Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Марта 2012 в 19:01, реферат
Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан әрі жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.
Кіріспе
Өнімнің бәсекеқабілеттілігі.
Кәсіпорындағы өнімнің сапасын басқару.
Кәсіпорындарының бәсекеқабілеттілігінің факторлары.
Кәсіпорында өнім сапасын жетілдірудің негізгі бағыттары.
Қорытынды.
Тақырыбы: Өнімнің бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз ету.
Орындаған: Маулутканова Назерке.
Мазмұны:
Кіріспе
Қорытынды.
Кіріспе.
Қазақстан Республикасы экономикалық даму кезеңінің жаңа белесіне аяқ басты. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан әрі жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.
Соңғы кезде біз өнімнің сапасы, сенімділігі, бәсеке қабілеттілігі, қауіпсіздігі сияқты түсініктермен жиі-жиі кездесіп, өнімнің сертификациясы туралы сөздер естіп, тұтынушылардың құқығын қорғау туралы заңын сақтауын талап етеміз.
Мұның бәрі біздің тауарлар мен қызметтердің сапасына деген көзқарасымызды өзгерткенін дәлелдеп отыр. Нарықтық жағдайда егер кәсіпорын өз өнімнің немесе қызметтің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ете алмаса, онда бұл кәсіпорынды ешқандай инвестициялар құтқара алмайды. Бәсеке қабілеттіліктің негізі сапа болып табылады. Бәсеке қабілеттіліктің құрамына сападан басқа баға, жеткізу уақыты, кепілдік, сервистік қызмет көрсету және тағы басқа көрсеткіштер кіргенімен сатып алушылар мен тапсырыс берушілер өнімді таңдағанда сапаны басқа қасиеттерден жоғары бағалайды.
Сапаны қамтамасыз ету үшін тек қана тиісті материалдық база мен жоғары білімді персонал жеткіліксіз, сонымен қатар мұнда сапаны басқару өнері де керек. Кәсіпорындар жағынан сапаны басқаруға деген жоғары назар аударатыны да осыдан.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық параметрлерін жақсарту.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін
бағалау үшін, ең алдымен, бәсекелестері
өнімді сатып жатқан немесе өткізуге
мақсат қойған нарықтар туралы
объективті ақпаратты алуы керек.
Нарықтарды талдауға ерекше назар аударылады.
Әсіресе берілген тауар қанағаттандырмайтын
қажеттіліктер және тұтынушылар
атап өткен тауардың жақсы қасиеттері
бағалану керек. Ең соңында техникалық
деңгейі және сапасы бойынша өндірілетін
өнімнің ақырғы тұтынушылардың талаптарына
сәйкес келетіні туралы мәселе шешіліп,
нарықты комплексті зерттеуі нәтижесінде
оның бәсекегқабілеттіліг
Тауардың қазіргі және болашақтағы бәсекеге қабілеттілігін бағалаудан кейін одан әрі өндірістік-өткізу саясаты туралы шешім қабылданады:
Өнеркәсіптік кәсіпорын жағынан өндіріс рентабельділігі мен өткізуін қамтамасыз ету мақсатында нарықтың жоспарланған үлеске ие болуға мүмкіндік беретін тауарлардың өндіріс көлемін туралы мәселе шешілуі тиіс.
Сонымен бірге, кәсіпорынды
ресурстық қамтамасыз ету ─ қажетті
материалдар, жинақтайтын бұйымдар,
жартылай фабрикаттар сатып
алу мүмкіндігі, қажетті қаржылық
ресурстар мен квалификациялық
деңгейі жоғары кадрларды тарту
да өте маңызды мәселе болып табылады.
Көптеген бәсекелестерге қатысты нарықта
ұстанымды жаулап алудың негізгі
сәті - өндірілетін өнімдердің уақытылы
жаңаруы, өнімнің жаңа түрлерінің
өндірісін ұйымдастыру мен
Жаңа тауарларды шығару тұжырымдамасының негізінде тек жаңа техникалық және техникалық-экономикалық параметрлерге жетудегі дәстүрлі ұмтылысты сақтау ғана емес, сонымен бірге басқа аналог тауарларға қарағанда бәсекеге қабілеттілігі жоғары деңгейлі «нарықтық жаңалық тауарды» құруға талпыныс болып табылады.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлату жолдарын таңдаған кезде жаңа өнім шығару емес, өндірістен моральдық ескірген өнімді шығару емес, тауардың модификациясы туралы уақытылы шешім қабылдау жиі жақсы нәтижеге әкеледі. Өнімнің модификациясы туралы шешім үлкен пайда алу үшін тұтынушының ерекше қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қабылданады. Сонымен қатар, машина, құрал-жабдық және басқа өнеркәсіптік өнімді қолдану мен өткізумен байланысты комплексті қызметті көрсету, олардың жоғары тиімділікті эксплуатацияға әрқашан дайын болуы, яғни сервистік немесе сатудан кейінгі қызмет көрсету өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатуға дұрыс бағыт болып табылады. Білікті ұйымда өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарлатудың шешуші факторы сервис болып табылады, өйткені қосалқы бөлшектерге баға өндірісте қолданылатын жинақтаушы бөлшектерге қарағанда 1,5-2,0 есе төмен.
Өнімнің бәсекеге қабілетілігін жоғарылату міндетін шешуінде таңдау мәселесі мен жаңа өткізу нарықтарын игеру мағынасы жылдан жылға артып келеді. Осыған байланысты әрбір кәсіпорында бұл салады талдау-іздеу жігері өте маңызды. Жаңа өткізу нарықтары тауардың бәсекеге қабілеттілігі мен өткізу қызметінің рентабельділігін күрт өзгерте алады. Жаңа нарыққа тауарды еңгізіп, оның өмірлік циклін ұзартуға болатыны түсінікті. Әлемнің әрбір түкпірінде сұраныстағы маусымдық ауытқулар тауардың сәтті өтуіне себеп бола алады. Ал жаңа нарықтарда сату көлемінің өсуі бірлік өнім өндірісіне кеткен шығынды азайта алады, бұл ең алдымен арзан жұмыс күші, салықтың төмен деңгейі және кеден баждары мен өткізу жаңа нарықтардағы басқа факторлар есебінен болуы мүмкін. Осыған байланысты, егер ішкі нарықта тауардың бәсекеге қабілеттілігі күрт төмендесе, тауардың бәсекеге қабілеттілігі әрі қарай дамуы үшін (оның модификациясын жасамас бұрын, жаңа өнім немесе ескі өнімді өндірістен шығармас бұрын) онымен өткізу жаңа нарығына шығуға әрекет жасау керек.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау нәтижесінде бәсекеге қабілеттілікті жоғарылатудың келесі жолдары қабылдануы мүмкін:
Қорытындылай келіп, өнімнің бәсеке қабілеттілігін жоғарылатудың 3 негізгі жолдарын көрсетуге болады:
Соңғысына біз ашып қарастырайық.
Бәсекеге қабілеттіліктің өсуі, евро курсының жоғарылауы мен доллардың төмен түсуі өндірушілерді өз өнімін өткізуінде тұтынушылар мен делдалдарға жол беруге тура келеді. Одан басқа, жарнама тиімділігі өсіп жатқан шығындар есебінен төмендейді. Сондықтан, соңғы кездері көптеген кәсіпорындар жарнама ЖШС-гіна тиімді сүйеу болатын өткізуді ынталандыруға сүйенеді.
Сатуды ынталандыру көп
мақсатты бағытқа ие. Мақсат алдағы
ықпал объектісіне байланысты таңдалады.
Мақсаттық аудиториялардың
Ынталандыру шаралары қойылған мақсатқа байланысты таңдалып алынады. Оларды 3 ірі топқа біріктіруге болады:
Нан өндірісі саласы өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру біртұтас механизм ретінде нарықтық сұраныс пен ұсыныстың жалпы жағдайына, қоғамның дамуына, адамзат мәдениеті мен ой-санасына, қауіпсіздік пен эстетика және экология талаптарына, сонымен қатар, кәсіпорынның мүмкіндігіне сай болуы тиіс.
Бәсекеге қабілеттілік арттыру механизмі – кәсіпорынның нәтижелі жетістікке жету жолында атқаратын іс-әрекеттері арқылы сипатталады. Дұрыс таңдап алынған механизм осы кәсіпорынның нарықтық бәсекелестерімен салыстырғанда ұзақ уақытқа ұтымды жағдай жасауына негіз болады.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін
арттыру механизмі іс-
бірінші топ - өнімнің сапасын арттыру шаралары немесе кәсіпорынның сапа жүйесін жетілдіру;
екінші топ - өнімнің бағасын қалыптастыру немесе кәсіпорынның баға саясатын реттеу;
үшінші топ - өнімнің тартымдылығын арттыру немесе кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру;
төртінші топ - өнімнің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету немесе өндірісті мемлекеттік қолдау
Әлемдік нарықтың қатаң талаптары мен бәсекелік шарты отандық нан өнімін өндіруші кәсіпорындардың сол талаптар мен шарттарды ұстануын қалайды. Өйтпеген жағдайда әлемдік нарықта осы өнім түрлері бойынша негізгі өндірушілер саналатын АҚШ, Израиль, Голландия, Ресей және Дания сынды мемлекеттер өздерінің бәсекелік ықпалымен еліміздің ішкі нарығын және енуге мүмкін болатын көршілес мемлекеттердің нарықтарын игеріп алуы қиын емес.
Сондықтан да ішкі нарықтағы нан өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігі, ең алдымен, олардың сапасына байланысты.
Нан өнімдерінің сапалық
деңгейі бірнеше тұрғыда
Информация о работе Өнімнің бәсекеқабілеттілігін қамтамасыз ету