Корпоративті қаржы

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 07:02, лекция

Описание работы

Тақырып 1 Корпорациялар қаржысы: ұйымдастыру негіздері және олардың қаржы ортасының мазмұны

Работа содержит 1 файл

УМКД корп қаржы 3.6. Лекция кешені, глоссарий..doc

— 462.50 Кб (Скачать)

      Осы Ережелерге сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік комитеті жанындағы кәсіпорындарды қайта құру Агенттігі «Төлем қабілеті жоқ кәсіпорынның қаржы жағдайын тереңдетіп талдау бойынша ұсыныстар» жасады. Бұл әдістемелік ұсыныстар қанағаттанарлықсыз кәсіпорындарды сауықтыру, қайта құру және жоюды орындау тәртібін бірдей әдістемелік жолмен жүргізуді қамтамасыз етті. Шарттарын оқып шығыныз. Банкроттық түсінігі, белгілері, принциптеріне түсініктеме берініз.       Корпорацияның банкроттыққа ұшырауының себептерін атаныз.Банкроттықты болдырмаудың жолдарын атап шығыныз.

Негізгі оқу әдебиеттері

  1. Кадерова Н.Н. Корпоративтік қаржы:Оқу құралы.-Алматы: Экономика, 2008.-376бет
  2. Бұлақбай Ж.М. Корпоративтік қаржы.Оқу құралы.-Астана, 2010.-228бет
  3. Закон РК  "О регистрации  сделок с ценными бумагами в РК" от 5.03.2008 г.
  4. Закон РК  "Об акционерных обществах" от  10.07.2008 г. № 281-1
  5. Закон РК № "О финансовом лизинге" от 5.07.2009 г.
  6. Закон РК "О банкротстве" от 21.01.2007 г.
  7. Бейли Р., Майерс С. Принципы корпоративных финансов. -  М.: Олимп-Бизнес, 2007 г.
  8. Жуйриков К.К. Финансы хозяйствующих субъектов. Учебное пособие, тип «Комплекс», 2006г.
  9. Жуйриков К.К. Финансы предприятия в условиях рынка. Алматы, изд. «Бастау», 2008г.
  10. Жуйриков К.К., Раимов С.Р. Корпоративные финансы. Учебник.-Алматы:Алматинская академия экономики и статистики, 2009.-512с.

Қосымша әдебиет

  1. Чент Ф. Ли, Джозеф И.Финнерти. Финансы корпорации: теория, методика и практика. - М.: ИНФРА, 2007.
  2. Акбергенов И. и др. Финансово-кредитные проблемы развития экономики Казахстана  /Под  ред. К.К. Ильясова. - Алматы.: Билим, 2005.- 240 с.
  3. Антикризисное управление: Учебник  /Под ред. Э.М. Короткова .- М.: ИНФРА-М, 2007. - 432 с.
  4. Ван Хорн Дж.К. Основы управления финансами. - М.: Финансы и статистика, 2006.
  5. Венер Беренс. Руководство по оценке эффективности инвестиций. - М.: АОЗТ, Интрерэкспорт, 2005.
  6. Любушин Р.П. и др. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия: Учеб.пособие для вузов. - М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2006. - 471 с.
  7. ШереметА.Д.,Сайфулин Р.С. Методика финансового анализа. - М.: ИНФРА-М, 2005
  8. Четыркин Е.М. Методы финансовых и коммерческих расчетов. - М.:     Дело ЛТД, 2005. - 320 с.
  1. Бланк И.А. Словарь- справочник финансового менеджера.-Киев «Ника-центр»,1996.
  1. Бланк И.А. Стратегия и тактика управления финансами.- Киев, 1996.
  1. Тургулова А.К. Сборник задач по курсу «Финансовый менеджмент». – Алматы: «Экономика». – 1999.-с.144.
  1. Әмiрқанов Р.Ә, Тұрғұлова А.К.  Қаржы менеджментi. Оқу құралы.- Алматы, 2002.-187б.

Интернет  көздері:

http://www.kase.kz/- Казахстанская фондовая биржа

http://www.afn.kz/- Агентство по регулированию и надзору финансовых организаций

http://www.afk.kz/- Ассоциация финансистов Казахстана 

Электронды ресурстар

  1. Политическая элита: источники власти и системы отбора // URL: hhtp //www.bief.ru/LIBRARY/sc
 
 

 

ГЛОССАРИЙ 
 

Тақырып 1  Корпорациялар  қаржысы: ұйымдастыру  негіздері және олардың  қаржы ортасының  мазмұны 

Корпорациялар қаржысы – корпорацияның негізгі және айналым капиталын, ақшалай қаражат қорларын қалыптастыру және оларды пайдалану процесінде пайда болатын қаржы немесе ақша қатынастары.

Корпорация  қаржысын ұйымдастырудың ішкі жүйесі– корпорацияның қаржылық міндеттемелерін орындауға, ағымдағы шығындарды және өндірісті дамытумен байланысты шығындарды қаржыландыруға арналған меншікті ақшалай кірістер мен түсімдердің жиынтығы.

Қаржы капиталы- Ақшалай қаражат нысанындағы капитал.

Кредиттік ақша- Кредиттік билеттер-кредиттің дамуы немесе ақшаның төлем құралы ретіндегі атқарымы негізінде пайда болған төлем құралдары (банкноттар, чектер, вексельдер). Айналыстағы алтын мен қағаз ақшаның орнына жүреді.

Резервтік қор – банк қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында құрылған ақшалай қаражаты.

Төлем балансы – бұл халықтың белгілі бір уақыт ішінде шетелге шығарғандарынан түскен түсімдері мен сырттан әкелінген тауарлары мен қызметтер үшін төленген төлемдер арасындағы шекті қатынасы. 

Тақырып 2  Қаржы – несие шешімдерін қабылдауға қаржы-экономикалық есептеудің математикалық негіздері

Дискондтау - ағымдағы ақшаның құны белгілі болғандағы болашақ ақша құнын табу.

Дисконд – несие және берілетін сумма көлемі арасындағы айырма , яғни есеп ставкасы арқылы алынатын пайда.

Компаудтау- өсірілген сомма көлемін табу. 

Тақырып 3  Корпорацияның  негізгі капиталы

    Негізгі құралдар - өндірісте ұзақ уақыт бойы /бір жылдан астам уақыт/ пайдаланылатын өзінің бастапқы заттай нысанын /пішінін, түрін/ сақтай отырып, құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке біртіндеп бөліп-бөліп есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық активтер.

    Жұмыс істейтін негізгі  құралдар- өндіріс процесіндегі, яғни қолданыстағы негізгі құралдар.

    Жұмыс істемейтін негізгі  құралдар-тоқтатылған, белгілі себептермен басқа да жаққа әзірге беріле қоймаған басы артық жабдықтар.

    Сақтауда  тұрған негізгі құралдар-келешекте, яғни алдағы уақытта тозып немесе басқа да жағдайларға байланысты істен шығатын негізгі құралдардың орнына пайдалануға арналған құрал-жабдықтар.

    Инвестиция –  капитал салымын оны ұлғайту мақсатында салым  салу болып табылады. Инвестициялық қызмет – кез-келген корпорациядағы қорлардың жеке айналымдылығының негізі.

    Амортизация (латынның «өтеу» деген сөзінен) - тозудың құндық көрінісін білдіреді.

    Негізгі құралдардың бастапқы құны – ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен шығындардан, сондай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына тікелей байланысты кез-келген шығындардың жиынтығынан тұрады.

      Негізгі құралдардың ағымдағы құны – бұл корпорацияның белгілі бір уақыттағы яғни бүгінгі күнгі негізгі құралдың нарықтық бағасы болып табылады.

      Негізгі құралдардың баланстық  құны – бұл корпорацияның бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы қалған  құны болып табылады.

      Негізгі құралдардың қалдық құны – бұл негізгі құралдардың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі шығындарды алып тастау арқылы анықталады.

      Негізгі құралдардың келісілген құны – бұл кез-келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып табылады. 

Тақырып 4  Корпорацияның айналым капиталы

Корпорацияның айналым капиталы – бұл корпорацияның ағымдағы активтерге, яғни айналым құралдарына (қаражаттарына) салған капиталының үлесі.

Дебиторлық  қарыздар – белгілі бір қарым-қатынасқа байланысты заңды және жеке тұлғалардың шаруашылық субъектісінің алдындағы сатып алған тауарлары субъектінің оларға көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ, жұмысшылар мен қызметкерлердің субъектіден аванс ретінде алған немесе несиеге, қарызға алған тауарлары мен материалдары үшін қайтаруға тиісті борыштарын айтады.

Дебиторлық  қарыз – бұл иелік ету құқын қосқандағы заңды құқықтармен байланысты активте қамтылған болашақтағы экономикалық тиімділік болып табылады

Өндірістік  запастар – бұл өндіріс кезеңіне енгізілуге дайындалғвн еңбек құралдары және олар шикізат, жанар май, жартылай фабрикаттар, тара, және т.б.-дан тұрады.

Қысқа мерзімді бағалы қағаздар- айналым мерзімі қысқа болып келетін, тез ақша қаражатына айнала алатын, сол немесе басқа кәсіпорынның бағалы қағаздары жатқызылады. 
 

Тақырып 5 Корпорация өнім өндіру мен өткізуге жұмсалған шығындары және басқа да шығыстары

     Шығындар – бұл активтердің азаюы (материалдардың, ақшалай қаражаттардың) немесе міндеттемелердің өсуі (көп жағдайда кредиторлық қарыздар).

      Тұрақты шығындар - өндіріс көлеміне байланысты болмайды. Оған құралдардың құны, корпорацияның міндеттемелері, амортизациялық аударымдар, күзетшілер еңбек ақылары, жал төлемі, басқару персоналының еңбек ақысы және т.б. жатады.

  Тұрақсыз  шығындар - өндірілетін өнімнің көлеміне байланысты болады, яғни шикізат, материалдар, жұмыскерлердің еңбек ақысы және тағы басқалар.

    Абзоршен-костинг - өткізілген өнім мен қоймадағы өнім қалдығы арасындағы барлық шығындарды бөлумен байланысты өнімнің өзіндік құнын есептеу әдісі;

    Директ-костинг – барлық шығындарды тұрақты және тұрақсыз деп бөлу арқылы өнімнің өзіндік құнын есептеу әдісі. 

Тақырып 6 Корпорация табыстарының қалыптасуы және бөлінуі

    Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші – бұл табыстар мен пайдалардың сомасы.

    Табыстар – дегеніміз қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады.

      Корпорацияның негізгі қызметтен  алынатын табыстары  - олардың негізгі өндірісі шығарған  тауарларды сатудан, көрсеткен қызметтерден, сондай-ақ орындалған жұмыстардың барысында тапқан табыстары саналады.

Корпорацияның негізгі емес қызметінен түскен табыстары дегеніміз – субъектінің нақтылы негізгі қызметтерінен басқа жұмыстарды  орындауы барысында  тапқан табыстарын айтады.

   Жалпы пайда - өнімді өткізуден түскен пайда сомасы, негізгі құралдар және тағы басқа корпорацияның сатудан тыс операцияларынан түскен кіріс болып табылады.

   Пайданы жоспарлау – қаржылық жоспарлаудың белгілі бір бөлігі болып табылады. Ол корпорация қызметінің барлық түрлері бойынша жеке-жеке жүргізіледі.  

Тақырып 7 Компанияның меншікті капиталы 

  Жарғылық  капитал дегеніміз  – корпорацияның жекеменшік қорларының негізгі алғашқы қайнар көзі, негізгі және айналым капиталдарының ақшалай көрінісі.

   Резервтік капитал – бұл кәсіпорынның кейбір жағдайларына байланысты құрылған ақша қорлары.

   Жинақ қоры - өндірісті дамытуға бағытталған ақша қорлары.

   Тұтыну  қоры - әлеументтік қажеттілік, өндірістік саладағы емес объектілерді қаржыландыру және т.с.с. бағытталған ақша құралдары.

   Валюталық қор – бұл корпорацияның даму саясаты үшін өнімдерді экспортқа шығару нәтижесінде валюталық түсім алу мақсатында корпорацияларда қалыптасады.

   Негізгі құралдардың айналымдылығы  – бұл көрсеткіш қор қайтарымдылығын көрсетеді, яғни  корпорацияның есепті кезеңдегі негізгі өндірістік қорларын пайдаланудың тиімділігін сипаттайды.

     Меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті – ол өнімді сатудан түскен табысты баланс бойынша меншікті капиталдың есепті кезеңдегі орташа шамасына  бөлгенге тең болады.

Информация о работе Корпоративті қаржы