Мемлекеттік қаржылық бақылау нысандары және әдістері мен ұйымдастыру негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 19:02, реферат

Описание работы

Қаржылық бақылау өткізілуі мерзіміне байланысты нысандары бойынша былай сыныпталады:
-алдын ала (шығындалуға дейін жүргізіліп, профилактикалық шара қолданылады);
-ағымдағы (шығындалу кезінде жүргізіліп, жоспар немесе сметамен салыстырылады);
-кейінге (есеп материалдары негізінде шығыннан кейін жүргізіледі. Алдын ала және ағымдағы бақылау үшін тұжырым жасалады).

Работа содержит 1 файл

Реферат Мемекеттік қаржылық бақылау нысандары.doc

— 140.50 Кб (Скачать)

       Жалпы  мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдарға сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қаржы  министрлігі, Экономика  және бюджеттік жоспарлау  министрлігі, Ұлттық  банкі жатады. Қаржы  министрлігі,оның Қаржылық  бақылау  комитеті және аумақтық қаржы органдары әлеуметтік-экономикалық сфераның қаржы саласын тексереді. Олар жоспар, қаржыландырудың дара жоспары және қаржылық тәртіптің сақталуын, кірістерді есептеудің дұрыстығын, толымдылығын және дер кезділігін, мемлекет қаражаттарының жұмсалу заңдылығы мен мақсатқа сәйкестігін, бухгалтерлік есеп-қисаптың және есептеменің дұрыстығын бақылап отырады. Қаржылық бақылау комитетінің маңызды функциясы бірлескен және шетелдік кәсіпорындарды, экспорттық-импорттық операцияларды валюталықбақылаубо-лып табылады.

 Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының жүйесін:

- Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті;

- мәслихаттардың тексеру комиссиялары;

- Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті берген ішкі бақылау жөніндегі орган; 4) Орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызмет-тері;

- Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері құрайды.

   Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін республикалық бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғарғы органы болып табылады.

  Мәслихаттардың тексеру комиссиялары жергілікті деңгейде сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырады.

   Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мынадай негізгі функцияларды жүзеге асырады:

   Республикалық бюджеттің атқарылуын, оның ішінде Қазақстан Республика-сы бюджет жүйесінің қағидаттарына сәйкес бағалауды жүзеге асырады;

 өз қызметінің бағыттары бойынша тиімділікті бақылауды жүзеге асырады;

 бақылау объектілерінің есепке алу мен есептемені жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асыру;

  орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының, мемле-кеттік және бюджеттік бағдарламаларының іске асырылуын бағалауды жүзеге асырады;

 республикалық бюджет қаражаттарын, пайдаланудың Қазақстан Республи-касы заңнамасына сәйкестігін бақылауды жүзеге асырады;

 Қазақстан Республикасының Парламентіне өткен қаржы жылындағы рес-публикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті ұсынады;

 Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыруға байланысты мәселелер бойынша тапсырмаларын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің өзге жеке тапсырмаларын орындайды;

 Қазақстан Республикасының Президентіне мемлекеттік қаржылық бақылау объектілері лауазымды адамдарының нормативтік құқықтық актілерді сақтамауының анықталған фактілері бойынша ұсыныстар енгізеді;

 республикалық бюджетке түсетін түсімдердің толықтығы мен уақтылығын, сондай-ақ республикалық бюджеттен түсетін түсімдер сомаларының қайтарылуын, салықтық және кедендік әкімшілік ету тиімділігін бақылауды жүзеге асы-рады;

 республикалық бюджет қаражаттарын және мемлекет активтерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы-ның сақталуын бақылауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің активтерін пайдаланудың Қазақ-стан Республикасы заңнамасына сәйкестігіне  бақылауды жүзеге асырады; сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізуге байланысты мәселелер бойынша бақылау объектілері лауазымды адамдарының тиісті есептерін тыңдайды; бақылау және талдамалық іс-шаралар барысында анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде шаралар қабылдайды; сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу тәртібін айқындайды, мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын әзірлейді, олардың сақталуына бақылау жүргізеді, мәслихаттардың тексеру комиссиялары туралы типтік қағиданы бекітеді; талдау мен зерттеулер жүргізеді, мемлекеттік қаржылық бақылау саласында әдіснамалық басшылықты жүзеге асырады, мемлекеттік қаржылық бақылау са-ласындағы оқыту бағдарламаларын іске асырады; Қазақстан Республикасының бюджет және өзге заңнамасын жетілдіру жө-ніндегі ұсыныстар енгізеді, мемлекеттік қаржылық бақылау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және келіседі; Қазақстан Рсепубликасының Үкіметіне, мемлекеттік органдарға және бақылау объектілеріне жіберілген ұсыныстар мен тапсырмалардың орындалуына мо-ниторинг, сондай-ақ бақылау жүргізеді; Қазақстан Республикасы заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады [7].

