ҚР инфляция

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Октября 2011 в 22:59, курсовая работа

Описание работы

Инфляция проблемасы экономикалық ғылымда маңызды орын алады оның көрсеткіштері мен әлеуметтік-экономикалық салдарлары елдің және бүкіл әлемдік шаруашылықтың экономикалық қауіпсіздігін бағалауда күрделі рөл атқарады. Қазіргі замандағы жағдайларда осы мәселенің өзектілігі инфляцияның дамуының мәнін, тереңдетілген себептерін және оның ерекшеліктері мен антиинфляциялық саясаттың негізгі бағыттарын айқындау қажеттілігімен анықталады. Осы курстық жұмыстың тақырыбын таңдауыма инфляция проблемасын жеткіліксіз зерделеу аспектісі елеулі әсерін тигізді.

Содержание

Кіріспе 3
1 Инфляция ұғымы және мәні 5
1.1 Инфляция көпфакторлы құбылыс ретінде 5
1.2 Инфляция механизмі және инфляцияны өлшеу 6
1.3 Инфляцияның әлеуметтік экономикалық салдарлары 8
1.4 Инфляция және қаржы 12
2 Шетелдегі инфляция ерекшеліктері 19
2.1 2009ж Ресейдегі инфляция қарқыны 19
2.2 Ресейдегі инфляциямен күресу жолдары 21
3 Инфляцияға қарсы саясатын жетілдіру жолдары және антиинфляциялық саясат
25
Қорытынды 33
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Инфляция.doc

— 331.00 Кб (Скачать)

     Инфляцияның классикалық көзі – мемлекеттік  бюджет тапшылығы Қазақстан үшін де сипатты. Бюджет тапшылығы инфляцияның қайталама факторы болып табылады, өйткені ол шығындардың инфляциясынан және осыған байланысты мемлекет кірістерінің құнсыздануынан туады. Бюджет тапшылығы Қазақстанның егемендігі жағдайында да сақталып отыр: ол 1991ж. бюджеттің бөлігінде 20,4 %, 1992-8,6 %, 1993-11,9 %, 1994-10,2 %, 1995-17,4 %, 1996-15,4 %, 1997-17,7 %, 1998-18 %, 1999-14,3 %, 2000-9,8 %, 2001-6,4 %  құрайды. 2002 жылы республикалық бюджеттің тапшылығы 4,7 млрд. теңгені( ЖІӨ-ге 0,12 %) құраса, 2003 жылы ол 53,4 млрд. теңгені немесе  ЖІӨ-ге 1,2 % құрады.

     Инфляцияның дамуына инфляциялық нәтижені тудырған жаңа салықтарды – алғашқы мөлшерлемесі 28 % қосылған құнға салынатын салықты, акциздерді, экспорттық және импорттық кеден баждарын енгізу, өнімнің өзіндік құнына қосылатын қаражаттар аударымдарын экономиканы жаңғырту қорына ( бұрын – инвестициялық қор) , халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорына аудару, әлеуметтік сақтандыруға аударылатын аударымдарды бірден көбейту сияқты қаржыны және әлеуметтік шараларды асығыс жүргізу мүмкіндігін туғызды.

     Инфляцияның дамуының қосымша факторы пайдалынатын кредиттер бойынша пайыздарды жатқызуды  тәртібі болып табылады; кредит үшін төлемакының өсуі жағдайында бұл  өнімнің өзіндік құнының, оның ізін шала бғанын да өсуіне соқтырады.

     Айтылған  факторлар өндіріс шығындарын өндірушілер инфляциясының арандатушы факторларға жатады.

