Компанияның қызметін каржылық талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Марта 2012 в 22:47, реферат

Описание работы

Мифологиялық грек мәдениетінің ең негізгі ерекшелігі – оның синкреттік тұтастығы (әлі ажырамаған бірлік). Бұл мифологиялық санада субъект пен объект, ұғым мен бейне, адам мен табиғат бөлінбеген, олардың арасында үйлесімділік бар (грек филисофиясында ол макрокосм мен микрокосмостың гармониялық тұтастығы идеясы болып қалыптасты).
Грек мифологиясының тағы бір өзіндік көрінісі, ондағы табиғатты құдай деңгейіне көтеріп, оларды адамға жақындатуымен байланысты болды.
Жағрапия немесе медицина, сәулет өнері немесе театр және басқа да гректер мүрі таймас із қалдырған мәдениет саласын таба алмаймыз. Гректер мифологиясы тек өнер мен әдебиет емес, белгілі дәрежеде грек грек ғылымы үшін де «құнарлы топырақ» болды.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім
Антикалық мәдениеттің пайда болуы
1. Ежелгі Грекия мәдениеті
2. Гомер дәуірінің мәдениеті (б.з.д. XІ—VІІІ ғасырлар)
3. Архаикалық кезеңдегі Грек мәдениеті (б.з.д. VІІІ-VІ ғ.)
4. Грек классикасы мәдениеті (б.з.д. V — ІV ғасырлар)
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

maden_ref_4.doc

— 135.00 Кб (Скачать)


 

 

 

ЖОСПАР

 

Кіріспе

Негізгі бөлім

Антикалық мәдениеттің пайда болуы

1. Ежелгі Грекия мәдениеті

2. Гомер дәуірінің мәдениеті (б.з.д. XІ—VІІІ ғасырлар)

3. Архаикалық кезеңдегі Грек мәдениеті (б.з.д. VІІІ-VІ ғ.)

4. Грек классикасы мәдениеті (б.з.д. V — ІV ғасырлар)

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Мифологиялық грек мәдениетінің ең негізгі ерекшелігі – оның синкреттік тұтастығы (әлі ажырамаған бірлік). Бұл мифологиялық санада субъект пен объект, ұғым мен бейне, адам мен табиғат бөлінбеген, олардың арасында үйлесімділік бар (грек филисофиясында ол макрокосм мен микрокосмостың гармониялық тұтастығы идеясы болып қалыптасты).

Грек мифологиясының тағы бір өзіндік көрінісі, ондағы табиғатты құдай деңгейіне көтеріп, оларды адамға жақындатуымен байланысты болды.

Жағрапия немесе медицина, сәулет өнері немесе театр және басқа да гректер мүрі таймас із қалдырған мәдениет саласын таба алмаймыз. Гректер мифологиясы тек өнер мен әдебиет емес, белгілі дәрежеде грек грек ғылымы үшін де «құнарлы топырақ» болды.

Ежелгі Грекия тәріздес көне Рим де Еуропа тарихында да, әлемдік   мәдениетте де шешуші роль атқарды. Римнен Еуропаға өткен көптеген түбегейлі рухани ұғымдар мен қоғамдық тұрмыс нормалары, дәстүрлі құндылықтар, әлеуметтік-психологиялық стереотиптер мың жарым жылдан аса уақыт бойы, XIX ғасырға дейін еуропалық мәдениеттің негізі мен арсеналы, тілі мен формасын құрады.

Рим мәдениетінің гүлденуі Рим полисінің дағдарысқа ұшырауы мен монархияның туу уақытына сай келді. Б.э.д. II ғасыр қарсаңында Италия, Грекия, Египет, Сирия, Британия, Испания т.б. ежелгі әлемді түгел дерлік өз қол астына жұмылдырған Рим, әр алуан мәдениеттердің жиынтығына айналды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Негізгі бөлім

Антикалық мәдениеттің пайда болуы

1. Ежелгі Грекия мәдениеті

Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. «Антик — (көне, ежелгі)» деген ұғым. Қайта өрлеу дәуірінде дүниеге келген, бұл терминді итальян ойшыл-гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты қолданған. Бұл атаудың түп-төркіні «ежелгі», «көне», «қадым заман» мағынасын беретін «антиквус» деген латын сөзінен шыққан. Көне мемлекеттердің мол, мәдени мұрасы Еуропаның барлық халықтары өнерінің, көркем әдебиетінің, философиясының, театрының және т.б. дамуына, саяси және құқықтық көзқарастарының қалыптасуына елеулі ықпал жасады. Өмір шындығын нақты бейнелеп, көркемділік пен қарапайымдылық, шыншылдық пен шеберлік қасиеттерімен белгілі болған грек және рим сәулетшілерінің, мүсіншілерінің және кескіндемешілерінің даңқты мәдени туындылары — көне заман тарихы туралы ұғымымызды кеңейтіп қана қоймай, мәдениеттің асқақ үлгісі ретінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймай отыр.

«Көне», «қадым заман» мәдениетінің негізін қалаушылар ежелгі гректер екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Олар өздерін «Эллиндер»; ал өз елдерін «Эллада» деп атаған. Антик дүниесінің мәдениеті біздің заманымыздан бұрынғы бір мың жылдықтың алғашқы ғасырларында қалыптаса бастаған. Оның он бес ғасырдай уақытын қамтитын ұзақ ғұмыры біздің заманымыздың V-ғ-да Рим империясының құлауымен аяқталды.

Мәдениет тарихының қай кезеңін алсақ та, ол өзінің баға жетпес мәдени құндылықтарымен ерекшеленеді. Сондықтан да болар, ғалымдар көне мәдениеттің ішінде, әсіресе, грек мәдениетіне ерекше мән береді, өйткені ежелгі Грекияның әдебиеті, өнері, философиясы және т.б. ғасырлар бойы Еуропаның барлық елдерінің ақындарына, мүсіншілеріне, суретшілеріне, жазушыларына, композиторларына сарқылмас шалқар шабыт берді. Шындығын айтсақ, біздің дүниежүзілік мәдениетпен таныстығымыздың өзі де гректердің таңқаларлық мәдени қазынасы мен ұшқыр ақыл-ой иелерімен танысудан басталады. Мұндай ақыл-ой даналығы рухани және саяси-әлеуметтік өмірдің барлық салаларында — поэзияда, саясатта, ғылымда, құқықта, кескіндеме, сәулет, мүсін және т.б. өнер салаларында кеңінен көрініс тапты. Көне мәдениеттің жарқын беттері Эсхил, Софокл, Еврипид, Геродот, Фукидид, Демокрит, Платон, Аристотель сияқты ұлылар есімімен тығыз байланысты болды.

Грекияның көне мәдениетінің тамыры тереңде жатыр, өйткені, оның бастауында б.з.д. ІІІ—ІІ мыңжылдықтарда Грекия жері мен Эгей теңізі аралдарын мекендеген тайпалардың өркениетіжатыр. «Эгей» өркениеті мәдениеттің қайнар бұлағы болды, міне сондықтан да грек халқының ежелгі мәдениетінің ең ерте шағы Эгей өнерімен сабақтас. Б.з.д. ІІ-мыңжылдықта Эгей мәдениетінің аса маңызды орталықтары Крит аралы мен Пелопоннес түбегіндегі Микены болғандықтан да Эгей өркениетін Крит-Микены мәдениеті деп атайтын болған. Грек аңыздарына қарағанда Крит — ұлы жебеуші, найзағай тәңірі Зевстің туған жері. Аңыз бойынша гректердің ең басты қүдайы Зевс бұқа бейнесіне еніп, Финикия патшайымы, асқан сұлу Еуропаны алып келеді, ал одан аралдың болашақ билеушісі Минос туған. Атақты Геракл өз ерліктерінің бірін дәл осы Крит аральшда жасаған, құтырған бұқаға бас үйреткен. Гомер де өз дастандарында бұл арал қалаларының бай екендігін мадақтай көрсетеді. Ал шындыққа белгісіз кейбір аңыздарда Зевс пен Еуропаның баласы Минос ел билеуші патшалардың ішіндегі ең әділеттісі болыпты-мыс дейтін деректер бар. Алайда Критті осындай есімді патша тек мифологиялық шығармаларда ғана емес, грек тарихшыларының еңбектерінде кездесетінін естен шығаруға тағы да болмайды. Крит жайында египеттік текстерде де кейбір деректер ара-тұра кездесіп қалады.

