Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 22:50, курсовая работа
Жақын арада ғана қазақстандық қаржы мамандары мен банк қызметкерлері арасында «ипотека» термині әлі де беймәлім болатын.Ипотекалық несиелендірудің іске асу механизмі туралы санаулы мамандардың ғана жалпылама білімі болған, ал кәсіби тәжірибемен іс жүзінде ешкім кездеспеген.
Кіріспе..................................................................................................2
I.Ипотекалық несиелеудің теориялық және құқықтық аспектілері
1.1.Ипотекалық несиелеудің мәні......................................................4
1.2.Ипотекалық несиелеудің шетелдік тәжірибесі..............................10
II. Қазақстан банкілерінің тұрғын үй несиелеу саласындағы
тәжірибесі
2.1.Баспананы қаржыландыру тәжірибесінің экономикалық
анализі....................................................................................................12
2.2. ҚР-да ипотекалық несиелеу жүйесін ендіру.....................................14
2.3. Ипотекалық несиелеудің Қазақстандық үлгісі.................................17
III. ҚР-ғы ипотекалық несиелеудің даму мәселелері мен болашағы
3.1. «БТА-ипотека» ААҚ-мен ипотекалық несие берудің
анализі................................................................................................. .24
3.2. ҚР-да ипотекалық несиелеудің даму стратегиясы...........................29
Қорытынды......................................................................................................32
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі..................................................................34
- халықтың төмен төлем қабілеттілік сұранысы;
- қозғалымсыздық нарығында қолайсыз жағдайдың болуы:
а) тұрғын үйге, Қазақстан қалаларының көпшілігінде тұрғылықсыз қозғалымсыздық нысаналарының бағасының төмендеуі және кепілдің сәйкес келген құнсыздануы;
ә) құрылыс ұйымдарының жаңа тұрғын үй салуға қызғушылығының, себебі жаңа үйлердің бағасы екінші қайтара баспана нарығында біршама асады да, нәтиже ретінде жаңадан салынған үйлердегі пәтерге деген сұраныс төмен болады;
б) баспана құрылысының құрылымының кемшіліктері, құрылыс ұйымдары орташа қамтамасыз етілген халық үшін арналған типтік баспан салуға емес, элиталық ұзақ мерзімді баспана салуға бағытталуы;
в) екінші қайтара баспана нарығында сапасыз тұрғын үйдің елеулі үлесі, бұл болашақта жаңа құрылыстың аз көлемінде баспана нарығының қысқаруына әкеледі;
г) ипотекалық нарық субъектілері үшін қозғалымсыздық мүлік туралы стандартқа келтірілген, жіктелген, баршаға қолжетерлік ақпарат (баға, нарық құрылымы мен сапа және т.б.)
ғ) жылжымайтын мүлікпен кепілді дербес бағалау институтының дамымауы;
д) жылжымайтын мүлікті, сонымен қатар азаматтардың өмірі мен еңбек қабілеттілігін сақтандыру жүйесінің нашар дамуы;
е) ипотекалық несиемен жұмыс істеуге дағдыланған банк мамандарының аз болуы.
Аталған қиындықтарға қарамастан, банктер ипотекалық несиеге назар аударып, оны болашағы бар қызмет түрі ретінде қарастырып отыр. Алматының бірқатар банк қызметкерлерімен кездесу Қазақстандағы ипотекалық несиелеудің қалыптасу және даму үрдісіне банктердің әзірлігін айқындатты. Ипотекалық несиелеудің дамуы үшін Қазақстанның экономикасындағы бағдарланған жағымды тенденциялардан туындайтын біршама негіз қаланған. Айта кететін жағдай, бірте-бірте ай сайын жалақысын 300-ден 1200 АҚШ доллары құрайтын табысы бар халықтың орта тобының қалыптасуы байқалып отыр, олар ипотекалық несиелеудің негізгі әлеуметтік тұтынушылары болып табылады. Табыстың мұндай деңгейі шетел компанияларында, мұнай және металл өндірісінде, энергетика мен байланыста, қаржы және консалтинг фирмаларында қызмет етушілерге тән. Қазіргі кезде бірқатар кәсіпорындар таратылып, қайта құрылып, кейбіреулері айтарлықтай қаржылық нәтижеге жетті. Мұндай құрылымның қызметкерлері тұрақты табысқа ие. Бұл компания қызметкерлерімен байланысты қауіп жоққа шығарылып, мұндай қарыз алушылар банк қызығушылығын тудырады. Өткенде статистика бойынша Агенттік төрағасы, ал қазіргі кезде Экономика Министрінің бағалауынша, халықтың 5% ипотекалық бағдарламаға қатысу мүмкіндігі бар, өзінің табыс деңгейі бойынша төлеу қабілеттілік критерийге сәйкес келеді. Оған сәйкес қарыз алушы отбасы табысының 30% ипотекалық несиеге жұмсайды.
