Несие жүйесінің түсінігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2011 в 18:57, курсовая работа

Описание работы

Қазақстанның экономикасы Ресейдің экономикасының бір бөлігі ретінде әр деңгейде дамып келеді. Қазақстанның шаруашылығы бір жағынан, Ресейдің және әлем нарығының тауар айналысының, екінші жағынан, темір жолдарын салу жұмыстарын жедел қолға алу тиімділігін қатар қарастыра отырып, темір жолдарды жүргізу арқылы Қазақсстанның ауыл шаруашылық өнімдері мен шикізаттары (ет, тері, жүн т.б.) сыртқа шығарылып отырған.
Қазақстанның Ресей нарығына интенсивті түрде енуі, нәтижесінде Ресейлік орталық-өнеркәсіптік аудандармен өзара экономикалық байланысы одан әрі кеңейді.

Содержание

Кіріспе......................................................................................................................3
І Бөлім. Несие жүйесі
1.1. Несие жүйесі туралы ұғым.............................................................................5
1.2. Несие жүйесінің дамуы ................................................................................11

ІІ Бөлім. Қазақстан Республикасының несие жүйесі
2.1.Несиелік жүйені құру принциптері..............................................................15
2.2.Қазіргі несие жүйесінің дамуы.....................................................................18
2.3.Несиелік және банктің мекемелер................................................................19
2.4.Несие жүйесі және оның Қазақстандағы дамуы.........................................25
ІІІ Бөлім. Әлемдегі несие жүйесінің қазіргі даму тенденциясы

Қорытынды...........................................................................................................33
Қолданылған әдебиеттер ..................

Работа содержит 1 файл

Несие жүйесінің түсініг 39 бет.doc

— 192.50 Кб (Скачать)

        Экономиканың тарихи-экономикалық  дамуының әрбір сатысына несиелік  істі ұйымдастырудың өз типі, несие-ақша қызметіндегі сәйкес  сұраныстарға жауап беретіннесиелік  жүйенің өз құрылымы келеді. Мысалы, КСРО-ның жоспарлық-орталықтандырылған экономикасына Мемлекеттік банк басқарған несиелік жүйенің қатаң орталықтанған құрылымы сәйкес келеді, нарықтық экономика үшін басқасы, яғни банктік және банктік емес мекелердің демонополизацияланған құрылымның кең желісі сәйкес келеді.

Қазіргі кездегі несие жүйесінің күрделі, көп буындық құрылымы бар. Егер несиелік мекемелердің өз клиенттеріне көрсететін қызметтер сипатын жіктеменің негізі етіп алсақ, онда қазіргі кездегі несиелік жүйенің үш маңызды элементін бөліп көрсетуге болады:

  • Орталық (эмиссиялық) банк;
  • Коммерциялық банктер;
  • Мамандандырылған несие мекемелері (сақтандыру, жинақтық, ипотекалық, сенімгерлік және т.б.)

        Шаруашылық буындардың ұсынатын  несие-қаржы қызметтерінің функционалдық  мамандануы, көлемі мен санына  сәйкес несиелік жүйенің ядросын банктік жүйе құрайды, ал несие институттарының қызметін үйлестіруші ортақ орган болып – Орталық банк есептеледі.

        Орталық банк- бірінші деңгейдегі  басты мемлекеттік банк, мемлекеттік,  халықтық және ұлттық банк  деп аталуына тәуелсіз кез  келген елдің ақша-несие институты. Орталық банк – бұл «банктердің банкі». Ол заңды және жеке тұлғалармен операцияларды жүргізбейді. Оның клиенттері – коммерциялық банктер және басқа несиелік мекемелер, сонымен бірге үкіметтік ұйымдар, оларға әр алуан қызметтер ұсынады.

     Орталық банк тікелей ықпал ету және реттеу, бақылау мен қадағалау қызметтерін  банктік мекемелерге ғана қатысты  орындайды. Орталық банк несиелік жүйенің  басқа буындарына негізінен тек  жанама ықпал етеді, ол несиелік және ақшалай операциялардың, нарықтың әр алуан секторларының, қаржы-несие қызметтерінің өзара байланысынан көрініс табады. [5]

      Коммерциялық  банктер ссудалық капитал нарығының  әр түрлі секторларында әрекет етуші  көп қызметті мекемелер болып  табылады. Олар кәсіпкерлік тәжірибеде танымал қаржылық операциялар банктер дәстүр бойынша кез келген елдің несие жүйесінің базалық жүйесі рөлін атқарады.