Бұл мәдениеттің ашылуы — археологияның ең ғажайып жетістіктерінің бірі болды. Криттегі археологиялық қазба жұмыстары Оксфорд музейінің сақтаушысы Артур Джон Эванстың басшылығымен 1900 жылы басталды. Осы жұмысқа бүкіл өмірін арнаған атақты ғалым кейіннен Крит өркениетін ашудағы орасан зор ғылыми еңбегі үшін «Құрметті сэр» атағын алды. Ең бастысы — Эванс өзінің «Минос» мәдениеті (Минос патшаның құрметіне солай атаған) деп аталатын төрт томдық еңбегін жарыққа шығарды. Ол «Минос» мәдениетін үш кезеңге бөлді:

• І-ші кезең — ерте Минос кезеңі б.з.д. ІІІ мыңжылдық;

• ІІ-ші кезең — орта Минос кезеңі б.з.д. ІІ мыңжылдықтың бірінші жартысы;

• ІІІ-ші кезең — кейінгі Минос кезеңі б.з.д. ІІ-мыңжылдықтың екінші жартысы. Археологиялық жазба жұмыстары барысында ғалым Кностан (аралдың орталық бөлігі) ең алғашқы Крит сарайларының бірін тауып, оны аты аңызға айналған Крит патшасы Миностың құрметіне Минос сарайы деп атаған. Крит мәдениетінің мазмұны мен стиліне тоқталмас бұрын, бұл мәдениеттің өзіне тән ерекшеліктерін қысқаша атап өтелік. Көне замандағы басқа да мемлекеттердегі сияқты Критте де құрылыс өнері кең етек алған. Бірақ, бұл жердегі өнердің негізінен сарайлық сипатта болғандығы аңғарылады, яғни күйреген ескі сарайлардың орнына олардан да зәулім, әрі айбынды сарайлар салынып отырды. Жоғарыда айтылған, Крит сәулет өнерінің ең атақты ескерткіші болып саналатын Кносс сарайы өзінің әсемдігімен, айналадағы пейзаж үйлесімділігімен ерекшеленеді. Сарайда салтанат залдары, ғибадатхана мен патшаның сәулетті үйлері, діни рәсімдерге арналған бөлмелер мен бассейндер, діни табыну салтына негізделіп театр ойындарын өткізетін алаңдармен қатар сарайда жұмыс істейтін қолөнершілер мен суретшілердің шеберханалары рет-ретімен орналасқан. Сарайдың залдарын арқалықты тасқа тіреген ағаш колонналар сүйеп түр. Сарайдың салтанат бөлмелерінің қабырғалары суреттермен безендірілген. Солардың ішіндегі сый әкеле жатқан жігіттер мен қыздардың ұланғайыр шеруін бейнелейтін көріністің әсерлігін тілмен суреттеп жеткізуге болмайды. Табити қалпында салынған 500-ден астам адамның суреті екі қатар етіп орналастырылған. Ғалымдардың пікірінше бұл көріністе Крит пат-шалығына қарайтын аймақтар мен аралдардан келген салық төлеушілер бейнеленсе керек.

Суреттердің сюжеті де сан-алуан болып келеді. Оларда театр ойын-сауықтары, діни мерекелер, бақтардағы қыз-жігіттердің думанды ойындары және т.б. көріністер тамаша көрсетілген. Археологтар «Париж аруы» деп атанған сұлу келіншектің кескіні бүгшгі күнге дейін жап-жақсы сақталған. Сонау заманда өмірге келген бұл мәдени ескерткіштерге осындай атақтың берілуі тегіннен-тегін емес сияқты.

Крит кескіндемесінің тағы бір таңдаулы туындыларының бірі — жігіттер мен қыздардың сүйікті сауығы — бұқамен ойынды көрсететін Кносс сарайындағы фреска. Қыздардың бірі әбден долданған бұқаны мүйізінен ұстай алған сәтте жігіт бұқаның үстінен секіріп барады. Асқан жүректілік пен ептілікті қажет ететін бұл қауіпті «ойын», біздің ойымызша сол кездегі қалыптасқан діни салт-дәстүрлерге байланысты болуы керек, өйткені кез-келген адам бүл ойынға қатыса алмауы әбден мүмкін. Шындығында да, ғалымдардың пікірінше, «бұқалармен ойнау» табиғаттың қатал күшін бейнелейтін құдай-бұқаға табынуға тікелей байланысты көрінеді.

