Нарықтағы банкаралық несие ұғымы және маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 20:55, курсовая работа

Описание работы

Мақсаты: Банкаралық нарықтың келісілген жұмысы кез-келген қазіргі заманғы банк жүйесінің негізі бола отырып, банктерге қажетті ресурстарды қолдануды жеңілдетеді, мәмілелер көлемінің өсуіне көмектеседі және қосымша резервтерді ұстау қажеттілігін төмендетіп, банктерге тиімді және аз шығынмен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жақсы жұмыс істеп тұрған банкаралық нарық банктер жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар нарықтық тұрақсыздықтың байқалуын тежейді. Алайда жақсы жұмыс істеп тұрған банкаралық нарық өтімді ресурстарға болжанбаған қажеттілігінен пайда болатын тұрақсыздықтарды тежеп, банк секторының болжанбаған дағдарыстарға қатысты тұрақтылығын, орнықтылығын қамтамасыз етеді.

Работа содержит 1 файл

курсовая межбанк кредит.doc

— 245.00 Кб (Скачать)

   Берілген нарықтың қатысушылары  арасындағы ара-қатынасты және  тәртіпті реттейтін нормативті  құжаты ретінде ҰБНН қатысушыларының  (Дилерлердің) қызметі туралы  Ұжымдық келісім болады.

   Банктер қоғамының ҰБНН жобасы  туралы ресми пікірін ҚР КБ Ассоциациясынан алғаннан кейін және қажет болса жобаға сәйкес өзгертулер енгізгеннен кейін оның жүзеге асырылуы көп уақытты алмайды.

   Сонымен қатар, көршілес Ресейде  банкаралық несие нарығын ұйымдастырудың берілген түрі пайдаланып отыр. Осылай, соңғы жылдары Ресейде банкаралық несие нарығының дамуында үлкен серпіліс болды. Көптеген ресми адамдар, банкирлер банкаралық несие нарығының іске қосылуы туралы оң пікірін айтады. Мысалы, банкаралық несие нарығының даму мәселелеріне РФ ОБ Қор операцияларының Басқармасы бастығының орынбасары М.В.Кузнецов тоқтады. Оның айтуынша, Мәскеулік банкаралық валюта биржасы несие нарығын қалпына келтіруге көмекесетін, «РЕПО» банкаралық нарығын жобалауды бітірді.

   Жүйе бүгін «бір-біріне қарсы»  принципі бойынша жұмыс істейді, бұл банктерге бір-бірін несиелеуге мүмкіндік береді. Бірінші кезеңде несиелерді Ресей банкінің облигациялары қамтамасыз етеді. РФ ОБ өкілінің пікірінше, бұл даму үшін үлкен потенциал және кеңеске қатысушыларды жаңа нарықтың мүмкіндіктерін пайдалануға шақырды.

 

3. БАНКАРАЛЫҚ  НЕСИЕЛЕУДІ ЖЕТІЛДІРУ

3.1 Банкаралық несиелеу арқылы банктің өтімділігінің жоғарлату келешегі

 

    Дүние жүзілік банк пен Халықаралық  Валюта Қоры 1944 жылы Бреттон-Вуд институттары атымен құрылды және 182 ел өкілдерімен (1999 жылдың қаңтары) басқарылады. Бұл халықаралық қаржы институттары елдерге несие беріп, әлімдік валюта жүйесінің жұмыс істеу принциптерін жобалайды, валюта-несиелік және қаржылық қатынастардың мемлекетаралық реттеуін жүзеге асырады. Олардың штаб-пәтерлері Вашингтонда орналасқандықтан, АҚШ-қа, ХВҚ-да 17,5% және ВБ 14,96% дауыс квотасы бар, жетекші акционер ретінде бұл ұйымдардың саясатына әсер етуге мүмкіндік береді.

