Автор: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2012 в 10:27, курсовая работа
Жұмыстың тақырыбы өте өзекті болып келеді, өйткені объективті бөлгіштік қатынастардың экономикалық нысаны бола отырып, құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықшалықты қоғамдық арналымды орындайды – жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория ретінде көрінеді.
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТ ҰҒЫМЫ
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі
1.2 Бюджет жүйесі және бюджет құрылысы
1.3 Бюджет балансы. Бюджет тапшылығын жұмылдырудың нысандары
ІІ МЕМЛЕКЕТТІК ТАБЫСТАРДЫ ЖҰМЫЛДЫРУДЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Мемлекеттік табыстарды жұмылдырудың нысандары мен әдістері және оларды жетілдіру жолдарының құрамы мен
құрылымы
2.2 Қазақстан республикасының мемлекеттік бюджеті
2.3 2012 жылға арналған республикалық бюджет туралы заң
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
3) кірістер өседі, шығыстар төмендейді.
Дефицитті
қаржыландыру – оны жабу үшін
қосымша ақша қаражаттарын
Бюджет тапшылығын жұмылдырудың нысандары н қаржыландырудың жолдары:
1) ақша белгілерінің эмиссиясы
2) мемлекеттік займдар
3) шетел займдары
4) ұлттық байлықты пайдалану.
ІІ МЕМЛЕКЕТТІК ТАБЫСТАРДЫ ЖҰМЫЛДЫРУДЫҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2.1. Мемлекеттік табыстарды жұмылдырудың нысандары мен әдістері және оларды жетілдіру жолдарының құрамы
мен құрылымы
Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар - табыстарды жұмылдырудың нысандары мен әдістері және оларды жетілдіру жолдары арқылы болып отырады. Олар құндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сәйкес бөледі.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жұмсаудың қолайлы нысандары мен әдістерін пайдаланады.
Нарықтық қатынастарға көшкенге дейін КСРО-ның мемлекеттік бюджетінің табыстары мемлекеттік кәсіпорындардың ақша жинақтарына негізделіп келді. Ол бюджет табыстарынің жалпы сомасының 90 % құрады және негізінен екі төлемнен – айналым салығы мен пайдадан алынатын төлемдерден тұрды. Бұл жүйе 1930 жылдан 1990 жылға дейін өмір сүрді. 1980 жылдары енгізілген өндірістік қорлар, еңбек ресурстары және басқалары үшін ақы түріндегі пайдадан алынатын нормативті төлемдер қолданылып жүрген төлемдер жүйесін жеке-дара нәтижелеріне бағытталып отырды.
Дағдыдағыдай, кірістердің көзі салықтар немесе оларға барабар төлемдер болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті табыстарынің құрамы мен құрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен айқындалады.
Бюджет жүйесі туралы заңға сәйкес бюджеттің құрылымы мыналардан тұрады:
1) түсімдерден:
кірістерден;
алынған ресми трансферттерден (гранттардан);
бұрын бюджеттен берілген
кредиттер бойынша негізгі
2) шығыстардан және кредит беруден:
шығыстардан;
кредит беруден;
3) бюджет тапшылығын жұмылдырудың нысандары нан (профицитінен);
4) бюджет тапшылығын жұмылдырудың нысандары н (профицитті пайдаланудан) қаржыландырудан.
Өз кезегінде кірістер:
салықтық түсімдер;
салыққа жатпайтын түсімдер;
капиталмен жасалатын
Бюджеттік түсімдердің бұл үш категориясы алынған ресми трансферттер бөлігімен (және бір уақытта санатымен) яғни тауарларды немесе қызметтер көрсетуді сатып алуға, кредиттер беруге немесе өтелмеген борышты төлеуге байланысты емес тегін және қайтарылмайтын төлемдерден толықтырылады.
Бюджеттен берілген кредиттерді өтеу санаты бюджеттік кредиттер бойынша (қайтару негізінде берілген - бұрынғы жылдардағы несиелендіру) мемлекеттік шаруашылық жүргізуші субъектілер тарапынан ақшалай қаражаттардың түсуі болып табылады.
