Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 20:55, курсовая работа
Мақсаты: Банкаралық нарықтың келісілген жұмысы кез-келген қазіргі заманғы банк жүйесінің негізі бола отырып, банктерге қажетті ресурстарды қолдануды жеңілдетеді, мәмілелер көлемінің өсуіне көмектеседі және қосымша резервтерді ұстау қажеттілігін төмендетіп, банктерге тиімді және аз шығынмен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жақсы жұмыс істеп тұрған банкаралық нарық банктер жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, сонымен қатар нарықтық тұрақсыздықтың байқалуын тежейді. Алайда жақсы жұмыс істеп тұрған банкаралық нарық өтімді ресурстарға болжанбаған қажеттілігінен пайда болатын тұрақсыздықтарды тежеп, банк секторының болжанбаған дағдарыстарға қатысты тұрақтылығын, орнықтылығын қамтамасыз етеді.
Егер банкаралық несие қайтару мерзімі жұмыс күніне түспесе, онда жұмыс күнінен кейінгі алғашқы жұмыс күнінде қайтарылады. Банкаралық несие қолданғаны үшін сыйақы бойынша есеп айырысу банкаралық несие нақты пайдаланған мерзім бойынша жүзеге асырылады. 30-дан 90 күнге дейінгі несиелеу кезінде есептелген сыйақы сомасы ай сайын белгілі бір күннен кешіктірілмей тең үлеспен өтеледі.
Банкаралық несие толығымен немесе бір бөлігін мерзімінен бұрын қайтару кредитордың жазбаша түрдегі келісімімен рұқсат етіледі. Банкаралық несие толығымен немесе бір бөлігін мерзімінен бұрын қайтару кредитордың жазбаша түрдегі келісімінсіз жүзеге асырылған жағдайда жасалған мәміле бойынша несиені пайдаланудың барлық периодына есептеледі.
Банктер әріптес-банктердің
Тәуелсіз рейтингтік агенттіктермен жасалатын рейтингтер баспасөз бетінде жарияланған банктің ресми есеп беру мәліметтерін зерттеуге негізделеді. мұндай әдісті мамандар (банк, биржа, аудиторлық фирмалар мамандары) да, маман еместер (салымшылар, акционерлер) де қолданады. Жарияланған рейтингтер банктерге алдағы уақытта корреспонденттік қатынас орнатылатын, банкаралық несие нарығында мәміле жасалатын банк-контрагенттердің қаржылық жағдайы туралы қосымша ақпарат алуға көмектеседі. Көптеген банктер өз штатында жоғары маманданған сараптаушыларды ұстайды, сол себептен қабылданған ақпаратты тиімді пайдалана алады.
Рейтинг құрудың үш негізгі әдісі белгілі:
– нөмерлік әдіс – түрлі бағалық көрсеткіштер бойынша рангілік тізімдер құру;
– балдық әдіс – банк қызметінің бөлек көрсеткіштерін балдық бағалау және банкті белгілі бір топқа кіргізуге негіз болатын жиынтық көрсеткішті есептеп шығару;
– индекстік әдіс – банк қызметінің түрлі көрсеткіштерін зерттеу негізінде банктерге индекстер беріледі (әріптік, сандық, немесе аралас).
Қазақстандық рейтингтерінің
1) капиталдың жеткіліктігі;
2) активтердің сапасы;
3) баланстың өтімділігі;
4) қызметінің тиімділігі;
5) банк басқару деңгейі.
Банкаралық несие нарығының қатысушылары құрамына операцияларды тұрақты сипатта емес, қалыптасқан қаржылық жағдайға байланысты жүргізетін банктер кіреді. Банкаралық несие нарығының неғұрлым белсенді операторларына – өз атынан және өз шотымен жұмыс істейтін дилер-банктер жатады; олар қарыз алушы және кредитор ретінде қатыса алады. Табыстары – пайыздық маржа, яғни қаражатты орналастыру қойылымы мен тарту арасындағы айырма болып табылады. REUTERS DEALING 2000 сияқты операциялық жүйелерді пайдалану арқылы мәмілелерді жасауда техникалық мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді: банктер стандартты ақпарат (ағымдағы бағамдар, талаптар, басқа да анықтамалық мәліметтер), сонымен қатар мәмілелер жасауға арналған белгілі бір құралдар алады. Операциялық жүйені пайдаланудан түскен табыс есеп айырысу қатысушыларының комиссиондық және абоненттік төлемдерінен қалыптасады.
Қазақстандық банктердің
Активтер көлемі бойынша ранжирлік несие ұйымдарының топтары | Қарызгерлердің барлық категорияларына ұсынылған несие көлемі | Банктерге берілген несие | |
Жалпы сома | Қарызгерлердің барлық категорияларына ұсынылған несие көлеміне қатысты % | ||
1-5 | 203951 | 46180 | 24,64 |
6-20 | 143125 | 8440 | 5,89 |
21-50 | 68484 | 10260 | 16,98 |
51-200 | 57276 | 7143 | 14,47 |
201-1000 | 32253 | 2879 | 9,93 |
1001-1421 | 1418 | 65 | 6,58 |
Кесте 1 - Несие ұйымдары топтары бойынша банкаралық несие көлемі
2009 ж. 1
желтоқсан (млн. теңге.) ҚР Ұлттық
банкі мәліметтері бойынша есептелген:,
2009.