    Евровалютті нарықтың тууымен және өте күрделі  коммуникациялық технологиялардың дамуымен байланысты ақша ағындары бүкіл дүние жүзі бойынша, бұрын ойлап көрмеген, көлемде және жылдамдықпен жылжи бастады. Сондықтан корпорациялар мен депозитті мекемелер басқа елдерде болған, пайыздық қойылымдардың сәл өзгерулерін құралдардың қозғалуы жолымен сезінеді. Бұл қозғалатын құралдаррдың үлкендігі сондай, пайыздық қойылымдардағы сәл айырмашылық құралдар аударылуының шығындарын ақтайтындай, едәуір пайда әкеле алады.

    Евродолларларды сату евровалютті нарықта жетекші  ретінде қала берді. Соған қарамастан, әр түрлі валюталардағы сан алуан қаржылық активтердің болуы және пайыздық қойылымдардың алуан түріліліг әр түрлі елдердегі пайыздық қойылымдарды салыстыруды қиындатты. Сондықтан, сауда қатысушылары авровалютті нарықтағы қарыздар бойынша пайыздық қойылымдарды лондондық банкаралық депозиттер нарығының (London Interbank Offer Rate, LIBOR) ұсыныс қойылымдары негізінде, оған қоса белгілі пайыз орнату туралы келісімге келді. LIBOR – лондондық алты ірі банк несиелер беретін немесе депозиттер қабылдайтын және нарықтық таңертең, нарықтық операциялар басталғанда орнатылатын пайыздық қойылым. Евровалютті нарықтағы депозиттер бойынша пайыздық қойылым әдетте LIBOR немесе еркін айналыста болатын АҚШ-тың депозитті сертификаттарына сілтеме жасалып жарияланады. Мұндай келісім пайыздық қойылымдарды өлшеуді жеңілдетті.[14]

    Халықаралық банк қызметтерін енгізу және дамушы мемлекеттерге несие көлемін  арттыруға бағытталған АҚШ үкіметінің әрекеттері евровалюттік нарық арқылы басқа елдерді несиелеуде американдық  банктердің кірісушілігін жеделдетті. Бұл несиелердің көпшілігі сондицирленген (syndicated loans)болып табылады, яғни олар банктердің үлкен емес тобымен беріледі және содан кейін қарыздың бір бөлігі басқа банктерге банкілік консорциумге шақыру ретінде сатылады.

    Америкадық  банктердің евровалютті нарықта 1980-ші жылдары берілген көптеген халықаралық несиелермен жұмыс істеу тәжірибесі айтарлықтай үлкен болған жоқ. Көптеген банктер, болжамдарына қарамастан евровалютті нарықтың белсенді кредиторларына айналмады. Бұл банктердің көпшілігі осындай несиелердің жоғары табыстылығын болжады. Оған қоса, олар 1980-ші жылдардың басындағы мұнай бағаларының төмендеуін күтпеді, бұл көптеген дамушы елдерге теріс әсерін тигізді және банк портфелінің тәуекелін әртараптандыруына, болжағаннан әлдеқайда төмен үлес қосты.

     Қазіргі уақытта валюталық нарық пен банкаралық несиенің негізгі даму себебі ретінде банктің өтімділігі қарастырылады. Банктің өтімділігі дегеніміз оның активтерін ақшалай қаражаттар түрінде қолдану және активтерді ақшалай қаражаттарға тез айналдыру. Банк өтімді деп саналады егер де ақшалай қаражат пен басқа да ликвидті активтер сомасы банктің қарыздық және қаржылық міндеттемелерін жабуға жеткілікті болса. Банктің өтімділігін басқару активтерді басқару және пассивтерді басқару арқылы жүргізіледі. Біз пассивтерді басқару арқылы өтімділігі дамытуды қарастырамыз.

