Компанияның қызметін каржылық талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 22:47, реферат

Описание работы

Мифологиялық грек мәдениетінің ең негізгі ерекшелігі – оның синкреттік тұтастығы (әлі ажырамаған бірлік). Бұл мифологиялық санада субъект пен объект, ұғым мен бейне, адам мен табиғат бөлінбеген, олардың арасында үйлесімділік бар (грек филисофиясында ол макрокосм мен микрокосмостың гармониялық тұтастығы идеясы болып қалыптасты).
Грек мифологиясының тағы бір өзіндік көрінісі, ондағы табиғатты құдай деңгейіне көтеріп, оларды адамға жақындатуымен байланысты болды.
Жағрапия немесе медицина, сәулет өнері немесе театр және басқа да гректер мүрі таймас із қалдырған мәдениет саласын таба алмаймыз. Гректер мифологиясы тек өнер мен әдебиет емес, белгілі дәрежеде грек грек ғылымы үшін де «құнарлы топырақ» болды.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Антикалық мәдениеттің пайда болуы
1. Ежелгі Грекия мәдениеті
2. Гомер дәуірінің мәдениеті (б.з.д. XІ—VІІІ ғасырлар)
3. Архаикалық кезеңдегі Грек мәдениеті (б.з.д. VІІІ-VІ ғ.)
4. Грек классикасы мәдениеті (б.з.д. V — ІV ғасырлар)
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

maden_ref_4.doc

— 135.00 Кб (Скачать)

V ғ. ортасына қарай Афины қаласы бүкіл грек елінің ең ірі мәдени орталығына айналды. Елдің түкпір-түкпірінен жиналған дарынды мүсіншілер, шеберлер мен құрылыс мамандары астананың сол кездегі сәулет және мүсін өнерінің тамаша үлгісіне айналуына зор үлес қосты. 200 мыңнан астам халқы бар Афины сол дәуір тұрғысынан алып қарағанда 10 мыңнан астам үйі бар үлкен қала болып саналатын. Өнер саласындағы кереметтердің кереге көтеруі Афины қаласының акрополі Перикл мен оның жан досы Фидийдің есімдерімен тығыз байланысты болды.

Периклдің қолында шексіз билік болғанымен, ол оны асыра пайдаланған жоқ. Ол бар күш-жігерін Афиныны көркейтуге жұмсады, өнер атаулыны қанатының астына алып, қалаға таңдаулы өнер шеберлерін топтастырды. Вольтер Афинының ұлы мәдени дәуірін «Перикл ғасыры» деп тегіннен-тегін айтпаса керек. Перикл ең алдымен парсылар талқандаған Афины Акрополін қайтадан жаңа рухта қалпына келтіруді қолға алды. Ежелгі Русьте Кремль қандай орын алса, Элладада Акрополь де сондай жоғары бағаланатын. Ол храмдар мен басқа қоғамдық мекемелерді қабырғаларының аясына алған, соғыс кезінде халықтың бас сауғалар орнына айналған қала қамалы болатын. Афины акрополі — ізгілік пен сұлулық нұрына бөленген адамның шығармашылық еркі мен бізді қоршаған табиғат дүниесінде жүйелі тәртіп орнататын адамның ақыл-ойының жемісі, ендеше ол еркіндік рухына толы таңғажайып өнер ескерткіші болып саналады. Афинының сәулет өнерінің дамуына зор үлес қосқан ұлы ойшыл Фидий болды. Ол Афиныда туып өскен, шамамен 500 ж. туып, 430 ж. қайтыс болған. Афины акрополі Фидийдің туындысы екендігін ескерсек, оның сәулет өнеріне қосқан үлесінің қандай болғандығын анықтап жатудың қажеттілігі болмайтын сияқты. Ұлы мүсінші қиялының ұшқырлығы Парфенон сарайындағы биіктігі 12 метрлік Афина мүсінін жасаған кезде айқын аңғарылады. Алтынмен қапталған піл сүйегін соншалықты шеберлікпен қиюластырып, осындай биік те, дара тұлғаның өзіндік көркемдік шешіммен жасалынуы суретшіге оңайға да түспеген сияқты. Өйткені, Зевстің сүйікті қызы Афина нұрлы аспанның қыз құдайы. Ол әкесімен бірге күн күркіретіп, найзағай ойнатады, сонымен бірге жылу мен жарық та береді. Диханшылықтың, әрі асқан кемеңгерліктің, мөлдір парасаттың, ақыл-ойдың, ғылым мен өнердің құдайы. Міне, осындай қасиетті қыз құдайдың бейнесін жасау ұлы Фидийдің үлесіне тиді және ол бұл міндетті асқан шеберлікпен жүзеге асыра білді.

Шындығында да ежелгі грек жұртының мүсіншілері әрі сұлу, әрі сымбатты рухани жан дүниесі бай кейіпкерлерді асқан шеберлікпен бейнелей білген. Сондай ғаламат туындылардың бірі — «Милосск Венерасы». Адамзат баласының сан мың ұрпағын осы уақытқа дейін таң қалдырып, небір асқан ақыл-ой иелерін бас идірген осы бір таңғажайып ескерткіштің авторы — Кіші Азиялық мүсінші Агесандр. 1820 ж. Жерорта теңізінің бір аралынан табылған бүл бейне қазір Парижде, Лувр музейінде сақтаулы. Шебер мүсінші Агесандрдың қолынан шыққан махаббат құдайы Венераның бейнесі өзінің құдіреттілігімен таң қалдырады. Өкінішке орай, сан ғасыр бойы ғұмыр кешкен бүл сұлу мүсін бізге жолдарын жоғалтып жеткен еді. Луврға Венера сұлу келеді дегенді естігенде төсек тартып жатқан ұлы ақын Гейне музейге қол арбамен жетіпті. Осынау сұлулық падишасының бейнесін көрген уақытта адам танымастай шексіз бақытқа бөленіп, көкірегі қарс айырыла «Ах, мен неге сол мезет көз жұмып өліп кетпедім екен» деген екен. Сымбаттылықтың символы болған бұл ұлы мүсін талай ақындар мен дастандардың арқауы болды.

Антикалық сәулет өнерінің шыңы — ежелгі заманның өзінде-ақ дорийлік стильдің ең тамаша ескерткіші деп танылған Парфенон сарайы еді. Ал осы таңғажайып ғимараттағы Фидий қолынан шыққан мүсіндер — сұлулықтың шынайы қазынасы, адам рухының ең асқақ талпыныстарының шындық тұрғысынан бейнеленуі. Фвдийдің нақақтан жала жабылып, Афиныдан қуылуы оның — кемеңгерлігі мен мәртебесіне ешбір нұқсан келтіре алмады. Басқаны былай қойғанда, Антика керамикасының тұтас бір кезеңі Фидий есімімен аталады.

Грек халқының сәулетшілік өнері мен мүсін өнерінің гүлденген дәуіріне грек сурет өнерінің гүлденуі тұспа-тұс келеді. Сурет өнері саласындағы тамаша жаңалықтар дәл осы кезеңде ашылған. Солардың бірі — ғасырлар арнасында жоғалып, тек екі мың жылдан кейін ғана, яғни Қайта өрлеу кезеңінде ашылған «сәулелі көлеңке» өнері. Ежелгі авторлар бұл «өнерді ең алғашқы игерген» Афины Аполлодоры деп санайды. Ол өз палитрасына көмескілікті бірінші болып енгізгендіктен, «Көлеңкені бейнелеуші» деген атақ алған. V-ғасырда сондай-ақ Паррасий мен Тиманфр сияқты суретшілер драмалық көріністерді салып, адам бойындағы терең сезімдерді асқан шеберлікпен бейнелей білген, мұның өзі грек өнерінің жаңа дәуірге көшуін білдірді.

Бүл кезеңде әдебиет саласында да тамаша туындылар өмірге келді. Солардың ішінде шоқтығы биік ақын Гесиод болды. Ол жазған «Теогония» (құдайлардың шығу тегі жөнінде) және автордың өзінің өмір жолына арнаған «Еңбектер мен күндер» атты дастандары — гректердің көңілінен шықты. Әдебиет саласында басты орынға шыққан лирикалық поэзияның өкілдері адамның ішкі жан-дүниесін жырлауға ерекше назар аударды. Бүл жаңажанрдың көрнекті өкілдері Архилог (б.з.д. VІІ ғ.-ны екінші жартысы), Солон (б.з.д. 635—559 ж.), Алкси (б.з.д. VІІ ғ. аяғы мен VІ ғ. бірінші жартысы), Анакреонт (б.з.д. 570—478 ж.) және т.б. Өзіндік сипаты бар архаикалық мәдениет дүниежүзілік мәдениетте айрықша рөл атқарған Эллада тарихындағы жаңа кезеңге — классикалық гүлдену дәуіріне даңғыл жол ашып берді.

 

4. Грек классикасы мәдениеті (б.з.д. V — ІV ғасырлар)

 

Б.з.д. грек-парсы соғыстары (500—449 жылдар) ежелгі Грекияның тарихындағы бетбұрыс кезең болды, өйткені дәл осы уақыттан бастап грек мәдениетінің классикалық кезеңі басталды. Азаттық жолындағы күресте парсылардың талқандалуы ежелгі Грекия мемлекет-қалаларының қоғамдық құрылысының артықшылығын көрсетіп қана қоймай, азаматтық сананың артуына, ең бастысы — классикалық құлдық қоғамның толық қалыптасуына, ал өз кезеңінде полистік демократияның дамуының нәтижесінде экономикалық және саяси өмірдің жанданып, мәдениеттің гүлденуіне әкеліп соқты. Б.з.д. V ғ. Афины, әсіресе Периклдің (б.з.д. 444—429 ж.) басшылығы кезінде аса ірі мәдени орталыққа айналды. Афинының рухани өмірінде демократиялық құрылыстың орнығуы — грек театрының гүлденуімен, трагедиялық және комедиялық шығармалары дүниежүзілік әдебиеттің асыл қазынасына енген Эсхилдің, Софоклдың, Еврипид пен Аристофанның шығармашылықтарымен тұспа-тұс келді.

Архаикалық дәуірде әдебиет саласында лирикалық жанр үстемдік етсе, ендігі жерде трагедия мен комедия жанрлары басты орынға шықты. Дәл мағынасында трагедия деген сөз — «ешкілер әні» деген мағына береді. Ол — ешкі терісін жамылып, әзіл-оспақтық сарында хормен өлең айтудан шыққан. Афиныда Дионис құдайдың құрметіне байланысты жалпы мемлекеттік мейрамның бекітілуі — трагедияның мерейін жоғарылата түсті. Мифологиялық кейіпкерлерге толы грек трагедияларының басты мазмұны — халықтың өз теңдігі мен әлеуметтік әділет жолындағы қаһармандық күресінің сан-саласына арналған. Грек трагедиясының Гомер дастандары сияқты үлкен тәрбиелік мәні болды. Сонымен бірге трагедиялық кейіпкерлер гректердің бойында адамгершілік, парасат сезімдері, азаматтық биік этикалық асыл қасиеттерді нығайтты. Трагедияда грек мәдениетінің катарсис (тазару) деп аталатын ұғымы кеңінен көрініс тапты. Трагедия жанрының гүлденуі Эсхил, Софокл, Еврипид сияқты үш драматургтердің есімімен тығыз байланысты болды. Адамзат мәселесі, адамның тағдыры, әділеттілік пен игілік және т.б. мәселелер осы бір даналар назарында болды, бірақ олардың әрқайсысының өзіндік ой-толғамдарының, өзіндік көзқарастарының бар екендігі аңғарылып тұрды.

Бүл трагедиялар грек театрларының басты қойылымдарына айналды. Жалпы грек театры ойын-сауық отауы ғана емес, нағыз халықтың тәрбиешісіне айналды, грек жұртының сана-сезімі мен өмірге деген көзқарастарын қалыптастырды. Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде аршылып алынған грек және рим театрлары бүгінгі заманға дейін сақталынған. Б.з.д. ІV ғасырдың аяғынан бастап ағаштан жасалынған театрлардың орнын тастан салынған театр басты. Мысалы, құрылысы бір ғасырға созылған, 17 мың адам сиятындай етіп салынған атақты Дионис театры Афины тұрғындарының үлкен өнер ордасына айналды. Театр қойылымдары — діни мейрамдардың бір саласы болғандықтан, оған жүздеген-мыңдаған адамдар қатысатын. Көне заманда драмалық шығармаларда ойнаған актерлерді өте жоғары бағалаған. Олардың атақтыларының аты-жөндері мәрмәр тақтаға ойылып жазылып, Дионис театрына қойылған, ал кейіннен мемлекеттік архивке тапсырылатын болған. Осының нәтижесінде бізге 62 трагедия және 82 комедия жанрларында өнер көрсеткен актерлердің аттары белгілі болып отыр.

 

 

Қорытынды

 

Сонымен, египеттіктер мен вавилондықтардың жинақтаған білімдеріне сүйене отырып, гректер өзіндік математиканың, астрономияның, медицинаның негіздірін қалады: натуродилософия, лирика, поэзия мен театр, алғашқы тарихи еңбектер дүниеге келді.

Храм құбылыстарына байланысты монументалдық сәулет өнері өрістеді. Олардың арасындағы ең көректісі – Коринодтегі Аполлон храмы. Сәулет өнерімен қатар монументалдық пластика дами бастады.

Грецияның классикалық өнерінде, архитектура мен әдебиетте адам құдіреттілігі насихатталады. Эллинистік кезеңде антикалық және шығыстың мәдениеттердің тоғысуы деп қарастыруға болады.

Негізгі құқықтық ұғымдардың классикалық анықтамаларын берген, әр түрлі құқықтық қарым–қатынас талдау жолын нұсқаған тек римдіктер ғана.

Антикалық мәдениет – Рим поэзиясында, сәулет өнерінде, скульптурада өз көріністерін тапты. Рим мәдениетінің үлкен жетістігіне құқықтың алғашқы әмбебапты жүйесін қалыптастыру жатады.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.                  Афанасьева В., Луконин В., Померанцева Н.  Искусство древнего мира (Малая история искусств). М., 1976.

2.                  Дмитриева Н. А. Виноградова Н. А.  Искусство Древнего мира. М., 1986.

3.                  Древние цивилизации - М.,1989

4.                  Введение в культурологию -М., 1995

5.                  Культурологи я - Ростов на Дону, 1995

6.                  Бонгард - Левин Т.М. «Древнеиндийская цивилизация»,- М., 1993
7.                  Культурология. История мировой культуры, М., 1998

2

 



Информация о работе Компанияның қызметін каржылық талдау