ҚР инфляция

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 22:59, курсовая работа

Описание работы

Инфляция проблемасы экономикалық ғылымда маңызды орын алады оның көрсеткіштері мен әлеуметтік-экономикалық салдарлары елдің және бүкіл әлемдік шаруашылықтың экономикалық қауіпсіздігін бағалауда күрделі рөл атқарады. Қазіргі замандағы жағдайларда осы мәселенің өзектілігі инфляцияның дамуының мәнін, тереңдетілген себептерін және оның ерекшеліктері мен антиинфляциялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау қажеттілігімен анықталады. Осы курстық жұмыстың тақырыбын таңдауыма инфляция проблемасын жеткіліксіз зерделеу аспектісі елеулі әсерін тигізді.

Содержание

Кіріспе 3
1 Инфляция ұғымы және мәні 5
1.1 Инфляция көпфакторлы құбылыс ретінде 5
1.2 Инфляция механизмі және инфляцияны өлшеу 6
1.3 Инфляцияның әлеуметтік экономикалық салдарлары 8
1.4 Инфляция және қаржы 12
2 Шетелдегі инфляция ерекшеліктері 19
2.1 2009ж Ресейдегі инфляция қарқыны 19
2.2 Ресейдегі инфляциямен күресу жолдары 21
3 Инфляцияға қарсы саясатын жетілдіру жолдары және антиинфляциялық саясат
25
Қорытынды 33
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Инфляция.doc

— 331.00 Кб (Скачать)

     Инфляциялық таргеттеуге көшуге қажетті база жасау үшін Ұлттық Банктің алдында бірқатар мынадай ірі проблемаларды шешу міндеті түр:

  • ашық рынок операцияларын кең ауқымды көлемде жүргізуге көшу үшін жағдайлар жасау;
  • өзінің бағалы қағаздар портфелін ұлғайту;
  • бағалы қағаздардың қайталама рыногын ұлғайту;
  • трансмиссиялық тетіктің үлгісін, яғни репо мөлшерлемесі өзгерісінің инфляция деңгейіне ықпалын бағалауға мүмкіндік жасайтын үлгіні әзірлеу;
  • инфляциялық таргеттеуді пайдалана отырып,шешім қабылдау қағидаттарын іске асыру рәсімін әзірлеу және т.б.

     Жоғарыда  жазылған мәселелерді қортындылай  келе қазіргі таңда біздің экономикамызда жүргізіліп жатқан ақша-кредит саясатындағы ең тиімді жолы – инфляциялық таргеттеуді  қолдану. Әлемдік тәжірибе көрсеткедей  бұл ең дұрыс та, тиімді бағыт болып табылады.

     Антиинфляциялық саясаттың мақсаты инфляцияны басқарушылық етіп, ал оның деңгейін едәуір бірқалыпты етіп жасау. Ол үшін ақшалай-несиелік, бюджеттік, салықтық әдістері, кірістер саласындағы іс-шаралар, сондай-ақ тұрақтандырудың әртүрлі бағдарламалары қолданылады. Инфляциямен күресудің әдістері тура және жанама болуы мүмкін.

  1. Жанама әдістер:

     а) оларды орталық банктың басқаруы арқылы ақшаның жалпы салмағын реттеу;

     ә) оларды орталық банктердің басқаруы арқылы коммерциялық банктердің несиелік және есептілік пайыздарын реттеу;

     б) коммерциялық банктердің міндетті қорлары, орталық банктердің ашық базарда  құнды қағаздармен операциялары.

  1. Тура әдістер:

     а) мемлекеттің несиелерді және сонымен  бірге ақшалай салмақты тура және тікелей реттеуі;

     ә) бағаларды мемлекеттік реттеу;

     б) жалақыны мемлекеттік (кәсіподақтармен  келісу бойынша) реттеу;

     в) сыртқы сауданы, капиталды әкелу  мен әкету және валюта бағамын  мемлекеттік реттеу.

     Антиинфляциялық саясаттың бірнеше жіктеулері бар. Мысалы, ортодоксальды және гетеродоксольды.

  1. Ортодоксальды нұсқасы экономикаға мемлекет жағынан аз араласудың классикалық емес тұжырымдамасына негізделген. Бюджеттің теңгерілу және айналымда ақшалай салмақтың өсу темпін ұстап тұру проблемаларын шешуде оның қызмет саласын шектеуді ұсынады.
  2. Гетеродоксальды нұсқа экономикалық үрдістердің барысына аса белсенді мемлекеттік араласуды көздейді, соның ішінде: баға мен жалақының өсімін уақытша тоқтатып тастау; кәсіпкерлікті және халықтың жинақтарын ынталандыру жөніндегі шаралар, ең алдымен салықтық ауртпалықтарды төмендету арқылы; нарықтық инфрақұрылымды дамыту және өмірге маңызды салалар мен өндірістерді қолдау; сыртқы сауда мен валюталық операцияларды реттеу.

     Құнсызданудың (инфляцияның) жағымсыз әлеуметтік және экономикалық салдары көптеген елдер үкіметтерін белгілі экономикалық саясат жүргізуге мәжбүр етеді. Бұл жерде экономистер ең алдымен мына сұрақтың жауабын табуға ұмтылады: күрделі де тегеурінді іс-шаралар арқылы инфляцияны жою керек пе, әлде инфляция жағдайына икемделген дұрыс па?

     Бұл екі ұшты мәселе әртүрлі елдерде  ерекше жағдайларға байланысты шешіледі екен. Мысалы, АҚШ-та және Англияда инфляциямен күресу мәселесі мемлекет деңгейіне көтеріліп қойылады. Басқа бірталай елдерде инфляцияға икемделу іс-шаралары жүргізіліп, тіпті арнайы бағдарламалар да жасалады (табыстарды индексациялау және т.б.) .

     Инфляцияға  карсы саясатты сипаттағанда, екі  әдістемені бөліп айтуға болады. Бірінші  әдістеме шеңберінде (оны осы күнгі  Кейнс теориясының өкілдері зерттейді) белсенді бюджет саясаты жүргізіледісұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі. Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының нәтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі де қысқарады. Бұл экономикада дағдарыс жағдайын қалыптастырып, жұмыссыздықты арттырып жіберуі мүмкін. Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны болады. Құлдырау жағдайында бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге бағытталады. Егер сұраньм жеткіліксіз болса, онда мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске қосылады және шығындар артады, салықтар төмендетіледі. Ең алдымен табысы төмен нарық субъектілеріне салынатын салық қысқартылады. Бұл бірден нәтиже береді: сұраным тез өседі, ол өндіріске ықпал жасайды, жалпы экономикалық өсу басталады. Бірақ 60-70 жылдары дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, сұранымды бюджет арқылы ынталандыру инфляцияны күшейтуі мүмкін екен. Сонымен бірге бюджет шығындарының артуы бюджет тапшылығын қалыптастырады және салық пен шығын арқылы экономиканы реттеудің  мүмкіншілігі қысқарады.

     Екінші  әдістемені жана классикалық бағыттағы  экономистер ұсынады. Олар бірінші  орынға ақша-несие арқылы реттеу әдісін кояды. Бұл әдіс экономика жағдайына  жанама түрде икемді ықпал жасайды. Бұл саясатты үкіметке тікелей бағынбайтын Орталық банк жүргізеді. Орталық банк айналымдағы ақша  көлемін өзгертеді және қарыз пайызы (процент) кесімін реттейді, сонымен экономикаға ықпал жасайды.

     Басқаша айтқанда, мемлекет сұранымды шектеу мақсатында инфляцияға қарсы іс-шаралар жүргізуі қажет. Жаңа классикалық экономистердің айтуынша өндірістің өсуіп ынталандыру және жұмыссыздықты қысқарту саясаты инфляцияны асқындырады, инфляция бақылаудан шығып кетеді. Инфляция осы күнгі нарықтық экономиканың табиғатына сай келеді, инфляция жағдайларын (бюджет тапшылығы, монополия, қағаз ақша, т.б.) толық жою мүкін емес. Осыған байланысты инфляцияны толық жою мүмкін еместігі өзінен-өзі және алдын ала белгілі. Сондықтан да көп елдерде ипфляцияны жою емес, оны бағындыру, қарқынын баяулатып, реттеу мақсаты қойылған.

     Батыс елдерінде жинақталған тәжірибе көрсеткендей, инфляцияға қарсы ұзақ және қысқа мерзімдік іс-шаралар  саясатын қолдану кажет. Бұл шаралар  жиынтығын келесі схема түрінде  сипаттауға болады. Мемлекеттің ұзақ мерзімдік саясаты, біріншіден, халықтың инфляциялық үрейін жою мақсатын көздейді. Ол үшін кез келген үкімет инфляцияға қарсы саясатты үздіксіз де тұрақты түрде жүргізіп, тұрғындардың сенімін орнықтыруға тырысады. Үкімет өзінің белсенді іс-шаралары негізінде (өндірісті ынталандыру, монополиямен күрсу, т.б.) нарықтың тиімді кызмет атқаруына жағдай жасайды. Үкіметтің мұндай саясаты тұтынушылардың сана сезіміне қажетті әсер жасап, олардың дұрыс шешім қабылдауын қамтамасыз етеді.

