Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Ноября 2011 в 12:19, реферат
Лизингтік келісім түсінігі Аристотельдің «Риторикасында» өте жақсы айтылған: «Байлықты құрайтын жеке меншік құқығы негізінде мүлікті иелену емес, оны (мүлікті) пайдалану». Бұл ой лизингтің негізгі идеясын өте жақсы анықтайды. Яғни, пайда табу үшін құралдардың немесе басқа да мүліктің меншікте болуы емес, табыс алуға оны пайдалану құқығының болуы да жеткілікті.
Кіріспе.....................................................................................3
1. Лизинг түсінігі, оның концепциялары.............................4
2. Лизинг мәмілесіне қатысушылар, олардың
құқықтары мен міндеттері................................................5
3. Лизинг түрлері....................................................................8
4. Лизингтік төлемдер, түрлері және формалары..............10
5. Қазақстан Республикасындағы лизингтік
құрлымдардың қалыптасуы............................................12
6. Лизингтің негізгі бағыттары............................................13
7. Қорытынды........................................................................15
ҚР «Қаржылық лизинг туралы» 6 маусым 2000ж. сәйкес, лизингке берушінің құқықтары мен міндеттері мыналар:
1)
өзіне тиесілі төленбеген
2)
лизинг шартына сәйкес лизинг
алушының лизинг шартының
3)
лизинг алушы лизинг нысанасын
қайтару жөніндегі
4)
осы Заңда көзделген
2. Лизинг беруші:
1)
лизинг алушымен келісілген
2) сатып алу-сату шартын жасаған кезде лизинг нысанасы белгілі бір сатушыға жазбаша хабарлауға;
3)
лизинг нысанасын лизинг
3.
Лизинг берушінің лизинг
Лизинг алушының құқықтары мен міндеттері
Сатушының
құқықтары мен
міндеттері
Сатушының құқықтары мен міндеттері сатып алу-сату шартының ережелерімен белгіленеді.
Лизинг
шарты лизинг берушінің, лизинг алушының
және сатушының қатысуымен жасалған
жағдайда сатушының құқықтары мен
міндеттері лизинг шартына сәйкес белгіленеді.
3. Лизинг түрлері.
Лизинг жеке және заңды тұлғаларға белгілі бір мерзімге келісім-шарт бойынша берілетін мүліктерге уақытша бос ақша қаражаттарын инвестициялауға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің бір түрі ретінде анықталады.
Лизинг түрлерін қарастырарда, келесі белгілер бойынша жіктейді:
Мәмілеге қатысушылардың (субъектілердің) құрамы бойынша:
тікелей лизинг – мұнда мүлік иесі объектіні лизингке өзі береді, яғни, мәмілеге екі жақ қатысады;
жанама лизинг – затты делдалдар арқылы беру. Бұл жағдайда үш жақты келісім (жеткізуші – лизинг беруші – лизинг алушы) немесе көпжақты келісім болуы мүмкін, оған қатысушылар саны 4-тен 6-7-ге дейін жетеді. Олардың құрамында брокерлік фирмалар, трасттық компаниялар, қаржыландыру мекемелері және тағы басқалары болуы мүмкін.
Мүлік типтері бойынша:
қозғалатын мүлік лизингі (машина-техникалық лизинг);
қозғалмайтын мүлік лизингі.
Мүліктің өзін-өзі ақтау дәрежесі бойынша:
толық ақтау бойынша лизинг, мұнда келісімнің уақыты өткен соң, лизинг берушіге жалға алынған мүліктің құны толығымен төленеді;
толық емес ақтауы бойынша лизинг, мұнда келісім уақыты өткен соң, жалға алынған мүліктің құны біртіндеп төленеді.
Аммортизация жағдайы бойынша лизинг бөлінеді:
толық аммортизация лизингі, тиісінше, лизинг объектісінің құнының толық төлемі;
толық емес амортизация лизингі, мүлік құнының біртіндеп төленуін білдіреді.
Жоғарыда қарастырылған 2 белгілердің жіктелуі бойынша қаржылық және оперативті лизингті ажыратады.
Қаржылық лизинг – белгіленген жағдайларға байланысты белгілі уақытқа белгілі бір ақыға, белгілі бір мүлікті, белгілі бір сатушыдан, лизинг алушыға беруге байланысты, лизинг беруші өз меншігіне алуға міндеттенетін лизинг. Мұнда лизингке беру мерзімінің уақыты толық амортизация уақытымен дәлме-дәл келеді.
Оперативті лизинг – лизинг беруші тәуекелге мүлікті сатып алады және оны лизинг алушыға белгілі жағдай мен белгілі бір уақытқа уақытша иеленуге және қолдануға анықталған төлем бойынша жеткізеді. Сондықтан мұнда лизинг объектісі болып жоғарғы моральдық тозу дәрежесі бар жабдықтар қолданылады.
Мүліктің қызмет көрсету көлеміне байланысты:
таза лизинг – лизинг затының таза техникалық қызмет көрсетуі және ағымдағы жөндеуі лизинг алушымен жүзеге асатын лизингтің әр түрлілігі;
толық лизинг – лизинг затының техникалық қызмет көрсетуі және ағымдағы жөндеуі лизинг берушімен жүзеге асатын лизингтің әр түрлілігі;
жартылай лизинг – лизинг затының жартылай техникалық қызмет көрсетуі.
Лизингтік операциялар жүргізілетін нарықтың секторына байланысты:
ішкі лизинг – ішкі лизингті жүзеге асырған кезде лизинг беруші, лизинг алушы және сатушы Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын лизинг түрі.
сыртқы немесе халықаралық лизинг – халықаралық лизингті жүзеге асырған кезде лизинг беруші және лизинг алушы Қазақстан Республикасы резиденті болып табылмайтын лизинг түрі.
Сыртқы лизинг, өз кезегінде мынадай түрлерге бөлінеді: экспорттық және импорттық лизинг. Экспорттық лизингке шетел мемлекеті – лизинг алушы, импорттық – лизинг беруші болып табылады.
Салықтық және амортизациялық жеңілдіктерге қатысы бойынша:
жалған лизинг – негізделмеген салықтық және амортизациялық жеңілдіктер алу арқасында пайда табу мақсатымен жасалған спекулятивті сипаттағы мәміле;
қызмет етуші лизинг – егер де келісім барысында жоғарыда аталған мақсаттар негізгі және анықтаушы болып табылмаған жағдайда.
Лизингтік төлемдер сипаты бойынша:
ақшалай төлеммен – барлық төлемдер ақшалай формада жүзеге асырылады;
өтемақы төлеммен – төлемдер тауар жеткізу не қарама-қарсы қызмет көрсету формасында жүзеге асырылады;
аралас төлеммен – ақшалай және өтемақы төлемдері есептеледі.
Ғалым В.В.Бочарев оперативті лизинг құрамына қысқа және орта мерзімді мүліктік лизинг түрін кіргізеді:
рентинг – бір күннен бір жылға дейін мүлікті қысқа мерзімді жалға беру;
хайринг – бір жылдан үш жылға дейін орта мерзімді жалға беру.
Сублизинг – келісім-шарт бойынша рәсімделген лизинг мүлігін үш жаққа пайдалану құқығын бергенде пайда болатын қатынастың негізгі түрі.
Қайтару лизингі – лизингтің бір түрі, ол бойынша сатушы лизинг нысанасын лизинг берушіге осы лизинг нысанасын лизинг алушы ретінде лизингке кері қайтарып алу талабымен сатады.
4. Лизингтік төлемдер, түрлері және
формалары.
Лизингтік төлемдер деп лизингтік келісім-шарт бойынша лизингтік мүлікті пайдалану құқығы берілген лизингке алушының лизинг берушіге төлейтін жалпы сомасы.
Лизинг
келісім-шартын бекіту кезінде оған
қатысушы тұлғалар лизингтік төлемдерді
есептеу формалары мен
Сонымен бірге, лизингтік төлемдерді есептеу кезінде мүліктерге салынатын салықты ескеру қажет. Себебі, мүлік лизингтік келісім-шарттық барлық мерзімі ішінде лизингке берушінің балансында болады.
Лизингтік төлемдерді анықтау негізінде төлеу мерзіміне тәуелді лизингтік төлемдердің жалпы сомасы және амортизациялық аударымдарды есептеу әдістері жатыр.
Лизинг есебі бухгалтерлік есеп жөніндегі заңдардың талаптарына сәйкес жүргізіледі.
Лизингтік
төлемдердің жалпы сомасы тұрақты
өлшем болып саналмайды, ол лизингтік
мүліктің құнын қайтару жылдамдығына
тәуелді. Яғни, лизингтік мүліктің құны
аванс төлеу немесе алғашқы төлемдерді
көбейту жолдарымен неғұрлым тез өтелсе,
онда лизингтік мүліктің қалдық құнына
есептелінетін өсім ақы сомалары соғұрлым
аз болады.
Лизингтік
төлемдердің тепе-теңдік мөлшері келесі
формуламен анықталады:
Лт= Ц+Н+П+С-О
Т
мұнда:
Лт – лизингтік төлемнің айлық мөлшері;
Ц – объектіні сатып алу бағасы;
П – процент сомасы;
С – сақтандыру жарналары;
О – лизинг мерзімі соңындағы объектінің қалдық құны;
Т – лизинг мерзімінің ай саны.
Жалпы лизингтік төлемдерді есептеу келесіні ескеріп жүзеге асырылады: