Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары

Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 10:27, курсовая работа

Описание работы

Жұмыстың тақырыбы өте өзекті болып келеді, өйткені объективті бөлгіштік қатынастардың экономикалық нысаны бола отырып, құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықшалықты қоғамдық арналымды орындайды – жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория ретінде көрінеді.

Содержание

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ҰҒЫМЫ
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі
1.2 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
1.3 Бюджет балансы. Бюджет тапшылығын жұмылдырудың нысандары
ІІ МЕМЛЕКЕТТІК ТАБЫСТАРДЫ ЖҰМЫЛДЫРУДЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Мемлекеттік табыстарды жұмылдырудың нысандары мен әдістері және оларды жетілдіру жолдарының құрамы мен
құрылымы
2.2 Қазақстан республикасының мемлекеттік бюджеті
2.3 2012 жылға арналған республикалық бюджет туралы заң
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Работа содержит 1 файл

МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ КІРІСТЕРІ МЕН ШЫҒЫСТАРЫ, кур.doc

— 209.00 Кб (Скачать)

                    2.3. 2012 жылға арналған республикалық бюджет туралы заң  

 

    2012 жылға арналған республикалық бюджет 1-қосымшаға сәйкес мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер - 1 468 225 079 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер - 1 302 870 000 мың теңге;

салықтық емес түсімдер - 37 692 594 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер - 8 185 895 мың теңге;

ресми трансферттердiң түсiмдерi - 119 476 590 мың теңге;

2) шығындар - 1 476 210 603 мың теңге;

3) операциялық сальдо - -7 985 524 мың теңге;

4) таза бюджеттік кредит беру - 16 578 146 мың теңге, оның iшiнде:

бюджеттік кредиттер - 38 193 533 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу - 21 615 387 мың теңге;

5) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 89 200 554 мың теңге, оның iшiнде:

қаржы активтерiн сатып алу - 91 200 554 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсімдер -

2 000 000 мың теңге;

6) тапшылық - 113 764 224 мың теңге немесе елдің жалпы iшкi өнiмiнiң 1,4 процентi;

7) бюджет тапшылығын  жұмылдырудың  нысандары н қаржыландыру - 113 764 224 мың теңге. 

    2012 жылға арналған республикалық бюджетте 10 617 223 мың теңге сомасында Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына берiлетiн ресми трансферттер көзделсiн.

    Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылға арналған резервi 16 358 913 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.

    2012 жылға арналған республикалық бюджетте бұрынғы жылдардың мiндеттемелерiн орындауға 1 578 773 мың теңге сомасында бекітілсін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

        Қорыта келгенде, мемлекеттiк бюджет - араларындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергiлiктi бюджеттердi бiрiктiретiн, талдамалы ақпарат ретiнде пайдаланылатын және бекiтуге жатпайтын жиынтық бюджет.

    Қазақстан  Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында:

    «Біз Қазақстанның  жаһандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орнын» иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз» - деді.

    Қазақстан  экономикасын ойдағыдай дамыту  мақсатымен қаржы ресурстарын  неғұрлым толық және ұтымды  пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.

    Сонымен, экономикалық  категория ретінде мемлекеттік  бюджет мемлекеттің орталықтандырылған  ақша қорын жасау және оны  ұдайы өндіріс пен қоғамдық  қажеттіліктерді қанағаттандыру  мақсаттарына пайдалану жолымен  қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын ақша қатынастарын білдіреді.

    Мемлекеттік  бюджет біздің елімізге қажетті  және маңызды. Бюджет қаражаттарының әлеуметтік бағыттылығының зор маңызы бар. Әлеуметтік саясаттағы басымдықтар - халықтың табысы аз жіктерін (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған от бастарын) қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерінің жұмыс істеп тұруы.

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1. «Қаржы» Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С., Алматы 2009 ж.

2. «Қаржының жалпы курсы» Мельников В., Ли В.

3. «Kazakhstan today» газеті

4. «Жетісу» газеті, № 26, 4 наурыз 2012жыл

5. Қ.Р. статистика агенттігі «Республика Казахстан», Алматы 2011

6. Қ.Р. статистика агенттігі « Қазақстан цифрларда» 2011

7. Қазақстан Республикасының Бюджет  кодексі

8. 2012 жылға арналған Республикалық бюджет туралы заң

 




Информация о работе Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары