Өнімнің бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз ету

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 19:01, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан әрі жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.

Содержание

Кіріспе
Өнімнің бәсекеқабілеттілігі.
Кәсіпорындағы өнімнің сапасын басқару.
Кәсіпорындарының бәсекеқабілеттілігінің факторлары.
Кәсіпорында өнім сапасын жетілдірудің негізгі бағыттары.
Қорытынды.

Работа содержит 1 файл

Тақырыбы.docx Реферат өнім.docx

— 58.07 Кб (Скачать)

Фирманың нарықтағы бәсекелестік позициялары, сондай-ақ фирма ұлттық мемлекеттік органдар мен басқа  да ұйымдар тарапынан экспорттық несиелер кепілдігін беру, оларды сақтандыру, салықтар мен алымдардан босату, экспорттық жәрдем қаражат беру, нарықтардағы конъюнктуралар туралы және басқа ақпараттармен қамтамасыз ету арқылы алатын қолдау мен жәрдемге байланысты болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Кәсіпорында өнім сапасын жетілдірудің негізгі  бағыттары.

 

Жапония, АҚШ елдері өндірушілер  арасындағы бәсекені ынталандыру арқылы, бұл кәсіпорындардағы  жұмыс орындарына жоғары білікті, тәжірибелі мамандардың  жұмыс істеуіне қол жеткізді. Бұл  мамандар кәсіпорындағы сапа мәселесін  шешуде жаңа методтарды қолдану арқылы кәсіпорынның әлемдік нарықта бәсекегеқабілеттілігін артырды.

ҚР – дағы  кәсіпорындардың  бәсекегеқабілеттілігін жоғарылату үшін келесідей шаралар қолдану қажет:

  • ИСО 9000 стандарттарына сәйкес сапа менеджменті жүйесін енгізу;
  • ИСО 9000 стандарттарына сәйкес сертификаттау процесін жүзеге асыру:
  • Көпсалалы және аймақтық стандарттар жүйесінің талаптарын сәйкестендіру және ИСО 9000 стандарттары арқылы сапаны басқару жүйесіндегі талаптарды үйлестіру;
  • Сапаны сертификаттау жүйесінен, тоталдық сапа менеджментіне ауысу.

Осы халықаралық стандарттардың талаптарын қанағаттандыратын жүйелер, әлемдік тәжірибеде сапаны басқарудың ең тиімді жүйесі болып табылады. Кәсіпорындағы  әрекет ететін сапа жүйелерінің ИСО 9000 стандарттарына сәйкестігі, бүкіл  әлемдегі тұтынушыларға кепілдік ретінде  өнім сапасының тұрақты сақталуын  қамтамасыз етеді.

Отандық өнімдердің бәсекегеқабілеттілігін арттыру – халықаралық стандарттарды  енгізумен тығыз байланысты. Бұл  аксиома  ҚР-ның ДСҰ-на кіруіне  және әлемдік нарыққа шығуына  жол ашады.

Отандық және шетелдік тәжірибелерді  ескере отырып, өнім сапасын жетілдірудің келесідей бағыттарын ұсынуға болады:

  • Өнім сапасын басқару жүйесін, өнімнің сапасын жетілдіруге, яғни тұтынушыға бағыттау. Барлық кәсіпорындардағы қызметкерлер мен жұмысшыларды  «жақсы және сапалы» өнім өндіруге ынталандыру. Кәсіпорын басшылығының саясаты бірінші орында өнімнің сапасын, ал содан соң өнімнің көлеміне бағытталуы қажет;
  • Жоғарыда аталған бағытты үнемі жаңа инвестициялық және инновациялық саясатпен байланыстырып отыру, дәстүрлі өндірілетін өнімнің көлемін арттырудан, өнімнің сапасын арттыруға ауысу, негізгі қорларды жарақтау және жаңарту арқылы өнімнің сапасын көтеруге қол жеткізу;
  • Өнім өндірушінің өнімнің сапасы туралы ақпараттарды рационалды таңдап алу жүйесін, оны өңдеу, талдау және сақтау шараларын міндетті түрде жүзеге асыру;
  • Кәсіпорындағы әрбір өнімге талап етілген сапаны қамтамасыз ету үшін, кәсіпорында өнімнің арнайы сапасын басқару жүйесін құру;
  • Материалдық-техникалық жарақтануды жетілдіру. Үнемі жабдықтаушылармен тығыз байланыста болу және ұзақ мерзімді келісімшартқа отыру;
  • Басшылық ықпал нәтижелі және өнімнің әрбір өмірлік циклында орын алуы тиіс;
  • Өнім сапасын басқару жүйесі – тұтынушылардың талаптарын қанағаттандырған жағдайда ғана тиімді болып саналады;
  • Өнімнің сапасын басқару жөнінде үздіксіз білім беру жүйесін құру және барлық оқушылар мен студенттерді, жұмысшылар мен шеберлерді тұтынушылар мен тапсырыс берушілерге оң көзбен қарауға тәрбиелеу. Өнім сапасын басқару жүйесі барлық адамға түсінікті болу керек;
  • Мемлекеттік және аймақтық деңгейде сапа төңірегінде дәріс беру үшін БАҚ- ты, оның ішінде радио, теледидар, басылымдарды қосу керек;
  • Сапа төңірегінде және өнім сапасын жетілдіру үшін білім беретін  және жұмысшылардың біліктілігін арттыруда арнайы мамандандырылған орталықтарды, яғни мектептер мен сапа курстарын ашу қажет және мұнда білім беруде шет елдердің мамандарын қатыстыру. Өйткені, тек жоғары білікті мамандар, жоғары сапалы өнімді жасай алады;
  • Жоғары және тұрақты өнім сапасын қамтамасыз ету үшін өндірісте ынталандыруды күшейту. Ол үшін жоғары сапа мен еңбекке марапаттау, сыйақы беруді ұйымдастыру. Сонымен қатар өнімнің белгілі бір талаптардан ауытқығаны үшін, нормативтік-технологиялық құжаттарға сәйкессіздігі үшін қатаң сөгістерді қолдану. Өнім сапасын жақсарту және жетілдіру мақсатында түрлі конкурстар өткізу;
  • Жұмысшылардың жұмыстарын жетілдіру және тиімділігін арттыру. Ол үшін арнайы сапа тобын құру қажет;
  • Өндірістік ортада әлеуметтік, адамдық факторды ескеру;
  • Өнім сапасын басқару жүйесін жетілдіру. Ол үшін өнімнің сапасын басқаруда тәжірибелі мамандарды қолдану.

Қазіргі уақытта өкінішке орай, отандық кәсіпорындардың көпшілігі  өндірістік техникалар мен технологиялардың артта қалуымен байланысты бәсекегеқабілетсіз болып табылады. Сондықтан өнімнің  сапасы төңірегіндегі сұрақтар қазіргі  таңда өте күрделі экономикалық және ұйымдық мәселелердің бірі болып  келеді.

Мен осы отандық кәсіпорындардың  бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында ҚР-да өнімді басқарудың сапалық жүйесін  енгізуді және оны сертификаттауды  құруды ұсынғым келеді. Бұл жүйе:

Біріншіден: - ұлттық және халықаралық  деңгейде отандық кәсіпорындардың  бәсекегеқабілеттілігін арттыруға, өнім өндірушілерге тұтынушылардың сенімділігін артуына, өткізу нарығын, жұмыс көлемін, пайдалылықты жоғарылатады.

Екіншіден: - тауар өндірушілер  қоғам мен тұтынушыға өнімнің  халықаралық және мемлекеттік стандарттарға  сай және экологиялық таза, тұтынушылардың барлық талаптарының қанағаттануына және қызмет көрсетудегі барлық талаптарды орындайтынына кепілдік береді.

Үшіншіден: - Қазақстанда  мұндай сапа жүйесін құру және оны  сертификаттау ұзақ процесстер мен  жеткілікті қиыншылықтарды алдынан  өткереді. Сондықтан өнімнің сапасын  арттыруда мемлекетпен қатар  жеке кәсіпкерлер де ат салысуы керек.

