Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Апреля 2013 в 12:04, отчет по практике
«Bank RBK» АҚ (бұдан әрі - Банк) өз тарихын 1992 жылы тәуелсіз Қазақстанның алғашқы жекеменшік банктерінің бірі – «Мекен» банкі құрылған кезден бастап жазып келеді және осы барлық кезеңнің ішінде Қазақстан экономикасының тау-кен металлургия саласымен байланысты болды.
1996 жылы "Мекен" жекеменшік банкі "Алаш-Банк" ЖАҚ болып қайта аталды, бұдан кейін Алматы қаржылық құралдар биржасының мүшесі атанды, ал Банктің мажоритарлы акционері "Теміртау электр-металлургиялық комбинаты" АҚ банк холдингінің мәртебесін алуға ҚР Ұлттық банкінің келісімін алды.
0,1% 0,05% 0,01% 0,01%
Депозит «Жер қойнауын
пайдаланушылардың жою қоры» шарттары
Салымды ашу үшін жер қойнауын пайдалану
жөніндегі операцияларды жүргізуге келісімшарттен
және/немесе бағдарламадан үзінді көшірме
жою қорын жасау үшін салымның сомасы
мен мерзімдерін көрсете отырып беріледі.
Бұл ретте Салымшы келісімшарттың бірінші
және соңғы парақтарын (қолдар мен мөрлер
көрсетілген) қоса тіркейді;
Салым мөлшерлемесі – Салымның бүкіл мерзімінің
ішінде тиянақталған;
Салым валютасы - теңге, АҚШ доллары;
Есептелген сыйақыны капиталдандыру: көзделмеген.
Төлем көзінен ұсталатын салықтарды (бұдан
әрі – Салық) шегергенде заңды тұлғалар
үшін сыйақы төлемі Шарттың қолданыс мерзімінің
соңында Салымды қайтарумен бір мезгілде
жүргізіледі. Егер Салымды орналастыру
мерзімінің аяқталуы жұмыс істемейтін
немесе мерекелік күнге келетін болса,
Салым бойынша сыйақы есептеу тоқтатылады,
ал Салым мен есептелген сыйақыны қайтару
жұмыс істемейтін немесе мерекелік күннен
кейінгі бірінші жұмыс күні жүргізіледі;
Салымға қосымша жарналар енгізу көзделеді,
олар Шартта Салымшымен дербес түрде келісіледі,
бұл жағдайда Шартқақосымша келісім жасалады;
Ішінара ақша алу – Қазақстан Республикасының
Үкіметі белгілейтін, жер қойнауын қорғау
және пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік
органмен келісілген құзыретті органның
жазбаша рұқсатының негізінде;
Салымды айырбастау - көзделмеген;
Ұзарту - көзделмеген. Шарттың қолданыс
мерзімінің соңында сыйақы мен Салымның
негізгі сомасы талап етілмеген жағдайда,
Салым сомасы есептелген сыйақыны (Салықты
шегерумен) ескергенде, Салымшының ағымдағы
щотына не Шартта Салымшы көрсеткен деректемелерге
аударылады;
Салымшы Қазақстан Республикасының Үкіметі
белгілейтін, жер қойнауын қорғау және
пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік
органмен келісілген құзыретті органның
жазбаша рұқсатының негізінде Шартты мерзімінен
бұрын бұзған кезде Салымшы Банкті Салымның
сомасын талап ету ниетін Шартты бұзудың
болжамды күніне дейін 5 (бес) жұмыс күні
бұрын хабарландыруы тиіс.
Салым бойынша сыйақы келесі тәртіппен
төленеді:
- егер Салымды орналастыру мерзімі 30 (отыз)
күнтізбелік күннен асатын болса, онда
Салық шегерілген сыйақының сомасы Салымды
орналастырудың нақты мерзімі үшін «Талап
етуге дейін» салымы үшін Банк қолданған
мөлшерлеме бойынша төленеді;
- егер Салымды Шотқа орналастыру мерзімі
30 (отыз) күнтізбелік күннен аз болса, Салым
бойынша сыйақы төленбейді.