Коммерциялық банк басқа банк несиесін тікелей немесе делдал арқылы (басқа банк, қор биржасы, брокерлік кеңсе және т.б.) тарта алады. Банкаралық несие едәуір қымбат несиелік ресурс, бірақ депозиттерге сияқты оларға резервтік талаптар қойылмайды, сондықтан банкаралық несиенің сомасы түгелімен табысты салым ретінде қолданылуы мүмкін.
Банкаралық несие нарығындағы
операциялар Банктің ағымдағы
өтімділігін реттеудің
Мұндай шаралар банк
Мерзімі | Теңгеде | Валютада | ||
млн. теңге. | Қарызгерлердің барлық категорияларына ұсынылған жалпы несие сомасына қатысты % | млн. теңге. | Қарызгерлердің барлық категорияларына ұсынылған жалпы несие сомасына қатысты % | |
1.08.2009 | 22095 | 13,12 | 29805 | 17,56 |
1.12.2009 | 18263 | 12,63 | 15870 | 12,52 |
1.04.2010 | 11751 | 9,72 | 23587 | 15,21 |
1.08.2010 | 12836 | 10,42 | 25321 | 15,19 |
1.12.2010 | 17068 | 10,45 | 16872 | 16,78 |
Кесте
2 - Ұсынылған банкаралық несие көлемі
бойынша мәліметтер. Банк статистикасының
бюллетені мәліметтері бойынша есептелген,
2010, № 6, 76б.
Несиелік ресурстардың бағасы – NIBK нарығындағы несие бойынша пайыздық қойылым – ұсыныс пен сұраныс әсерінен қалыптасады. Банкаралық несие нарығының жағдайын келесі көрсеткіштер арқылы білуге болады:
MIBOR (Moscow Interbank Offered Rate) – сатуға ұсыныстар бойынша орташа қойылым,
MIBID (Moscow Interbank Bid) – сатып алуға ұсыныстар бойынша орташа қойылым,
MIACR (Moscow Interbank Actual Credit Rate) – банкаралық несие бойынша орташа есептелген нақты пайыздық қойылым.
Жоғарыда берілген
Банкаралық несие нарығындағы пайыздық қойылымдардың деңгейі несиелендіру мерзіміне қатысты өзгеріп отырады. Оны 3 кестеден көруге болады.
Банкаралық несие нарығында контрагенттерді таңдағанда болашақтағы қарыз алушы-банктің баланстар мен экономикалық нормативтер бойынша мәліметтер негізінде анықталатын құқықтық және қаржылық жағдайы есепке алынады. Рейтингтер бойынша ақпаратар да пайдаланылады. Бұл мәліметтер негізінде контрагент үшін несиелік тәуекелдің мүмкін болатын мөлшерін – белгілі бір қарыз алушы-банкке берілетін несиенің максималды көлемін есептеуге болады.
Коммерциялық банк банкаралық несие
нарығында контрагентпен лимитті есептеп
алмай жұмыс істемейді.
Кез келген банктің жағдайын баланс, экономикалық
нормативтер мәліметтерін талдау, динамикада
алынған бөлек баланс шоттарының мағынасын
ашу негізінде адекватты бағалауға мүмкіндік
беретін контрагент-банк үшін лимит белгілеудің
арнайы есептеу әдістері қалыптасқан.
Лимит, әдетте, контрагент-банкің меншікті
капиталы жөніндегі мәліметтер негізінде
банктің қаржылық жағдайын көрсететін
арнайы синтетикалық коэфициенті көмегімен
есептеледі. Бұл коэфициентті контрагент-банктің
өзі өңдейді.
өтеу мерзімі бойынша пайыздық қойылымдар | |||||||
Мерзімі | 30 күнге дейін | Соның ішінде 1 күнге | 31-ден 90 күнге дейін | 91-ден 1жылға дейін | 181-ден 1 жылға дейін | 1
жылдан 3 жылға дейін |
З
жылдан жоғары |
2009ж. | |||||||
Қаңтар | 22,7 | 25,1 | 25,4 | 17,1 | 16,8 | 29,4 | 3,2 |
Мамыр | 44,5 | 46,6 | 45,3 | 8,7 | 11,7 | 10,9 | 4,5 |
Тамыз | 51,4 | 50,8 | 35,5 | 50,7 | 28,8 | 12,5 | 27,2 |
Желтоқсан | 28,3 | 28,3 | 20,0 | 6,2 | 8,5 | 28,3 | 2,8 |
2010ж. | |||||||
Қаңтар | 23,7 | 24,0 | 43,9 | 41,9 | 30,8 | 3,0 | 30,0 |
Сәуір | 18,3 | 18,4 | 20,6 | 13,7 | 3,2 | - | 19,7 |
Кесте
3 - Банкпен ұсынылған несиелер бойынша
орташа есептелген пайыздық қойылымдар,
теңгемен (жылдық % ). Банк статистикасының
бюллетені мәліметтері бойынша есептелген:,
2010, № 6, 78б. (орташа)
Банктер әріптес-банктердің
Тәуелсіз рейтингтік
Банкаралық несиелеу
ҚР Ұлттық банкі «банктердің
банкісі» болып табылады және
коммерциялық банктерге
Информация о работе Нарықтағы банкаралық несие ұғымы және маңызы