Самрук Казына

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2011 в 19:39, курсовая работа

Описание работы

Дайындаған курстық жұмысым үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде - Коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындардың қаржысы туралы жазылған. Кәсіпорын мен ұйымдар қаржысын — белгілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланады. Екінші бөлімінде - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорын талдау және оның құрамындағы даму институттары қызметтерінің тиімділін арттыру туралы мағлұмат берілген. Ал, үшінші бөлімінде - «Самұрық-Қазына» мәселелерін шешу жолдары және индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру

Содержание

іріспе..........................................................................................................3
І Тарау. Коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындардың қаржысы
1.1 Коммерциялық кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың көздері…………………………………………………………………………...5
1.2 Кәсіпорындар ұйымдардың қаржы қорлары……………………….12
1.3 Өндірістік капиталдар және кәсіпорындардың қызметінің қаржы нәтижелері……………………………………………………………………..15
ІІ Тарау. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорын талдау.
2.1 «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының қызметін талдау………………………………………………………………………......22
2.2 «Самұрық-Қазына» Қоры 2010 жылдың қорытындысы…………..26
2.3 «Самұрық-Қазына» Қорының құрамындағы даму институттары қызметтерінің тиімділігі…………………………………………………..…31
ІІІ Тарау. «Самұрық-Қазына» Қорының маңызды мәселесін шешу жолдары мен стратегиялары.
3.1 «Самұрық-Қазына» мәселелерін шешу жолдары………………….33
3.2 Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру…....37
Қорытынды…………………………………………………………………..39
Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................41

Работа содержит 1 файл

Самурык Казына Камшат.doc

— 440.50 Кб (Скачать)

Мазмұны:

    Кіріспе..........................................................................................................3
    І Тарау. Коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындардың қаржысы
    1.1 Коммерциялық кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың көздері…………………………………………………………………………...5
    1.2 Кәсіпорындар ұйымдардың қаржы  қорлары……………………….12
    1.3 Өндірістік капиталдар және кәсіпорындардың  қызметінің қаржы нәтижелері……………………………………………………………………..15

    ІІ  Тарау. «Самұрық-Қазына»  Ұлттық әл-ауқат қорын  талдау.

    2.1 «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының қызметін талдау………………………………………………………………………......22

    2.2 «Самұрық-Қазына» Қоры 2010 жылдың қорытындысы…………..26

    2.3  «Самұрық-Қазына» Қорының құрамындағы  даму институттары қызметтерінің  тиімділігі…………………………………………………..…31

    ІІІ Тарау. «Самұрық-Қазына»  Қорының маңызды  мәселесін шешу жолдары мен стратегиялары.

    3.1 «Самұрық-Қазына» мәселелерін шешу  жолдары………………….33

    3.2 Индустриялық-инновациялық даму  стратегиясын іске асыру…....37

Қорытынды…………………………………………………………………..39

Қолданылған әдебиеттер тізімі................................................................41 
 
 
 
 
 
 
 
 

    Кіріспе

    Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің экономикалық қызмет сферасындағы өндірістік қатынастардың  айырықшалықты ерекшеліктері, таза қаржы қатынастарының басқа ақша қатынастармен өте тығыз байланысты, бірқатар ғалымдардың пікірі бойынша кәсіпорындар мен салалар қаржысы қаржы жүйесінің жалпымемлекеттік қаржылардан ортақ белгілерінен гөрі көбірек айырмашылығы бар буыны болып табылады дегенге жеткізеді. Олардың пікірінше, егер бұл буынға кәсіпорындардың ақша қатынастарының бүкіл жиынтығын қосса, онда дербес экономикалық категорияның – кәсіпорындар мен ұйымдардың ақша шаруашылығының бар екендігі жөніндегі мәселені қоюға болады.

    Коммерциялық  кәсіпорындар мен ұйымдардын, қаржысы қаржы жүйесінің маңызды сфераларының бірі ретінде құн түріндегі ЖІӨ жасау, болу және пайдалану процестерін қамтиды. Олар негізінен ЖІӨ мен ҰТ жасалатьш материалдық өндіріс сферасында іс-әрекет етеді. Сондықтан коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы материалдық өндіріс кәсіпорындары (ұйымдары) қаржысының мазмұнымен және оларды ұйымдастырудың қағидаттарымен бірдей болып келеді.

    Кәсіпорындар  мен ұйымдардың қаржы тәжірибесінде  кәсіпорындардың, жеке саланың немесе бүкіл ұлтгық шаруашылыктың өндірістік, шаруашылық және әлеуметтік қызметіндегі мақсат-міндеттеріне қарай әр түрлі қорлар пайдаланылды. Өздерінің кызметтерінің орындалуына немесе экономикалық жағдайдың өзгеруіне қарай кейбір қорлар жойылса, кейбірі өзгсртіліп, қайсы біреулері жеке бөлініп шықты

   Коммерциялық  қызметтің мақсаты табыс алу болып табылады. Коммерциялық негізде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жүмыс істейді.

     Өндірістік емес сфера мекемелерінің едәуір бөлігі: мемлекеттік басқару, қорғаныс, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру жәнс қамсыздандыру, құқық тәртібін қорғау, айналадағы ортаны қорғау, денсаулық сақтау мен білім берудің, мәдениеттің және шығармашылықтың үлкен тобы,

    Курстық жұмысымның мақсаты – Коммерциялық кәсіпорын қаржысының негізгі көзі ретінде пайда келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым) ұйым занды тұлға бола алады. «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл ауқат қоры дағдарысқа қарсы түзген бағдарламасын жүзеге асыру барысында материалдық әрi стратегиялық жоспарын талдауы қарастырылған.

    Коммерциялық  ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестігі, өндірістік кооператив нысандарында қүрылуы мүмкін.

    Менің курстық жұмысымның тақырыбымның аты  «Коммерциялық кәсіпорындардың  қаржысы» деп аталады. Курстық жұмысымда  негізге алған «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры туралы мәлімет берілген. Ол экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру және әлемдік нарықтағы өзгерістердің елдегі экономикалық өсуге ықтимал жайсыз әсер етуі факторларынан сақтандыру үшін құрылды.

    Дайындаған  курстық жұмысым үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде - Коммерциялық негізде жұмыс істейтін кәсіпорындардың қаржысы туралы жазылған. Кәсіпорын мен ұйымдар қаржысын — белгілі бір мақсаттарға арналған ақша қаражаттарын қалыптастырып, пайдаланады. Екінші бөлімінде - «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорын талдау және оның құрамындағы даму институттары қызметтерінің тиімділін арттыру туралы мағлұмат берілген. Ал, үшінші бөлімінде - «Самұрық-Қазына» мәселелерін шешу жолдары және индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру

    1  КОММЕРЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕ ЖҰМЫС  ІСТЕЙТІН КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ ҚАРЖЫСЫ

    1.1. Коммерциялық кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың көздері

    Коммерциялык  кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы  деп өндірістік капиталдарды қалыптастыру, өнім өндіріп, оны өткізу, меншікті қаржы ресурстарын жасау, каржыландырудың сыртқы кездерін тарту, оларды бөлу және пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айтады.

    Мұндай  экономикалық қатынастарды жиі ақша немесе қаржы қатынастары деп атайды, қаржы қатынастары ақша қатынастарының бір бөлігі болып саналғанымен, ол ақша қозғалысы кезінде ғана пайда болады және орталықтандырылған және орталыктандырылмаған ақша қорларын қалыптастырып, пайдаланумен қосарлана жүретіндігін біз жоғарыда атап көрсеткенбіз.

    Коммерциялық  кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастыру белгілі бір қағидаттарға негізделген, олардың қатарына мыналар жатады: коммерциялық-шаруашылық есеп (каржылық қызмет саласындағы дербестік, өзін-өзі өтеу, өзін-өзі қаржыландыру, қаржы шаруашылық қызмстінің қорытындысына ынталылық, оның нәтижелері үшін жауаптылық, кәсіпорынның қызметіне бақылау жасау);

    жоспарлылык,;

    меншіктің барлық нысандарының тендігі;

    қаржы резервтерінің болуы.

    1. Коммерциялық (шаруашылык) есеп —- кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылық-қаржы қызметін жүргізудің негізге алынатын қағидаты және басты әдісі. Коммерциялық есеп қағидаты кәсіпорынға оның қызметі үшін, оның жарғылық капиталын құрайтын қажетгі негізгі және айналым құралдары (капиталы) тұрақты пайдалануға бөліп берілетінін білдіреді. Шаруашылық жүргізудің әдісі ретіндегі коммерциялық есеп қағидаты шығыңдарын шаруашылық қызметінен алынған табыспен өлшеуді және табыс алуды талап етеді.

    Коммерциялық  есеп қағидаты кәсіпкерлік нысанында іске асырылады. Нарықтық қатынастардың дамуы меншіктің барлық нысандарының тендігі қағидатын, мүлікке иеліктің бостандығын жәнс қызмет сфераларын талдауды іске асырудың негізінде шаруашылық бастамаға және азаматтардың кәсіпкершілігіне жағдайлар жасайды.

    Коммерциялық  есептің айқындаушы қағидаттары  өзін-өзі өтеушілік пен өзін-өзі қаржыландыру болып табылады.

    Өзін-өзі  өтеушілік—- шаруашылық жүргізудің негіз қалаушы қағидаты, ол кәсіпорынның өз өнімін (орындалған жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді) өткізуден түсетін түсім-ақша есебінен оны өндіру және жеткізілім жөніндегі бүкіл шығындарды өтеуді білдіреді. Өзін-өзі өтеушіліктің төменгі шегі — залалсыздық, яғни кірістер мен шығыстардың сандық тендігі. Шығындарды өзін-өзі өтеушілікке жету — кәсіпорын өнім өндіруді игеру, шаруашылық процестерді күйіне келтіру, нарықтық ортаға бейімделу кезіндегі кәсіпорын қызметінің бастапқы кезеңінің мақсаты. Нарықтық қатынастар жағдайында жақсы даму перспективасы бар немесе қоғамдық басым маңызы бар шаруашылықтар сыртқы колдауды пайдалана алатындықтан кәсіпорын рентабелді жүмыс істеуі тиіс; бірінші жағдайда олардың кредит ресурстарын пайдалану, екіншісінде бюджеттік қаржыландыруды пайдалану мүмкіндігі бар. 
 
 
 
 
 
 
 

    1. кесте. Шаруашылық жүргізуші субъектілер сыныптамасы
Материалдық Материалдық емес

(өндірістік  емес)

Тауарлар, жұмыстар Қызметтер
Коммерциялық
Коммерциялық  емес
Мемлекеттік меншік
Жеке  меншік
Қоғамдық  ұйымдардың меншігі
Шетелдік  субъектілердің меншігі
Аралас
Шаруашылық  серіктестіктер Мемлекеттік Кооперативтік Қоғамдық  ұйымдар Өндірістік  емес сфераның ұйымдары мен мекемелері
Шаруашылық  жүргізу құқығындағы Жедел басқару құқығындағы
Толық серіктестік Жауапкершілігі  бар серіктестіктер Акционерлік қоғам Қосымша жауапкершілігі бар серіктестігі Сенім серіктестігі  
 
 

    Жеткізушілер, банктер, бюджет, әр түрлі несиегерлер  тарапынан кәсіпорынға қойылатын талантар мен міндеттемелерді кәсіпорьнның уақытында қанағаттандыруға төлсм қаражаттарының жетіспеуімен байланысты тұрақты қабілетсіздігі кезінде белгілі бір рәсімдерді: сауықтыруды, қайта ұйымдастыруды, тәуелсіз басқаруға беруді, сатуды немесс таратуды қолданумен кәсіпорын заңмен белгіленген тәртіппен банкрот деп жарияланады.

    Өзін-өзі  қаржыландыру нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің табысты болуының міндетті шарты. Бұл қағидат өнім өндіру мен кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасын ұлғайту жөніндегі шығындардың толық өтелуінс негізделеді, ол әрбір кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарыи меншікті көздері есебінен жауып отыратындығын білдіреді. Қаражаттардың уақытша жетіспеушілігі кезінде оған деген қажеттілік банктің қысқа мерзімді кредиттері мен коммерциялық несие есебіиен (ағымдағы шығындарға пайдаланылады) және үзақ мерзімді кредиттер есебінен (күрделі жұмсалымға пайдаланылады) қамтамасыз етілуі мүмкін, олар кәсіпорынның қарамағында қалатын пайданың есебінен өтелінеді.

    Нарықтық экономика мен жекешелендіру процестерінің дамуы жағдайыңда өзін-өзі қаржыландыру қағидатын қамтамасыз етуге акционерлік капиталды, бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен пайыздарды, қаржы операцияларынан алынған табысты (пайданы) пайдалану арқылы қол жетеді.

    Бюджеттік және салалық қаржы көздсрі өзінің маңызын жоғалтты жәнс олар негізінен экономиканың құрылымдық қайта құрылуын қаржыландыруга, конверсияға қолданылады.

    Өзін-өзі  қаржыландыру кәсіпорындардың толық  қаржы дербестыігімен және жауапкершілігімен тығыз байланысты. Оларға өздерінің меншікті ресурстарын өз бетінше ұйымдастырып басқаруға, тартылатын және қарыз қаражаттарын іздестіріп, айналымға салуға құқық берілген. Мемлекет кәсіпорындардың қаржы ресурстарын қайта бөле алмайды. Қаржы қатынастарын мемлекст тарапыпан реттеу бюджетке салық алудың, амортизацшшық қорды қалыптастырудьщ, валюталық түсім-ақшаны бөлудің, бағалы қағаздарды өткізудің, шығьндарды өзіндік қүнға жатқызудың және т.т.с. жүйесі мен тәртібін бслгілеу ақылы жүзегс асырылады.

    Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы бюджет, қорлар алдындағы міндетті орындамағаны үшін заңнамада белгіленген қаржы санкцияларының жүйесімсн анықталған. Бұдан басқа, кәсіпорындар өздерінің міндеттемелері бойынша меншікті мүлкімен жауапты болады

Информация о работе Самрук Казына