Бюджеттің шығыстар бөлігі функционалдық топтардың щығыстарын қаржыландыруға жұмсалады.
Мемлекеттік борышқа қызмет ету жөніндегі шығыстар "борышқа қызмет ету" функционалдық тобы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің мемлекеттік мекемелерін - әкімдер аппаратын және кіші бағдарламалар – қарыздар бойынша сыйақылар (мүдделер) төлеу және қарыздарды орналастырғаны үшін комиссиялық сыйақылар төлеу бойынша Қаржы министрлігін бөле отырып жүргізіледі.
Кейін бюджетке өтеу түрінде қайтаруға жататын, басқа экономикалық бірліктерді несиелендіруге арналған қаражаттар тиісті бөлікте - функционалдық топ болып табылатын несиелендіруде көрсетіледі.
Бюджет тапшылығын жұмылдырудың нысандары шығыстар мен бюджеттен қайтарымды негізде бөлінген кредиттер ауқымының бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасынан асып түсуін қамтып көрсетеді. Бекітілген республикалық бюджет тапшылығын жұмылдырудың нысандары ның көлемі ұлттық валютамен және жалпы ішкі өнімге пайызбен, ал облыстық бюджеттер, Астана және Алматы қалалары бюджеттерінің тапшылығы ұлттық валютамен көрсетіледі. Ал бюджет профициті – бұл бюджетке түсетін кірістер мен ресми трансферттер түсімдерінің және бұрын бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі борышты өтеудің жалпы сомасының жалпы шығыстардың және қайтарымдық негізде бөлінетін кредиттердің ауқымынан асып түсуі. Бекітілген бюджет профицитінің көлемі де ұлттық валютамен немесе жалпы ішкі өнімге пайызбен есептеледі.
Мемелекеттік бюджеттің соңғы бөлігі - бюджет тапшылығын жұмылдырудың нысандары н (профицитті пайдалану) қаржыландыру ішкі және сыртқы мемлекеттік борышты өтеу жөніндегі шығыстарды қамтып көрсетеді. Оның қос арналымы бар:
1) тапшылық болған жағдайда – ішкі көздерден (Ұлттық банктен, коммерциялық банктерден, бағалы қағаздар сатудан, есепке алу бойынша, шығыстарды жабуға бағытталатын жыл басындағы бюджет қаражаттарының қалдықтары) және сыртқы қарыздардан қаражаттар тарту;
2) профицит кезінде
– жоспардан тыс түсімдерді, бірінші
кезекте мемлекеттік
Кірістер мен шығыстардың егжей-тегжейлі тізбесі мен топтамасы бюджеттік сыныптамамен айқындалады. Қаржы Министрлігі бекіткен бірыңғай бюджеттік сыныптама – функционалдық, ведомствовалық және экономикалық сипаттамалар бойынша бюджетке түсетін түсімдер мен бюджеттен жұмсалатын шығыстардың топтастырылуын белгілейтін нормативтік құқықтық акт. Ол кірістердің сыныптамасынан, шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамаларынан тұрады. Бірыңғай бюджеттік сыныптама бюджеттің мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуының жоспарларымен, болжамдарымен және бағдарламаларымен, министрліктер мен ведомстволардың, ұйымдар мен мекемелердің қаржы жоспарларымен тығыз байланысын қамтамасыз етеді; жеке (дара) сметалар мен қаржы жоспарларын құрама сметалар мен жоспарларға біріктіруге мүмкіндік береді, құрама жоспарлар мен бюджеттің жазбаша тізбесі арасындағы үйлесуді қамтамасыз етеді.
1996 жылға дейінгі бюджеттік сыныптама мынадай бөліктерді қамтыды: бөлім, параграф, бап, тарау. Алайда ұзақ уақыт қолданылып келген сыныптама бюджет қаражаттарын жобалаудың, оған есеп жүргізудің және бақылаудың, сондай –ақ бюджет процесін жүзеге асырудың қазіргі заман талаптарына сай болудан қалды. Сондықтан 1996 жылдан бастап ол жаңа, халықаралық стандартқа сәйкес келетін сыныптамамен ауыстырылды.