     Екіншіден, салықтарды арттырып, бірақ мемлекеттік шығындарды қысқарту арқылы бюджет тапшылығын реттеу іс шаралары жүргізіледі. Бюджет тапшылығын Орталық банк несиесімен қаржыландыру инфляцияны асқындырады.

     Үшіншіден, ақша айналымын реттеу іс-шаралары, нақты айтқанда,  жылдық ақша көлемінің өсуіне шек қою, бұл инфляцияның өсуін қадағалауға мүмкіндік береді.

     Төртіншіден, сыртқы факторлардың әсерін әлсірету. Жеке алғанда, бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін сырттан алынған қысқа мерзімдік қарыздардың экономикаға жасайтын инфляциялық ықпалын әлсірету. Бұл өте күрделі және өзекті мәселе. Сондықтан оны арнайы түрде жеке зерттеп, қарастыру қажет болады.

     Қысқа мерзімдік саясат инфляция қарқынын уақытша төмендетуге бағытталады. Бұл мақсатта мемлекет өз иелігіндегі  меншік бөлігін жекешелендіріп, бюджетке қосымша түсім түсірсді; қосымша өнім өндіретін кәсіпорындарға әртүрлі жеңілдіктср береді; акцияларды сату арқылы инфляциялық сұранымды қысқартады; көлемді импорт арқылы да ұсынымның өсуін, бағаның тұрақтануын қамтамасыз етеді.

     Күнделікті  сұранымды қысқарту аркылы да инфляцияға қарсы әсер етуге болады. Ол үшін салымдарға төленетін процент кесімдерін арттыруға болады. Сонда қор сақтау нормасы артады, ал тұтыну шығындары қысқарады.

     Инфляцияға  қарсы саясаттық байланысты инфляциямен  күресу шығындары туралы мәселе туындайды. Инфляцияға қарсы күрес жұмыссыздықты арттырып, өндіріс көлемін қысқартуы мүмкін. Мамандардың есептеуінше, инфляцияны 1 %-ке төмендету үшін жұмыссыздықты оның табиғи деңгейінен 2 %- ке арттыру қажет болады екен, бірақ бұл жағдайда ЖҰӨ-нің көлемі оңтайлы деңгейінен 4 %-ке төмен калыптасады.

     Инфляцияны  ауыздықтау үшін көптеген елдер үкіметтсрі 60-шы жылдардан бастап табыс пен  бағаны реттеу саясатын жүргізген еді. Бұл саясат негізінен табысты  шектеуге бағытталған. Саясат инфляциямен  күресудің нарықтық емес, әкімшілік  әдісіне жақын болғандықтан, қойылған мақсатқа әрқашан жеткізе  бермеген.   АҚШ  тәжірибесі   көрсеткендей,  табысты тежеу саясаты, түптеп келгенде, ұзақ мерзімде тұрақты нәтиже бермеген.                       1971-1974 жылдары АҚШ үкіметі жалақы мен баға деңгейін тікелей реттеу тәртібін қолданған екен. 70-жылдардың  соңында  табыс  пен  бағаны  тікелей  реттеу тәртібі жойылып, оның орнына орындауға міндетті емес үкіметтің  ұсынысы   ретінде   сақталған   болатын.   Ал, 80-жылдардың басында президент Р. Рейганның әкімшілігі  бұл мәселемен     айналысатын мемлекет мекемелерін таратып жіберген. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды 
 

     Зерттеу жұмысының 1-бөлімі «Инфляция ұғымы және мәні»                             деп аталады, онда мынадай мәселелер қарастырылды:

  • Инфляция көп факторлы құбылыс ретінде;
  • Инфляция механизмі және инфляцияны өлшеу;
  • Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдарлары.

     Инфляция  қоғамда ақшаның құнсыздануы, бұл  процесс қарқынды да ұлғаймалы түрде  жүреді, тауар тапшылығы асқындайды, ақшалай қор жинау мүддесі жойылады, ақша-несие жүйесінің қызметі бұзылады, тауарды тауарға тікелей айырбастау (бартер) кеңейеді.

