Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 18:57, курсовая работа
Қазақстанның экономикасы Ресейдің экономикасының бір бөлігі ретінде әр деңгейде дамып келеді. Қазақстанның шаруашылығы бір жағынан, Ресейдің және әлем нарығының тауар айналысының, екінші жағынан, темір жолдарын салу жұмыстарын жедел қолға алу тиімділігін қатар қарастыра отырып, темір жолдарды жүргізу арқылы Қазақсстанның ауыл шаруашылық өнімдері мен шикізаттары (ет, тері, жүн т.б.) сыртқа шығарылып отырған.
Қазақстанның Ресей нарығына интенсивті түрде енуі, нәтижесінде Ресейлік орталық-өнеркәсіптік аудандармен өзара экономикалық байланысы одан әрі кеңейді.
Кіріспе......................................................................................................................3
І Бөлім. Несие жүйесі
1.1. Несие жүйесі туралы ұғым.............................................................................5
1.2. Несие жүйесінің дамуы ................................................................................11
ІІ Бөлім. Қазақстан Республикасының несие жүйесі
2.1.Несиелік жүйені құру принциптері..............................................................15
2.2.Қазіргі несие жүйесінің дамуы.....................................................................18
2.3.Несиелік және банктің мекемелер................................................................19
2.4.Несие жүйесі және оның Қазақстандағы дамуы.........................................25
ІІІ Бөлім. Әлемдегі несие жүйесінің қазіргі даму тенденциясы
Қорытынды...........................................................................................................33
Қолданылған әдебиеттер ..................
Инвестициялық және инновациялық банктер ұзақ мерзімге ақшалай қаражаттар тартуға, соның ішінде облигациялық займдарды, ақшаларды және бағалы қағаздарды шығару арқылы және ұзақ мезімді ссудаларды беруге маманданады. Инвестициялық банктер ұзақ мерзімдік салымдар үшін қаржылары жетіспейтін кәсіпкерлер және ұзақ мезімге қаржы салушы салымшылар арасындағы делдалдық мекеме болып табылады. Инновациялық банктер инвестициялық банктер сияқты, бірақ та технологиялық жаңашылдықтарды әзірлеу мен игеруді ғана несиелейді.
Қазақстан Даму банкі (ҚДБ) 2002 жылы құрылды. 100 пайыздық мемлекеттік жарғылық капиталы бар акцияонерлік қоғам ретінде оның ҚР-ның «Қазақстан Даму банкі жөніндегі» заңымен айқындалатын құқықтық мәртебесін бар.
Ол маңызды қаржы буыны және ҚР-ның 2003-2015 жылдардағы индустриалды-инновациялық Даму стратегиясын жүзеге асыру құралдарының бірі болып табылады. Банк инвестициялық-инновациялық мәртебеге ие. Қазақстан Даму банкінің негізгі мақсаттары мен міндеттеріне мыналар жатады:
Мемлекеттік инвестициялық қызметі жетілдіру және тиімділігін арттыру, өндірістік инфрақұрылым мен өндеуші өнеркәсіпті дамыту, экономика ішкі және сыртқы инвестициялардың тартылуына ықпал ету. [12]
Ипотекалық банктер жер мен жылжымайтын мүлікті ұзақ мерзімдік негізде кепілге қою арқылы қаржыларды тарту мен орналастыру бойынша несиелік операцияларды жүзеге асырады.
Салалық және аймақтық банктердің мамандану дәрежесі, олардың активтері мен пассивтерін қалыптастыру ерекшеліктері едәуір дәрежеде олардың қызмет ету саласына, сонымен бірге клиенттердің байланысқан айырмашылықтарға тәуелді болады.