Мөлшерлемелер:
Сыйақы мөлшерлемелері | |
теңге |
АҚШ доллары |
2,0% |
1,0% |
Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемелері | |
теңге |
АҚШ доллары |
2,0% |
1,0% |
Депозит «Жұмыс берушілердің
ҚР-на әкелінетін шетелдік жұмыс күші
үшін кепілді жарнасы» шарттары
Салымды ашу үшін клиенттердің банк
шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібін
белгілейтін Банктің ішкі нормативтік
құжатына сәйкес көрсетілген құжаттардың
тізбесін тапсыру қажет.
Жұмыс беруші қосымша мыналарды ұсынады:
- шетелдік жұмыс күшін тартуға жазбаша
рұқсаттың көшірмесі, бұл ретте фронт–офистің
жауапты қызметкері құжаттың көшірмесін
түпнұсқасымен салыстырады, бұл жөнінде
құжаттың көшірмесіне белгі қояды;
- шетелдік қызметкерлердің тізімі. Бұл
ретте берілген тізімнің деректері Банк
салымының шартында көрсетілген деректерге
сәйкес келуі тиіс;
Салым валютасы - теңге, АҚШ доллары;
Салымның ең аз сомасы – шарт бойынша;
Қосымша жарналар – жаңадан қабылданған
шетелдік қызметкерлер үшін шетелдік
жұмыс күшін тартуға арналған жазбаша
рұқсаттың негізінде көзделеді;
Ішінара ақша алу – уәкілетті органның
(аймақтық деңгейде халықты еңбекпен қамтуды
және жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғауды
қамтамасыз ететін жергілікті атқарушы
органдардың құрылымдық бөлімшесінің)
жазбаша келісімінің негізінде;
Салымды айырбастау - көзделмеген;
Салым салымшыға уәкілетті органның жазбаша
келісімінің негізінде қайтарылады;
Салым бойынша сыйақы - көзделмеген.
Депозит «Special One»
шарттары
Салым мөлшерлемесі – салымның бүкіл
мерзімінің ішінде тиянақталған;
Салым валютасы - теңге;
Салымның ең аз сомасы - 12 айға - 30 000 000 KZT,
24 айға - 25 000 000 KZT, 36 айға 20 000 000 KZT;
Салымның ең көп сомасы - 1 500 000 000 KZT;
Есептелген сыйақыны капиталдандыру -
көзделмеген;
Салым бойынша сыйақы – салымшыға екі
бөлікпен төленеді:
- салымның бастапқы сомасынан жылдық
4% мөлшеріндегі салым бойынша сыйақының
бөлігі салымды орналастырудың бүкіл
мерзімі үшін салымшының жинақ шотына
ақша енгізген күні салымшының ағымдағы
шотына есептеу жолымен бір мезгіл төленеді;
- салымның бастапқы сомасынан жылдық
4% мөлшеріндегі салым бойынша сыйақының
қалған бөлігісалымшыға жыл сайын, салым
бойынша есептелген сыйақының сомасын
салымшының ағымдағы шотына аудару жолымен
төленеді.
Қосымша жарналар – көзделмеген;
Ішінара ақша алу – көзделмеген;
Салымды айырбастау - көзделмеген;
Ұзарту – көзделмеген;
Мерзімінен бұрын бұзу:
- егер салымды орналастыру мерзімі 30 (отыз)
күнтізбелік күннен аз болса, сыйақы төленбейді,
бұл ретте салым сомасы салымшының жинақ
шотына түскен кезде бұрын есептелген
және төленген сыйақы ұстап қалынады;
- егер салымды орналастыру мерзімі 30 (отыз)
күнтізбелік күннен асатын болса, жинақ
шотына салымды орналастырудың нақты
мерзімі үшін салым бойынша сыйақы қайта
есептеледі және салым орналастырылған
күннен бастап банк салымының шарты бұзылған
кезге дейін 1 % (бір пайыз) есебінен төленеді.
Бұрын төленген сыйақы банктің ақшаны
жинақ шоттан акцептсіз есептен шығаруы
жолымен ұсталуы тиіс.
Мерзімдері және мөлшерлемелер:
Мерзімі(айлар) |
Сыйақы мөлшерлемелері |
Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі |
теңге | ||
12 |
8,0% |
8,3% |
24 |
8,0% |
8,5% |
36 |
8,0% |
8,7% |
Төлем карточкалары
Bank RBK, VISA халықаралық төлем
жүйесінің мүшесі ретінде өз клиенттеріне
VISA халықаралық карточкаларын пайдалануды
ұсынады.
VISA төлем карточкаларының көптеген артықшылықтары
бар. Олардың ішінде: банк есебіне әлемнің
кез келген жерінен тәулік бойы қауіпсіз
қол жеткізу, ақша айналымын бақылау, кашықтыққа
қарамай есепті толықтыру.
Bank RBK өз клиенттеріне Алматы, Астана, Қарағанды,
Шымкент, Екібастұз қалаларында орналасқан
VISA Inс. төлем жүйесінде карточкаларға
қызмет көрсететін тәулік бойы жұмыс істейтін
өз банкоматтар желісін ұсынады.
Төлем карточкалары бойынша көрсетілетін
қызметттерге «Bank RBK» АҚ тарифтері (қосымша)
Қазіргі кезде
Bank RBK VISA төлем карточкаларының келесі
түрлерін ұсынады:
- VISA Gold,
- VISA Classic,
- VISA Electron,
- VISA Virtuon (Интернетте есептеуді жүргізуге
арналған виртуалды карта).
Visa Electron
Банкоматтарда қолма-қол ақшаны алуға және Visa/Visa Electron логотипі бар сауда-сервис кәсіпорындарында есеп айырысуға арналған. Мұндай карточкалар бойынша операциялар тек электронды құрылғылар арқылы, яғни банкоматтар және POS-терминалдардың көмегімен жүзеге асырылады. Visa Electron карточкаларын ұстаушыларға банк есебінде бар өз қаражаттарының шектерінде ғана қызмет көрсетіле алады.
Visa Classic
Бұл карточкалар бойыншабанкоматтарда қолма-қол ақшаны алуға және бүкіл әлем бойынша Visa/Visa Electron логотипібар жерлерде тауарлар мен қызметтер үшін ақы төлеуге мүмкіндік бар. Бұларға электронды, сондай-ақ механикалық құрылғыларда қызмет көрсетіледі. Бұл кластағы карточкалардың көмегімен қонақүйде нөмірді, авиабилетті броньдауға және автомобильді жалдауға болады.
Visa Gold
Бұл төлем карточкалары клиенттің ауқаттылығының және сыйлы екендігін көрсетіп тұрады. Бұлар ұстаушыларына бүкіл әлемде қызмет көрсетудің жоғары сапасына, сондай-ақ шетелде тауарлар мен қызметтерге ақы төлеген кезде елеулі жеңілдіктер алу, қонақүйлердің және автомобильдерді жалға беретін компаниялардың және т.б. тиімді ұсыныстары секілді бірқатар қосымша қызметтер мен мүмкіндіктерге кепілдік береді. Gold карточкалары банк қарызының берілуін көздейді.
VisaVirtuon
Өзін көрсету талап қойылмайтын интернет желісінде төлемдер жүргізуге арналған карточка. Виртуалды карточка жай дүкендерде төлем жасау үшін, банкоматтардан қолма-қол ақшаны алу үшін, сондай-ақ картаның өзін кейіннен нақты көрсетуді талап ететін Интернеттегі сатып алулар (билеттерді, қонақүйлерді броньдау, автомобильдерді жалдау және т.б.) үшін пайдаланыла алмайды.
Сіз әралуан сатып алуларды үйден шықпай-ақ жасай аласыз! Виртуалды карточканың басты артықшылығы қауіпсіздік болып табылады. Сіз карточкаға «виртуалды» сатып алуларды жасау үшін өзіңізге қажет соманы ғана есептей аласыз, сөйтіп, өзіңіздің қалған қаражаттарыңызды қауіпсіздендіресіз. Бұған қоса, мұндай шара өз шығыстарыңызды жақсы бақылауға мүмкіндік береді.
