаны Қор арқылы қаржыландырылуда. Тағы бiр маңызды мәселелердiң  бiрi, елiмiздегi ұлттық компаниялардың депозиттерi (1 трлн. теңгеден астам қаражат) отандық екiншi деңгейлi ең iрi банктерге салынды.

      Әлемдiк экономикалық дағдарыстың  кесiрiнен Жер шары қаржы тапшылығына  ұрынғаны белгiлi. Бүгiнде сырттан  қарыз алу кез келген мемлекеттiң шамасы жете бермейтiн шаруа болды. Алайда, «Самұрық-Қазына» iрi инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды iске асыру үшiн Қытай мен Ресейден несие тартуға кiрiскен. Қазiргi кезде аспанасты елiнен тартылған несие көлемi 10 млрд. доллардан асып жығылады. Үстiмiздегi жылдың 31-шiлдесiнде Астанада Қазақстанның Даму банкi мен Қытай Импортты-Экспортты банкi арасында 15 жылдық мерзiмге 5 млрд. доллар қарыз алу туралы Бас несиелiк келiсiмге қол қойылды. Энергетикалық, көлiк және коммуникациялық инфрақұрылымды, метталургияны, химиялық, мұнай-химиялық өнеркәсiптi дамытуға бағытталатын бұл несие желiсi қазақстандық компаниялардың инвестициялық жобаларын iске асыруға күш салады. Бұл тiзiмге енуi тиiс жобаларды

    Экономиканы жаңғырту жөнiндегi мемлекеттiк комиссия түзбек. Ұлттық компаниялардың әлеуетi мен қажыр-қайратын бiр арнаға тоғыстыруды әп дегеннен-ақ мақсат еткен «Самұрық-Қазына» бiр жылдың iшiнде бiрқатар шаруаны тындырды. Мысалы, «ҚазМұнайГаз» кәсiпорны алғашқы жарты жылда-ақ 9 миллион тоннаға жуық мұнай мен газ конденсатын өндiрдi. «Қара алтын» қорын сыртқы нарыққа теңiз арқылы тасымалдауды жолға қойған кәсiпорын мұнай экспортын 3 есеге дейiн арттырды.

    Каспий  теңiзiнiң қазақ жерiне тиесiлi бөлiгiндегi кен орындарын игеру, көмiрсутегi шикiзатын өндiру, өңдеу мен тасымалдау iстерi жалғасын тапты. Дағдарыстың алғашқы кезеңiнде-ақ отандық қаржы саласын қысқа мерзiмде тұрақтандыру мәселесi күн тәртiбiне шықты. Осы себептi, «Самұрық-Қазына» елiмiздегi ең iрi екiншi деңгейлi банктердiң бiрi – БТА банкiнiң – 75,1%-ын, Қазкоммерцбанкiнiң – 21,2%-ын, Халық банкiнiң 20,9%-ын сатып алды(1 сурет).  

    (3 сурет) «Самұрық-Қазына» еліміздің ірі екінші деңгейдегі банктердің акцияларын уақытша сатып алды.

    

    Үстiмiздегi жылдың соңына дейiн Альянс банкiне тиесiлi капиталды мемлекеттiк меншiкке өткiзу жоспарлануда. Әрине, мемлекеттiң жекеменшiк қаржылық құрылымдар iсiне араласуы, яғни, олардың акцияларын уақытша сатып алу сарапшылар тарапынан әртүрлi пiкiрге ие болды. Дегенмен, осыдан екi жыл бұрын салымшылар сенiмiне сызат түсiрiп алған банктердiң iсi алға баспай, керiсiнше, керi кете бастағанда, мемлекеттiң қаржы жүйесiн тұрақтандыру мақсатында жасаған қадамдары халықтың банктерге деген сенiмiн нығайтуға сеп болғаны анық. Оның үстiне, сырттан тартылатын арзан қаражаттан қағылған банктер несие беруде бiраз уақыт бәсең тартқаны белгiлi.

Информация о работе Самрук Казына