Несие жүйесінің түсінігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 18:57, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанның экономикасы Ресейдің экономикасының бір бөлігі ретінде әр деңгейде дамып келеді. Қазақстанның шаруашылығы бір жағынан, Ресейдің және әлем нарығының тауар айналысының, екінші жағынан, темір жолдарын салу жұмыстарын жедел қолға алу тиімділігін қатар қарастыра отырып, темір жолдарды жүргізу арқылы Қазақсстанның ауыл шаруашылық өнімдері мен шикізаттары (ет, тері, жүн т.б.) сыртқа шығарылып отырған.
Қазақстанның Ресей нарығына интенсивті түрде енуі, нәтижесінде Ресейлік орталық-өнеркәсіптік аудандармен өзара экономикалық байланысы одан әрі кеңейді.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
І Бөлім. Несие жүйесі
1.1. Несие жүйесі туралы ұғым.............................................................................5
1.2. Несие жүйесінің дамуы ................................................................................11

ІІ Бөлім. Қазақстан Республикасының несие жүйесі
2.1.Несиелік жүйені құру принциптері..............................................................15
2.2.Қазіргі несие жүйесінің дамуы.....................................................................18
2.3.Несиелік және банктің мекемелер................................................................19
2.4.Несие жүйесі және оның Қазақстандағы дамуы.........................................25
ІІІ Бөлім. Әлемдегі несие жүйесінің қазіргі даму тенденциясы

Қорытынды...........................................................................................................33
Қолданылған әдебиеттер ..................

Работа содержит 1 файл

Несие жүйесінің түсініг 39 бет.doc

— 192.50 Кб (Скачать)

     Өзара жинақтау банктері «өзара» кәсіпорындар типі бойынша ұйымдастырылған, оларды арнайы кеңес басқарады. Олар халықтың салымдарын жұмылдырады және оларды жылжымайтын мүлік пен бағалы қағаздар кепіліне инвестициялайды, сонымен бірге коммерциялық және тұтынушылық ссуданы ұсынады.

     Қарыз-жинақтау бірлестіктері халық жинақтарының салымдық операциялармен айналысады және оларды жылжымайтын мүлікті сатып  алу үшін (тұрғын үйді сатып алу үшін активтің 2/3 бөлігі) пайдаланады.

     Несиелік  ссудалар – кәсіподақтар, ірі кәсіпорындар, шіркеулер тарапынан ұйымдастырылатын кооперативтік типтегі жинақ  мекемелері. Ресурстар сатулар және үлестік акциялар есебінен жинақталады, ол акциялар кез келген сәтте кооператив тарапынан сатып алынады. Олар негізінен өз мүшелеріне ұсақ ссудаларды беру үшін қолданылады.

Сақтандыру  компаниялары біздің сақтандыру ұйымдары орындайтын операциялармен айналысады. Оолардың пассивтері сақтандыру жарналарынан және активті операциялардан түсетін табыстардан тұрады, олар ұзақ мерзімдік бағалы қағаздардағы сақтандыру төлемдерін төлеумен қатар тұрғын үйлердің кепілдерін де төлейді. Жеке меншік және мемлекеттік зейнетақы қорлары халықтың салымдарын тарта отырып, ірі капиталды иеленеді және оны акциялар мен облигацияларды сатыоп алуға салады, шағын несиелерді береді.

     Ақша  нарығының өзара қорлары депозиттік сертификаттардың, қазынашылық вексельдердің  пайларын сату арқылы инвестициялық  қысқа мерзімдік бағалы қағаздардан  тұратын активтер портфелін қалыптастыруға бағыттайды. Бағалы қағаздардан түсетін табыстар акционерлерге төленеді.

АҚШ-тың  несиелік жүйесіндегі банктік емес қаржылық-несиелік мекемелердің рөлі мен орны жөніндегі төмендегі  кестенің мәліметтері көрсетіледі.

     Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (бұдан әрі Ұлттық банк) Қазақстан Республикасының Орталық банкі және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.[8]

     Банк  ісінің әлемдік тәжіребесі мынаны көрсетеді, яғни барлық елдердегі несиелік институттардан орталық банктер бөлініп шығады, олар елдің бүкіл несие жүйесін басқаруда басты рөлді атқарады. Олардың басшылық рөлі мемлекет берген кең ауқымды өкілеттіктерге байланысты айқындалады. Банктердің банк қызметтерін, ақша-несие эмиссиясын жүзеге асыруына байланысты орталық банктер коммерциялық, яғни екінші деңгейлі банктердің қызметін әкімшілік бақылау және оларға шынайы экономикалық ықпал ету құқықтарын иеленеді.

     Коммерциялық  банктер несиелік саясатты жүргізуде  және өз клиенттеріне әр алуан қызметтерді  көрсетуде толық дербестік алған.

     Нарықтық  экономикада банктік емес институттарды  құрмайынша кез келген елдің несие  жүйесі аяқталмаған болып саналады. Халықтың салымдарын толық тарту  және өзгермелі нарықтық экономиканың сұраныстарын толық қанағаттандыру мүддесін осы институттарды құруды талап етеді, олар органикалық тұрғыда несие жүйесін толықтырады, оны байыта түседі, экономикадағы өзгерістерге өте икемді әрі сезімтал етеді.

     Экономиканы басқара отырып мемлекет ортақ ақша-несие  саясатын жүргізеді, оның маңызды құралы болып Ұлттық банк табылады. Бұл принцип  айналымдағы ақша массасын реттеу арқылы ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету, ақша несие саясаты, жалпы экономикалық саясат және оның әлемдік экономикаға интеграциялануы саласында республиканың мүдделерін қорғау үшін қажет болады.

     Несие жүйесін құрудың басты принципі – несие мекемелерінің желісін  барынша дамыту және одарға барлық ақша операцияларын  шоғырландыру, яғни шаруашылық буындардың бос ақша құралдарын банктерде сақтау, есеп айрысуларды қолма-қолсыз жолмен жүргізу.

     Қазіргі танда Қазақстан аумағында 385 бөлімшесі  мен филиалдары бар 35 банк орналасқан.

     Барлық  ақша айналымының несие жүйесінде  шоғырлануы несиелік ресурстарды бір  арнаға жинауға және оларды елдің  халық шаруашылығына ұтымды бағыттауға мүмкіндік береді.

     Мемлекеттік валюталық монополия принципіне үлкен мән беріледі. Қазақстан  Республикасының «валюталық реттеу жөніндегі» заңында былай делінген: «Қазақстан Республикасы Президенті және Министірлер кабинеті өз құзыреті шеңберінде осы заңның ережелеріне қарама-қайшы келмейтін валюталық реттеу саласындағы нормативтік актілерді қабылдайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеудің негізгі органы болып табылады. [13] 

2.2.Қазіргі  несие жүйесінің дамуы 

     Несие жүйесі-жалпы банктердің (ұлттық және коммерциялық) және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес мекемелердің  жиынтығы.

          Несие жүйесі ұғымы банк жүйесінде қарағанда кеңірек, яғни мұнда өзге де несиелік мекемелер қамтылады. Әр елдің өзіндік ерекшелігіне қарай несие немесе  банк жүйесінің құрылымы қалыптасады. ҚР-дағы несиелік жүйе екі буыннан тұрады: біріншісі – банктік жүйе, ал екіншісі – парабанктік жүйе (банктік емес мекемелер).

          Банктеріміздің саны жылдан жылға азаюда, 90-шы жылдардың басында олардың саны 200-ден асты, сөйтіп банк жүйесін реформалау нәтижесінде олардың саны 35-ке дейін (06.2003ж.) қысқарды. Жалпы банктер қатарына мемлекеттік банктер (мемлекеттің 100 қатысуымен құрылған) саны -2. Қазақстанның банктік секторында шетел капиталының қатысуы кеңейе түсуде, олардың саны -16, яғни жалпы банктер санының жартысына жуығын алады. Ал банктік емес мекемелер санының керісінше, өсіп келе жатқандығын байқаймыз. [14] 
 

2.3.Несиелік және банктік мекемелер 

     Несие ісі – ақшалар саудасына бағытталған  кәсіпкерлік қызметтің айрықша  саласы болып табылады, соның негізінде  несиелік операциялар жүргізіледі. Оларды әр алуан несие инститіттары жүзеге асырады. Операциялар ауқымы және шаруашылық айналымына қызмет көрсетудің маңыздылығы бойынша банктер негізгі болып табылады.