   Олар  бұрынғысынша үкіметтің, іскер топтардың  және миллиондаған болып табылады. Ссудалық және инвестициялық операциялар  арқылы коммерциялық банктер әр түрлі қарыз алушылар үшін өз қорларына жол ашады. 2005 жылдың басына қарай Қазақстанда 35 банк әрекет етті.

   Мамандандырылған  қаржы-несие мекемелері (оларды басқаша  парабанктер деп атайды) нарықтық экономикадағы несиелік жүйенің  маңызды және объективті қажетті буыны болып табылады. Бұл мекемелерсіз экономиканың әр түрлі буындарында және халыққа көрсететін несие жүйесінің қызметтері толық болмай қалады. [1]

   Парабанктік мекемелер не клиенттердің белгіленген  типтеріне қызмет көрсетуге, не банктік  қызметтің бір-екі түрін жүзеге асыруға бағытталады. Олардың қызметі көп жағдайда нарықтың шағын сегментіне қызмет көрсетуге, арнайы клиенттерге қызметтерді және де арнайы қызметтерді ұсынуға негізделеді.

   Бұл мекемелер үшін екі жақты тәуелділік тән болады: бір жағынан, несиелік – есеп айырысу операцияларын жүзеге асырумен байланыса отырып, олар орталық банктің сәйкес талаптарын тандыру, инвестициялық немесе басқа операцияларға мамандана отырып,  олар сәкес ведомстволардың реттеуші ықпалына түседі.

   КСРО  күйрегенге Қазақстанның өзіндік несие жүйесі болмады. Оның аумағында дербес филиалдар емес, қатаң орталықтандырылған, абсолютті монополиялық банктік және банктік емес мекемелердің бөлімшелері әрекет етті. Мұндай несие жүйесіөзінің төмен тиімділігін көрсеткенін атап өту керек. Осы жағдайларда 80 жылдардың ортасында екі деңгейлі несие жүйесін құру ұмтылысы жасалды. Жоғарғы деңгейде КСРО Мемлекеттік банкі, екінші деңгейде бес мамандандырылған банк тұрды. Банктік емес несие институттары жүйесі іс жүзінде болмады.

   Қазақстанның  несие жүйесі 1999 жылдан бастап өз егемендігін алғаннан кейін қалыптасты. Осы уақыт ішінде сызбада көрсетілген құрылым қалыптасты.

     Қазақстанның  несие жүйесі орталық банк – Қазақстан  Республикасы Ұлттық банкінен, екінші деңгейлі 35 банктен, олардың ішінде 2 мемлекеттік (Қазақстан Даму банкі, Қазақстан Құрылыс-жинақ банкі), 83 несиелік серіктестік (соның ішінде 50 ауылдық), 157 микронесиелік ұйымдар, 75 ломбард, «Қазпошта» акционерлік қоғамы бастаған пошталық-жинақ жүйесі, 36 сақтандыру компаниясы, 16 мемлекеттік емес жинақ ұлттық қоры, 6 жаңа инвестициялық қор, Қазақстанның мемлекеттік қоры және басқалардан тұрады. 
 

айланысты

1.2. Несие жүйесінің  дамуы 

        Қазақстанның экономикасы Рессейдің экономикасының бір бөлігі ретінде әр деңгейде дамып келеді. Қазақстанның шаруашылығы бір жағынан, Ресейдің және әлем нарығының тауар айналысына, екінші жағынан, темір жолдарын салу жұмыстарын жедел қолға алу тиімділігін қатар қарастыра отырып, темір жолдарды жүргізу арқылы Қазақстанның ауыл шаруашылық өнімдері мен шикізаттары (ет, тері, жүн т.б.) сыртқы шығарылып отырған.

     Қазақстанның  Ресей нарығына интенсивті түрде  енуі, нәтижесінде Ресейлік орталық-өнеркәсіптік аудандарымен өзара экономикалық байланысы  одан әрі кеңейді.[6]

     Банк  капиталының Қазақстанға енгізілу мерзімі ХІХ ғасырдың аяқ қамтиды. Революцияға дейінгі Қазақстанның көп укладты экономикасында несиенің әр түрлі формалары дамыған. Қазақстанның несиелік жүйесі негізінен Ресей империясының несиелік жүйесніің бір бөлігі ретінде: Мемлекеттік банк бөлімшілерінен, акцияонерлік, коммерциялық банктер филиалдарынан, өзара несие беру қоғамдарынан, қалалық қоғамдық банктерінен, ипотекалық несие банктері немесе ұсақ несие мекемелерінен және жинақ кассаларынан тұрды.