     Барлық баспалдақтардың өкілетті  органдары  (мәслихаттар, депуттардың жиналыстары) бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді қарау және бекіту үдерісінде қаржылық бақылауды жүзеге асырады. Яғни олар бақылауды екі нысанда – алдын ала және кейінгі нысанда жүзеге асырады. Ағымдағы бақылау олардың қызметінде болғанымен негізгісі болып табылмайды. Бақылаудың негізгі әдісі тексерулер болып табылады. Бақылау объекті жергілікті ақшалай қорлар болып келеді.    Мәслихаттың тексеру  комиссиясы  Есеп комитетінің функцияларына ұқсас, бірақ тиісті жергілікті деңгейге қатысты функияларды орындайды.

       Мемлекеттік бақылауды өздерінің өкілеттік шектерінде Қаржы министрлігінің заңи тұлға құқығындағы Қазынашылық комитетіде орындайды. Қазынашылық органдарының негізгі міндеттерінің бірі республикалық бюджеттің кассалық атқарылуын ұйымдастыру, жүзеге асыру және бақылау болып табылады. Бюджеттік тәртіптің негізгі міндеттерінің орындалуы және оны нығайту мақсаттарында министрліктерде, кәсіпорындарда, ұйымдарда жә-не мекемелерде Үкіметтің қаржылық ресурстарын есепке алумен, аударумен және пайдаланумен байланысты ақшалай құжаттарды тексерулерді жүргізуге Қазынашылық органдардың құқығы бар.

     

 

 1.3 Қаржылық бақылау комитетінің негізгі міндеттері, функциялары және қызметін ұйымдастырудың ерекшеліктері

      

1. Қазақстан  Республикасы Қаржы министрлігінің  Қаржылық бақылау комитеті орталық  атқарушы органның құзыреті шегінде  ішкі қаржылық бақылау мемлекеттік  сатып алу, аудиторлық қызмет, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.

2. Комитет өз  қызметін Қазақстан Республикасының  Конституциясы мен басқа заңдарына,  Қазақстан Республикасы Президентінің және Yкіметiнiң актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Комитет мемлекеттік  мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы  заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк  тілде өз атауы бар мөрлері  мен мөртаңбалары, белгiленген үлгідегі бланкiлерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің  органдарында шоттары болады.

4. Комитеттің Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын және тарататын мемлекеттік мекеме нысанындағы заңды тұлғалар болып табылатын аумақтық бөлімшелері бар, оларға Комитеттің бақылауындағы және есеп беретін облыстар және Астана мен Алматы қалалары бойынша Қаржылық бақылау  инспекцияларына жатады. Жұмысты тиімді ұйымдастыру мақсатында Комитет аумақтық бөлімшелердің ішкі қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметін үйлестіреді, қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу  туралы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша аумақтық бөлімшелерге тексеру жүргізеді, сондай-ақ аумақтық бөлімшелерге белгіленген тәртіп бойынша  өздеріне жүктелген функцияларды тиісті орындауын бақылауды жүзеге асырады.

5. Комитет азаматтық-құқықтық  қатынастарға өз атынан түседі.

6. Комитет өз  құзыретінің мәселелері бойынша  заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет төрағасының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен ресімделетін жеке қолданылатын құқықтық актілер шығарады.

Комитет Қазақстан  Республикасы Қаржы министрлигіне  қатысты ішкі бақылау қызметі  функцияларын атқарады.

7. Комитеттің  құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен келіскеннен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысы бекітеді.

8.Комитеттің  қызметін қаржыландыру республикалық  бюджеттен ғана жүзеге асырылады. 

9. Комитетке  өзiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында кәсiпкерлiк субъектiлерiмен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.  

        Комитеттің функциялары мен құқықтары 

    10. Комитет  заңнамада белгіленген тәртіппен  Қазақстан Республикасы Қаржы  министрлігінің құзыреті шегінде мынадай функцияларды жүзеге асырады:         

1) республикалық  және жергілікті бюджеттер қаражатын  пайдаланудың Қазақстан Республикасының  заңнамасына сәйкестігін бақылауды  жүзеге асырады;        

2) бақылау объектілерінің  есепке алу мен есептілікті жүргізудің растығына және дұрыстығына бақылауды жүзеге асырады;        

3) бюджеттік кредиттер, концессиялық жобаларды қоса қаржыландыру, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін, байланысты гранттарды және мемлекет активтерін беру шарттары мен рәсімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады;         

4) өз құзыреті  шегінде бақылау объектілерінің  республикалық және жергілікті  бюджеттерге салықтық емес түсімдерді  енгізудің толықтығы мен уақтылығына  қатысты мәселелер жөніндегі қызметін бақылауды жүзеге асырады;

5)мемлекеттік  мекемелердің өз иелігінде қалатын  тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін  қызметтерді) өткізуден түскен  ақшаның қалыптастырылуы мен  пайдаланылуын бақылауды жүзеге  асырады;       

6) Қазақстан  Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражатын пайдалану кезінде жолсыздықтарды анықтау, жолын кесу және оларға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды;      

 7)  бақылау объектілеріне жіберілетін ұсынымдардың және бақылау нәтижелерінің қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;  

  8)    бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша бақылау объектілерінен қажетті құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсініктемелерді сұратады және өздеріне белгіленген мерзімде алады;

9) бақылауды  жүргізуге мемлекеттік органдардың  тиісті мамандарын және қажет  болғанда осы мақсаттарға республикалық  бюджеттен бөлінген қаражат шегінде  олардың көрсеткен қызметтеріне  ақы төлей отырып, аудиторлық  ұйымдар мен сарапшыларды тартады; 
       10)  ішкі бақылау қызметтерінің мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;   

   11) ішкі бақылау қызметтерінің қызметкерлері үшін үлгі біліктілік талаптарды әзірлеуге, ішкі бақылау қызметтеріне әдістемелік көмекті жүзеге асыруға және олардың қызметтерін үйлестіруге қатысады;        

12) өткізілген  бақылау іс-шараларын нәтижелері  туралы есептерді Қазақстан Республикасының  Үкіметіне ұсынады;

       13) бақылау нәтижелері бойынша  бөлінген сомаларды бюджетке өтеуін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзушылықтарымен жасалған күшіне енген мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың күші жойылған деп тану туралы талап-арыздарды сотқа жібереді;       

14) Республикалық  бюджеттің атқарылуын бақылау  жөніндегі комитетпен бірлесіп, мемлекеттік қаржылық бақылау  стандарттарын әзірлейді;     

15) келісілген  мерзімдерде мемлекеттік қаржылық  бақылау органдары жоспарлайтын  және өткізетін бақылау іс-шаралары туралы ақпарат алмасуды жүзеге асырады;        

16) Қазақстан  Республикасының мемлекеттік сатып  алу туралы заңнамасының және  бюджеттік заңнамасының сақталуын  бақылау мәселелері бойынша мемлекеттік қаржылық бақылау органдарымен және құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;     

17) Бақылау іс-шараларын  жүргізу нәтижесінде бақылау  объектісінің қылмыс құрамы белгілері  бар іс-әрекетті ) жасасу фактісі  анықталған жағдайда, аталған іс-әрекеттің   жасалғаны туралы ақпаратты және  осындай фактіні растайтын құжаттарды құқық қорғау органдарына береді;        

18)Қазақстан  Республикасының мемлекеттік сатып  алу туралы заңнамасының сақталуын  бақылауды, соның ішінде  мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың сақталуы, мемлекеттік сатып алу кезінде  қазақстандық мазмұн мәселелері бойынша тексерулерді жүзеге асырады;        

19) жоспардан  тыс тексерулерді:       

  Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, осыған уәкілеттік берген мемлекеттік органдардың тапсырмалары, депутаттық сауалдар бойынша; 

Информация о работе Мемлекеттік қаржылық бақылау нысандары және әдістері мен ұйымдастыру негіздері