Жаңа бюджеттік сыныптамаға сәйкес кірістер енді төрт бөлікке жіктелетін болды, олар: санат, сынып, ішкі сынып, ерекшелік. Мысалы, бюджеттің табыстары мына санаттарды қамтиды: салық түсімдері; салыққа жатпайтын түсімдер; капиталмен жасалатын операциялардан алынатын кірістер; алынған ресми трансферттер (гранттар); бюджеттен берілген кредиттерді өтеу; жалпы қаржыландыру; бюджеттің қаражаттары қалдықтарының қозғалысы. Қалған бөліктер кірістерді кіріс көздерін неғұрлым тәптіштеу ретінде сипаттайды. Мысалы, салық түсімдеріндегі сынып – салық тобын, ішкі сынып-салық түрін, ерекшелік – нақты салық төлеушіні немесе салық объектісін білдіреді.
Шығыстарда функционалдық, экономикалық және ведомстволық сыныптама қарастырылған. Функционалдық сыныптама қызмет түрлерінің, шаралардың және бюджет қатынастары қатысушыларының кең көлемді сипаттамасы болып табылады. Функционалдық сыныптамаға байланысты шығыстар бес бөлімге бөлінеді: функционалдық топ, ішкі функция, мемлекеттік мекеме-бағдарламалардың әкімшісі, бағдарлама, ішкі бағдарлама. Аталған деңгейлердің ұштастырылуы шығыстардың функционалдық сыныптамасының кодын құрайды.
Шығыстардың экономикалық сипаттамасы оларды экономикалық белгілері бойынша төрт бөлімге бөледі: санат, сынып, ішкі сынып, ерекшелік. Санат мыналарды қамтиды: ағымдағы шығыстар, күрделі шығыстар, кредит беру, қаржыландыру. Сынып, ішкі сынып және ерекшелік шығыстардың арналымы мен сипатын нақтылай түседі, мысалы, ағымдағы шығыстарда: тауарлар мен қызметтер көрсетуге жұмсалатын шығыстар - жұмысшылар мен қызметшілердің негізгі жалақысы.
Бюджеттің атқарылуы кезінде екі сыныптаманың негізгі бөлімшелерін қамтитын тоғыспалы сыныптама түріндегі функционалдық және экономикалық сыныптамалардың ұштастырылуы пайдаланылады.
Ведомстволық сыныптама бойынша шығыстардың атқарылуы мен бюджеттік несиелендіру әкімшілер бойынша бюджет бағдарламаларын, мысалы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Парламенттің шаруашылық басқармасы, Премьер-министрдің Кеңсесі, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкімдері, министрліктер, комитеттер, агенттіктер, Қазақстан Республикасының басқа ведомстволары мне службалары бойынша топтастыруды білдіреді.
Бюджеттік сыныптама автоматтандыру құралдарын қолданатын басқарудың жоғары жеделдігіне жету үшін түсімдер мен шығындарды жан-жақты, айқын және арнаулы етіп жүйелеуге мүмкіндік береді.
Бюджеттік жоспарлау - мемлекеттің қаржы саясатының талаптарына бағындырылған қаржылық жоспарлаудың маңызды құрамды бөлігі. Мұндай жоспарлаудың экономикалық мәні елдің жалпыұлттық әлеуметтік-экономикалық дамуы негізінде түрлі деңгейдегі бюджеттерді жасау мен олардың атқарылуы процесінде бюджет жүйесінің буындары арасында қоғамдық өнімнің құны мен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуде болып отыр. Бюджеттік жоспарлау барысында қаржы елдің дамуының экономикалық және сапалық көрсеткіштеріне және табиғи, материал, еңбек және қаржы ресурстарына белсенді ықпал жасайды.