Критте патша өкіметінің ерекше түрі — теократия қалыптасты, яғни биліктің барлық түрлері бір адамның қолына шоғырланды. Патша сарайы әрі әкімшілік, әрі діни, әрі шаруашылық орталығы болды. Крит патшалары өз сарайларында сән-салтанатпен емін-еркін өмір сүрді. Патшалар мен ақсүйектер егіншіліктен, саудадан және қарақшылық шабуылдан түскен барлық олжаларын бағалы заттарға айналдырып, алтыннан, піл сүйегінен жасалған асыл бұйымдарды жинап беретін болған. Демек, мұндай ағыл-тегіл байлық — шат-шадыман өмірдің бір көрінісі болса керек.

Крит тұрғындары теңізбен үнемі қарым-қатынаста болғандықтан ба, әйтеуір, Крит суретшілерінен теңізге, ондағы әдемі де, құпия қозғалысқа, теңіз толқындарының құбылмалы бояуларына деген сүйіспеншілікті айқын сезінеміз. Олай дейтініміз, теңіздер тереңі дүниесінен алынған әуендер — ыршып түскен балықтардың, дельфиндердің, аквариумдегі балықтардың суреттері өте табиғи, әрі тартымды болып келеді.

Крит дәуірі мәдениетінің ең гүлденген кезеңі б.з.б. XVІ ғ. мен XV ғ-ң бірінші жартысы. Өкінішке орай, аралда болған жер сілкінісі ме, әлде жанартау атқылады ма, әйтеуір Крит патшалығы б.з.б. XVғ-ң аяғында күйреді. Кейбір зерттеушілер Крит сыртқы жаулардың, солардың ішінде ахейлік гректердің соғысынан күйреді деген пікір айтады.

Тарихтың атасы Геродоттың деректеріне сенетін болсақ, Крит патшасы Минос грек болмаған, алайда екінші атақты тарихшы Фукидид оны грек деп санайды. Криттіктердің тегі жөнінде де ғылымдар арасында алуан түрлі пікір бар. Қалай болғанда да криттіктердің гректермен қандас туыстықта болған-болмағанына қарамастан Крит кезеңі мәдениеті грек өркениетінің, демек еуропалық өркениеттің алтын бесігі болды деп толық сеніммен айта аламыз.

Крит дәуірінен кейін грек өркениеті — материктік Грекияға ауысты. Ол микендік (немесе ахейлік) мәдениет болатын. Алғашқыда Микены мәдениеті Минос мәдениетінің ықпалында дамыды деуге болатын. Киім үлгілерінен бастап көптеген құдайларына дейін бірдей. Бірақ, кейіннен Микены мәдениетінің өзіндік бет-бейнесі айқындалып, жаңа даму жолына түсті. Осы орайда, мәдени ұқсастықтардан болу керек, қола дәуірінде Эгей теңізі бассейнінде қалыптасқан Криттік — микенылық мәдениетті «Эгей өнері» деп атанған. Қазіргі заманғы көптеген ғалымдардың пікірінше, Шығыс Жерорта теңізі өнерін гректер келместен бұрын түрлі тілде сөйлейтін талай халықтар мекендеген. Тіпті, неолит дәуірінің өзінде (б.з.д. V—ІV мыңжылдықтар) Балқан түбегін, Кіші Азия жағалауы мен Эгей теңізі аралдарын эгейліктер деп аталатын ел мекендеген. Ал сол эгейлік өнердің басты орталығы Крит болды да, ал одан кейінгі кезеңде — Микены болды. Бір таңқаларлық, жағдай, Микены Криттік сарайларға дейін-ақ аршылып алынған екен, сондықтан да эгейлік мәдениет дүниесін бірінші ашқан адам — неміс Генрих Шлиман (1822—1890) болды. Көп уақытқа дейін Гомердің «Илиада» мен «Одиссея» поэмаларындағы баяндалған уақиғалар тарихи шындыққа жатпайтын ойдан шығарылған әдемі аңыздар деп саналып келді. Бала кезінде әкесінен Гомер кейіпкерлері жайында естіп білген Шлиман әкесіне: «Троядан ештеңе қалмады дегенге мен ешуақытта да сенбеймін. Қалай болғанда да мен оны табамын!» — деп мәлімдеме жасады. Шлиманның бұл мақсатына ғалымдар күмәнданып қана қоймай, оны келекеге ұшыратты. Көптеген сәтсіздіктерден кейін, ол Эгей теңізінің азиялық жағалауындағы Гиссарлық төбені, яғни Гомердің «қасиетті Троясы» тұрған жерді қазып, мол олжаға кенелді.

