Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 19:02, реферат
Қаржылық бақылау өткізілуі мерзіміне байланысты нысандары бойынша былай сыныпталады:
-алдын ала (шығындалуға дейін жүргізіліп, профилактикалық шара қолданылады);
-ағымдағы (шығындалу кезінде жүргізіліп, жоспар немесе сметамен салыстырылады);
-кейінге (есеп материалдары негізінде шығыннан кейін жүргізіледі. Алдын ала және ағымдағы бақылау үшін тұжырым жасалады).
Ішкі бақылауды ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган және ішкі бақылау службалары – Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті жүзеге асырады. Оған мемлекеттің қаржылық ресурстарын ұтымды пайдалануды бақылау жөнінде кең өкілеттіктер берілген .Комитет Басқармасы министрліктерге, ведомостволарға, басқарудың басқа органдарына, құқықтық тәр-тіпті қорғау,қорғаныс кәсіпорындары мен ұйымдарына, өнеркәсіптің мемлекеттік кәсіпорындарына, құрылысқа, ауыл шаруашылығына, дайындаушы ұйымдарға, білім беру жүйесіне, ғылымға, денсаулық сақтауға, халықты әлеуметтік қорғауға, мәдениетке, бұқаралық ақпарат құралдарына тексерістер жүргізеді.
Информация о работе Мемлекеттік қаржылық бақылау нысандары және әдістері мен ұйымдастыру негіздері