Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 07:02, лекция
Тақырып 1 Корпорациялар қаржысы: ұйымдастыру негіздері және олардың қаржы ортасының мазмұны
Корпорацияның
инвестициялық саясаты
Корпорацияның инвестициялық
Көптеген тәжірбиеге сәйкес
Жобалық қаржыландырудың негізгі принциптері келесілер болып табылады:
Жобалық қаржыландырудың
әдістерін пайдалануды талдау нәтижесінде
келесілерге қол жеткізуге
2. Амортизация, оны есептеу және негізгі капиталды жаңартудағы орны. Корпорациядағы негізгі құралдар өндіріс процесінде бірте-бірте тоза бастайды, яғни өзінің бастапқы сапасын жоғалтады. Олар белгілі бір уақыт өткеннен кейін жарамай қалады да, бұл құралдардың орнына жаңа негізгі құралдарды алуға түра келеді.
Амортизация (латынның «өтеу» деген сөзінен) - тозудың құндық көрінісін білдіреді. Негізгі құралдардың тозуын табиғи және сапалық тозу деп екіге бөледі. Негізгі құралдардың табиғи тозуы олардың материалдық жағынан тозуы болып табылады, яғни жұмыс істеу процесінде машиналар мен құралдардың жеке бөлшектерінің қажалып, үйлер мен ғимараттардың тозығы жетіп құлайтындай дәрежеге жетуі.
Негізгі құралдардың сапалық тозуы олардың толық табиғи тозуы жетпей-ақ құнсызданып, өндірістің даму процесінен кейін қалуы, яғни активтердің ғылым мен техника дамуының бүгінгі күнгі талаптарына сәйкес келмейтін жағдайда болуынан пайда болады.
Негізгі құралдардың сапалық тозуының бірінші себебі - өндіріс салаларында ғылыми техникалық прогресстің өсуіне байланысты еңбек өнімділігінің өсуі болып табылады. Еңбек өнімділігі өскен сайын белгілі бір дайын бұйымды, құрал-жабдықты және т.б. өндіруге кететін қажетті уақыт азаяды да оның құны соғұрлым төмендейді. Сөйтіп, еңбек өнімділігінің өсуіне байланысты жаңа құрал-жабдықтардың бағасы бұрын сатып алынған осындай негізгі құралдардың бағасына қарағанда арзан болады. Мұндай жағдай корпорацияларына қымбат және тозыңқыраған машиналар мен көліктердің құрал-саймандардың және т.б. негізгі құралдардың орнына арзан әрі сапасы жоғары негізгі құралдарды сатып алуды тиімді етеді.
Негізгі құралдардың сапалық тозуының екінші себебі ғылыми техниканың өркендеуіне байланысты толық жетілген, өнімділігі жоғары әрі тиімді негізгі құралдардың пайда болуына байланысты. Корпорацияларда өнімділігі төмен негізгі құралдардың орнына, техникалық жағынан жетілдірілген тиімділігі жоғары негізгі құралдарды пайдалану әр уақытта тиімді болып табылады. Сондықтан өнімділігі жоғары машиналар мен құралдардың пайда болуы және олардың бағасының арзандауы бұрынғы пайдаланып келген негізгі құралдапрдың сапалық тозуына әкеліп соқтырады. Барлық корпорациялар қандай меншікте болса да өздерінің негізгі құралдарының тозу дәрежесін анықтап және оны есептеп отырады.
Корпорацияларда негізгі құралдарды есептеудің келесі әдістері қолданылады:
а/ қалдық құнының кемуі /қалдықты азайту/ әдісі;
ә/ сандардың жиынтығы бойынша құнын есептен шығару /куммулятивтік әдіс/ әдісі;
Мысалы: /түзу сызықты әдіс бойынша амортизацияны есептеу/ Құны 200 мың теңге болатын, қолдану мерзімі 5 жыл болатын обект есепке алынды дейік. Жылдық амортизациялық аударым нормасы 20 пайыз /1/5/* 100%/ Амортизациялық аударымның жылдық сомасы 40 мың теңге /200*20/100/ Келесі кестеден ол мәліметтерді көруге болады:
Есепті кезеңдегі қалдық құны, мың тгАмортизация нормасы, %Амортизация нормасы, мың тг | Есепті кезең соңындағы қалдық құны, мың тг |
2002040 | 160 |
1602040 | 120 |
1202040 | 80 |
802040 | 40 |
402040 | 0 |
Келесі
мысал, объектінің пайдалы қолдану
жылының сомасы бойынша құнын
есептен шығару /куммулятивтік/ әдісі
бойынша амортизация
Есепті кезең басындағы қалдық құны, мың тгАмортизация нормасы, % | Амортизация сомасы, мың тг |
20033,3 | 66,6 |
133,426,67 | 53,34 |
80,0620 | 40 |
40,0613,33 | 26,66 |
13,406,67 | 13,40 |
Жиыны: | 200 |
Бұл әдістің тиімділігі мұнда жылдан жылға амортизация нормасы төмендей береді, ал бұл өз кезегінде өнімнің өзін,дік құнының төмендеуіне ықпал етеді.
Негізгі құралдар корпорацияларда бастапқы құнымен, баланстық құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық құнымен және келісілген құнымен бағаланады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны – ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан, сондай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына тікелей байланысты кез-келген шығындардың жиынтығынан тұрады.
Негізгі құралдардың ағымдағы құны – бұл корпорацияның белгілі бір уақыттағы яғни бүгінгі күнгі негізгі құралдың нарықтық бағасы болып табылады.
Негізгі құралдардың баланстық құны – бұл корпорацияның бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы қалған құны болып табылады.
Негізгі құралдардың қалдық құны – бұл негізгі құралдардың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі шығындарды алып тастау арқылы анықталады.
Негізгі құралдардың келісілген құны – бұл кез-келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып табылады.
3. Негізгі құралдардың қозғалысын және тиімді пайдаланылуын бағалау.
Негізгі құралдардың қозғалысы жаңару, істен шығу, өсім, айналым коэффиценттері, сондай-ақ негізгі құралдардың техникалық күй-жайын сипаттайтын коэффициенттер арқылы бағаланады.
Жаңару коэффициенті (Кж) негізгі құралдарды жаңартудың интенсивтілігін бейнелейді және жаңа келіп түскен негізгі құралдардың (НҚж) жыл соңындағы негізгі құралдар құнына (НҚжс) қатынасымен анықталады:
Кж=НҚж/НҚжс
Істен шығу коэффициенті (Кіш) негізгі құралдардың істен шығу интенсивтілігін сипаттайды және істен шыққан негізгі құралдар құнының (НҚіш) жыл басындағы негізгі құралдар құнына (НҚжб) қатынасымен анықталады:
Кіш=НҚіш/НҚжб
Негізгі құралдардың өсім коэффициенті (Кө) белгілі бір кезеңдегі негізгі құралдардың немесе оның жекеленген топтарының өсім деңгейін сипаттайды және негізгі құралдардың өсім құнының (НҚө) олардың жыл басындағы құнына (НҚжб) қатынасымен анықталады.
Кө=НҚө/НҚжб
Негізгі құралдардың айналым коэффициенті (Ка) белгілі бір кезеңдегі айналымда жүрген негізгі құралдардың үлесін бейнелейді. Ол келіп түскен және істен шыққан негізгі құралдар құнының жыл басындағы негізгі құралдар құнына қатынасымен анықталады:
Ка=(НҚж+НҚіш)/НҚжб
Негізгі құралдардың техникалық күй-жайын сипатайтын жалпылама көрсеткіштерге тозу коэффициенті мен жарамдылық коэффицинеті жатады.
Тозу коэффициенті (Кт) тозған негізгі құралдар құнының (НҚт) негізгі құралдардың бастапқы құнына (НҚбқ) қатынасымен анықталады.
Кт=НҚт/НҚб
Негізгі құралдардың жарамдылық коэффициенті (Кж) негізгі құралдардың қалдық құнының (НҚқ) олардың бастапқы құнына (НҚб) қатынасымен анықталады.
Кж=НҚқ/НҚб=1-Кт.
Негізгі құралдардың тиімді пайдаланылуының негізі жалпылама көрсеткіші қор қайтарымы болып табылады. Ол өндірілген өнім көлемі мен негізгі құралдардың орта жылдық құнына қатынасы ретінде анықталады:
Ққ=Ө/НҚ,
мұндағы: Ққ – қор қайтарымы, Ө - өндірілген өнім көлемі, НҚ – негізгі құралдардың орта жылдық құны.
Егер қор қайтарымы өндіріс нәтижелері қатынасын бейнелесе (өнім көлемі мен өндіріске салынған негізгі құралдар), оған кері шама негізгі құралдардың қор сиымдылығы өнімнің 1 тг-не келетін негізгі құралдар шығынын анықтайды. Қор сиымдылғының төмендеуі қор қайтарымының өсуін бейнелейді және келесі формуламен анықталады:
Қс=НҚ/Ө,
мұндағы: Қс –
қор сиымдылығы.
Бақылау сұрақтары:
Корпорацияның негізгі капиталы, құрамы. Корпорация жүйесіндегі негізгі құралдар дегеніміз не екенін анықтау керек. Негізгі құралдар алдына қойған мақсатына және атқаратын қызметтеріне қарай қандай топтарға бөлінетінін білу керек. Материалдық активтер сатып алыну мақчсатына қарай қанша топқа бөлініп есептелінеді? Мысалы, корпорацияның қызметін атқару барысында қажет болып табылатын өзінің пайдалану мақсатында сатып алынған көлік құралының негізгі құралдар құрамында есептелінсе, ал сату үшін сатылып алынған көлік құралдары тауарлы-материалдық қорлар құрамында есептеледі. «Инвестиция» термині латынның «invest» сөзінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? Инвестициялық қызмет объектілері болып не табылады? Инвестициялық қызмет субъектілері. Инвестициялық саясатты өңдеу кезінде ҚР-ның экономика министрлігімен нұсқау берілетін қандай негізгі принциптерді қалыптастыру қажет? Инвеситициялық саясатты анықтау барысында қандай факторлар есепке алынады? Инвестициялық жобаның бизнес-жоспары қандай негізгі бөлімдерді қамтиды:
Корпорацияның инвестициялық
Амортизация,
оны есептеу және негізгі капиталды
жаңартудағы орны.
Негізгі оқу әдебиеттері