     Несиелік  мекемелердің, соның ішінде банктік  мекемелердің түрлерін қарастырмас  бұрын, біз «банк» және «банк қызметі» түсініктерінің өзін анықтап аулымыз  керек. Әлемдік тәжірибеде банк қызметі дегеніміз банктің басты кәсіби қызметтері ретінде депозиттерді қабылдау және ссудаларды беру. Дәл осындай анықтама Италия, Испания, Бельгия, Греция және басқа елдердің банктер жөніндегі заңнамасында тұжырымдалған. Ал германия мен Францияда банк немесе несиелік мекеме болып өз клиенттеріне есеп айырысу, бағалы қағаздарды сату, лизингтік және басқа операциялар сияқты қызметтерді көрсетумен айналысатын кез келген мекеме. Сонымен қатар банктік емес институттарға заң негізінде депозиттерді қабылдауға, есеп айырысуларды жүргізуге, сақтандыру кепілдемелерін беруге тыйым салынады.

     Англия, Дания, Швеция және басқа елдерде  мекемелерді несиелік жүйеге жатқызуға  қатысты либералды тәсілдеме  бар. Ол үшін депозиттерді қабылдау үшін лицензияны иелену жеткілікті болып саналады, ол банктерге мамандандырылған қаржы мекемелерінің кейбір түрлерін теңестіруге мүмкіндік береді.

     ҚР  Президентінің «ҚР банктер және банктік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығының 1-бабында былай  делінеді, яғни банктің ресми мәртебесі  оны ашуға Ұлттық банктің рұқсатымен, Әділет министрлігінде банк ретіндегі заңды тұлғаны мемлекеттік реттеумен және банктік операцияларды жүргізуге ҚР Ұлттық банкі тарапынан берілгенлицензияның болуымен анықталады.

     Банк  – Коммерциялық ұйым болып табыладытн заңды тұлға, ол осы заңға сәйкес банктік қызметті жүргізеді.

     Банктің ресми мәртебесін иеленбей, бірде-бір  заңды тұлға «банк» деп атала  алмайды немесе өзін банктік қызметпен  айналысушы ретінде сиапттай алмайды. [7]

     Банк  арнайы кәсіпкерлік ретінде материалдық  өндіріс саласының өнімімен едәуір ерекшеленетін  өнімді өндіреді. Ол қарапайым тауарды емес, ақша, төлем құралы түріндегі айырқша тауарды өндіреді.

     Банктер немесе ұқсас институттар қте  ертеректе пайда болған, Египетте банктік операциялар біздің дәуірімізге дейінгі 2700 жылы жүзеге асырылған.

     Банктердің  бастапқы қызметі – бұл төлемдердегі делдалдық. Мұндай делдалдық нәтижесінде  банктер еркін ақша капиталын  пайыз әкелуші капиталға айналдырады.

     Қазіргі кездегі банктік істің негізін  Испанияның ортағасырлық айырбастаушыларының қызметіндегі көруге болады.

     Қазіргі түсініктегі алғашқы банк 1407 жылы  Италияда лғашқы вексель пайда болды.

     Кейбір  елдерде банктердің кейбір қызметтері заң түрінде шектелді. Банк қызметінің өатаң регламенттелуі және лицензиялануына  байланысты несие ісін ұйымдастырудың екі типі болады. Мұндай құрылымдар АҚШ-та, жапонияда қалыптасты, ондағы депозиттерді қабылдау мен қысқа мерзімдік несиелерді беру жөніндегі банктік операциялар компанияның бағалы қағаздарын шығару мен орналастыру операцияларынан және қызметтердің кейбір басқа арнайы түрлерінен (сақтандыру, жылжымайтын мүлікке қатысты мәміле) заңды түрде бөлінген еді.

