Отчет по практике

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2013 в 12:04, отчет по практике

Описание работы

«Bank RBK» АҚ (бұдан әрі - Банк) өз тарихын 1992 жылы тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жекеменшік банктерінің бірі – «Мекен» банкі құрылған кезден бастап жазып келеді және осы барлық кезеңнің ішінде Қазақстан экономикасының тау-кен металлургия саласымен байланысты болды.
1996 жылы "Мекен" жекеменшік банкі "Алаш-Банк" ЖАҚ болып қайта аталды, бұдан кейін Алматы қаржылық құралдар биржасының мүшесі атанды, ал Банктің мажоритарлы акционері "Теміртау электр-металлургиялық комбинаты" АҚ банк холдингінің мәртебесін алуға ҚР Ұлттық банкінің келісімін алды.

Работа содержит 1 файл

отчет.docx

— 129.86 Кб (Скачать)

     Көрсетілетін қызметтердің тізбесі және комиссиялық сыйақыны өндіріп алу тәртібі ҚР заңнамасының талаптарына, ҚР Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес келеді.

     Bank RBK, VISA халықаралық төлем жүйесінің мүшесі ретінде өз клиенттеріне VISA халықаралық карталарын пайдалануды ұсынады.

VISA төлем карталарының  көптеген артықшылықтары бар.  Олардың ішінде: банк есебіне  әлемнің кез келген жерінен  тәулік бойы қауіпсіз қол жеткізу,  ақша айналымын бақылау, кашақтаққа  қарамай есепті толықтыру.

Қазіргі кезде Bank RBK VISA төлем  карталарының келесі түрлерін ұсынады:

- VISA Electron

- VISA Business

     Корпоративтік төлем карточкалары заңды тұлғалардың уәкілетті өкілдеріне ағымдағы іссапарлық және өкілдік шығыстарды жүзеге асыру үшін беріледі. 
     «Bank RBK» АҚ корпоративтік карточкаларын ала отырып, Сіздің компания мынадай артықшылықтарды алады:

  • Іс-сапар және өкілдік шығыстарын ресімдеу жөніндегі әкімшілік шығыстарды азайту;
  • Іс-сапарда болжап білмеген жағдайлар туындаған кезде Ұйымның қызметкерлеріне қолдау көрсету;
  • әрбір қызметкер бойынша ақшаның жұмсалу лимитін белгілеу мүмкіндігі;
  • қызметкердің ақшаны жұмсау дұрыстығын карточка бойынша ай сайынғы тегін үзінді көшірмені алу арқылы бақылау;
  • Ұйымның ағымдағы төлемдерді жүзеге асыру рәсімін оңайлату;
  • ҚР тікелей кеден орындарында кеден төлемдерін төлеу;
  • карточкаға теңгемен, АҚШ долларымен және евромен қолма-қол емес ақшаны толтыру.

 

     Жалақы жобасы

     «Bank RBK» АҚ жалақы жобасы - бұл жетекші халықаралық VISA Inc. төлем жүйесінің төлем карточкаларының көмегімен  жалақыны аударудың, сақтаудың және алудың ыңғайлы және сенімді тәсілі. 
     Жалақы жобасына қатысудың Ұйым үшін артықшылықтары:

  • Ұйым қызметкерлерінің жалақылары туралы ақпараттың құпиялылығы артады, яғни қай қызметкердің қандай соманы алғаны туралы ақпарат банк құпиясына айналады;
  • Қызметкерлер үшін әлеуметтік топтаманы кеңейту мүмкіндігі пайда болады: Банк бірлесе белгіленген шарттарда кредиттер бере алады, бұл көпшілік жағдайларда қызметкерлерді ынталандыру және ұйымға адалдығын көтеру құралы ретінде пайдаланыла алады.
  • Кассалық операциялардан үнемдеу және төлем процестерін автоматтандыру есебіненшығыстар біршама азаяды: қызметкерлерге қолма-қол ақшаны дербес түрде берудің қажеті болмайды;
  • Қолма-қол ақшаны сақтау және тасымалдау тәуекелі жойылады:ақшалар қызметкерлердің шоттарына қолма-қол ақшасыз түрде аударылады;
  • Жалақы алу үшін кезекке тұру болмайды: жалақы беру кезіндегі қауырттылық азаяды – қызметкерлер қолма-қол ақшаны өздеріне керек болған кезде және тек Банктің банкоматтарынан ғана емес, сондай-ақ біздің қаланың көптеген жерлерінде орналасқан басқа банктердің кез келген банкоматтарынан және бөлімшелерінен шешіп алады;

Ұйым қызметкері үшін артықшылықтары:

  • Қолма-қол ақшаны ыңғайлы уақытта, ыңғайлы жерден алу
  • Шот бойынша операцияларды банкомат/POS-терминал арқылы қарап шығу
  • Карточкадан карточкаға аудару
  • Ағымдағы шотқа аударулар
  • Мобильдібанкинг (карточкамен операциялар бойынша SMS хабарламалар)
  • Тауарларды/ қызметтерді, салық төлемдерін төлеу
  • Жалақының 70%-на дейінгі мөлшерде кредит желілерін ресімдеу мүмкіндігі
  • Тауарларды немесе қызметтерді кез келген дүкендерде немесе сервис кәсіпорындарында, каталогтар, почта бойынша немесе Интернет желісінде комиссия төлеместен сатып алу
  • Шетелге сапарға шыққан кезде қаражаттарды мағлұмдама жасау проблемасынан  құтылу
  • Отбасы мүшелеріне, достарына қосымша карточкаларды ресімдеу мүмкіндігі
  • Қапшық ұрланған немесе жоғалған жағдайда ақша қаражаттарын жоғалтпаудың сенімді қорғанысы
  • Ұялы байланыс және кабельді теледидар операторларының қызметтеріне тәуліктің кез келген уақытында ақы төлеу мүмкіндігі
  • Банкпен Ақша төлемдерін есептеу жөніндегі шарт жасаған ұйымның қызметкерлеріне кредит лимиттерін бөлу ұйым қызметкерлерінің карт-шоттарына 3 (үш) ай үздіксіз жалақы аударылғаннан кейін мүмкін болады.

 

     Кеден төлемдері

«Bank RBK» АҚ төлем карточкаларының  көмегімен қызметтердің мынадай  түрлеріне ақы төлеуге болады:

  • жүктік кеден декларациясын ресімдеу үшін алым (кеден рәсімі);
  • кеден бажы(экспорттық-импорттық);
  • қорғаныс бажы(тауардың түрін<spa

Информация о работе Отчет по практике