Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2012 в 19:02, реферат
Қаржылық бақылау өткізілуі мерзіміне байланысты нысандары бойынша былай сыныпталады:
-алдын ала (шығындалуға дейін жүргізіліп, профилактикалық шара қолданылады);
-ағымдағы (шығындалу кезінде жүргізіліп, жоспар немесе сметамен салыстырылады);
-кейінге (есеп материалдары негізінде шығыннан кейін жүргізіледі. Алдын ала және ағымдағы бақылау үшін тұжырым жасалады).
тапсырыс берушінің,
бақылау объектілерінің әкімшілік құқық бұзушылық белгілері бар іс-әрекет жасағаны туралы ақпарат келіп түскен; құқық қорғау органдарынан қаулылар келіп түскен жағдайларда; мемлекеттік сатып алуды жинақтау, жинап қорыту және талдау нәтижелері бойынша жүзеге асырады;
20) әкімшілік
құқық бұзушылық туралы
21) мемлекеттік
қаржылық бақылау жүйесін
22) Қазақстан
Республикасының заңдарына
Комитеттің:
1) өз құзыреті шегінде бұйрықтар әзірлеуге және қабылдауға;
2) республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, есебін жүргізу және атқарылуы жөнінде есептілік, гранттардың, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекет активтерін, мемлекеттік мекемелердің иелігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен ақшаның пайдалануы бөлігіндегі Қазақстан Республикасының заңнамасы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы талаптарының бұзылу себептеріне баға беруге;
3) ішкі бақылау
қызметтері бар мемлекеттік
4) ішкі қаржылық
бақылау мемлекеттік сатып алу,
5) ішкі бақылау
қызметтерінің бақылау
6) құзыретінің шегінде мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
7) қызметтік,
коммерциялық немесе өзге де
заңмен қорғалатын құпиялардың,
8) жүргізілген
бақылау іс-шараларының
Комитеттің қызметін ұйымдастыру бойынша, комитет аумақтық бөлімшелерге жетекшілік етеді. Комитетті Қазақстан Республикасының Қаржы министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын төраға басқарады. Комитет төрағасының заңнамада беліленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Қаржы министрімен қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын екі орынбасары болады. Комитеттің облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша қаржылық бақылау инспекцияларының басшыларын Комитет төрағасының ұсынымымен Қазақстан Республикасының Қаржы министрі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Төраға Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық етеді, Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және олардың өз функцияларын жүзеге асыруына жеке жауап береді.
Төраға:
1) өзінің орынбасарларының және Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының өз міндеттерін және өкілеттіктерін айқындайды;
2) Комитеттің
аумақтық бөлімшелері
3) Комитет қызметкерлеріне
және Комитеттің аумақтық
4) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері және аумақтық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
5) Комитеттің
штат санының лимиті шегінде
Комитеттің және оның аумақтық
бөлімшелерінің штаттық
6) заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, оларға демалыс беру, даярлау, біліктілігін арттыру мәселелерін шешеді және Комитет қызметкерлерін және Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің бірінші басшылары мен қызметкерлерін шетелге іссапарға жіберу Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Регламентінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі;
7) Комитеттің бұйрықтарына қол қояды;
8) заңнамаға
сәйкес Комитетті барлық
9) Қазақстан
Республикасының заңнамасына
Қазақстан Республикасы Парламенті мыналарды бақылайды:
бюджет түсімдерінің көздерін, оларды үкімет және заңнамалық органдардың үнемді, ысырапсыз пайдалануын;
мемлекеттік меншіктің тиімді пайдаланылуын, мемлекеттік кәсіпорындардың , мемлекеттік меншіктің жекешелендіру жұмысын;
арнайы қорлар қаражаттарын пайдалану;
қоғамдық ұйымдардың, партияларды қоса алғанда, жарғылық мақсатқа сәйкес алынған кіріс көздерінің пайдалануын.
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың арнайы ведомствосы. Қаржы министірлігіне бағынатын қаржылық бақылау комитеті. Қазақстан Республикасының барлық субъектілерінде Қаржылық бақылау комитетінің органдары болады. Бұл аппарат түгелімен республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Қаржылық бақылау комитеті-мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асыратын жалғыз жүйе. Ол мынадай қызметтерді жүзеге асырады.
- мемлекеттік кәсіпорындарды, ұйымдарды және мекемелерді тексеруді құжаттайды;
- Ішкі істер министірлігінің тапсырмасы бойынша ұйымдасқан қылмыспен күресу шеңберінде тексеру жүргізеді. Бұл құрлымдағы басты мәселе-қаржылық бақылаудағы заңнамалық база.
Салалық министрліктердегі қаржылық бақылау органдары.Мемлекеттік комиссиялар, мемлекеттік комитеттер, министрліктер мен ведомстволар қаржылық бақылауды арнайы ревизиялық аппаратпен өткізеді.
Қаржы министрлігі басқаратын қаржы органдары бюджет қорындағы қаржының қолданылуы мен жұмылдырылуы үдерісін бақылайды.
Бюджеттік бақылау экономиканың дамуы мен мемлекеттік бюджет түсімінің максималды өсуін қамтамасыз ететін оңтайлы қаржы саясатын жүргізуге ықпал етеді. Бақылаушы органдар мемлекеттік шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-өндірістік қызметіне ревизияның барлық түрін жүргізеді.
Комитеттің мүлкі комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. Комитетке бекітіп берілген мүлік республикалық меншікке жатқызылады, оған мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ құны Комитеттің балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады. Комитеттің өзіне бекітілген мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ. Комитетке заңнамада көрсетілген жағдайда және шегінде мүлікті иелену құқығы берілуі мүмкін.
Қаржы министрлігінің Салықкомитеті, оның аумақтық органдары есептелген салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдар сомаларының бюджеттерге толық және дер кезінде түсуіне салықтық тексерулерді жүзеге асырады. Жер-жерлердегі қаржы органдарының бақылау объекті орта-лықтандырылған ақшалай қорларды жасау мен пайдаланудың дұрыстығы мәселелері болып келеді. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің табыстарын бақылауды Қаржы министрлігінің Салық комитеті мен облыстардағы, қалаларағы, аудандардағы жергілікті салық комитеттері жүзеге асырады. Салық органдарының экономикалық санкцияларды – бағалар тәртібін бұзғаны үшін айыппұлдар қолдануға құқығы бар. Айыппұлдар көп дүркіндік болып өседі және рыноктық бағаларды реттеу механизмі негіздерінің бірі бола бастайды. Бұзушылықтарда алынған табыстар, меншік нысанына қарамастан, даусыз тәртіппен бюджетке есептеледі. Заңмен шарттастасылған мөлшерде бұзушыдан айыппұл өндіріп алынады. Кәнігі (қасақана) бұзушылықтар жағдайында материалдар тергеу органдарына беріледі.
Экономика мен қаржылық қызмет сферасында қаржылык тәртіпті сақтауға Қазақстан Республикасының экономикалық және жемқорлық қылмыстылық пен күрес жөніндегі агенттігі (қаржыполициясы) де қатысады. Ол заңмен белгіленген өкілеттіктер шегінде жедел-іздестіру қызметін, алдын ала тергеу және анықтау, әкімшілік іс жүргізу арқылы экономика мен қаржылық қызмет сферасында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделеріне қылмыстық және құқыққа қайшы өзге де қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік орган болып табылады. Агенттік (қаржы полициясы) органдарының негізгі міндеттері мыналар бо-лып табылады: өкілеттігі шегінде мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін, кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің, қоғам мен мемлекеттің заңды құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету; салықтарды төлеуден жалтарынуға байланысты қылмыстардың, экономика мен қаржы саласындағы өзге де қылмыстар мен құқықтық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу; экономика саласындағы сыбайлас жемқорлық пен қылмысқа қарсы күрес ісінде мемлекеттік саясатты әзірлеуге және іске асыруға қатысу; агенттік (қаржы полициясы) органдарының қарауына жатқызылған мәселелер бойынша халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру [9].
Агенттіктің аумақтық және маман-дандырылған органдары тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде уәкілетті органның функцияларын жүзеге асырады. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында экономика және қаржылық қызмет сферасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу жөніндегі басшылықты, сондай-ақ заңдарда көзделген шектерде салааралық үйлестіруді және өзге де арнайы атқарушылық және рұқсат етушілік функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы уәкілетті орган болып табылады.
Өздерінің өкілеттігіне қарай бақылау функцияларын жергілікті жердегі атқарушы органдар орындайды, олар негізінен бюджеттерді, олардың атқарылуы туралы есепті қарау және бекіту үдерісінде қаржылық бақылауды жүзеге асырады. Барлық деңгейлердің өкілдікті органдары қаржылық бақылауды бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есепті қарау және бекіту үдерісінде жүзеге асырады. Яғни олар бақылауды екі нысанда–алдын ала және кейінгі нысандарда жүзеге асырады. Ағымдағы бақылау бар болғанымен олардың қызметінде негізгі болып саналмайды. Бақылаудың негізгі әдісі тексерулер болып табылады. Бақылаудың объекті жергілікті ақшалай қорлар болады.
Ішкі бақылау службасы– орталық мемлекеттік органның бөлімшесі, ол өзінің құзыры шегінде мемлекеттік органның, оның республикалық және жергілікті бюджеттер аумақтық бөлімшелері мен ведомствоға бағынышты ұйымдарының атқаруын, гранттарды, мемлекет активтерін, мемлекеттік меке-мелердің тауарларды өткізуден түскен, олардың қарамағында қалатын ақшаларды пайдалануды бақылауды жүзеге асырады.
Ішкі бақылау службасы: мемлекеттік орган жұмысының сапасы мен өнімділігін арттыру мақсатында оның қызметінің бағыттары бойынша ішкі бақылауды жүзеге асырады; мемлекеттік органда, оның аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағыныштағы ұйымдарында басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүргізеді, мемлекеттік органның бірінші басшысына оны жақсарту жөнінде ұсыныстар береді; мемлекеттік органның Қазақстан Республикасының бюджет және өзге заңнамасын сақтауын тексеруді жүзеге асырады; мемлекеттік органның стратегиялық және операциялық жос-парларының іске асырылуын бақылауды, нәтижелерді бағалауды жүзеге асырады; мемлекеттік органның есепке алу мен есептемені жүргізуінің анықтығы мен дұрыстығын бақылауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес республикалық және (немесе) жергілікті бюджеттердің қаражаттарын пайдалану кезінде бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу және оларға жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды; бақылау объектілеріне жіберілетін ұсыныстардың және бақылау нәтижелері қорытындылары бойынша қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады; бақылау жүргізуге байланысты мәселелер бойынша қажет-ті құжаттарды, анықтамаларды, ауызша және жазбаша түсі-ніктемелерді бақылау объектілерінен сұратады және белгіленген мерзімде алады; құпиялық режімнің, қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияның сақталуын ескере отырып, бақылау объектілерінің бақылау іс-шарасы мәселелеріне қатысты құжат-тамасымен кедергісіз танысады; мемлекеттік органның басшысы анықтайтын өзге өкілет-тіктерді жүзеге асырады.
Информация о работе Мемлекеттік қаржылық бақылау нысандары және әдістері мен ұйымдастыру негіздері