     Инфляция жағдайында Үкімет «қымбат-ақша» саясатын ұстануға мәжбүр болды, Ұлттық банк несие  беру «процентін және міндетті резерв нормасын өте  жоғары деңгейде ұстап отырды. Осылай жүргізілген  монетарлық                      (ақша-қаржы) саясаттың нәтижесінде  инфляция  ауыздықталды, сонымен бірге ішкі өндіріс пен нарық екі-үш есе қысқарды, ұлттық өндіріс орындары тоқтап қалды, жұмыссыздық күрт өсті. Негізінен сыртқа өнім шығаратын шикізат өндіру  салалары жұмысын тоқтатқан жоқ, керісінше  экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа  көшу жылдары Қазақстанда бұрыннан  қалыптасқан  өндірісаралық диспропорциялар қысқарғанның  орнына арта түсті.

     Қазақстан Республикасындағы инфляцияның дамуы – мемлекеттік бюджет тапшылығына байланысты. Бюджет тапшылығы инфляцияның қайталама  факторы болып табылады, өйткені ол шығындардың инфляциясынан жәнге  осығарн байланысты мемлекет  кірістерінің  құнсыздануынан туады.

     Бағалардың  өсуі тұрғындардың нақты табысын  төмендетеді. Сондықтан кәсіподақтар еңбекақының номиналды деңгейін көтеру туралы талап қояды.

     Курстық жұмыстың 2-бөлімі «Қазақстан Республикасындағы инфляцияның ерекшеліктері» деп аталады, ол келесі бөлімшелерден тұрады:

     -  Инфляцияның түрлері;

     -  Экономикалық реформа кезіндегі  Қазақстандағы инфляция;

     -  2008-2009 ж. ҚР инфляцияның жағдайын  талдау.

     2004 жылдан бастап  Ұлттық  банктің негізгі мақсаты ретінде бағалардың  тұрақтылығын қамтамасыз ету ақша-кредит  саясатындағы мүлдем жаңа айқындама болып табылады.

     Негізгі мақсатты орындау үшін Ұлттық банкке  мынадай  міндеттер жүктелген:

      -  мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу;

      -  төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;

      -  валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру;

      -  қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге ықпал ету.

     Ұлттық  банктің негізгі мақсаты мен міндеттерін осылайша түйіндеу инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштер үшін Ұлттық Банк жариялаған Еуроодақ стандартына және инфляциялық таргеттеу принциптеріне көшуді едәуір нақты көрсетеді.

     Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2006 жылғы жолдауында айтқандай: «Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту  мен әртараптандыру үшін мемлкет қазынагерлік, кредит-ақша саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті. Қазақстан экономикасын алдағы уақытта одан әрі жаңарту мен әртараптандыру мақсатында нақтылы тұрғыда мынадай бағыттарда баса көңіл бөлу керек. Оның бірі – ақша-несие саясаты Ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты – инфляцияны тежеуді қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету жолындағы жауапкершілік Ұлттық Банк пен Үкіметке жүктеледі. Олардығ қолында сол үшін барлық өкілеттіктер мен құралдар бар. Ақша-кредит саясатының келесі міндеті – қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету, инфляция өсімінің залалды зардаптарын төмендету, сонымен бір мезгілде экономикалық өрлеуді ынталандыру үшін нақтылы айырбас бағамының икемділігін сақтап тұру. Осы орайда Ұлттық қор маңызды рөл атқаруға тиіс. Үкімет Қор қаражатының ашықтығын және ұтымды құрылуы мен пайдаланылуын қамтамасыз етуге тиіс деп санаймын».Қазақстан экономикасында сақталып отырған жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша қатынастарын реттеудегі жаңа режимге, яғни инфляциялық таргеттеуге көшуге бағыт алды.Еліміздегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу, қаржы секторының пәрменді дамуы, сыртқы экономикалық конъюнктураның жайлы болуы Ұлттық Банктің қызметінің сапалы және жаңа жолға түсуіне себепші болды. Бұл өз кезегінде ақша-кредит саясатының құрылуына және дамуына ықпал етіп, іскерлік ортаға, коммерциялық емес банктердің жұмысын бақылауға және ақша айналымын тұрақтандыруға әсерін тигізді.Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты ақша агрегаттары мен теңге бағамына ғана байланысты емес, сонымен қатар, басқа да монетарлық емес факторларға: ауыл шаруашылық өнімдері, жанармай және тұрғындық-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің бағасына да байланысты инфляцияны минимизацияға бағытталған.Сонымен тоқсан сөздің тобықтай түйініне келетін болсақ, инфляция төңірегінде қозғалып жатқан мәселелерді жай сөз ретінде қалдырмай онымен күресу шараларын жетілдіріп, тиімді жолдарын іздестіру керек.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе ҚР инфляция