Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 07:02, лекция
Тақырып 1 Корпорациялар қаржысы: ұйымдастыру негіздері және олардың қаржы ортасының мазмұны
Ағымдағы активтер /мобильдік қаржылар/ немесе айналым капиталының айналымдылық көэффициенті- сатудан түскен түсімді ағымдағы активтердің орташа шамасына бөлу арқылы анықталады.
Материалдық айналым құралдарының айналымдылық коэффициенті – ол сатылған өнімнің толық өзіндік құнын өндірістік қорлардың орташа өзіндік құнына бөлу арқылы анықтаймыз
Дайын өнімнің айналымдылық коэффициенті – ол өнімді сатудан түскен табысты баланс бойынша есепті кезеңдегі дайын өнімнің орташа шамасына бөлу арқылы анықталадлы.
Дебиторлық қарыздардың айналымдылық коэффициенті – ол сатудан түскен түсімді дебиторлық қарыздардың есепті кезеңдегі орташа шамасына бөлгенге тең
Кредиторлық қарыздардың айналымдылық коэффициенті – ол сатудан түскен түсімді кредиторлық қарыздардың орташа шамасына бөлу арқылы анықталады.
Бір
акцияға түскен табыс
– инвестор акция сатып алғанда әрқашан
дивиденд түрінде алатын болашақ табысты
қарастырып отырады.
Тақырып 8 Корпорацияны қарыз көздерінен қаржыландыру
Несие – бір заңды тұлғаның екінші бір заңды тұлғаға әдетте келісілген мөлшерде процент алу үшін белгілі бір уақытқа заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге байланысты пайда болатын экономикалық қарым-қатынас жүйесі болып табылады.
Коммерциялық несие – бір субъектінің екінші субъектіге сатқан тауарының құнынан алынатын төлемнің кейінге қалдыруына байланысты туындайды.
Банк несиесі – субъектіге ақша қаражаты түріндегі кірісін ұлғайтуға,ғ ағымдағы қызметтеріне байланысты қарыздарын төлеу үшін беріледі.
Несиенің объективті қажеттілігі - бұл корпорацияның өндірістік және сауда айналымы капиталының жетіспеушілігінен туындайды.
Лизинг – бұл мүлікті ұзақ мерзімге жалға берумен байланысты экономикалық қатынастар жүйесі.
Лизинг – бұл мүлікті қалыптастыру немесе оны заңды және жеке тұлғаларға лизингтік келісім шарт негізінде, белгілі бір мерзімге, белгілі шарттарға байланысты және келісім шартқа сәйкес ары қарай лизинг алушы мүлікті сатып алуға құқығы болу негізінде берілетін инвесторлық қызметтің бір түрі.
Лизингтік қызмет – лизинг келісім шарты бойынша лизинг берушінің орындалатын функциялары.
Факторинг - /ағылшын тілінен аударғанда
делдал деген мағынаны білдіреді/ айналым
құралдарын несиелеумен байланысты сауда-комиссиондық
іс-әрекеттердің көп түрлілігі.
Тақырып 9 Қаржылық есеп беру – корпорация қаржылық жағдайының негізі
Бухгалтелік
баланс – бұл белгілі бір сәттегі қаражатар
мен олардың қалыптасу көздерінің жағдайын
бейнелейтін статикалық модель.
Тақырып 10 Корпорацияның қаржы жағдайын бағалау
Қаржы тұрақтылығының абсолютті көрсеткіштері – тауарлы-материалдық босалқылардың олардың қалыптасу көздерімен қамтамсыз етілу дәрежесін көрсететін көрсеткіштер.
Қысқа мерзімді міндеттемелер – қысқа мерзімді несиелер мен қарыздар, сондай-ақ қызметкерлерге арналған ссудалар.
Ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздар.
Тұрақты
міндеттемелер – баланс пассиві І бөлімінің
«Меншікті капитал» баптары.
Тақырып 11 Корпорацияларда қаржылық жоспарлау
Қаржылық жоспарлау - корпорацияның дамуын қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету және болашақтағы оның қаржылық қызметінің тиімділігін арттыру бойынша қаржылық жоспарлар жүйелерін және жоспарлық (нормативтік) көрсеткіштерді жасау процесі.
Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтуге берілетін несие.
Дисконттық (есепке алу) саясаты – бір жағынан, валюталық бағам мен төлем балансын реттеуге, екіншіден, ішкі несиелер динамикасын, ақша массасын, бағаны, жиынтық сұранысты реттеуге бағытталатын орталық банктің есепке алу мөлшерін өзгертуі.
Тақырып 12 Корпорацияның қаржылық жағдайсыздығы
Корпорацияның қаржылық жайсыздығы - шаруашылық субъектінің қаржылық-шаруашылық механизмінің дұрыс қалыптасуы себебінен, қаржылық, инвестициялық және баға саясатының дұрыс қалыптаспауы себептерінен болатын жағдай.
Толық құнды ақша – номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.
Толық
құнсыз ақша – номиналдық
құны нақты құнынан,
яғни олардың өндірісіне
кеткен қоғамдық
еңбектен жоғары болып
келетін ақшалар.
Тақырып 13 Корпорация қызметіндегі қаржылық тәуекелдер
Қаржылық тәуекелдер – бұл бір жағынан берілген қызмет саласында ресурстарды ұтымды пайдалануға есептелген вариантпен салыстырғанда ресурстарды артық шығындау немесе табыстарды ала алмау қаупі, екінші жағынан тәуекелмен байланысты қосымша табыс алу ықтималдығы.
Диверсификация – бұл бір-бірімен байланыссыз салым салу объектілерінің арасында инвестициялық құралдардың тиімді бөлінуі.
Лимиттеу
– бұл белгілі бір объектілерге, мысалы
шығындарға, сату көлеміне, алынатын несиеге
және тағы сол сияқтыларға лимитті, яғни
шекті белгілеу немесе бекіту.
Тақырып 14 Корпорация қызметінің іскерлік белсенділігі және дивиденттік саясаты
Акцияға түскен табыс – инвестор акция сатып алғанда әрқашан дивидент түрінде алатын болашақ табысты қарастырып отырады.
Дивидент нормасы= бір акцияға түскен дивиденд / бір акцияның нарықтық бағасына.
Капитал – бұл корпорацияның ақшалай, материалдық және материалдық емес түрдегі жалпы қорларының құны болып табылады.
Дивиденттік
саясат – пайданы басқарудық жалпы
саясатының құрамды бөлігі болып табылады.
Тақырып 15 Корпорацияның инвестициялық қызметі
Инвестиция – бұл капитал салымын оны ұлғайту мақсатында салым салу болып табылады.
Инвестициялық қызмет – кез-келген корпорациядағы қорлардың жеке айналымдылығының негізі болвып табылады.
Инвестициялық цикл /кезең/ - инвестициялық қызметтің бір айналымы болып табылады.