Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Ноября 2011 в 07:02, лекция
Тақырып 1 Корпорациялар қаржысы: ұйымдастыру негіздері және олардың қаржы ортасының мазмұны
Аралық өтімділік коэффициентінің оңтайлы мәні
Кар.≥1
Ағымдағы өтімділік коэффициенті ағымдағы активтер мен (болашақ кезеңнің шығындары шегерілген) ағымдағы міндеттемелердің арақатынасы арқылы анықталады.
Ағымдағы
өтімділік коэффициентінің
Кағ.ө.≥2
Бақылау сұрақтары:
Корпорацияның қаржы жағдайын бағалау активтердің және олардың қалыптасу көздеріне баға беруден басталады. Баға берініз. Баланс активін топтастырудың негізгі белгісі олардың өтімділік деңгейі болып табылады (қолма-қол ақшаға айналу жылдамдығына қарай). Осы белгіге сәйкес баланс активтері ұзақ мерзімді активтер және ағымдағы активтер болып бөлінеді.Анықтамасын түсіндіріп берініз.Баланс активтері құрамы мен құрылымының динамикасын талданыз. Корпорацияның қаржы тұрақтылығын талданыз. Қаржы тұрақтылығының қатынасты көрсеткіштері қаржы жағдайын сипаттайтын бірқатар коэффициенттермен сипатталады. Оларды атап шығыңыз.
Негізгі оқу әдебиеттері
Қосымша әдебиет
|
|
|
|
Интернет көздері:
http://www.kase.kz/- Казахстанская фондовая биржа
http://www.afn.kz/- Агентство по регулированию и надзору финансовых организаций
http://www.afk.kz/- Ассоциация финансистов
Казахстана
Электронды ресурстар
Тақырып 12 Корпорацияның қаржылық дәрменсіздігі және қаржылық сауықтыру
Лекцияның мақсаты: Корпорацияның қаржылық жағдайсыздығын оқып-үйрену.
Негізгі сөздер: қаржылық дәрменсіздік, төлем қабілеттілік, банкроттық
Негізгі сұрақтар:
1. Корпорацияның банкроттығы жайында шешімдер қабылдау үшін негіз ретінде кәсіпорынның баланс құрылымының қанағаттанарлықтай екенін бағалаудың белгілі жүйесі алынады. Ол Қазақстан Республикасындағы қанағаттанарлықсыз кәсіпорындарды жою, қайта құру, қаржылық-экономикалық сауықтырудың механизмі жағдайындағы Ережесімен, сонымен қатар кәсіпорындардың баланстық құрылымын бағалау тәртібі туралы Ережесімен белгіленген.
Осы Ережелерге сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мүлік комитеті жанындағы кәсіпорындарды қайта құру Агенттігі «Төлем қабілеті жоқ кәсіпорынның қаржы жағдайын тереңдетіп талдау бойынша ұсыныстар» жасады. Бұл әдістемелік ұсыныстар қанағаттанарлықсыз кәсіпорындарды сауықтыру, қайта құру және жоюды орындау тәртібін бірдей әдістемелік жолмен жүргізуді қамтамасыз етті.
2. Баланстың құрылмын қанағаттанарлығын бағалау мен талдау келесі көрсеткіштер негізінде жүргізіледі:
1.Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы жабу коэффициенті) ағымдағы активтердің (баланс активінің ІІ бөлімі) ағымдағы міндетемелерге (болашақ кезеңнің табыстары шегерілген баланс пассивінің ІІІ бөлімі) қатынасымен анықталады. Ағымдағы өтімділік коэффициенті кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүргізу және ағымдағы міндетемелерді уақытында жабу үшін айналым қаражаттарымен жалпы қамтамасыз етілуін сипаттайды.
2.Меншікті
қаражаттармен қамтамасыз
Корпорацияның баланс құрылымы қанағаттанарлықсыз, ал корпорация төлемге қабілетсіз деуге негіз ретінде келесі талаптардың бірінің орындалуы шарт:
-есепті кезеңнің соңындағы ағымдағы өтімділік коэффициентінің мәні 2,0-ден кем;
-есепті
кезеңнің соңындағы меншікті
қаражаттармен қамтамасыз
Корпорацияның төлем қабілеттілігі жоқ деп тану оның жағдайының қанағатсыздығын білдірмейді, яғни меншік иесіне азаматтық-құқықтық жауакершілік жүктемейді. Бұл тек мемлекеттік органдар анықтаған қаржылық тұрақсыздық жағдайы, ол корпорацияның дағдарыс жағдайынан өз күшімен шығуын ынталандыру және қанағаттанғысыздықтың алдын алуға бағытталған шараларды уақытында іске асыруға бағытталды.
Баланстың құрылымы қанағаттанарлықсыз болған жағдайда корпорацияның төлем қабілеттілігін нақты қалпына келтіре алу мүмкіндігін тексеру үшін 6 ай мерзім ішінде төлем қабілеттілігін қалпына келтіру коэффициенті былай есептеледі:
Кққ=(Кағ.ө.+Мб/Ме(Кағ.өс.-Кағ.
мұндағы: Кағ.өс. және Кағ.өб – есепті кезеңнің соңы мен басындағы өтімлік коэффициентінің нақты мәні; Мб – төлем қабілеттілігін қалпына келтіру үшін белгіленген мерзім; Ме – есепті кезең; Кағ.ө.норм – 2,0.
Егер қалына келтіру коэффициенті 1-ден кем болса, бұл корпорацияның 6 ай ішінде төлем қабілетілігін қалпына келтіруге мүмкіндігі жоқ екенін көрсетеді. Егер қалпына келтіру коэффициенті 1-ден артық болса, онда бұл корпорацияның төлем қабілеттілігін қалпына келтіруге мүмкіндігі бар екенін көрсетеді.
Баланстың құрылымы қанағаттанарлықтай болған кезде (Кағ.ө.>2 және Кқмақ>0,1) қаржылық жағдайдың тұрақтылығын тексеру үшін 3 ай мерзімге белгіленген төлем қабілеттілігін жоғалту коэффициенті келесі формуламен есептеледі:
Ктж==(Кағ.ө.+Мб/Ме(Кағ.өс.-Кағ
мұндағы: Мб – аймен есептелген белгіленген төлем қабілеттілігін жоғалту мерзімі.
Егер
төлем қабілеттілігі
3. Банкроттық түсінігі, белгілері, принциптері. Корпорацияның қаржылық жайсыздығы бұл сол шаруашылық субъектінің қаржылық-шаруашылық механизмінің дұрыс қалыптасуы себебінен, қаржылық, инвестициялық және баға саясатының дұрыс қалыптаспауы себептерінен болатын жағдай. Жалпы корпорацияның қаржылық жағдайын жақсату үшін көптеген іс-шараларды қарастыруға боолады. Мысалы, кез-келген заңды тұлғаның банкроттыққа ұшырау жағдайын бағалаған кезде келесі жағдайларға талдау жүргізу қажет:
Корпорацияның
банкроттыққа ұшырауының
Сонымен қатар, қаржылық қиындықты тудыратын кейбір қаржылық және өндірістік аспектілер бар:
Корпорацияда
банкроттықты болдырмау үшін
және оның төлемқабілеттілігін
жақсарту үшін ең алдымен
Сондай-ақ, банкроттықты болдырмаудың тағы бір жолы – корпорацияда маркетингтік саясаттың дұрыс қалыптасуы болып табылады.
Жалпы
шаруашылық субъектілерінің қаржы-
Z. Альтманның моделі бойынша /несие төлеу қабілеттілігінің индексі/ ол келесі формуламен анықталады:
Z= 1,2 * К1 + 1,4* К2 + 3,3 *К3 + 0,6 *К4 + 1,0 К5
К1= жекеменшік айналым құралдары / активтердің барлығы;
К2 = бөлінбеген пайда / активтердің барлығы;
К3 = проценттер мен салықтарды төлегенге дейінгі пайда / активтердің барлығы;
К4 = жекеменшік капиталдың нарықтық құны/ жұмылдырылған капитал ;
К5 = өнімді өткізуден түскен түсім/ активтердің барлығы;
Z- шотының мағынасын және банкроттыққа ұшырау мүмкіндігін келесі кестеден көруге болады:
Z ШОТЫНЫҢ МАҒЫНАСЫ | БАНКРОТТЫҚ МҮМКІНДІГІ |
1,81 және одан төмен | өте жоғары |
1,81- ден 2,70 дейін | Жоғары |
2,71 -ден 2,90 дейін | Банкроттыққа ұшырау мүмкіндігі бар |
3,0 және одан жоғары | өте төмен |
Бақылау сұрақтары:
Корпорацияның банкроттығы жайында шешімдер қабылдау үшін негіз ретінде кәсіпорынның баланс құрылымының қанағаттанарлықтай екенін бағалаудың белгілі жүйесін тұсіндіріп берініз. Ол Қазақстан Республикасындағы қанағаттанарлықсыз кәсіпорындарды жою, қайта құру, қаржылық-экономикалық сауықтырудың механизмі жағдайындағы Ережесімен, сонымен қатар кәсіпорындардың баланстық құрылымын бағалау тәртібі туралы Ережесімен белгіленген. Ережемен танысып шығыныз.