     Әмбебаптық  құрылым кезінде заңда операциялардың жекелеген түрлеріне және қаржылық қызмет көрсету саласына қатысты  шектеулер болмайды. Барлық несиелік мекемелер операциялар мен қызметтердің барлық түрлерін атқара алады. «Қаржылық әмбебап дүкендердің», супермаркеттердің мұндай типі Францияда, Швецарияда, Ұлыбританияда және т.б. қалыптасты. Бұл елдерде көп дәрежеде несиелік жүйесінің жекелеген буындарының операциялары және мамандануы арасындағы шекаралар жойылады. Біздің еліміздегі негізгі коммерциялық банктер әмбебап болып табылады, көптеген банктік операциялармен айналасады.

АҚШ –тағы  барлық несие-қаржы мекемелерін  депозиттік және депозиттік емес деп  бөледі. Депозиттік мекемелерге депозиттік шоттарды ашу формасында ақша қаржыларын қабылдау рұқсат етілген. Депозиттік емес мекемелерге ақшалай құралдарды тартудың басқа формалары (зейнетақы жарналары, бағалы қағаздарды және сақтандыру полистерін сату және т.б.) рұқсат етілген. [10]

       Депозиттік мекемелерге коммерциялық  банктер, өзара жинақ банкілері,  ссуда-жинақ ассоциациялары, несие  одақтары; ал депозиттік емес мекелерге сақтандыру компаниялары, жеке зейнетақы қорлары, қаржылық, инвестициялық компаниялары, ақшалай нарықтың өзара қорлары жатады.

     Банктер өздері орындайтын қызметтердің ерекшелігін  байланысты екі түрге бөлінеді: эмиссиялық және эмиссиялық емес.

     Эмиссиялық – бұл айналымға ақша белгілерін эмиссиялау (шығару) құқығы бар орталық банктер. Әр түрлі елдерде олар ұлттық, халықтық, резервтік деп аталады. КСРО-да мұндай банк Мемлекеттік деп, ал қазіргі Қазақстанда – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі деп аталады. Орталық банктің басты міндеті – айналымға ақша шығару, банктер арасындағы ақша тауарының саудасы, банктік жүйенің эмиссиялық, несиелік және есеп айырысу қызметін басқару. Ол екі деңгейлі жүйе кезінде елдің банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады.

     Мемлекет  эмиссиялық құқықты бір банкке ғана береді, өйткені ақша шығару құқығын  бірнеше банкке беру жағдайында бүкіл  ел бойынша ақша айналымын реттеу мүмкін болмай қалар еді. Қазақстанда  эмиссиялық банк болып Ұлттық банк саналады, қалған банктер, соның ішінде коммерциялық банктер – эмиссиялық емес банкте. Олардың айналымға ақша шығару құқығы жоқ, бірақ та өз клиенттерінің шаруашылық қызметін қамтамасыз етумен байланысқан несиелік, есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналасады. Олардың ең маңыздылары, уақытша бос ақшалай қаражаттар, халық жинақтары мен қорларын тарту, несиелеу, бағалы қағаздармен жасалатын операциялар және т.б. [9]

     Соңғы жылдары коммерциялық банктер қаржылық кәсіпкерліктің дәстүрлі емес салаларына ене отырып, қызмет аясын үнемі кеңейте келе және клиенттерге көрсетілетін қызметтер сапасын жоғарылата отырып, өздеріне тән емес операцияларды белсенді түрде жүргізіп келеді. Бұл әмбебап несиелік мекемелер. Бірақ та, жоғарыда аталғандай,өз клиенттерінің басым бөлігі үшін негізінен қызметтінің бір-екітүрін көрсетуге бағытталған мамандандырылған банктер бар. Банктердің мамандануының басқа типі болып клиенттердің тек белгіленген категориясына қызмет көрсету, яғни салалық мамандану саналады. Банктердің функционалдық мамандануы айқын көрініс тапты, өйткені ол банк қызметінің сипатына ықпал етеді, активтер мен пассивтердің қалыптасу ерекшелігін, клиенттермен жұмысты ұйымдастыру ерекшеліктерін анықтайды. Мұндай типтерге инвестициялық, инновациялық, ипотекалық, жинақ банктері және т.б. жатады.

Информация о работе Несие жүйесінің түсінігі