     Ресейдің  мемлекеттік банкі 1860 ж. өз қызметін бастап, барлық несие жүйесіндегі – орталық банк болып саналады және оның айналысқа қағаз ақшаларды шығаруда монополиялық құқығы болды. Ресейдің мемлекеттік банкі барлық акционерлік, коммерциялық банктердің есеп-ссудалық операцияларының үштен бір бөлігіне жуығын, салымдар мен ағымдық шоттардың жартысынан көбін тартып отырған.

     Мемлекеттік банктік бөлімшелері Қазақстан  аумағында ірі сауда-өнеркәсіп  қызметтерінің орталығы болып саналатын  Оралда (1876ж.), Қызылжарда (1881ж.), Семейде (1887ж.), Омбыда (1895ж.) және бұрынғы Верныйда (қазіргі Алматы) (1912ж.)  ашылып, жұмыс жасады.

     Ірі коммерциялық банктер қатарныа саналатын  сібір сауда-банкісінің (1872ж. құрылған) 57 филиалының жетеуі Қазақстанның бірқатар аударында, яғни Омбыда (1894ж.), Семейде (1898ж.), Қызылжарда (1905ж.), Верныйда (1908ж.), Ақмолада (1909ж.), Қостанайда (1911ж.) және Керекуде (1916ж.) орналасты.

     Жалпы бірінші дүниежүзілік соғыстың бастапқы кезеніңде Қазақстанның әр аудандарында Мемлекеттік банктің – 6бөлімшесі, акционерлік-коммерциялық банктердің 18 филиалдары, 12- өзара несие беру қоғамдары, 8-қалалық қоғамдық банктер, сол сияқты 345 несиелік және ссудалық серіктестіктер жұмыс істеді. Несиелік мекемелердің санының көбі жағынан Ақмола бірінші орынға ие болды.

     ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында  ең басты Қазақстандағы банктер – бұл мемлекеттік банктер болды және олар мынадай операцияларды жүзеге асырды:

    • Вексельдерді есепке алу;
    • Тауарларды кепілге ала отырып, ссуда беру;
    • Тауар құжаттарын кепілге ала отырып, ссуда беру;
    • Ауыл шаруашылыққа ссуда беру;
    • Бағалы қағаздарды кепілдікке алып, ссуда беру;
    • Қайта есеп жүргізу;
    • Вексельдер үшін арнайы шоттар ашу;
    • Бағалы қағаздарға арнайы шоттар ашу;
    • Ұсақ несие мекемелеріне ссуда беру,
    • Барлық есеп-ссудалық операцияларымен айналысу;
    • Меншікті бағалы қағаздар шығару;
    • Салымдық және ағымдық шоттар ашу.

     1909-1913 жж. өнеркәсіптік өрлеу жылдарында  Мемлекеттік және акционерлі-коммерциялық  банктермен қатар сауда және  өнеркәсітік кәсіпорыдарды несиелендіруші  жергілікті несиелік мекемелер:  өзара несие беру қоғамдары  және қалалық қоғамдық банктер жүзеге асырып отырды.

     1917 жылы Қазан революциясынан кейін,  банк ісінде мемлекеттік монополиялық  ұйымдастыру қағидалары жүзеге  асты. Бастапқыда мемлекеттік банк құрылып, жеке, коммерциялық және басқа банктерді ұлтшылдандыру нәтижесінде мемлекетке тиесілі салалық және аумақтық банктер етіп қайта құрылды. Банктік жүйенің тағы бір басты буындары етіп ретінде мемлекеттік еңбек жинақ – кассалары қызмет етті.

     1922 жылы несиелік және ссуда-жинақ  серіктестіктері және олардың  одақтары ұйымдасып, ауылды қалпына келтіру мақсатында қызмет көрсетті.

     1924 жылы ауыл шаруашылық кооперацияларына  несиелік операцияларды жүзеге  асыру барысында салымдар қабылдау, ссуда беру және есептеу барысында  делдалдық қызмет атқаруына рұқсат  беріледі.

     1930-1932 жж. КСРО-дағы жүргізілген несиелік реформа нәтижесінде қағидаға негізделген салалық банктер қатарына ұйымдастырылды. Сонымен, күрделі капитал жұмсалымдарын қаржыландыру мақсатында төрт мамандандырылған банктер құрылды.

     Өнеркәсіп және электр шаруашылығындағы күрделі  құрылысты қаржыландыру банкі 1959 жылы «Құрылыс банкі» болып құрылды.

     Көптеген  несиелік серіктестіктермен республикалық  ауыл шаруашылық банктері негізінде  құрылған «Ауыл шаруашылық банкі» 1959 жылы қысқарып, оның қызметі Мемлекеттік  және Құрылыс банктері арасында бөлініп беріледі.

     Қазақстандағы несие жүйесінің қайта құру тұсындағы  дамуы КСРО-да соңғы рет жүргізілген  банктік реформаға (1987-1988 жж.) сәйкес келеді. Банктік реформа нәтижесінде: КСРО-ның Мемлекеттік банкі және Құрылыс банктерінің мекемелері негізінде – КСРО Өнеркәсіптік-құрылыс банкі, КСРО Агроөнеркәсіп банкі және КСРО Тұрғын үй-әлеуметтік банкі құрамында келген жинақ кассалары негізінде – КСРО Сыртқы экономикалық банкі құрылды. Сол уақыттан бастап, Мемлекеттік айырысу қызметін көрсетуді тоқтатты. Сөйтіп, КСРО-ның Орталық банкісіне айналды.

     1990 жылы Қазақстан Республикасы  өз егемендігін жариялағаннан  бастап нарықтық қатынастардың  талаптарына сай келетін меншікті  банк жүйесін құруға бетбұрыс  жасады.

     1990 жылы желтоқсан айында қабылданған  «Қаз КРО-дағы банктер және банктік қызмет туралы» алғашқы заң Қазақстандағы банктік реформаны жүргізудің бастапқы кезеңдерін қамтиды.

     Бұл банктік реформа Ұлттық банктің 1995 жылға арналған «Қазақстандағы банктік  жүйені реформалау» бағадрламасына сәйкес жүзеге асырылды.

Реформалар  Ұлттық банктің 1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының банк жүйесін реформалау бағдарламасына сәйкес жүргізілді.

     Банктік реформаның басты нәтижесі – бұл  банктік жүйенің тұрақтылығын сақтап қалу мақсатында халық салымдарын ұжымдық  сақтандыру қоры құрылды. Бұл қорды құру уақыты 1997 жылдан кешікпеуге тиіс еді, бірақ әр түрлі себептерге байланысты қор 1999 жылдың аяғында құрылып, өз қызметін 2000 жылдың қаңтарынан бастады. [3] 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ІІ Тарау. Қазақстан Республикасынның несие жүйесі

2.1.Несиелік  жүйені құру принциптері 

     Несие жүйесінің ұйымдастырылуы мен жұмыс  істеуі негізінде белгіленге принциптер жатыр. Экономиканың нарықтық қатынастарға өтуі кезінде оларды былайша тұжырымдауға болады: елдегі банк ісін ұйымдастыруға  мемлекеттік монополия, банк жүйесінің банктік емес институттармен үйлестіре отырып, банк жүйесінің екі деңгейлі банк жүйесін құру, елдегі ақша-несие саясатының біртұтастығы, несиелік мекемелер желісін барынша дамыту, оларды қызмет көрсету орындарына жақындату, мемлекеттік валюталық монополия. Орталық банктің автономиясы.

Банк  ісіне мемлекеттік монополия  ұғымы мемлекеттің банктердің құрылуы  мен жойылуын бақылауға, банктік  операцияларды жүргізу ретін  және режелерін заңды бекітуінің айрықша құқығы ретінде түсіндіріледі.Ұлттық банк Қазақстан Республикка аумағында банктерді құруға рұқсат береді және банктер мен олардың филиалдарын тіркеу кітабын жүргізеді. Ұлттық банк рұқсатты беру кезінде орындалатын банктік операциялардың шеңберін анықтайды.

     Нарықтық  экономиканың ерекшеліктері банктік емес мекемелермен олардың компаниялары, несиелік одақтары, зейнетақы қорлары, ақша нарығының өзара қорларымен үйлескен әр түрлі деңгейдегі банктік жүйенің қажеттілігін талап етеді. Бұл институттардың барлығы негізінен халықтық жинақтарын  жұмылдыруға және оларды ипотекалық тұтыну несиесіне қолдануға маманданады.

Информация о работе Несие жүйесінің түсінігі