Бұл жүйе мемлекетте келесідей  талаптар қояды және оның негізгі  принциптеріне төмендегілерді жатқызамыз:

  • сапа;
  • өнімді өндіруде үнемі тұтынушылардың талғамын ескеру;
  • сапалы кадрларды сақтау, бұл сапаны жетілдірудегі негізгі бағыт болып табылады;
  • сапаны үнемі жетілдіру арқылы жаңа бір ашылымдарға қол жеткізу;
  • айқындылық;
  • тұтынушылар мен жабдықтаушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру арқылы кәсіпорын имиджін қалыптастыру;
  • сапаны басқаруда барлық кәсіпорын персоналының қатысуы;

Бұл сапа жүйесі келесі жағдайлар  орындалғанда ғана жүзеге асырылады:

  • кез-келген кәсіпорындағы персонал өндіріс нәтижелері мен процесстері туралы ақпарат алып отырса;
  • белгілі бір нәтижелерге жеткен жұмысшылар аймақтық және ұлттық дәрежеде ынталандырылып отырса;
  • сапа төңірегінде белгілі бір дәрежеге жеткен кәсіпорындардың тәсілдері мен амалдарын көшіруге рұқсат етілмесе;
  • кәсіпкерлер мен басқарушылар өнім сапасына үнемдемесе;
  • өнім сапасын арттыру – кәсіпорынның негізгі нәтижесі болып қарастырылса және сапа жүйесін ендіру мен жасауларды жүзеге асыруда персоналды оқыту дұрыс ұйымдастырылса.

Жоғарыда жасаған ұсыныстарымды  жүзеге асыруда мекемелер басшылары, кәсіпкерлермен қатар мемлекет тікелей  араласу қажет. Мемлекет сапаны бақылаумен қатар, оны ұлттық дәрежеде ынталандыру  жүйесін жүзеге асырып отыру қажет. Мұндай жүйелер АҚШ, Жапония, Германия, Ресей және көптеген Европалық елдерде  қолданылады. Сапаны тек жүйелік  және кешенді басқару – оның қажетті  деңгейге жетуін қамтамасыз етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

Бәсекелік саясатта тауарға  қатысты, ең алдымен, оның функционалдық  тағайындалуын,  сенімділік,  қолдануындағы  ыңғайлылық, сыртқы      келбетің эстетикалығы және басқа сипаттамалары, яғни берілген       тауардың үлгі тауарларға қарағандағы тұтынушының  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  мүмкіндіктері  назарға  алынады. Берілген тауардың жиынтық қасиеттерін  қосатын тауардың мұндай тұтынушылық  құндылықтарын  қалыптастыру нарықта  өмір сүріп қалудың  маңызды  шарты  болып  табылады.  Өндіруші бәсекеге  қабілетті тауарды  өндіргенде  әртүрлі  стратегияны  қолданылады:

  • Бәсекелестер тауарынан айырмашылығы бар кәсіпорын тауарына тұтынушының назарын аудару;
  • Өндіріске айқындалған тауарлардан барлық тұтынушылар үшін тартымды бір тауарды таңдап, соның негізінде нарықты жаулап алу;
  • Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасынан экономикалық тиімсіз тауарды уақытылы алып тастау;
  • Ескі және жаңа тауарлармен жаңа нарыққа шығудың амалын табу;
  • Сатып алушының жаңа қажеттіліктері  мен талғамдарына сәйкес өндірілетін тауардың модификациясын жасау;
  • Сатылатын тауарлардың сервистік қызмет жүйесі және жалпы өткізуді ынталандыру жүйесін жетілдіріп дамыту.

Халықаралық еңбек бөлінісі мен ғылыми-техникалық прогрестің әсерінен бәсекеге  қабілеттіліктің кең  таралуы өндірушілерді жаңа  бәсекеге  қабілетті  тауарларды мен оны  өткізудің жаңа нарықтарын көбірек        іздеуге  мәжбүр етеді. Халықаралық  тәжірибе  бір  ғана  өнім  емес, ассортименттік наборды құрастыратын кең параметрлік қатарды            өндіру тиімді екенін көрсетеді. Параметрлік  қатар мен ассортименттік     набор кең болған сайын, тұтынушы өзі үшін сатып алудың               оптималды нұсқасын табатынына ықтималдылығы жоғары болады.   Мысалы, бір-бірінен жүккөтерімділігі, жылдамдығы, айналу радиусы       және басқа айырмашылығы бар бір типті автотиеуіштерді шығару.          Әрбір сатып алушыға оның  жұмыс жағдайы есебінен сатып алынатын автотиеуіштердің  кейбір  анықталған  эксплуатациялық параметрлері     қажет  болады. Егер сатушы ол қажеттіліктерді қанағаттандырса, тұтынушы оны сатып алады; егер қанағаттандырмаса, тұтынушы басқа сатушыны  іздейді.


Информация о работе Өнімнің бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз ету