Шлиман тапқан алтын қазына — Гомер поэмасында суреттелген Приам патшаға дейін бір мың жыл бұрын өмір сүрген патшаның мол дүниесі болатын, бірақ ол өзі бұл қазынаны Приам патшасының қазынасы деп ойлайды. Мұнан соң Шлиман тағы да Гомер поэмаларында баяндалған тарихи деректерге сүйене отырып, Микеныны аршып алып, ондағы патшалар зиратынан алтын әшекейлердің баға жетпес мол қазынасын табады. Ол Гомер поэмаларында көрсетілген Агамемнон патшаның қазынасы болмауы да мүмкін, бірақ бұл археология саласындағы бас айналдырар тамаша табыстар болатын. Оның ашқан ұлы жаңалықтарының негізінде көне Грекияның тарихында Микены дәуірінің мәдениетін зерттеу жұмыстары басталып та кетті. Сөйтіп Шлиман зор даңққа бөленіп, өз заманының ең атақты адамдарының біріне айналды.

Микены өркениетінің гүлденген кезеңі б.з.д. XV-XІІІ ғасырлар. Ахейлік гректер жасаған мәдениет көп жағдайларда Криттік мәдениетке қанша ұқсас болса да, оның тек қана өзіндік сипаты, өзіне тән қайталанбас ерекшеліктері болды. Крит арал болғандықтан, оларға сыртқы жаулардан теңіздің өзі пана болды да, қалаларға бекіністер салудың ешбір қажеттігі болмай қалды. Ал құрылықтағы Микеныда ахейліктер өздерінің сарайларын биік шоқылардың басына салып, сыртқы жаулардан қорғану үшін оларды қуатты дуалдармен қоршап тастады. Осы орайда Критте де, Микеныда да сарайлар басты мәдени орталықтар болғандығын атап өтуіміз қажет. Кейін гректер мұндай мекен-дерге «акрополъ», яғни «үстіңгі қала» деген ат қойды. Бір ғажабы Микены мен Тиринф маңының алып қорғандары біздің заманымызға дейін сақталған. Бұлар б.з.д. XІV-XІІІ ғ. салынған мәдени-тарихи ескерткіштер болып саналады. Микены акрополінің ұзындығы 900 м. дуалының қалыңдығы 6 метрден он метрге дейін жетеді. Тиринф дуалының аумағы да орасан зор. Қалыңдығы 17,5 метр дуалдың ішінде өтпелі жолдар мен азық-түлік, қару-жарақ сақталатьш қоймалар сақталған. Бұл дуалдар салмағы 5-6 тонналық шомбал ауыр тастардан қаланып жасалған. Гректердің ұлттық мақтанышьша айналған бұл дуалдар ұлылылар тарапынан да жоғары бағаға ие болды. Мысалы, Гомер Тиринфи «дуалды берік қорған» деп атаса, жазушы Павсаний (б.з.-ң ІІ ғ.) Тиринф дуалдарын Египет пирамидаларына теңеді.

Микены қорғанына кіретін орталық дарбаза ірі төрт тастан құрастырылған. Маңдайшаларының үстіне бедерлі бейнелі үш бұрышты ақ тас тақта қойылған. Тақтаның ортасында Микены билеушілерінің киелі нышаны — колоннаның екі жағында бір пішінде асылып, қатып қалған қос арыстан. Арыстанды-қақпа — Эгей өнеріндегі монументтік мүсіннің жеке-дара үлгісі ғана емес, сонымен қатар Микены мемлекетінің мызғымас құдіретін де білдіреді. Қақпадан патша сарайына қарай жол салынған. Сарайда той-думандар мен жиындар өткізуге арналған салтанат бөлмесі — мегарон орналасқан. Оны айнала дәліздер, қоймалар, жуынатын және тұрғын бөлмелер орналасқан. Сарай маңында ақсүйектер үйлері орналасып, ал қорған сыртындағы шоқының етегінде көпестер мен қолөнершілер тұратын төменгі қала салынған.

Информация о работе Компанияның қызметін каржылық талдау