Өнімнің бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз ету

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 19:01, реферат

Описание работы

Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан әрі жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.

Содержание

Кіріспе
Өнімнің бәсекеқабілеттілігі.
Кәсіпорындағы өнімнің сапасын басқару.
Кәсіпорындарының бәсекеқабілеттілігінің факторлары.
Кәсіпорында өнім сапасын жетілдірудің негізгі бағыттары.
Қорытынды.

Работа содержит 1 файл

Тақырыбы.docx Реферат өнім.docx

— 58.07 Кб (Скачать)

Еліміз егемендігін алғаннан кейін кең байтақ әлемде өз орнымызды  табу мақсатында нарықтық жүйеге көшіп - әлемдік экономиканың бір бөлігі ретінде орныға бастадық. Өндіріс  – елдің экономикалық потенциалының  негізі, бәсекеге қабілетті өндіріс  қана экономиканың бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ете алады. Қазақстан  Республикасының өндірістік саясаты  осы салада жасалатын барлық нормативтік  құқықтық актілер, мемлекетті басқару  процедуралары және әр түрлі даму бағдарламаларының ең басты мақсаты  Қазақстан кәсіпорындарының бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау, яғни соның нәтижиесінде жалпы экономиканың бәсеке қабілеттілігін жоғарылату. Елбасы Н.Назарбаев Қазақстан  халқына арналған жолдауында елдің  экономикалық дамуындағы сапалық серпілістің  негізі ретінде Қазақстанның әлемдік  экономикаға ықпалдығын бірінші  басымдылық ретінде атап көрсетіп, БСҰ – ға кіруді экономикалық жаңашаландырудың қосымша құрамы ретінде атап көрсеткеннен кейін мақсатқа жету жолындағы жұмыстар жаңа сипатқа ие бола бастағандай.

Бірақ ұйымға мүше болу үшін ең алдымен отандық өнеркәсіп  бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Бұл  отандық тауар өнімнің импорт тауарларға барынша төтеп беруі  қажет. Қазақстанның БСҰ – ға қосылуы  республикамыздың бірқатар тікелей  сауда артықшылықтарына ие болуын қамтамасыз етеді. Сонымен бәсеке қабілеттілігі жоғары өндірісті қалыптастырудың нәтижелері келесілердей болуы мүмкін:

    • ішкі нарықтың дамуы және ЖІӨ-нің өсуі;
    • халықаралық шикізат нарығының жағдайына қарамастан валютаның түсуі және экспорттың өсуі;
    • бюджетке салықтың тұрақты түрде түсіп отыруы;
    • шикізатты терең өңдеуді қамтамасыз ету үшін табиғат ресурстарын тиімді қолдану;
    • елдің ғылыми потенциалын сақтау және дамыту;
    • халықты жұмыспен қамту;
    • саяси және әлеуметтік тұрақтылық.

Нарықты қатынастардың мәнін  көрсететін түйінді түсініктердің  бірі – бәсекеге қабілеттілік. Әсіресе, экономиканың негізгі звеносы болып табылатын кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін зерттеу мен талдау және соның негізінде тәжірибелік құндылығы жоғары тұжырымдар мен ұсыныстар жасау маңызды. Еліміздің экономикалық дамуы мен алдыңғы қатарлы бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу үшін тек макродеңгейде ғана емес микродеңгейде де маңызды міндеттер анықталып, оң шешімін табуы тиіс. Яғни, бәсекеқабілеттілік пирамидасына сәйкес мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігі экономика салаларының бәсекеге қабілеттілігіне, саланың бәсекеге қабілеттілігі кәсіпорынның, ал кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне тікелей байланысты болады. Сондықтан да кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Кәсіпорынның нарықтағы  ұстанымын талдау кезінде оның күшті және әлсіз жақтарын ғана емес, сондай-ақ әсер ететін нақты факторларды анықтау қажет. Фактор – бұл экономикалық, өндірістік қызмет нәтижесіне әсер ететін үрдістерді қозғаушы күш. Басқаша айтқанда, өндіріс тиімділігін анықтауға және әсер етуге мүмкіндік беретін барлық жағдайлар. Факторлардың болуы бәсеке қабілеттілікті қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз, сондықтан осы факторлар негізінде бәсекелік артықшылыққа ие болу және олар қаншалықты тиімді пайдаланылатындығына байланысты болады.