     Бағалардың  артуы жағдайында халықтың, әсіресе  жеке кәсіптік және әлеуметтік  топтардың әлеуметтік дәмегөйліктерінің өсуін инфляцияның даму факторы деп есептеуге болады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     2 Шетелдегі инфляция  ерекшеліктері

                                                                               

                                                                                                                       

    1. 2009ж Ресейдегі инфляция қарқыны
 

     Жаңа  Сиыр жылы басталған күннен берi Ресей Үкiметiнiң мейлiнше абдырап, қалыптасқан ауыр жағдай, қатерлi тұйықтан шығар жол таппай отырғаны ерiксiз көзге ұра бастаған. Өткен жылдың аяғына дейiн Кремль және Ақ үй басшылығы әлемдiк қаржы және экономикалық дағдарыс Ресейге оншалықты әсерiн тигiзбейдi деген жалған пiкiрдiң шырмауында болып келсе, жыл аяғындағы, әсiресе, 2009 жылдың басындағы қаржы саласында қалыптасқан қолайсыз ахуал Ресей басшылығынан жанталаса әрекет жасауды талап етуде. Ел экономикасында аса ауыр жағдай қалыптасып, iрi өндiрiс орындары жабылып, жаппай жұмысыздық, ең алдымен жасырын жұмыссыздық белең алып отыр. Мұндай жағдайда шұғыл шаралар, жұртшылыққа ұнамсыз шешiмдi шаралар қолға алынуға тиiс және ел Үкiметiнiң кәсiби деңгейi мен тұйықтан шығатын жол табудағы шеберлiгi осындай ауыр экономикалық дағдарыс тұсында айқын байқалады. Ол үшiн осыған дейiн елдегi қалыптасқан бейқамдық, “Сырдың суы сирағымыздан келмейдi” деген алаңғасарлық терiс көзқарастың тамырына бiржола балта шабылуы қажет. Сондықтан, өткен аптада, РФ президентi Дмитрий Медведев экономикада ауыр ахуал қалыптасып отырғанын ерiксiз мойындауға мәжбүр болды. Оның айтуынша, Ресейде қазiр ресми жұмыссыздардың саны 5 млн. адамға жеткен көрiнедi. Яғни, елдегi жұмысқа қабiлеттi жандардың 6,5 пайызы. Бұл – ресми дерек қана, ал жасырын жұмыссыздардың қанша екендiгiн статистикалық органдардың өзi де дөп басып айта алмай пұшайман болуда.

     Осы уақытқа дейiн Ресейде еңбек етiп келген шетелдiк, экономикалық дамуы кенжелеп қалған бiрқатар ТМД елдерiнен келген 4 млн. гастарарбайтерлердiң де жұмыссыздар армиясының санын ұлғайта түскендiгiн ескеру қажет. Оның үстiне инфляция ауыздықпен алысып тұр. Көптеген биiк мiнберлерден жасалған уәделер мен тыншытуларға қарамастан, қаңтар айындағы инфляцияның деңгейi күткен деңгейден әлдеқайда асып түсiп, қазiр қомақты пайызды құрауда. Мұның өзi жыл аяғына дейiн инфляция деңгейi қарыштап өсе түсетiндiгiнiң айқын кепiлi. Осыдан екi апта бұрын Ресей Экономикалық даму министрi Эльвира Набиуллина мен вице-премьер, Қаржы министрi Алексей Кудрин 2009 жылдың бюджетiне енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар жобасын дайындау жөнiндегi Премьер-министр В.Путиннiң тiкелей және қатаң тапсырмасын алды. Бұған дейiн 2009 жылдың бюджетiнде мұнай бағасы 95 доллар деп есептелiп келсе, Кудриннiң мәлiмдеуiнше, бұл баға биыл 41 доллардан аса алмайтын сияқты. Кейбiр деректерге қарағанда, Эльвира Набиуллина жаңа жобаны әлдеқашан дайындап, тартпасында ұстап отырған секiлдi. Бұл жобада мұнай – 41 доллар, жылдық инфляция – 13 пайыз, доллар бағамы – 35,1 рубль деп есептелген көрiнедi. Қалай болғанда да бюджет дефицитi 2,6 трлн. рубльден асып түспекшi. Ал Резервтiк қорда 4 трлн. рублден (210 млрд. доллар) сәл ғана астам қаржы қалғанын ескерсек, Ресей Үкiметiнiң нелiктен абдырайтыны айтпай-ақ түсiнiктi. Экономика мамандары мен сарапшылар Ресей Үкiметiнiң осыған дейiнгi бейқамдығы мен қалыптасқан экономикалық жағдайға тиiстi назар аудармауы елдегi дағдарыс пен күйзелiстi одан әрмен тереңдете түсетiнiн бiр ауыздан айтуда. Ең бастысы, капиталдың Ресейден әкетiлуi ұлғайып, аса қауiптi деңгейге жеткен. Орталық банктiң мәлiмдеуiне қарағанда, 2008 жылы Ресейден 130 млрд. доллар қаржы сыртқа әкетiлген. Биылғы жылы жағдай одан әрмен қиындай түспекшi. Өйткенi, 2009 жылы Ресей банктерi мен компаниялары 80 млрд. сыртқы қарыздарын төлеуге тиiс. Ал мұның өзi капиталдың сыртқа әкетiлуiн бұрынғыдан да ұлғайта түсетiнi белгiлi. Бұл экономикасы әлеуметтi деп саналатын Ресей үшiн де аса қомақты қаржы. Тiптен, 1998 жылғы дағдарыс кезiнде де бұдан 6 есе аз қаржы, небары 21-22 млн. доллар сыртқа әкетiлгенi белгiлi, яғни алдағы екi-үш жыл Ресей экономикасы үшiн аса ауыр кезең болатынын болжап отырғандар қателесе қоймайтын секiлдi. Елден осыншама қаржының әкетiлуiне мұнайдың бағасының арзандауы ғана емес, ең бастысы, Оңтүстiк Осетиядағы заңсыз соғыстың басталуы себеп болғанын айтушылар көбейе түсуде. Өйткенi, 2008 жылы екiншi тоқсанда елге 41 млрд доллар әкелiнген болатын, ал тамыз айында жағдай күрт өзгерiп, соңғы үш айда 130,5 млрд. доллар сыртқа әкетiлген. Тiптi, әдетте Ресей экономикасына байланысты оптимистiк ұстанымнан ауытқи бермейтiн “Известия” газетiнiң өзi соңғы апталарда мәнерiн өзгертiп, елдi алда ауыр кезең күтiп тұрғаны жайлы жиi қайталай бастады. 16 қаңтар күнi осы салиқалы басылым бетiнде “Из России убежали $ 130 миллиардов” деп дабыл қаққан журналист Анна Каледина: “На самом деле цифра эта пугающая. Хочешь не хочешь, но всплывает аналогия с 1997 годом. Тогда с азиатских рынков “убежало” 100 млрд., и это обернулось масштабным азиатским кризисом. Мы же потеряли почти 30 миллиардов больше. И в этом году ожидать улучшения вряд ли стоит”, – деп миллиондаған жұртшылықтың жанайқайын жеткiздi.

     Мұндай  орынды алаңдаушылық уақыт өткен  сайын ұлғайып келедi. Тiптi, бiрқатар сарапшылар мен зерттеушiлер ел Үкiметiнiң, ең әуелi Премьер-министр В.В. Путиннiң шарсыздығын айыптап, оның кәсiби деңгейiне күмән келтiре бастады. Бұл ауыр айыптаулар негiзсiз де емес. Өткен күзде Ресей Үкiметi елдегi қаржы нарығын қалыпты деңгейде ұстап тұру үшiн жүздеген миллиард долларды коммерциялық банктерге көмек ретiнде бергенi мәлiм. Бiрақ, коммерциялық банктер өз мойнына ешқандай жауапкершiлiк пен мiндеттемелер жүктемегендiктен бұл қомақты қаржының басым бөлiгi шетелдерге әкетiлiп тынды. Осының нәтижесiнде, 2008 жылдың                             1 тамызында, РФ Орталық банкiнiң жер асты қоймаларында 597 млрд. долларға жуық алтын-валюталық қор болса, 2009 жылдың қаңтар айында бұл 170 млрд. долларға (28,4 пайыз) кемiп кеткен. Таяуда Ресей вице-премьерi, Қаржы министрi Алексей Кудрин мырза алдағы 2-3 жылда Ресей шетелдерден қарыз ала бастауға мәжбүр болатынын ерiксiз мойындады. Оның айтуынша, экономикалық жағдай осындай ауыр күйде қала беретiн болса, бұл 2010 жылы жүзеге асырылмақ. – 2-3 жылдың көлемiнде өзiмiзге тиiмдi шарттармен әлемдiк нарықтан қарыз ала бастаймыз. Бiрақ, бiз МВФ-тан бiр тиын да алмаймыз, – дейдi Алексей Кудрин. Шынын айту керек, бұл — даңғой, аса өркөкiрек, әсiресе соңғы жылдары тым шектен шыға бастаған Ресей азаматтарын тыныштандырудың құйтырқы амалы ғана. Өйткенi, соңғы жылдары ресми Кремль ел азаматтарына Халықаралық валюта қорын (МВФ) үнемi мейiрiмсiз дұшпан, озбыр езушi ретiнде көрсетiп келгенi мәлiм. Яғни, белгiлi психологиялық ахуал қалыптасты, ал мұндай жағдайда қарыз сұрап, әлгi МВФ-қа алақан жаю... Кремль үшiн өлiммен тең сияқты. Алайда, әлемде қаржы, экономикалық дағдарыс үдеп тұрған қазiргi қиын кезеңде алақан жайғанға майлы тоқаш ұстата қоятын қаржы қапшығы тоқ елдер некен-саяқ. Бәрiнiң де басқа тартқан көрпесi аяқтарына жетпей, пұшайман хәл кешуде. Аузын айға бiлеген Ұлыбританияның өзi де аса ауыр күндердi бастан кешуде. Тiптi, соңғы деректерге қарағанда, елдегi жұмыссыздардың саны 2 млн. адамнан асып жығылған. Соңғы күндерi рубль бағасын еркiне жiберген Ресей тығырықтан шығар жолдың бiр амалы девальвация деп отыр. Рубль бағамының түсуi отандық өндiрушiлерге қолайлы жағдай қалыптастырып, өнiм экспорттаушы компаниялардың жағдайын жақсартпақ. Дегенмен, жағдай бұл қарапайым халықтың тұрмыс дәрежесiне ауыр соққы болып тимекшi. Кейбiр сарыуайым сарапшылардың айтуынша, алдағы уақытта 1 доллар 100 рубльге тең болса, онда Ресей экономикасы бiржола тұралап тынатын көрiнедi. Әрине, Ресей алдағы жылдары 28-30 млрд. көлемде евро-облигациялық несие алудан үмiттi. Бiрқатар әлемдiк сарапшылардың пiкiрiнше, әлемдегi экономикасы аса қуатты елдер мен қаржы институттары марқұм Борис Ельциннiң тұсында Ресей демократияға бет бұрып, экономикалық-саяси тұрғыдан либерализацияға жол ашады деп үмiттенгендiктен кең қолдау бiлдiрген болса, бұдан былай одан бас тартатын секiлдi. Оңтүстiк Осетияда соғыс ашып, Украинамен жағдайды әбден ушықтырған Кремльге бұдан былай сенiм артылмайды, ешқандай артықшылық берiлмейдi. 
 

    1.   Ресейдегі инфляциямен күресу жолдары
 

     Бiрқатар ТМД елдерiнде дағдарысқа қарсы  бағдарламалар түзiлмегендiгi, ал барының  өзi түрлi мақсаттарға бағытталғанын  ескерсек, мұндай тәжiрибенiң маңызы анағұрлым биiктей түсуде. Мәселен, Ресей мен Қазақстан дағдарыс уақытында өндiрiстi қайта құрып, шикiзатқа негiзделген экономиканы өзгерту үшiн қиындықтан шығудың биiк талаптарын қалыптастыруға ұмтылса, көп елдер аман-сау шығуға ғана қанағаттанбақшы. ТМД ауқымы бойынша өзара көмектiң мүмкiндiктерi қарастырылған, өзгелердiң тәжiрибесiнен үйренудi мақсат еткен, тоқтап қалған кәсiпорындардың қайта жұмыс iстеуiне түрткi болатын кооперативтiк жаңа тiзбекке жан бiтiретiн ешқандай ортақ бағдарлама жасалған жоқ. Осыған қарамастан дағдарысқа қарсы тиiмдi механизмдер жасау жолындағы iс-қимылдың нақты тәжiрибесi бар. “Қоғамдық келiсiм шарт” Ұлттық жоба институтының президентi Александр Аузанның айтуынша, 2008 жылы Ресей сарапшылары жыл бойына “Самұрық-Қазынаның” қазақстандық әрiптестерiмен тiзе қоса жұмыс iстеген. Александр Аузанның айтуына қарағанда, осыған орай Қазақстанда шағын және орта кәсiпкерлiктi қолдау мәселелерi жөнiнде биылғы жылдың маусым айында-ақ нақты жаңа тәсiлдер қолданыла бастаған. Бұл өз кезегiнде экономикадағы дағдарыс құбылыстарының ауыртпалықтарын елеулi түрде төмендетпекшi. Мәселенi осылай шешу iзденiстерi ТМД-ның басқа елдерiн де қызықтыруға тиiс деп санайды Аузан. Осы жылдың аяғында-ақ ТМД-ның өзге елдерiне үлгi болатын нәтижелер бой көрсетерiне кәнiгi маман еш күмән келтiрмейдi. Владимир Мытарев, Арнайы “РИА “Новости” үшiн Қазақстан шыңыраудан алғашқы боп көтерiлдi Бiздiң көршiлерiмiз де дағдарыстан қатты зардап шегiп, Ресей секiлдi “шыңырау түбiнде жатқандар” (бұлар көпшiлiк) болып немесе экономика құрылымының ерекшелiгiне орай Әзiрбайжан сияқты, тiптi Өзбекстан секiлдi кенжелеп және томаға-тұйық қалуына байланысты әлемдiк дағдарыс әсерiн тигiзбегендер болып бөлiнедi. Уақыт өте мiндеттi түрде өзгелерге үлгi болатын үшiншi топ: дағдарыс шыңырауына құлап, қайта көтерiлгендер пайда болуы тиiс едi. Мұндай үлгi күткендегiден гөрi жылдам табылды. Қазақстанның Премьер-министрi Кәрiм Мәсiмов 2009 жылдың II тоқсанында елдiң IЖӨ-сi I тоқсанмен салыстырғанда 3 пайыздан сәл артқанын мәлiмдедi (бұл дегенiңiз жылдық 2,1 пайыз өсу).

     Экономика құрылымы, әлеуметтiк көрсеткiштерi және басқару жүйесi Ресейге аса  ұқсас елдiң экономикасы көршiлерiмiздiң  арасында алғашқы болып оңала  бастады. Бұған ол қалай қол жеткiздi? Дағдарыстың көмегiн салыстырып көрейiк: Ресейдiң IЖӨ-сi бiрiншi тоқсанда 9,8 пайызға төмендедi, ал екiншi тоқсанда өткен жылдың осы мезгiлiмен салыстырғанда 10,4 пайызға құлдырады. Бiр таңқаларлығы, Қазақстанға көмектескен нәрсе дағдарыстың уақытынан “бұрын келуi”. Қазақстанда қаржы жүйесi Ресейге қарағанда тәуiр дамығандықтан мұнда дауыл ерте басталды және елдi бұрынырақ “қалтыратты”. Ең бастысы, Қазақстанда шетел қарыздарына тәуелдiлiк жоғары болатын. Сондықтан да несие дағдарысы дамыған елдермен бiрге 2007 жылы қыспаққа алды. Егер Ресейде капиталдың шетке қашуы мен мұнайға бағаның құлдырауы бiр мезгiлде басталса, ал Қазақстандағы осы екi келеңсiздiктiң арасын жарты жылдан астам уақыт бөлдi. Үкiметтiң дайындалуға уақыты бар едi. Және ол бұл мүмкiндiктi аса тиiмдi жолмен пайдаланғаны айқын. Өткен жыл Қазақстан үшiн аса ауыр жыл болған. Егер 2001-2007 жылдар аралығында IЖӨ-нiң жылдық өсiмi 8,9 пайыздан төмендемей, қашанда Ресейден жоғары болса, алайда өткен жылы 5,6 пайыз өскен Ресеймен салыстырғанда Қазақстан экономикасы 3,2 пайызға ғана өстi. Бюджетке де оңай тиген жоқ: Үкiмет мемлекеттiк қызметкерлермен қоса шығындарды азайта бастаған. Дағдарысқа дейiн-ақ Қазақстан кейбiр маңызды реформаларды жүргiзуде Ресейдi басып озған едi: мұнайға негiзделмеген бюджет, тұрақтандыру қоры, бiздегiден iрi көлемдегi әрi тиiмдi салық амнистиясы, аз көлемдi мемлекеттiк сектор (Ресейдегi 40 пайыздың орнына IЖӨ-дегi 10 пайыздық деңгей), шикiзат саласын қоса алғанда түрлi бағдарламаларға шетелдiктердi тарту. Сонымен қоса мұнай саласына айтарлықтай төмен көлемде салық салу. Қазақстан үлгiсi Мұнай саласына ауыртпалықмаңызды мәселе. Бұл Қазақстанға Ресейдiң қолынан келмеген мүмкiндiк әпердi: дағдарыс уақытында салық салмағын IЖӨ-нiң 3 пайызына дейiн төмендеттi. Жалпы алғандағы экономикаға салмақ төмендедi, ал шикiзат экспорттаушыларға (мұнайшыларға ғана емес) ауырлық жоғарылаған. Осыған орай салықтың төмендегенiне қарамастан (бұл 2011 жылға дейiн созылады), бюджеттiң дефицитi биыл IЖӨ-нiң 3,5 пайызын ғана құрайды. Салық қыспағының жеңiлдетiлуiбұл Ресейдiң дағдарысқа қарсы бағдарламасымен салыстырғандағы тағы бiр басты айырмашылығы (Бiзде, керiсiнше, 2011 жылы салықтың ұлғайтылуы күтiлуде). Тағы бiр басты айырмашылықмемлекет қаржылары жұмсалып отырған бағыттар. Премьер-министр Владимир Путиннiң мәлiмдеуiне қарағанда, Ресей дағдарысқа қарсы бағдарламаға IЖӨ-нiң 12 пайызын жұмсамақшы. Ал Қазақстан дағдарысқа қарсы IЖӨ-нiң 14 пайызын жұмсауда. Алайда, Ресейде, шынын айтсақ, нақты салаларға ақша жетпей қалуда. IЖӨ-нiң 10 пайызы қаржы жүйесiн қолдауға жұмсалды, дегенмен, бұл қаржы өткен жыл мен биылғы жылдың аралығында банктерге қысқа мерзiмдi несие түрiнде ғана берiлгендiктен 7 пайыздан астамы Орталық банкке әлден қайтарылып берiлдi. Қазақстан Үкiметi ресурстарды да басқа жолмен бөлдi. Пакеттiң қомақты бөлiгi (935 млрд. теңге) банк саласын тұрақтандыруға жұмсалды.

     Ресейде болмаған, болуы да мүмкiн емес күмәндi активтер қорын (“қиын жағдайдағы банктер” секiлдi) құруға 122 млрд. теңге жұмсау көзделуде. Дегенмен, нақты салаларды  тiкелей қолдауға да қомақты қаржы  бөлiнген. Жекелеген кәсiпорындар емес, тұтас экономикасын қамту жолы таңдалды. Осылайша агроөндiрiс саласын дамытуға 350 млрд.теңге, ал инфрақұрылымдық жобаларға 120 млрд. теңге жұмсалмақшы. Оған қосымша салықты жеңiлдетуге 550 млрд.теңге бөлiнiп отыр. Экономикаға көмек шаралары мамыр айында ғана түбегейлi қарастырылған Ресейден айырмашылығы сол, Қазақстандағы алғашқы қаржы ағыны экономикаға 2008 жылдың IV маусымында түсе бастады, ал биылғы жылдың I маусымынан бастап салықтық жеңiлдiктер жүзеге асырылуда. Дағдарыстың ертерек басталғаны мен билiктiң оперативтiлiгi де iзсiз кеткен жоқ. Қытайдың дәруi Қазақстанда IЖӨ-нiң 6 пайыздан астамы нақты салаларды қолдауға жұмсалды. Ал Ресейде әлi күнге бiр пайыз да бөлiнген жоқ. Осының нәтижесiнде Қазақстанда жаз айларында өнеркәсiп өнiмдерi өсе бастады. Өткен жылдың маусым айымен салыстырғанда биылғы маусымда 7 пайызға өстi. Бұлмемлекеттiк инвестициялар мен салық жеңiлдiктерiнiң тiкелей нәтижесi. Ресейдiң шикiзат саласында сирек бой көрсете бастаған тiкелей шетелдiк инвестициялардың есебiнен пайдалы қазбаларды өндiру 11,3 пайызға ұлғайған. Сондықтан, Ресейде кен өндiру соңғы демiн алып жатса, Қазақстанда кен өндiру артып келедi. Өткен жылы (Қазақстан үшiн шын мәнiнде дағдарыс болған жыл) пайдалы кен өндiруге бағытталған инвестициялардың 40 пайызы Қытайдан келген болатын. Биылғы жылы Үкiмет инфрақұрылымға Азия мен Таяу Шығыстан тағы да 3 млрд.доллар тартуды көздеуде. Қытайға жақын болу ресурстарға қол жеткiзудiң жеңiлдiгiнен ғана емес, сондай-ақ дағдарысқа қарсы саясатта да Қытай жолыннақты салаларды қолдау басты орынға қойылғанынан көрiнедi. Нәтижелер де Аспанасты елiндегiдей аса жоғары. Қазақстанның түйткiлдерi көзге айқын көрiнедi. Егер Ресейде желқуық тiкелей бюджет арқылы қампайса, ал Қазақстанда банктердiң арқасында қампайды. Банктердiң бұрынғы сән-салтанатынан Қазақстан аса зардап шегуде. Үкiмет банктердi мемлекет меншiгiне алуға мәжбүр болды. Ендi, егер несие берушiлер реструктуризацияның талаптарына келiспесе, қазақтың қаржылық алыптары банкротқа ұшыратылуы мүмкiн. 29 маусым күнi Қазақстан экономикасына өз бағаларын берген МВФ-тiң мамандары қаржы саласында сақталып отырған проблемаларға басты назар аударды. Бұл түйткiлдер жалпы алғанда Қазақстан IЖӨ-нiң жылдық көрсеткiшiнiң өспеуiне әсерiн тигiзетiн шығар. Бiрақ, бәрiбiр Қазақстанды посткеңестiк аурудан алғашқы айыққан ел деп санауымыз керек.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Информация о работе ҚР инфляция