SMS-ақпараттандыру – карточкалық шоттарды бақылауға қосымша мүмкіндіктер беретін «Bank RBK» АҚ төлем карточкаларын ұстаушыларға арналған автоматтандырылған қызмет.
SMS-ақпараттандыру қызметінің арқасында «Bank RBK» АҚ Клиентінің ұялы телефонына шынайы уақыт режимінде SMS-хабар түрінде карточкалық шоттар бойынша ақша қаражатының барлық қозғалыстары туралы ақпарат келіп түседі.
Қызметтер құны Банк тарифтеріне сәйкес төленеді.
«Bank RBK» АҚ кез келген офисінде немесе банкоматында SMS-ақпараттандыру қызметіне қосылуға немесе онда тіркелген Клиенттің ұялы телефонының нөмірін өзгертуге болады.
Ақша
аударымдары
"Bank RBK" АҚ өз клиенттеріне
шот ашу арқылы және шот ашпастан ақша
қаражаттарын аудару қызметін пайдалануды
ұсынады. Аудару теңгемен және шетелдік
валютамен SWIFT немесеWestern Union, сондай-ақ Банк аударымдары жүйелерінің
көмегімен жүзеге асырылады.
SWIFT жүйесі
бойынша аударымдар
SWIFT жүйесі 1973 жылы құрылды. Оны құруға
15 елдің 239 банктері қатысты. Содан бері
жүйеге қосылған банктердің саны өсіп
келеді. Өз дамуының 30 жылдан астам уақытының
ішінде ол қаржылық телекоммуникациялар
саласының көшбасшысына айналды.
Артықшылықтары:
Western Union жүйесі бойынша
аударымдар
WESTERN UNION - бұл шұғыл аударымдардың бүкіл
әлемге белгілі жүйесі. WESTERN UNION компаниясы
150 жылдан астам уақыт бұрын құрылған және
әлемнің 200-ден астам елдері мен аумақтарында
300 мыңнан астам пункттері бар.
Артықшылықтары:
Ақша қаражаттарын аударған кезде жөнелтуші мыналарды ұсынуы қажет:
Ақша қаражаттарын алған кезде алушы мыналарды ұсынуы қажет:
Банк аударымдары
«Bank RBK» АҚ шот ашумен және
шот ашпастан теңгеде немесе кез келген
шетелдік валютада ақша аудару жөніндегі
қызметтерді ұсынады. Екі жаққа бірдей
шығыстар (SHARE): Жөнелтуші Банк пен Корреспондент
Банктің комиссиялық шығыстары ақша жөнелтушінің
- "Bаnк RBK" АҚ клиентінің есебінен,
ал Делдал Банк пен Бенефициар Банктің
комиссиялық сыйақысы бенефициардың есебінен
төленеді.
Чектермен операциялар
«Bank RBK» АҚ инкассо рәсіміне кез келген қаржы мекемелерінің АҚШ долларындағы және евродағы атаулы чектерін қабылдайды. Чек бойынша ақша төлеу «инкассо» рәсімінен өткеннен кейін жүзеге асырылады.
Чек – чек берушінің чек беруші банкіне немесе басқа кредиттік мекемеге көрсетілген ақша сомасын чек ұстаушыға төлеу туралы бұйрығын қамтитын және белгіленген нысандағы ақшалай құжатты білдіретін қаржылық/төлемдік құрал.
Инкассо – ақша қаражаттарын төлеушіден алушыға банк арқылы беру жөніндегі делдалдық банк операциясы.
Чекті «инкассо» рәсіміне тапсыру үшін қажет құжаттар: Жеке басты куәландыратын құжаты; ЖСН.
Чектер чек бойынша сақтандырумен жабу сомасы Банктің Тарифтерімен белгіленген мөлшерде және шарттарда енгізілген жағдайда қабылданады.
Чектің«инкассо» рәсімінен өту мерзімі 45 күнді құрайды.
Клиентке чек бойынша ақша өтемін төлеу тәсілі оның қалауы бойынша: касса арқылы қолма-қол ақшаны төлеу жолымен, не чектерді инкассоға қабылдау туралы шартта көрсетілген клиенттің банк шотына аударуы жолымен жүзеге асырылады.