Екі немесе бірнеше несиелік
мекемелер арасындағы төлемдерді
жүзеге асыру және біріншісі
басқаның нұсқауы немесе есебінен
несиелеу, сонымен қатар несие
беру, инвестициялық және басқа
да қызметтер көрсету туралы
келісімдік қатынастар банкаралық
қарыздар бойынша қатынастарға жатады.
Бұл қатынастар ел ішінде және
басқа елдерде орналасқан несиелік
институттар арасында болуы мүмкін.
Қазіргі күнгі жағдайда әрбір
банк бір емес, ондаған, кей
кезде мыңдаған банктермен корреспонденттік
тораптар арқылы байланысқан. Корреспонденттік
қатынастар алуан түрлі несиелік мекемелер
арасында, соның ішінде әр түрлі елдердің
банктері арасында; әр түрлі тәуелсіз
коммерциялық банктер арасында; орталық
және коммерциялық банктер арасында; егеменді
елдерді орталық банктері арасында болуы
мүмкін. [16]
Бұл тектес қатынастар банктер
мен клирингтік палата типті
арнайы банкаралық ұйымдар арасында
болуы мүмін. Корреспондеттік
қатынастардың бір түрі болып
әр түрлі банктер арасындағы
қатынастар табылады.
Бүгінгі күнгі банкаралық есеп айырысудың
механизмі жағдайында банктер өзара есеп
айырысуды Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкісінің мекемелеріндегі корреспонденттік
шоттар арқылы жүргізуді қалайды.
Әдетте, ұсақ банктер өзінің корреспонденттік
шоттарын ірілеу банк мекемелеінде
ашады. Соңғылары өздерінде кішірек банктердің
банкаралық депозиттер ашуы үшін өзара
бәсекелесте болады. Ірі банктер де бір-бірінде
депозттік шоттар ашу арқылы өзара осындай
қатынаста болуы мүмкін. Корреспонденттік
қатынастардың дамуы банкке жаңа банк
бөлімшесінің ашылуына ұқсас бір қатар
артықшылықтар береді. Сонымен бірге банк
өзінің заңды дербестігін және жүргізілетін
операцияларды бақылауын сақтайды.
Корреспонденттік қатынастарды, әсіресе
шетелдік банктермен орнату шегінде
екі жақ та әріптес-банктің ауқаттылығына
және сенімділігіне назар аударады. Қарыз
алу туралы өтініш хатымен бірге барлық
керекті құжаттар қосылады: банк қызметі
туралы есеп беру, оның жарғысы мен белгілі
бір операцияларды жүгізуге лицензиялар.
Корреспонденттік қатынастар алмастыру
хаттары немесе сәйкес банкілік операциялардың
атқарылу тәртібі мен шарты қарастырылатын
арнайы корреспонденттік келісім қорытындысы
ретінде рәсімделеді. Корреспондентік
келісімшартар мерзімді және мерзімсіз
болып бөлінеді.
Қазақстан Республикасының банкілік
жүйесіндегі банкаралық несиелер банктер
арасындағы есеп айырысудың екінші (орталықтандырылған)
нұсқасына бағытталады. Мұндай есеп айырысуларды
осы мақсатта арнайы құрылған нысандар
Ұлттық Банктің Оперативті Басқармасы
орындайды.
Банкаралық несиелер бойынша есеп айырысудың
төмен сапасының негізгі себебі есеп айырысуға
қатысушылардың (кәсіпорындар, банктер,
Ұлттық Банктің облыстық басқармалары)
техникалық жабдықталу деңгейінде артта
қалушылық болып табылады. Банкілік ақпаратты
беру мен өңдеу жүйесін ЭЕМ негізінде
жүргізу мәліметтерді байланыс арналары
арқылы жіберу мүмкіндігінен айырады,
сенімділігі төмен және эксплуатациясы
көп шығын келтіреді.
Банкаралық несиелер тәжірибесіндегі
есеп айырысу механизмін реформалауды
өзгерткеннен кейін де Ұлттық
банктің облыстық басқармаларында жаңылыстар
мен төлемдердің кешігуі байқалады.
Бір себебі болып шаруашылықтар
арасындағы есеп айырысулардың
ескішіл қағаздық технологиясы
табылады. Есеп айырысу кезіндегі
негізгі төлем құжаттары ретінде,
жалпы алғанда төлем айналысының
90% аса құрайтын төлем тапсырмасы болады.
Осындай есеп айырысулардың жоғары
еңбек сыйымдылығымен қатар оларды
орындау кезінде түрлі қателіктердің
болуы мүмкін. Бұл қателіктер
аралық буын – Ұлттық банктің
облыстық басқармасы арқылы есеп
айырысу кезінде жиіледі. Белгілі бір
кедергілер есеп айырысу тәжірибесінде
келісімдік, қаржылық, төлемдік тәртіптің
төмендеуімен сыйыспайтын төлем тапсырмаларының
кейінгі акцептісінің болуымен байланысты
пайда болды.
Банкаралық несиелердегі жоғарыда
аталған бұзушылықтар негізінен Ұлттық
Банктің Облыстық Басқармаларының жаман
жұмысына қатысты. Бірақ кейбір жағдайларда
олар банктердің өздерінен болады.
Банкаралық қарыз бен құжат
айналымын ұйымдастыруды жақсарту
мақсатында есеп айырысудың бекітілген
ережелерін бұзғаны үшін жазалау шараларының
шеңберін кеңейту керек. Әсіресе, зардап
шеккен жақтың пайдасына қазір қолданып
жүрген уақытылы емес аударымдар кезіндегі
әрбір кешігу күніне төленетін айыппұл
ғана емес, соған қоса осы уақытта жоғалған
кірістің соммасын сот тәртібімен өндіріп
алынуы керек.
Қолданылып жүрген банкаралық
несиелер жүйесінің сипаттамасына
қысқаша резюме жасайық. Клиенттер
арасындағы есеп айырысу қатынастары,
сонымен қатар банкаралық несиелер
бойынша операцияларды есептеуде
кемінде банктердің бес ішкі жүйелерді
өзіне жатқызады.
Банктің осы аймақтың банктерімен
орналасу аймағындағы тікелей
есеп айырысулары аймақтық (аймақаралық)
ақпарат орталығы арқылы. Ұлттық
Банктің Облыстық Басқармалары
арқылы банктің орналасу аймағынан
тыс орналасқан немесе осы аймақта
орналасқан бірақ тура есеп айырысудың
қатысушысы болып табылмайтын банктермен
есеп айырысулар жақын шетелдің Ұлттық
Банктерінің Облыстық басқармалары арқылы.
Бас банк арқылы оның филиалдарын бас
банктің өзімен басқа филиалдардағы ресурстарды
қайта бөлу корреспонденттік шоттарды
пайдаланумен несиелеу жүргізіледі: жақын
шетелде; алыс шетелде.
Осылай, банктердің қажетті несиелерді
артығымен төлеп тастаудың мүмкіндіктері
жетерліктей кең. Басқа жағынан,
алуан түрлі корреспонденттік
қатынастар кезінде пайдаланатын әр қилы
шоттарды басқару банк үшін үлкен мәселеге
айналады.Жалпы алғанда, жүйе әсіресе
есеп айырысуды жүргізудің алғашқы кезеңінде
күрделілігімен, көп буындылығымен, үлкен
еңбек сыйымдылығымен жеткіліксіз сенімсіздігімен
ерекшеленеді. Бүгінде ҚР банкаралық несие
нарығындағы несиелердің осы сипаттары
ел экономикасындағы төлемдер жүргізуде
елеулі кемшіліктерге себеп болды.
Қазіргі кезде Қазақстанда банкаралық
несие жетерліктей кең қолданылады.
Ол банк арасында несиелік
ресурстарды сату-сатып алу туралы келісімшартты
жасау кезінде пайда болады.