Жинақ банктері әлемдік несие жүйесінде орын алады. АҚШ-тың несие жүйесінде ссуда-жинақ банктері және ассоциациялар 21 пайыздық үлесті алады. Олар көптеген елдерде пайда алу үшін емес, мемлекеттің немесе жеке тұлғалардың бастамасы бойынша аздаған жинақтары тарту және ортақ мүдде үшін құрылды. Қазіргі таңда жинақ банктері заңдық тұрғыда айырқша заңдармен және нормативтермен реттеледі. Олар халыққа төмен пайызбен тұрғын үй салу үшін ұзақ мерзімдік несие алуға мүмкіндік береді. Жинақ банктері үлкен табыс алмайды, ал олардың пайдасы елеусіз ғана болады. Жинақ банктерінің басты мақсаты – коммерциялық банктер сияқты пайда лау емес, мемлекет пен халыққа қызмет көрсету болып табылады. Барлық елдердегі жинақ банктері халықтың барлық салымдарының едәуір бөлігін тартады.
Тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Қазақстанда 2003 жылы жарғылық қоры 10 млрд. теңгеге құрайтын Қазақстан тұрғын үй құрылысы-жинақ банкі (ҚТҚЖБ) құрылды.
1997 жылы 11 шілдеде қабылданған «Банк қызметі мәселелері бойынша ҚР-ның кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу жөніндегі» ҚР заң банктердің депозиттік және инвестициялық банктерге бөлінуін тоқтатты.
Мамандандырылған банктік емес несие-қаржы мекемелері – кез-келген несие жүйесінің маңызды буыны. Олар ссудалық капиталдың салыстырмалы шағыг аясында әрекет етеді, ол жерде арнайы білім мен айрықша техникалық тәсілдер талап етіледі. Ол әрі түрлі маманданудағы қаржы институттарының жиынтығы: ссуда-жинақ мекемелері, инвестициялық қорлар мен компаниялары, зейнетақы қорлары, сақтандыру, фирмалары мен компаниялары, өзара көмек кассалары, ломбардтар және т.б. Бұл мекемелер өзінің дамуының бастапқы кезеңінде коммерциялық банктердің орындамайтын қызметтері мен операцияларын орындауды өз мойнына алады. Бірақ та қазіргі таңда дамыған елдердегі бұл институттар халыққа, фирмалар мен компанияларға қызмет көрсету бойынша коммерциялық банктермен бәсекелесе бастады, яғни коммерциялық банктер және банктік емес мекемелер арасындағы айырмашылықжойылып жатыр. Дәстүрлі емес операцияларды кеңейту арқылы банктік емес мекемелер банктік нарықтарға кіре бастады.
Мамандандырылған несие-қаржы институттары ипотекалық, тұтынушылық және ауыл шаруашылығы несие саласында кең тарады. Олар халықтың аздаған жинағын тартумен, капиталды инвестициялаумен, бағалы қағаздарды орналастырумен айналысады.
Жекелеген
мамандандырылған несиелік институттар
Қазақстан аумағында
Жинақ
кассалары жөнінде айырқша сөз етуге
болады. Бұрыңғы КСРО-ның несие жүйесі
құрамында Мемлекеттік еңбек жинақ кассалары
мекемелері кірген. Олар халық жинақтарын
салымдарға тарту, еркін айналатын мемлекеттік
займдар және ақшалай –заттық лотореяларды
тарту қызметтерін атқарды, халыққа, бюджеттік
және қоғамдық ұйымдарға есеп айырысу-кассалық
қызмет көрсетумен айналысады, сонымен
бірге тұрғын үй-құрылыс кооперативтерінің
пайлық жарналарын қабылдады. Жинақ
кассалары барлық әкімшілік аудандар
да, ұжымдар мен кеншарларда жұмыс істеді.
Қазақстан аумағында олардың саны 4,8 мыңнан
астам болды. [4]
2.4.Несие
жүйесі және оның
Қазақстандағы дамуы
Соңғы жылдары Қазақстанның қаржы секторы
тұрақты дамуда. Бұған қолайлы сыртқы
экономикалық конъюнктура және соңғы
жылдар бойы Қазақстандағы макроэкономикалық
дамудың жоғары тұрақты қарқыны ықпал
етуде. 2005 жылғы алдын ала бағалау бойынша
өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда
тауарлар мен қызмет көрсетулердің сыртқы
сауда айналымы 33,8% өсіп, 55,4 млрд. долларға
жетті, тауарлар мен қызмет көрсетулер
экспорты – 34,5% өсіп, 30,4 млрд. долларға
дейін жетті, ал тауарлар мен қызмет көрсетулер
импорты – 32,9% өсіп, 25,0 млрд. доллар болды.
Қазақстан Республикасының Статистика
агенттігінің деректері бойынша 2005 жылы
ЖІӨ-нің нақты өсуі 2004 жылмен салыстырғанда
9,4% құрады. Өндірістің нақты көлемінің
өсуі экономиканың барлық салаларында
байқалады: өнеркәсіпте – 4,6%, ауыл шаруашылығында
– 7,3%, құрылыста – 37,8%, көлік қызметін
көрсету көлемі – 7,0%, байланыс қызметі
– 27,7%, сауда – 9,3% көбейді. 2005 жылы негізгі
капиталға инвестициялардың өсуі 2004 жылмен
салыстырғанда 35,7% жетті. 2005 жылы 2004 жылмен
салыстырғанда халықтың ақшалай кірісінің
өсуі нақты көрсетуде 12,0% құрады. Осының
салдарынан бөлшек тауар айналымының
көлемі 2005 жылы 12,4% көбейді. 2005 жылы инфляция
7,5% жетті (2004 жылғы желтоқсанға қарағанда
2005 жылғы желтоқсан). Бірқатар алдыңғы
жылдар бойы өсіп отырған инфляциялық
қысым жағдайында инфляция салыстырмалы
түрде алғанда жоғары емес тұрақты деңгейде
– жыл аяғындағы есеппен 6-7% (2002 жылы –
6,6%, 2003 жылы – 6,8%, 2004 жылы – 6,7%) шегінде
қалды. 2005 жылы азық-түлік тауарлары –
8,1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар –
5,9%, ақылы қызмет көрсету – 8,0% қымбаттады.
Баға газбен жабдықтауға – 34,5%, жемістер
мен көкөніске – 23,1%, білім беру мекемелерінің
қызмет көрсетулеріне – 19,5%, күрішке –
18,3%, сондай-ақ ет және ет өнімдеріне –
12,5% неғұрлым өскенін көрсетті. Бірқатар
факторлар, оның ішінде экономикалық белсенділіктің
артуы 2005 жылы инфляциялық қысымның нығаюына
ықпал етті. Жыл бойы әлемдік тауар нарықтарындағы
қазақстандық экспорттың негізгі тауарларына
бағалардың өсуі сақталды. 2005 жылы 2004 жылмен
салыстырғанда Brent сортты шикі мұнайға
әлемдік бағалар 40,8%, табиғи газға – 42,5%
өсті. Бұл ішкі нарықтағы тиісті тауарларға
отандық өндірушілер бағаларының көтерілуіне
алып келді.