Бюджеттік жоспарлаудың бірлігі мыналарға негізделеді:
1) республикалық
және жергілікті бюджеттерден
қаржыландырылатын бюджеттік
2) заңнамалық актілер мен кірістерді республикалық және жергілікті бюджеттер арасында бөлу нормативтерін, облыстық өкілді органдардың шешімдерімен – кірісті облыстық бюджет пен аудандар (қалалар) бюджеттерінің арасында бөлудің тұрақты нормативтерін белгілеуге;
3) заңнамалық актілермен
республикалық бюджеттен
4) Қаржы министрлігімен
келісе отырып, облыстар мен Астана
және Алматы қалаларының бюджет
5) тиісті қаржы
жылына арналған республикалық
бюджет туралы заңда және
6) Үкімет белгілейтін тәртіп пен жергілікті атқарушы органдар тартатын қарыздар жөніндегі сыйақының (мүдденің) шекті мөлшерін белгілеуге.
Қазақстан Республикасының экономикасы басынан кешіріп отырған нарықтық қатынастарға көшу кезеңі оның бюджетінің мазмұнына, табыстары мен шығыстарына айтарлықтай ықпал етіп отыр. Бюджеттің, әсіресе оның шығыстарының абсолютті және относителді тез өсуі оған тән сипат болып отыр. Бұл инфляциялық процестерден және егеменді мемлекеттің функцияларының кеңеюінен, Қазақстанның ішкі және сыртқы қауіпсіздігін өзі қамтамасыз ету қажеттігінен туып отыр.
Бюджеттің табыстары – бюджетке қайтарылмайтын негізде салықтардан, алымдардан және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерден алынатын түсімдердің, сондай-ақ капиталмен жасалатын операциялардан түсетін кірістердің көлемі.
Қазақстан Республикасының "Бюджет жүйесі туралы" заңына сәйкес республикалық бюджетке түсетін түсімдер мыналарды қамтиды:
1) республикалық бюджеттің табыстарын, олар мыналардан тұрады:
а) салықтар, алымдар
және басқа да міндетті
ә) салыққа жатпайтын түсімдерден ( республикалық мемлекеттік кәсіпорындар пайдасының үлесі; Ұлттық банк кірісінен алынатын түсім; Үкіметтің депозиттері бойынша алынған сыйақылар (мүдделер); республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге тиесілі мүліктерді сатудан түсетін түсімдер; республикалық меншік болып табылатын акциялар бумаларына түсетін дивидендтер; мемлекеттік лотереялардан алынатын кірістер (жергілікті өкілді органдарының шешімдері бойынша өткізілетін лотереялардан алынатын кірістерді қоспағанда); жер қойнауы туралы ақпаратты пайдалануға бергені үшін төлемдер; республикалық бюджеттен кредиттер берілуі үшін алынған сыйақылар (мүдделер); республикалық меншікті мүлікті жалға беруден алынатын түсімдер; тәркіленген мүлікті, белгіленген тәртіппен республикалық меншікке өтеусіз өткен мүлікті сатудан алынатын түсімдер, соның ішінде мемлекеттің пайдасына бас тартудан кеден режимінде рәсімделген тауарлар мен көлік құралдары; Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттары мен жеке куәліктер бергені үшін төлем; мемлекетке өткен мүлікті, заңсыз алынған мүлікті өз еркімен тапсырудан немесе оны өндіріп алудан немесе мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға немесе оларға теңестірілген тұлғаларға заңсыз көрсетілетін қызметтердің құнын өндіріп алудан алынатын сомалардың түсімдері; өнімдерді лицензиясыз әкеткені үшін төленетін айыппұл сомаларының түсімдері; лицензиялық тәртіп белгіленген казино, тотализаторлар мен ойын бизнесі қызметтерінен алынған кірістерді қоспағанда, өзіне лицензиялық тәртіп белгіленген лицензиясыз қызметтен алынған кірістерден түсетін түсімдер; атқарушы санкция; басқа да салыққа жатпайтын түсімдер);
Информация о работе Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары