Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 19:39, курсовая работа
Дайындаған курстық жұмысым үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде - Коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындардың қаржысы туралы жазылған. Кәсіпорын мен ұйымдар қаржысын — белгілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланады. Екінші бөлімінде - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорын талдау және оның құрамындағы даму институттары қызметтерінің тиімділін арттыру туралы мағлұмат берілген. Ал, үшінші бөлімінде - «Самұрық-Қазына» мәселелерін шешу жолдары және индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру
іріспе..........................................................................................................3
І Тарау. Коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындардың қаржысы
1.1 Коммерциялық кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың көздері…………………………………………………………………………...5
1.2 Кәсіпорындар ұйымдардың қаржы қорлары……………………….12
1.3 Өндірістік капиталдар және кәсіпорындардың қызметінің қаржы нәтижелері……………………………………………………………………..15
ІІ Тарау. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорын талдау.
2.1 «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының қызметін талдау………………………………………………………………………......22
2.2 «Самұрық-Қазына» Қоры 2010 жылдың қорытындысы…………..26
2.3 «Самұрық-Қазына» Қорының құрамындағы даму институттары қызметтерінің тиімділігі…………………………………………………..…31
ІІІ Тарау. «Самұрық-Қазына» Қорының маңызды мәселесін шешу жолдары мен стратегиялары.
3.1 «Самұрық-Қазына» мәселелерін шешу жолдары………………….33
3.2 Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру…....37
Қорытынды…………………………………………………………………..39
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................41
Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру жүйесімен жәнс кәсіпорындардың қаржы ресурстарында сақтық компаниялардан түсетін сақтық төлемдердің рөлінің артуымен күшейіп келеді.
Нарықтык экономика және меншіктің әр түрлі түрлеріне негізделген сан алуан ұйымдық-құқықтық нысандар кәсіпорындардың қалыптасуын және дамуын, жаңа меншік иесінің. жеке азаматтардың, сондай-ақ кәсіпорындар еңбек ұжымдарының пайда болуын қажет етеді. Бұл — маңызды алғышарт жәнс қаржы шаруашылық қызметінің нәтижелеріне мүдделіктің себебі. Бұл қағидатты іс жүзінде жүзеге асыру кәсіпорындарға берілген жәнс мемлекеттің қолдауынсыз өзінің шығындарын қаржыландыру қажеттігіне ғана байланысты емес, сонымен қатар салықтарды төлегеннен кейін кәсіпорын, ұйым, фирма қарамағында қалатын пайданың (табыстың) үлесіне де байланысты.
Шаруашылық қызметінің нәтижелігіне мүдделік бірдей дәрежеде кәсіпорындар мен ұйымдардын, ұжымдарына, жеке қызметкерлерге және жалпы мемлекетке тән нәрсе. Бұл қағидатты іске асыру лайықты еңбек акы төлеумен, мемлекеттің оңтайлы салык, саясатымен, таза табысты (пайданы) тұтыну мен қорланымға бөлуде экономикалық жағынан нсгізделген үйлесімдерді сақтаумен қамтамасыз етілуі мүмкін; кәсіпорындардың ұжымдарын қаржылық ынталандырудың қуатты тұтқасы олардың өздері тапқан қаражаттары есебінен әлеуметтік-мөдени мақсатгарға жүмсалатын шығындар болып табылады.
Қаржылық жауапкершілікк пен мүдделік — бір процестің — шаруашылық жүргізудің тиімділігін арттырудың ынталандырмаларын жасау мен іске асыру процесінің екі жағы.
Сөйтіп, екі экономикалық категорияның — экономиканың негізгі буыны — кәсіпорын, ұйым, басқа шаруашылық субъекті сферасындағы қаржы мен коммердиялық есептің өзара байланысы көрінеді. 2. Жоспарлылық қағидаты кәсіпорынның қаржылық қызметі өндірістің мақсаттарына, міндеттеріне, оларга жетудің белгіленген әдістеріне, жетудің дәйектілігі мен мезгіліне қарай оның параметрлерін есептеу арқылы алдын ала қарастырылатылын біддіреді. Есеп-қисаптар негізінде және белгіленген қаржы нормативтерін пайдалану арқылы арнаулы құжатта — қаржы жоспарына (болжамында) қамтылып көрсетілетін қаржы көрсеткіштері анықталады. Кәсіпорынның болжалды кызметі факторларының тұрлаусыздығы жағдайында қаржы көрсеткіштерін егжей-тегжейлі пысықтаудың — жоспарлаудың орнына болжау колданылады, яғни қолда бар мәліметтерді зерделеудің, өзгермелі факторларды ғылыми өңдеудің (үлгілеудің, эксраполяциялаудың) және қорытындылаудың негізінде кәсіпорынның қаржылық дамуының болжамы жасалады. Болжам кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нұсқалары бойынша бағалау және кейінгі шешімдерді қабылдау үшін қызмет етеді.
Кәсіпорын ірірек шаруашылық құрылымға — бірлестік, ассоциация, концерн және т.с.с. кіргенде кәсіпорындардың қаржы жоспарларының көрсеткіштері бұл ұйымдардың жиынтық қаржы жоспарларына біріктіріледі.
Нарықтық
экономика жағдайында кәсіпорындардың
қаржысын ұйымдастыруда елеулі өзгерістер
болуда. Әріптес-кәсіпорындардың арасында
деңгейлес байланыстар күшейіп келеді,
олардың банк жүйесімен өзара іс-қимылы
нығайып келеді. Бұл процестер салалық
құрылымдардан бас тартып, жаңа үлгідегі
құрылымдарды — экономикалық мүдделермен,
бірыңғай акциялармен және мемлекеттің
мүліктегі үлесімен байланысты ұқсастық
негіздегі және көпсалалық құрылымдарды
жасауда көрінеді, бұл құрылымдар рынок
жағдайында анағүрлым өміршең болып келеді.
Шаруашылық-қаржы қызметі процесінде кәсіпорын мен ұйымдар қаржы қорларын — белгілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланады. Қорлардаға акша қаражаттары үнемі козғалыста болады: түседі, қордаланады, жұмсалады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы тәжірибесінде кәсіпорындардың, жеке саланың немесе бүкіл ұлттық шаруашылықтың өндірістік, шаруашылық және әлеуметтік қызметіндегі мақсат-міндеттеріне қарай әр түрлі қорлар пайдаланылды. Өздерінің кызметтерінің орындалуына немесе экономикалық жағдайдың өзгеруіне қарай кейбір қорлар жойылса, кейбірі өзгертіліп, қайсы біреулері жеке бөлініп шықты. Ұзақ жылдар бойы кәсіпорындар мен ұйымдарда экономикалық ынталандыру қорлары — материалдық көтермелеу қоры, өндірісті дамыту қоры, әлеуметтік даму қоры, көпшілік қолды тауарлар қоры (халық тұтынатын тауарларды шығаруды және өндіріс қалдықтарынан жасалынған басқа бұйымдарды ынталандыру үшін) жүмыс істеді. 2009 жылға дейін ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржыландыру және негізгі қорларды жаңарту үшін амортизациялық қор құрылғанды. Министрліктер мен ведомстволарда жалпы салалық сипаттағы шығындарды қаржыландыру, ведомствоға қарасты кәсіпорындар мен ұйымдарға қаржы көмегін көрсету үшін орталықтандырылған қорлар құрылды: ғылым мен техниканы дамытудың бірыңғай қоры, экономикалық ынталаңдыру қорлары бойынша орталықтандырылған қорлар мсн резервтер, бағаны реттеу қоры және басқалары.
Қаржы қорларында кәсіпорындар мен ұйымдар мүлкінің қозғалысы бұл ақпаратты өндіріс, шаруашылық-қаржы және әлеуметтік қызметті басқаруда пайдалану үшін толық немесе ішінара түрде бейнеленеді. Жекелеген қорлардың қозғалысы қаржының көлемін, нысанын, пайдалану мөлшерін неғүрлым анық көрсетсді. Сондықтан кейбір қорлар бір мезгілде орындалуға белгіленген (жоспарланған), сондай-ақ іс жүзінде қол жеткен кәсіпорын қызметінің қаржылық көрсеткіштсрі де болып табылады немесе есеп-қисап үшін бастапқы мәліметтер ретінде қызмет етеді. Мысалы, белгілі бір кезеңде кәсіпорынның тұтыну қорын жұмсау ауқымы; кәсіпорынның бір қызметкеріне шаққаңдағы бұл мөлшер оның материалдық және әлеуметтік қажеттіліктерімен қанағаттандыру деңгейін көрсетеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмыс істеуі үшін неғүрлым маңыздылылары мына қорлар болып табылады: жарғылық, резервтік капиталдар, қорлану қоры, түтыну қоры, еңбекке ақы төлеу қоры, валюталық, жөндсу қорлары. Кәсіпорындардың дербестігі жағдайында басқа да мақсатты қаражат қорлары қүрылуы мүмкін, мысалы, медициналық сақтандыру қоры, жекешелендіру қоры, өндірістік және әлеуметтік инфрақурылымды дамытуга қатысудың үлестік қоры және басқалары.
Жарғылық капитал мемлекет, басқа меншік иесі немесе қүрылтайшы берген кәсіпорын (ұйым) мүлкінің (капиталының) мөлшерін сипаттап көрсетеді және алғашқыда, шаруашылық жүргізуші субъектілерді құрғанда өндірістік капитадды, материалдық емес активтерді, айналым құралдарын сатып алудың көзі болып табылады. Оның қаражаттары есебінен кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қажетті жағдайлар жасалады. Мемлскетгік кәсіпорындардағы жарғылық капитал өндірістік капиталдарды (айналым және негізгі капиталдарды) — өндіріс процесінің натуралдық-заттай элементтерін құруға арналған меншікті қаражаттардың негізгі көзі.
Кәсіпорындардың
қарамағында қалатын
Тұтыну қоры мыналарды қамтиды:
Жарғылық капиталдың мөлшері шаруашылық қызмет процесінде өзғеріп отырады: негізгі капиталға жұмсалатын инвестициялар (күрделі жұмсалым), таза табыс есебінен болатын айналым капиталының өсімі, тауар-материалдық құндылықтарды бағалауға дейінгі және капиталдың басқа толықтырылуы нәтижесінде көбейеді; негізгі құралдарды шығару немесе беру, оның тозығын есептеу, зияндарды шығару, тауар-материалдық игіліктердің бағасын түсіру есебінен кемиді.
Акционерлік
қоғамның жарғылық капиталы құрылтайшылардың
жарнасы (үлестік жарнасы) есебінен (жабық
үлестегі қоғамдар үшін) немесе жарналарды
құрылтайшылар мен шақырылғандардың акцияларына
айырбастау жолымен (ашық үлгідегі қоғам
үшін) құрылады.
Кәсіпорындарда өңдірістік кұрал-жабдықтар өндіріс процесінің материалдық-техникалық негізі болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында өндірістік құрал-жабдықтардың алғашқы қалыптасуы, олардың жұмыс істеуі мен ұлғаймалы ұдайы молайтылып отыруы қаржылардың тікелей қатысуымен жүзеге асырылады: олардың көмегімен еңбек кұралдарын сатып алу, пайдалану және қайта қалпына келтіруді жүзеге асыратын арнаулы мақсатты ақша қорлары күрылып пайдаланылады. Қаржының арқасында кәсіпорындардың өндірістік капиталдарының (негізгі айналым капиталдарының) ауыспалы айналымы болып отырады. Бұған өндірістің натуралдық-заттық элементтерін — еңбск құралдары мен енбек заттарын сатып алу, көбейту немесе олардың орнын толтыру үшін қаржы ресурстарын авансылау жолымен жетеді. Еңбек қүралдары мен еңбек заттарынан тұратын, құн нысанында көрінетін өндіріс құрал-жабдықтары негізгі және айналым капиталдары болып табылады. Негізгі және айналым өндірістік капиталдарының толық айналымының сипаты ажыратылады.
Негізгі құрал-жабдықтар — қызмет көрсету мерзімі бір жылдан астам материалдық активтер. Коммерциялык ұйымдар мен кәсіпорындарға негізгі құрал-жабдықтардың түсуінің негізгі әдістері:
ұзақ мерзімді инвестициялар жолымен негізгі капиталдарды сатып алу;
жарғылық
(акционерлік) капиталға салым есебіне
акционерлік қоғамдардың
мемлекеттік органдардан, заңды және жеке тұлғалардан алынған негізгі құрал-жабдықтардың объектілерін қайтарусыз алу.
Қазіргі жағдайда ұзақ пайдалану айналымынан тыс активтсрдің жаңа түрлерінің бірі — материалдық смес активтср. Материалдық емес активтер — жылдық жиынтық табыс алу үшін ұзақ мерзімді (бір жылдан артық) кезең ішінде пайдаланылатын материалдық емсс объектілер.
Кәсіпкерлік қызметте ұзақ уакыт мерзім пайдаланылатын заңды тұлғалар (құрылтайшылар мен қатысушылардың шығындарын қоса) мен жеке тұлғалардың материалдық емес объектілеріне сатып алынған патенттер, лицензиялар, сауда маркалары мен тауар таңбалары, өндірістік ақпараттар, жерді және табиғат рссурстарын пайлану жөніндегі басқа құқықтар, "ноу-хау", "фирма бағасы" және т.б. жұмсалатын шығындар жатады. Негізгі кұрал-жабдықтармен, ұзақ мерзімді қаржы жұмсалымдарымсн және айналымнан тыс басқа активтермен қатар материалдық емес активтер баланс активінің I бөлімінде есепке алынады. Олардың кәсіпорын активтерінің құрамында пайда болуы нарықтық қатынастарға көшугс, шаруашылықты жүргізудің дүниежүзілік практикасына жақындастыру қажетгігіне байланысты болып отыр.
Кәсіпорынның меншікті және ұзақ мерзімді қарыз қаражаттары материалдық емес активтерді сатып алу және қайтарусыз алу оларды қаржыландырудың көздері болып табылады.
Кез келген шаруашылық жүргізуші субъектіге оның қалыпты жұмыс істеп өнім өндіру және оны өткізу үшін негізгі капиталдармен бірге өндірістік айналым капиталдары да (өндірістік босалқы кор, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім және сатуға арналған тауарлар) қажет. Өндіріс процесінде тұтынылған айналым капиталдары айналыс сферасына тауар нысанында (қоймадағы және жөнелтілген дайын өнім түрінде) енеді, одан кейін ол дайын өнімнің өткізілуіне қарай ақша нысанына (есеп-қисаптағы ақша қаражаттары, шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасындагы және банктегі оның шотындағы ақша қаражатгары) ауысады.
Айналым капиталдары түрлі сфераларға — өндіріс пен айналысқа қатыстылығымен (тиістілігімен) ерекшеленетін өндірістік айналым капиталдары мен айналыс капиталын қамтиды.
Өндірістік айналым капиталдары деп заттық мазмұны жағынан еңбек заттарын, соңдай-ақ құны аз және тез тозатын заттардың құрамында есепке алынатын еңбек құралын айтады. Өндірістік айналым капиталдары өндіріс сферасына қызмет етеді және өндірістік цикл процесінде бастапқы нысанын өзгерте отырып, өзінің құнын дайын өнімнің кұнына көшіреді.
Айналыс капиталдары өндіріс процесіне тікелсй катыспасада өндіріс пен айналыс процесінің бірлігін қамтамасыз ету үшін қажст. Олардың іс-әрекетінің сипаты мен сферасы оларды дербес "айналыс капиталдары" ұғымына бөліп көрсетуге алғышарттар жасайды.