2005 жылы мемлекеттік бюджет шығыстарының өсуі жалғасты. Егер олар 2004 жылы ЖІӨ-ге 23,9% болса, 2005 жылы олар ЖІӨ-ге 27,9% дейін көбейді. Мұның өзі экономикалық белсенділікті ынталандырады, алайда инфляциялық қысымның ұлғаюына ықпал етеді. 2005 жылы халық кірістерінің өсуінен туындаған инфляциялық күтулер қосымша инфляциялық фактор болды. 2005 жылы өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындардың бағалары (2004 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2005 жылғы желтоқсан) 20,3% өсті. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүргізген нақты сектор кәсіпорындары мониторингінің деректері іс жүзінде 2005 жыл бойы бағаның өсу үрдістерінің сақталғанын растайды (орташа алғанда сауал жүргізілген кәсіпорындардың 25% астамы дайын өнімге бағалардың тұрақты өсуін, 55% жуығы сатып алынатын шикізат пен материалдарға бағалардың өсуін күтуде). Тұтыну бағаларының қалыптасуына кірістердің ұлғаюы мен экономикалық белсенділіктің артуымен көрінген ақшаға сұраныстың өсуі белгілі бір дәрежеде әсер етті. Ақшаға сұраныстың өсуі ақша агрегаттарының кеңеюіне себеп болды. 2005 жылы ақша массасының 25,2% өсіп, 2065,3 млрд. теңгеге (2004 жылы– 69,8%) дейін көбеюі ішкі кредиттеудің өсуімен қамтамасыз етілді. Экономикаға кредиттер 2005 жылы 74,7% өсті. Ақша массасының кеңею қарқындарымен салыстырғанда номиналды ЖІӨ өсуінің барынша жоғары қарқыны (27,0%) экономиканы монетизациялау деңгейінің 2004 жылдың соңындағы 28,1%-дан 2005 жылдың аяғында 27,7%-ға дейін өсуіне алып келді. 2005 жылы айналыстағы қолма-қол ақша 8,6% өсіп, 411,8 млрд. теңгеге жетті, ал 2004 жылдың тиісті кезеңінде өсу 59,0% құрады. 2005 жылы ақша базасы 14,7% 663,0 млрд. теңгеге дейін өсті (2004 жылы – 82,3%). Ақша мультипликаторы 2005 жылы ақша базасының кеңею қарқынымен салыстырғанда ақша массасы өсуінің озық қарқыны салдарынан 2,86-дан 3,12-ге дейін өсті. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таза халықаралық резервтері 2005 жылдың аяғында бір жыл ішінде 23,8% қысқарып, 7065,9 млн. долл. болды. Елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда (ағымдағы бағалармен),Қазақстан РеспубликасыҰлттық қорының ақшасын қоса алғанда (алдын ала деректер бойынша 8014,7 млн. доллар) 2005 жылы 4,7% ұлғайып, 15084,4 млн. долларды құрады. 2005 жылы артық өтімділік деңгейін төмендету үшін ақша-кредит саясатын күшейту шаралары қабылданды. Ресми қайта қаржыландыру ставкасы 7%-дан 8%-ға дейін бірте-бірте көтерілді, ең төменгі резервтік талаптарды есептеу базасы кеңейтілді және резервтік активтердің тізбесі қысқартылды. Ішкі валюта нарығында сұраныстың ұсыныстан шамалы ғана асып кетуі 2005 жылы теңгенің АҚШ долларына қатынасы бойынша 2,9% номиналдық құнсыздануына алып келді (биржалық бағам бойынша). Бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта нарығына өзінің қатысуын қысқартуға мүмкіндік берді. Ақша-кредит саясатының инфляцияға әсерін күшейту үшін ақша-кредит саясатының құралдары жетілдірілді. Мәселен, 2005 жылғы 1 шілдеден бастап депозиттік және кредиттік операциялар, қысқа мерзімді ноталарды шығару, репо операциялары сияқты ақша-кредит саясатының жекелеген операцияларының мерзімдері мен ставкалары бойынша бірегейлендіруді болжайтын ақша-кредиттік реттеу тетігіне өзгерістер енгізілді. Бірегейлендіру нәтижелерін күшейту үшін «овернайт», «овердрафт» заемдарын беру және тікелей репо операцияларын жүргізу уақытша тоқтатылды. Қысқа мерзімді ноталар эмиссиясының көлемі 3,5 есе ұлғайған кезде (1960,2 млрд. теңге) олардың айналыстағы көлемі 2005 жылы 396 млрд. теңгеден 161 млрд. теңгеге дейін қысқарды. Бұл шығарылатын ноталардың айналыс мерзімдерінің айтарлықтай қысқаруына байланысты (2004 жылы орташа алғанда 243 күннен 2005 жылы орташа алғанда 30 күнге дейін). Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің екінші деңгейдегі банктерден депозиттерді тарту көлемі 2005 жылы 3,4 есе 2627,9 млрд. теңгеге дейін өсті. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің олар бойынша өтелмеген міндеттемелерінің көлемі 10,3% 78,8 млрд. теңгеден 86,9 млрд. теңгеге дейін өсті. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің баға тұрақтылығына жету жөніндегі қабылдаған шараларына қарамастан, инфляция бір жылда орташа есеппен алғанда 2005 жылға арналған мақсатты бағдардан (5,2-6,9%) асып түсіп, 7,6% құрады. Осы жағдайларда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Ақша-кредит саясатының 2006 – 2008 жылдарға арналған негізгі бағыттарын әзірледі.[11] Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2006-2008 жылдарға арналған қызметінің негізгі бағыттары: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған ақша-кредит саясатын жүзеге асыруды өз қызметінің басым бағыты деп айқындайды. Тиісінше инфляциялық таргеттеу қағидаттарына көшу жөніндегі жұмыс жалғастырылады. Бұл инфляция бойынша мақсатты бағдарларды негізге ала отырып, ақша-кредит саясатының негізгі өлшемдерінің болжамдарын құруды болжайды.Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің болжамы 2006 жылы іске асыруға белгіленген шараларды нақтылай отырып, тұтастай алғанда үш жылға (2006-2008 жылдар) берілген, бұл осы құжаттың орташа мерзімді бағытын атап көрсеті еді. Келесі жылдарға көрсеткіштер ағымдағы жылдың соңында нақтыланатын болады. 2006-2008
жылдарға арналған ақша-кредит
саясатын әзірлеу кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатының негізгі мақсаты мұнайға қалыпты бағалар сценарийін іске асыру кезінде инфляцияны 5,7-7,3% шегінде және мұнайға жоғары бағалардың сценарийін іске асыру кезінде – 6,9-8,5% шегінде ұстау болады. Екі сценарийдің ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мұнайға қалыпты бағалардың сценарийін барынша шынайы деп есептейді. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бірқатар шараларды, оның ішінде ақша-кредит саясатын қатаңдату жөніндегі шараларды іске асыруды жоспарлап отыр. Бұл сценарийге қарамастан шетелдік капиталдың айтарлықтай келуі, ішкі қаржы нарығында өтімділіктің артық болуы, мемлекеттік бюджет шығыстарының өсуі жағдайларында инфляциялық қысымның сақталуы болжанатынына байланысты. Ақша-кредит саясаты саласында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2006-2008 жылдары ақша-кредит операцияларын пайдаланудың тиімділігін арттыру және ақша нарығының жағдайына қабылданатын шаралардың әсерін одан әрі күшейту жөніндегі жұмыстарды жалғастырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша нарығындағы ахуалға және инфляцияның деңгейіне байланысты өз операциялары бойынша ставкаларды, ресми қайта қаржыландыру ставкасын қоса алғанда, реттеп отырады. Неғұрлым маңызды мәселелер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясаты жөніндегі кеңесінің мәжілісінде қарастырылатын болады, оның жұмысына Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, мемлекеттік органдардың, академиялық топтардың, сондай-ақ қаржы секторының өкілдері қатысады. Қаржы нарығындағы сыйақы ставкаларын реттеудің, сондай-ақ банктердің артық өтімділігін реттеудің негізгі құралдары екінші деңгейдегі банктердің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттері және қысқа мерзімді ноталарды шығару болып отыр. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі депозиттерді тарту көлемін шектемейді, алайда олар бойынша ставкаларды айқындайды. Қысқа мерзімді ноталарды шығару қысқа мерзімді құралдар бойынша «қисық кірістілікті» қалыптастыру және қаржы нарығының басқа құралдарын дамыту мақсатында жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сыйақының нарықтық ставкаларына әсерін ставкалардың дәлізін (төменгі ставка – депозиттерді тарту жөніндегі ставка, жоғарғы ставка – заемдар беру жөніндегі ставка) белгілеу арқылы арттыру жұмысы жалғастырылады. Тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіру шеңберінде қайтарылуына Қазақстанның жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қоры кепілдік беретін жеке тұлғалардың жаңадан тартылатын салымдары (депозиттері) бойынша сыйақының шекті ставкаларын ресми қайта қаржыландыру ставкасына байланыстыру мүмкіндігі қарастырылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатының трансмиссиялық тетігінің үлгісі жетілдіріледі, ол ақша-кредит саясаты құралдарының негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерге, атап айтқанда инфляцияға әсерін бағалауға мүмкіндік береді. Артық өтімділік проблемасының өткірлігін төмендету үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі банктердің нормативтерді сақтауға тиіс міндеттемелерін кеңейту арқылы ең төменгі резервтік талаптарды есептеу тетігін одан әрі жетілдіруді жүзеге асыруды ниет етіп отыр. Өтімділікті шектеу бойынша көзделген шараларға қарамастан, ақша ұсынысы экономикалық өсудің барынша жоғары қарқынын қамтамасыз ететін болады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюта бағамының қысқа мерзімді және алып-сатарлық ауытқулары салдарын әлсірету мақсатында ғана валюта бағамын қалыптастыруға араласуды жүзеге асыра отырып, қандай да бір ұзақ мерзімді белгіленген дәлізді айқындамай өзгермелі айырбас бағамы саясатын жүргізуді жалғастырады. Бағамның ауытқуы ақшаға сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасына байланысты болады. Шетел валютасы ағындарына мониторинг жүзеге асырылады. Қаржылық емес корпорациялар секторының даму үрдістерін және бағыттарын, қалыптасқан экономикалық конъюнктураны және кәсіпорындардың қаржылық жағдайын, төлем қабілеттілігі деңгейін және капитал тарту қажеттілігін, кредиттік ресурстарға сұранысын, кәсіпорындардың инвестициялық саясатын бағалау мақсатында экономиканың нақты секторы кәсіпорындарының мониторингі бойынша жұмыстар жалғастырылады. Инфляцияны
ұстау жөніндегі шаралар Ақша-кредит саясаты қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға ықпал етеді. Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2003-2006 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес қаржы нарығын одан әрі дамыту оның барлық бөліктерін халықаралық стандарттарға жақындату бағытында жүргізіледі.Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігімен және басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп экономиканың әлсіз факторларын ашатын Қаржылық тұрақтылық туралы есепті дайындау жұмысын жүргізеді.Халықаралық қаржылық ұйымдармен (Халықаралық Валюта Қоры, Дүниежүзілік Банк, Еуропалық Қайта құру және Даму Банкі, Азия Даму Банкі, Ислам Даму Банкі және басқалары) белсенді ынтымақтастық жалғастырылады. [2] Қазақстан
Республикасының Үкiметi мен
|
ІІІ БӨЛІМ.
Әлемдегі несие жүйесінің даму тенденциясы
Қазіргі кездегі несие жүйесі
соңғы жылдары едәуір
Ірі әмбебап банк өз клиенттері үшін дипозиттік шоттарды жүргізу, қолма-қолсыз есеп айрысу, жинақтарды қабылдау, әр алуан несиеларді беру, құнды қағаздарды сатып алу, сенімхат бойынша мүлікті басқару және басқа көптеген банктік және «банк мамандығы» қызметтері көрсету бойынша операциялардың көптеген түрлерін (кейбір бағалаулар бойынша 200-ге жуық) жүзеге асырады. Несиелік мекемелердің қызметінің көп жақты сипаты қазіргі кездегі қаржылық капиталға толық жауап береді.
Несиелік мекемелердің
Біріншісі – дәстүрлі емес банктік операциялардың кеңеюі арқылы. Коммерциялық банктер сақтандыру бизнесіне, факторингке, ақпараттық-кеңестік бизнеске және т.б. енуге тырысады. Олар қаржылық қызмет көрсету, атап айтқанда жылжымайтын мүлік пен мәмілелер, бухгалтерлік және компьютерлік қызмет көрсету, лизингтік іс салаларына қатыса отырып, неселік мекемелердің басқа топтармен тікелей конфротацияға шығады.
Екіншісі- банктік емес мекемелердің (сақтандыру брокерлік, жинақ, серіктестік компаниялар, зейнетақы қорлары және т.б.) банктік нарықтарға енуі арқылы. Банктік емес мекемелер қазіргі таңда банктер мен инвесициялық салада, ақпараттық-кеңестік қызметтерді көрсетуде, сонымен бірге банктік салада- дипозиттік ссудалық операцияларда барынша бәсекелесіп келеді.
Соңғы жылдары банктік және
басқа арнайыланған қаржы
Бұрын коммерциялық банктер депозиттер бойынша қойылымдарды көтеру сияқты халықтың жинақ ақшаларын тартудың тиімді құралын қолдана алмады. Олар пайыздық қойылымдардың максималды шегін белгіледі, оны жедел және сақтандыру салымдарын салушыларға төлеу рұқсат етілді, ал басқа арнайыланған несиелік мекемелерде шектеулер болмады. Әрине, соңғылары бәсекелестік күресте артықшылыққа ие болды. Банктер ақша нарығы сертификаттарын шығаруға рұқсат алды, олар бойынша пайыздар конъюктарының жағдайына байланысты белгіленді. Сонымен қатар, АҚШ-та 1980 жылы депозиттік мекемелерді реттеу және ақша айналымын қадағалау жөніндегі заң салымдар бойынша пайыздарды төлеудің барлық шектеулерін алып тастайды. [6]
Ірі банктік мекемелерге
Мынаны атап өту керек, экономиканың өзгермелі жағдайларына сәйкес банктік қызметтің өзінде, дәстүрлі банктік операцияларда қайта құруға жүзеге асты. Оған банктік қызметті реттеуші әкімшілік ережелерді алып тастауға, яғни қайта реттеуге ықпал етті. Қайта реттеудің мақсаты- бәсекенің өте кең құралдарын қолдануға, банктік қызметтердің нарығын жандандыруға банктерді итермелеу.
Банктік
қызметтерді қайта реттеу
Қорытынды
Қазақстанды әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына енгізу бағдарламасын ұсынған Президент Нұрсұлтан Назарбаев өзінің бұл жолғы Жолдауында тәуелсіз Қазақстанды әлемдік экономикаға сай дамытудың бағыт-бағдарын айқын көрсетіп берді. «Біз Қазақстанды ғаламдық экономикалық тенденцияларға сәйкес дамыған, әлемдегі жасалып жатқан алдыңғы қатарлы жаңалықтарды қабылдаушы және жаңа экономикалық жағдайларға тез бейімделуші мемлекет ретінде көргіміз келеді. Ол үшін алдымен, қатал бәсекеге дайын болып, оны өз мүддеміз үшін пайдалана білуіміз керек »,-атап көрсетті Президент Нұрсұлтан Назарбаев. Елбасының пікірінше, еліміздің экономикасын ғаламдық экономикамен ықпалдасуға мүмкіндік беретін көп жақты экономикалық жобалар белсенді түрде қатыса алады және қатысуы тиіс. Бұл тұста мемлекет іскер бастамалар жолындағы заңнамалық, әкімшілік, бюрократиялық кедергілерді жойып, жеке капиталдың перспективалы іскер бастамаларына қолдау көрсетуге тиіс.