     Ресей мемлекетінің мысалында, өйткені Ресей  экономикасы біздің экономикаға  ұқсас, мен банкаралық несиені ақша-несие  саясатының трансмиссиялық жүйесінің  элементі ретінде қарастыруды ұсынамын. Бұл саясаттың негізгі мақсаты инфляциялық таргетирование жүесіне өту. Оның нәтижесі ретінде біз валюталық бағам бойынша басқарудан Қазақстан банктерінің пайыздық саясат әсерін күшейтуге тырысамыз. Бұл жүйеге өту яғни негізінде инфляция қартықының бір қалыпты ұстау мен баға теңдігін қалыптастыруда тұрады. Сонда біз бұл жүйені қолдануға ұсынғаным ҰТ сол арқылы ақша массасы мен нарықтық пайыздық сөлшерлемені өзгерте алады. Банкралық несие нарығында көбінесе қысқа мерзімді мәмілелер жүргізіледі. Және сол несиелер үшін пайыздық коридор қолданады, яғни жоғарғы пайыздық мөлшерлеме овернайт (бір күндік несие),ал астынғысы том-некст депозиттері бойынша пайыздық мөлшерлеме. Бұл банк құралдары әрдайым қолданады және өтімділікті абсорбилеу үшін қолданады. Көбінесе банкаралық несие саясатын дұрыс жүргізу кризистік жағдайларда өте маңызды. Өйткені пруденциалды нормалар бойынша және банк клиенттері үшін банк өтімділігі мен төлем ақылығы өте маңызды. Мысалы, 2004 жылы банкаралық несие нарығында сенім кризисі болды, сонда дестабилизация кесірінен кіші және орта коммерциялық банктерді несиелеу көлемі азайды. Өтімділіктің төмендеуі көптеген банктерден лицензияларды тартып алуға әкелді. Осы кезде үкімет менің ойымша, несиелік ұйымдардың қайта қаржыландыру құралдырына қол жеткізуді жеңілдету керек. Мысалы, Репо бойынша банктермен тікелей жүмыс жүргізу. [16]

     Банктер өтімділігін минималдығы шығындармен  жүргізу үшін сөзсіз қаржы имиджін  қажет етеді. Әр жаман мәлімет кесірінен клиенттер өзінің салған ақшаларын қайтаруға тырысады, ал бұл банктің активтерінің азайуына әкеледі. Сонымен қатар жоғарыда айтылғандай банктің өтімділігінің коэфициентіне байланысты соңғы кезде банкаралық несиенің дамуын көруге болады. Біздің мемлекетте бұл көбінесе ҰТ пен екінші деңгейлі банктер арасында жүргізіледі. Бірақ бізге тек өтімділік деңгей көтеру жағанан ғана қарастырмай басқа да банкаралық операцияларды дамыту жолдарын қарастыру керек. Мысалы, қазір дүние жүзінде Forex конверсионды операциялары тез дамып келеді. Бұл жерде контрагенттер арасында валютаны сату мен сатып алу бойынша операциялар туралы айтылады.  

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

   Банкаралық несиелеу қаржы нарығының  аса ірі сегменттеріне жатады, мұнда қысқа мерзімді несиелік  ресурстар банкаралық несие мен  банкаралық депозит түрінде сатылып  алынады және сатылады.

     Ақша нарықтары валюталық нарықтарға және несие нарықтарына бөлінеді. Несие нарықтарында кәсіпорындар мен бактер мерзімді қарыздарды ала алады. Кәсіпорындар, әдетте, коммерциялық банктерде несиеленеді.

   Банкаралық несие ретінде бір банктің басқа банкке береген несиесі немесе басқа банкте орналастырылған банк депозиті бола алады. Берілген жағдайда несиелік қатынастардың субъектілері коммерциялық және орталық банктер болып табылады.

   Банкаралық несие – банктердің  несиелік мекемелердің бос ақша  ресурстарын уақытша өзара тарату мен орналдастыру. Бір банктердің өз клиенттерін несиелеу үшін тапшылықты басынан кешіп отырған, басқаларына бос несиелік ресурстарды қайтарымдылық негізінде қайта үлестіру кезінде пайдаланады.