2.2. Қазақстан Республикасында ипотекалық несиелеу жүйесін ендіру
Қазіргі кезде орташа қазақстандық отбасының жылдық шығындарының экономикалық мөлшері әдетте оның табыс мөлшерінен төмен, бұл ақшаның жиналу тенденциясын көздейді. Ақша жинаудың кең тарған түрлері болып банкте жинақтау мен жылжымайтын мүлік алу болып табылады.
Қазақстанның басым бөлігі тұрақты табысқа ие, бірақ та жеткілікті жиналымдардың болмауына байланысты баспана алуға мүмкіндіктері жоқ.
Ипотекалық несиелеу жүйесі баспана нарығында халықтың төлеуге қабілетті сұраныс саласын несиелеуді ұзақ мерзімді тұрғын үй ипотекалық несиелеу жүйесін жіберу мен дамыту арқылы ақша жинақтаудың нарықтық механизмдерін дамыту үшін жағдай жасау арқылы кеңейтуге себін тигізеді.
Бұл бағыттағы Үкіметтің бірінші кезеңі болып, 21.08.2000 жылғы «Қазақстан Республикасында ипотекалық несиелеу жүйесін дамыту мен баспана құрылысын ұзақ мерзімді қаржыландыру» тұжырымдамасын (№1290) ұйғару болып табылады.
Ұсынылып отырған тұжырымдама негізігі болып еркін нарықта дайын баспана (жаңадан салынған, екінші қайтара нарықтағы тұрғын үй) алуға азаматтарды ұзақ мерзімді несиелеуге нарықтық жүйені құру табылады. Баспана ұзақ пайдаланудың қымбат тауары болғандықтан, оны сатып алуға тұтынушылардың ағымдағы табыстары мен жинақталған қорлары жеткіліксіз болады.
Сонымен бірге қаржы жүйесі анағұрлым дамыған мемлекетерде бұл мәселе әдетте баспана алуға ұзақ мерзімді несие беру арқылы шешіледі. Дүниежүзінің көптеген мемлекеттерінде несиеге баспананы алу – тұрғын үй мәселесін шешудің негізгі формасы.
Сонымен қатар, бұшл форма экономикалық қызмет саласындағы негізгі болып табылады, онда негізгі рольді банктік немесе басқа қаржы құрылымы атқарады. Қазақстанда тұжырымдарға сәйкес, қаржы жүйесіне тағы бір қатысушы енеді (Қазақстанның ипотекалық компаниясы), ол дербес қаржы институты болып табылады. Компания несие беруші банктерден ипотекалық тұрғын үй несие бойынша талаптар құқығын алып, сол құқықтармен қамтамасыз етілген ипотекалық өқұнды қағаздарды эмитациядан өткізеді.
Қазақстанның ипотекалық компаниясының негізгі қызметтері:
- ипотекалық несиелеу үрдісіне қойылатын талаптар мен бекітілген стандарттардың негізінде алашақтарды кері қаржыландыру;
- құнды ипотекалық қағаздарды шығару;
- тұрмыс үй несиелеу саласына инвесторлардың ақшаларын тарту;
- ипотекалық несиелеу операциясын жүргізудің анағұрлым тиімді тәжірибесін енгізуде және алашақтар үшін неғұрлым қауіпті, қарыз алушыға соғұрлым қол жетерліктей;
- ипотекалық несиелердің қаупін жасап шығаруда алашақтардың көмек көрсетуі.
Қазақстан Республикасында ипотекалық несиелеу жүйесі ипотекалық несиелеудің дүниежүзілік тәжірибесіндегі сала ретінде макроэкономикалық жағдайлар мен халықтың төлем қабілеттілігіне қатысты ерекшеліктерді есепке ала отырып, қазақстандық заң шығару базасына үйренуі тиіс.
Бағдарламаның құқықтық негізі алашақ банктермен қарыз алушыны несиелеу механизмі мен ипотекалық облигацияларды орналастырудың нәтижесінде алынған инвестициялармен алашақтарды қамтамасыз ету мехагизмін қамтушы ипотекалық тұрғын үй несиелеудің бірыңғай құнды жүйесін құруға мүмкіндік жасауға тиісті. Ипотекалық несиелеу жүйесін іске енгізу кезінде кейбір нормативтік- құқықтық актілерге өзгерістер енгізу қажет; сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй ипотекалық несиелеу жүйесінің дамуы мен енуін, іске асырылуын жүйеге келтіретін жаңа нормативтік- құқықтық актілерді жасау қажет.