Банкаралық несие нарығы дамуының
алғашқы кезеңінде 90 жылдардың
басында ҚР-да несиелік ресурстардың
аукцион арқылы жұмылдырылды. Аукцион
арқылы сатылатын ресуртар көлемінің
өсуі (2005 жылдан 2008 жылға дейін 78 аукцион
өткізіліп, 5,3млрд. тг. соммаға несиелер
ұсынылды), оларға коммерциялық банктердің
қатысуына жіберу шарттарын өзгерту және
сырт аймақтағы банктерді қосу банкаралық
несие нарығының қалыптасуына қажетті
шарттарды құруға көмектесті.
Қысқа банкаралық несиелерінің
ұйымдасқан нарығы, орталықтандырылған
несиелеу Қазақстандағы несиелік
саясатының басты құралы болудан
қалған кезде, 1995 жылда іске қосылып,
Ұлттық Банктің бағалауы бойынша
1996 жылдың басына дейін қарқынды өсті.[5]
2. ҚАЗІРГІ
КЕЗЕҢДЕГІ БАНКАРАЛЫҚ
НЕСИЕ НАРЫҒЫНЫҢ
ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ
2.1
Банкаралық несие
нарығындағы келісімдер
Банкаралық несие нарығындағы келісімдер
көбінесе ұзақ мерзімді болады және ішкі
валюталық және
несиелік мәмілелер ақша нарығындағы
операцияларды жүзеге асыратын ортақ
шарттар жайлы бас келісім
негізінде жасалады. Қазақстан тәжірибесінде
банктер банкаралық несиені банктік несие
сияқты қамтамасыз етусіз-ақ береді, қайтарымдылықтың
бірегей кепілі болып несиелік келісім
табылады.
Мәмілелер қолма-қолсыз шетел валютасын
сату/сатып алу операциялары (конверсиондық
мәмілелер) бойынша мәміле - валюталық
дилингпен айналысатын REUTERS DEALING-2000 жүйесі
арқылы жасалады. Бүгінгі байланыс құралдарын
пайдалана отырып, мәмілелерді тез арада
жасауды және бос несие ресурстарын банктер
арасында жедел қайта бөлуді қамтамасыз
етеді.
Кредитор банк пен қарыз алушы
банктің өкілетті қызметкерлері
(дилерлер) келіссөздер жүргізеді,
сонымен қатар, телефон, телефакс,
REUTERS DEALING-2000 жүйесі арқылы мәмілелер
жасайды. Қаражаттар есеп айырысу жүргізілетін
есеп айырысу-касса орталығының біріндегі,
клирингтік орталықтағы немесе банктегі
теңгені алатын тұлғаның корреспонденттік
шотына түскенде несие алынды деп есептеледі.
[6]
Қызметті рәсімдеу мен жүзеге
асыру үшін екі жақ бір-біріне
келесі құжаттарды ұсынады:
–
құрылтай құжаттарының нотариалды кепілдендірілген
көшірмесі (құрылтай келісім-шарты, жарғы);
–
банктік операцияларды жүзеге асыру
лицензияларының нотариалды кепілдендірілген
көшірмесі;
–
банк өкілетті қызметкерлерінің қолтаңбалары
қойылған карточканың нотариалды кепілдендірілген
көшірмесі;
–
банк өкілетті қызметкерлерінің қолтаңбасы
қойылған және мөр соғылған 2-ші тізім
шоттары бойынша кеңейтілген
баланс және соңғы есеп беру мерзіміндегі
нормативтердің есебі;
–
банктің мемлекеттік тіркеуден
өткені туралы куәліктің нотариалды
кепілдендірілген көшірмесі.
Әрі қарай, келісімнің жүзеге
асырылу мерзімі бойында екі
жақ біріне-бірі баланстар мен
экономикалық нормативтер ұсынады.
Банкаралық несие алу туралы ұсынысты
(офертаны) қарастырған кезде кредитор
қарыз алушыдан қолтаңба қойылған және
мөр соғылған соңғы есеп беру мерзіміндегі
балансты талап етуге құқығы бар.
Екі жақ мәмілелерге қатысты
ақпараттарды құпияда ұстауға міндеттеледі
және электронды түрде берілген құжаттардың
түпнұсқаға сай заң күшін мойындайды.
Уақытша бос қаржы ресурстары
немесе несие қаражаттарын тарту
қажеттілігі болған жағдайда
екі жақ дилерлері байланыс
жүйесі арқылы мәміле жасау
туралы келесі талаптар көрсетілген
ұсыныс (аферта) жібереді:
–
банкаралық несие соммасы және валютасы;
–
пайыздық қойылым және пайыздарды өтеу
мерзімі;
–
қаражатты сәйкес корреспонденттік
шоттарға аудару мерзімі (валюталау
мерзімі);
–
сәйкес төлемдерді жүзеге асыру ережелері;
–
бас келісімнің мерзімі мен нөміріне
сілтеме.
Офертаны жіберген жақ (оферент)
басқа жақтың (акцептант) жауабын
қабылдап алған кезде мәміле
жасалды деп есептеледі. Мұндағы
мәміле жасауға келіскен жақ
ұсынылған талаптардан ауытқитын
болса, онда бұл акцепт ретінде саналмайды.
Бұл жауап акцептен бас тарту және жаңа
оферта болып саналады. Кредитор банкаралық
несиені ұсынғанда қарыз алушының талабы
бойынша жүзеге асырылғаны жайлы белгісі
бар төлем тапсырмасының көшірмесін факс
арқылы жібереді. Қарыз алушы өз кезегінде
мерзімді міндеттемені жібереді де, қаражатты
қайтаратын күні несие мен есептелген
сыйақы мөлшері өтелген төлем тапсырмасының
көшірмесін факс арқылы қайта жіберуге
міндет алады. Мерзімді міндеттеме жасалған
мәмілені растайтын құжат болып табылады.
Қорларды сатып алу ұсыныстарының түпнұсқалары
мен мерзімді міндеттемелер кредитордың
бірінші талабы бойынша ұсынылады.
Мәміле жасалғанда дилерлердің
келісімі бойынша несиені пайдаланғаны
үшін сыйақы мөлшері банкаралық
несиені пайдаланған әр күнтізбелік күнге,
қаражатты қарыз алушының корреспонденттік
шотына аударған мерзімнен бастап кредитордың
корреспонденттік шотына қайта аударған
мерзімге дейін есептеледі. Сыйақы мөлшері
мерзім соңында Банкаралық несие сомасымен
бірге немесе басқа шарттар бойынша төленеді.
Банкаралық несие бойынша пайыздық қойылымдар
көбінесе қалқымалы, белгілі бір пайыздық
қосымшасы бар MIBOR қойылымымен байланысты
болады.
Бас келісімшарт шегінде банкаралық
несие мерзімін ұзарту (пролонгация) қарастырылмайды.
Өзара келіскен жағдайда несие ресурстарының
кешіктірілуі кредитор қарсы болмағанда
жүзеге асырылу мерзімі сыйақы мөлшері
міндетті түрде өтелуі тиіс ескі мәміленің
аяқталу мерзімімен сәйкес келетін жаңа
мәміле ретінде рәсімделеді.
Банкаралық несие мерзімі аяқталған кезде
бір сомамен өтеледі. Егер қарыз алушының
несие бойынша өтеген қаражат мөлшері
несие және оған есептелген сыйақы мөлшерін
жабуға жеткіліксіз болған жағдайда кредитор
қарыз алушының төлеген қаражаты есебінен
төлем тапсырмасында көрселген тәртіптен
тәуелсіз біріншіден, мерзімі ұзап кетуі
бойынша айыппұл сомасын, одан кейін банкаралық
несие бойынша негізгі пайыздарды, ал
қалған соманы банкаралық несиені өтеуге
құқылы.