   Банкаралық қарыздар нарығы –  коммерциялық банктердің өз несие ресурстарын толықтыру көздерінің бірі және өзінің өтімділігін оперативті реттеудің маңызды құралы.

   Қазіргі уақытта банкаралық несие  жетерліктей кең таралған. Ол  банктер арасында несиелік ресурстарды  сату-сатып алу туралы келісімшарттар жасасқан кезде пайда болады.

   Банк өтімділігінің мәселесі, дәлірек  айтқанда өтімділік пен табыстылықтың  тиімді қиылыстырылуы - әрбір  банк үшін, жүйеқұрушы ірі банк  болсын немесе корпоративті клиенттерге  қызмет көрсететін кіші банк  болсын, бұл маңызды мәселелерінің бірі. Осы мәселе банкаралық несие бойынша мәміле жасасатын банктерге де тиісті.

   Несиелік ресурстар нарығы қаржылық  нарықтың басқа сегменттерінен  коммерциялық банктердің қажеттіліктерін  қамтамасыз ету бойынша өзінің  әмбебаптылығымен ерекшеленеді, өйткені ол түрлі банктік операциялармен байланысты банкаралық қатынастарды қарапайым етеді. Оған қоса, ол коомерциялық банктер балансының өтімділігін қалыпты ұстауға, корреспонденттік шоттарды толықтыруға және нарықтың басқа көбірек табысты сегменттерінде активті операциялар жүргізуге қажетті құралдардың көзі болып табылады.

               
 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 
  1. Айманова  В.К. ҚР банкілік несиелендіру, //«Бухучет в банке», 2001. - 22б.
  2. Алимбаева Л.Д. «Коммерциялық банктер меншікті қаражаттарының жеткіліктігі»//Финансовый бизнес 2003, №11
  3. Бабичева Ю.А. “Банк ісі” М, 1993 ж.
  4. Қазақстанның он жылғы тәуелсіздік кезеңіндегі банк жүйесі, Абдулина Н.К. ред.аст. А., 2002. –. 110б.
  5. Қазақстанның он жылғы тәуелсіздік кезеңіндегі банк жүйесі,. Абдулина Н.К. ред.аст А., 2001ж.
  6. Банк ісі / В И Колесников, Л П Кроливецкая ред.аст. – М., Финансы и статистика, 2002ж.
  7. Вестник АРБ, Москва, 23.02.2001.
  8. 2001ж. 2 наурыз «Банк қызметі жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңды актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңы» 
  9. 2005ж. 5 наурыз «Қаржы нарығын реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдар қызметі жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңды актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңы»
  10. 1995ж. 30 наурыз «ҚР Ұлттық банкі туралы» Заңды күшке ие президент жарлығы
  11. 07. 2003ж. «ҚР банктер мен банк қызметі туралы» Заңы.
  12. 30.03.1995ж «ҚР Ұлттық банкі туралы» Заң, толықтырулармен 1.03.2004.
  13. 2003ж. 4 шілде «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау туралы» Заң N 474-II
  14. «Минималды резервті талаптар туралы Ережелерді бекіту туралы» ҚР Ұлттық Банктің Ережелері 2002 жылдың 3 тамызынан.
  15. «Экономикалық көрсеткіштерді болжам, экономикалық және әлеуметтік саясаттың негізгі бағыттары туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банктің Өтініші туралы» ҚР ҰБ төрағасының Бұйрығы 2006 жылдың 12.07.2005 бастап.
  16. Васильева Е., Пономаренко А., Поршаков А. Краткосрочные процентные ставки и состояние ликвидности денежного рынка в России на фоне мирового финансового кризиса //Вопросы экономики. - 2009. - N8.

Информация о работе Нарықтағы банкаралық несие ұғымы және маңызы