Кәсіпорынының бәсеке қабілеттілігі  мынадай бірқатар факторларға байланысты:

- кәсіпорын өнімдерінің сыртқы және ішкі нарықта бәсекеге қабілеттілігі;

- өндірілетін өнімдердің түрлері;

- нарықтың сыйымдылығы  (жыл сайынғы сату мөлшері);

- нарыққа кіру жеңілдігі;

- осы нарықта жұмыс  істеп жатқан кәсіпорындардың бәсекелік ұстанымдары;

- саланың бәсекеге қабілеттілігі; 

- аймақтың және елдің  бәсекеге қабілеттілігі; 

- кәсіпорынның қаржылық  жағдайы; 

- кәсіпорынның өзінің  ғылыми-зерттеу және тәжірибе-конструкторлық  әзірмелеріне арналған базаның  дамуы және оларға жұмсалатын шығындар деңгейі;

- өткізу тараптарының  болуы; 

- техникалық қызмет көрсету  жағдайы; 

- өткізуді ынталандыру  құралдары мен жарнаманың ықпалдылығы; 

- негізгі сатып алушылардың  төлем қабілеттілігі, ақпаратпен  қамтамасыз етілуі;

- ресурстық, яғни дайын  өнім бірлігіне жұмсалған ресурстар шығындары. Кәсіпорын бәсеке қабілеттілік өсімін қамтамасыз ету үшін ресурстық факторды бақылауға мүмкіншілігі бар. Яғни, өндіріс тиімділігін, капитал қайтымдылығын, еңбек өнімділігін арттыру өте маңызды. (қаржы, материал, еңбек)

- бағалық, яғни, дайын  өнімдер мен пайдаланылатын барлық  ресурстарға баға деңгейі мен динамикасы. Бұл фактор кәсіпорын тарапынан аз бақыланады, өйткені елдегі баға деңгейі мемлекеттің экономикалық саясатына байланысты болады;

- «орталар факторы» - бұл  факторға елдегі экономикалық (салық саясаты, банктік жүйенің сенімділігі, инфляция деңгейі және т.б.) және саяси жағдайлар, нарықтық контрагенттерге мемлекеттің әсер ету дәрежесі кіреді.

М.Портер бәсеке қабілеттілік факторларын өндіріс факторларымен  тікелей байланыстыра қарастырады:

- адам ресурстары –  (жұмыс күштерінің саны, біліктілігі  және құны;)

- физикалық ресурстар  – кәсіпорын орналасқан елдің  географиялық және климаттық  жағдайлары;

- білім ресурстары –  мемлекеттік салалық ҒЗИ, университеттер, жеке лобароториядағы нарықты  зерттеулер туралы мәліметтер  базасының, сондай-ақ, өнімдер мен  қызметтердің бәсеке қабілеттілігіне  әсер ететін ғылыми, техникалық  және нарықтық ақпараттар жиынтығы;

- ақшалай ресурстар - өнеркәсіпті және жекелеген кәсіпорындарды қаржыландыруға пайдаланылатын капитал құны мен көлемі;

- инфрақұрылым – қалыптасқан  инфрақұрылымның сапасы. Яғни, елдің  көлік, байланыс жүйелері, пошталық қызметтер және т.б.

М.Портер кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігінің барлық факторларын бірнеше типтерге бөлуді ұсынады.

Біріншіден, кәсіпорынның бәсеке қабілеттілік факторлары негізгі және дамыған болып бөлінеді. Негізгі факторлар – бұл табиғат ресурстары, елдің географиялық, климаттық жағдайы, біліксіз немесе жартылай білікті жұмыс күші. Дамыған факторлар – ақпарат алмасудың қазіргі заманғы инфрақұрылымы, жоғары білікті кадрлар, жоғары технологиялы өндірісті қолдану.

Екіншіден, мамандану дәрежесіне байланысты жалпы және мамандандырылған болып бөлінеді. Жалпы факторлаға инфрақұрылым, жоғары білімді персонал жатқызылса, мамандандырылған факторларға тар мамандандырылған персонал, айрықша инфрақұрылым жатады.

Үшіншіден, бәсеке қабілеттілік факторларын табиғи (табиғи ресурстар, географиялық жағдай) және жасанды  құрылған (техника, технологиялық, экономикалық орта және т.б.) деп бөлуге болады.

Төртіншіден, ішкі және сыртқы факторлар болып бөлінеді.

Ішкі факторлар - өзінің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету бойынша  кәсіпорын мүмкіндігін анықтайтын объективті критериилер.Оларға мыналарды жатқызуға болады:

- маркетингтік қызметтер  әлеуеті (потенциалы);

- ғылыми-техникалық потенциал; 

- өндірістік-технологиялық потенциал;

- қаржы-экономикалық потенциал; 

- кадрлық потенциал (кадрлар  құрылымы, кәсіби біліктілік құрамы);

- өткізуді ынталандыру  құралы мен жарнаманың тиімділігі;

- материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейі;

- өнімді сақтау, тасымалдау, қораптау жағдайы; 

- сервистік және кепілдік  қызмет көрстеу деңгейі және  т.б.

Сыртқы факторлар –  кәсіпорынға бағалық және бағадан  тыс сипаттамалары бойынша айтарлықтай тартымды өнімдер өндіруге мүмкіндік беретін әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастырушылық қатынастар. Оларға келесілер жатады:

- мемлекеттің экономикалық (амортизация, салық, қаржы-несие  саясаты және т.с.с.) және әкімшілік (заңнамалық актілерді әзірлеу, жетілдіру және іске асыру, стандартау мен сертификаттаудың мемлекетік жүйесі, тұтынушылар мүдделерін құқықтық қорғау) әсер етуі;

- кәсіпорын қызмет ететін нарықтың негізгі сипаттамалары (оның типі мен сыйымдылығы, бәсекелестердің болуы және мүмкіншіліктері).

- қоғамдық және үкіметтік  емес ұйымдардың қызметі; 

- саяси партиялар, қозғалыстар мен блоктардың іс-әрекеті мен ұстанымдары.

Жоғарыда айтқанымыздай, Гарвардтық бизнес мектебінің профессоры М. Портер компанияның нарықтағы  жағдайы мен тиімді әрекет етуіне бес түрлі факторлар тобы неғұрлым көп әсер ететінін анықтаған

Осы факторлардың өзара әрекеті  кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату үрдісін құрайды:

– бар бәсекелестермен  күрес;

– жаңа бәсекелестер жағынан  қауіп;

– жабдықтаушылармен сауда  жүргізу мүмкіндігі;

– тұтынушылардың таңдау жасау  мүмкіндігі;

– баламалы өнімдер жағынан  қауіп.

Жоғарыда атап өткеніміздей, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі оның өндіретін өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігіне тікелей байланысты. Осыған байланысты кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторларды қарастырғанда өнімнің бәсекеге қабілеттілігі және оның негізгі факторларын да қарастыру қажет. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі – өнімнің қарастырылып отырған кезеңдегі нарық талаптарына сәйкес болу қабілеті. Бәсекеге қабілеттілік өнімнің белгілі уақыт сәтінде салыстырмалы бағамен нақты нарықта өтуі үшін қажет және жеткілікті тұтынымдық қасиеттерінің жиынтығы арқылы анықталады. Тұтынымдық қасиеттер – тауардың тұтынушы талабын қанағаттандыруға бағытталған сипаттамалары. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етудің мақсаты оны нарықта тиімді өткізу арқылы жоғары деңгейде пайда алу болып табылады.

Қандай да бір өндірістің бәсекеге қабілеттілігін дамыту үшін саланың ерекшеліктерін, оған әсер ететін факторларды зерттеу керек. Бәсекеге қабілеттілік факторларын зерттеп, олардың сәтті әрекет ету жағдайларын анықтаған соң барып, кәсіпорын өзінің даму стартегиясын жасай алады. Күш-жігерін неғұрлым бәсекелік артықшылықтарды дамытуға, қайтарымы мол бағытқа жұмылдырады.

Өнімнің нарықтағы бәсекеге қабілеттілігіне ықпал ететін факторлардың маңыздылары келесілер:

- Әлеуетті тұтынушы үшін тауардың пайдалылығы. Тауардың пайдалылығы – оның тұтынымдық құны немесе тұтынушының талаптарын қанағаттандыру қабілеті;

- Тауардың бағасы. Пайдалылығы бірдей екі немесе одан да көп тауардың ішінде сатып алушының бағасы арзан тауарға ықылас білдіретіні анық. Бұл жерде сатып алушының әлеуметтік мәртебесін қолдау үшін сатып алынатын мәртебелік тауарлар есепке алынбайды, өйткені ондай тауарларды сатып алуда сатып алушы үшін баға шешуші роль атқармайды;

- Өнімнің жаңашылдығы. Бұл өнімге тұтынушы үшін маңызды, нарықтағы басқа тауарлардан ерекшелендіретін жаңашылдық енгізуді білдіреді. Мысалы, құс өнімдерінің жаңа ассортиментін енгізу, өнімнің орама дизайнын өзгерту.

Нарықтағы кез-келген тауар  онда қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесіне қарай тексеруден өтеді: әр сатып алушы өзінің жеке қажеттіліктерін неғұрлым толық қанағаттандыратын тауарды сатып алады, ал сатып алушылардың жиынтығы бәсекелес тауарлармен салыстырғанда қоғамдық қажеттіліктерге неғұрлым толық сәйкес келетін тауарды сатып алады. Сондықтан өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бәсекелестердің өнімдерін өзара салыстыра отырып қана анықтауға болады.

Бәсеке қабілеттілік факторларын  зерделеуге таяу шет елдердің ғалымдарымен қатар біздің республика ғалымдарының да жұмыстары арналған. Әдебиеттерді теориялық тұрғыда зерттеу мен талдау кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің сыртқы және ішкі факторларын көрсетуге мүмкіндік береді. Мұндағы ескеретін жағдай, кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі мен өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің өзара байланысы факторлар арқылы көрсетілген. Яғни, кәсіпорын тауарларының бәсекеге қабілеттілігін бірнеше белгілері бойынша талдау мен сараптау нәтижесінде нарықтағы ұқсас өнімдер өндіретін кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін анықтауға болады. Мұндай белгілер немесе факторлар келесі бағыттарда жүзеге асырылады: өнімдер, баға, өткізу каналдары, нарықта өнімдерді жылжыту. Осы аталғандар бойынша бәсекелік артықшылықты иелену кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеді.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігіне нарықтың саралануы да ықпал етеді. Нақты нарықтағы қызметті осы үрдістен бастау керек. Нарық сараланымы – бұл нарықтың ерекше бөліп көрсетілген бөлігі, тұтынушылардың, тауарлардың немесе кәсіпорындардың кейбір ортақ белгілері бар тобы.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі  деңгейіне, сондай-ақ өндіріс технологиясын жетілдірудің ғылыми-техникалық деңгейі мен дәрежесі, жаңа өнертабыстары мен жаңалықтарды пайдалану, өндірісті автоматтандыруда осы заманғы құралдарды енгізу аса маңызды әсер етеді

Шикізаттық тауарларын өндіруші фирмалардың бәсекеге қабілеттілігі  деңгейі көбінесе олардың қандай тауарлар сататынына, тауарлар қайда және қалай тұтынылатындығына байланысты.

Информация о работе Өнімнің бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз ету