Сонымен бірге тұрғын үй несиелеу үрдісіне қатысушылардың тиімді өзара байланысуын қаматамасыз етуі тиіс, тікелей немесе жанама түрде тұрғын үй саласына қосымша инвестициялар тартуға себін тигізуі керек.
Ипотекалық несиелеудің дүниежүзілік тәжірибесінде ипотекалық несиелеудің алғы және екінші қайтара нарығына қатысушылардың байланыстарының түрлі формалары, әдістері, тәсілдері белгілі. Тұжырымдама қазақстандық ипотекалық нарыққа қатысушылардың байланысу формаларындағы әлдебір диапазонын есепке алады.
Негізінде ипотекалық несиелеудің екі деңгейлік жүйесі қарастырылған. Яғни Қазақстанның ипотекалық компаниясы ретіндегі арнайы операторлар арқылы екінші қайтара нарықта тартылатын қаржы ресурстарымен алашақтарды қамтамасыз етуді қарастыратын жүйе. Сонымен бірге Тұжырымдама құнды ипотекалық қағаз шығару мен орналастыру жолымен алашақтармен дербес ресурстарды тарту мүмкіндігін қарастырады.
Компанияның әріптес банктермен және басқа да, ипотекалық несиелеумен айналысатын ұйымдармен өзара әрекеттесуі нарықтық қатынастарға негізделеді. Бұл нарықтық ипотекалық несиелердың бекітілген жалпы талаптарға қатаң сәйкес келуін білдіреді. Мысалы, алғы кезеңде ұзақ мерзімді ипотекалық несие үш жылдан он жыл мерзімге дейін беріледі. Төлемнің ұзақ мерзіміне байланысты қарыз төлеушінің ай сайынғы төлемдері азаяды. Несие ұлттық валюта-теңгемен төленеді. Несие сомасы кепіл ретіндегі сатып алынатын үйдің нарықтық құнының 70%-тін құрайды. Қарыз алушы алдыңғы жарна ретінде баспана құнының 30%-тік көлеміндегі ақшаны төлеуі тиіс. Несие мен ол бойынша сыйақы ануитеттік төлемдер түрінде төленеді. Ануитеттік төлем негізгі қарыздың қалдығына қосылатыгн сыйақы төлем бойынша, және несие бойынша негізгі қарыздың бөлігінен тұратын төлемді қамтиды. Сонымен бірге барлық ай сайынғы бекітілген пайыз мөлшерлемесін есепке алғандағы төлемдер біркелкі болады, бұл алашаққа да, қарыз алушыға да өте тиімді.
Несиеге алынған баспана несиені қамтамасыз етуші болып табылады. Ол барлық шектеуліктер мен міндеттемелерден бос болып, басқа жерден кепіл болмауы тиіс. Сонымен қатар, пилоттық жобаны өткізу кезінде жалпы талаптарға келесі шарт жатады: несие бойынша ай сайын төленетін төлем салық пен сақтандыру бойынша төлемдермен алғанда, қарыз алушының табысының 35%-тен аспауы керек. Егер де қарыз алушы басқа да міндеттемелерге ие болса, онда міндеттемелер бойынша оның ай сайын төлейтін төлемдеріне қосқанда несие бойынша ануитеттік төленеді, оның табысының 40%-нен аспауы керек.
Әрине, несие келісім шарты үлкен маңызға ие, оның жасалу тәртібі мен шарттары екі жақ орындауға міндетті шарттар болып табылады. Олар келесілер:
- берілген несие сомасы;
- берілген мерзім;
- несие бойынша сыйақы пайыздарының көлемі;
- несиені төлеу мен ол бойынша есептелген пайыздарды төлеу кезегі;
- келісім шартты ұзақ мерзімді бұзуға қажетті құжаттар.
Ипотекалық несие берудің басты шарты қарыз алушының ипотекаға келісім-шарт жасауға келісім-беруі болып табылады. Ипотека туралы келісім-шартта екі жақ келесі шарттарды қамтиды: ипотека пәні, ипотекаға берілетін баспана бағасы, міндеттеме мазмұны, міндеттемені орындау мерзімі, ипотека нысанасына шара қолдану негізі, басқа да шарттар.
Ипотекалық несие алу үрдісі стандартталған. Ол келесі кезеңдерден тұрады:
1. қарыз алушының алдын-ала квалификациялау кезеңі: бұл кезеңде қарыз алушы алашақ, несие берудің шарттары, өзінің құқықтары мен міндеттері туралы қажетті мәлімет алады. Алашақ бұл кезде әлеуетті қарыз алушының несиені қайтару мүмкіндігін бағалайды;
2. қарыз алушының қаржы мүмкіндіктері мен алашақтың талаптарына сәйкес келген баспана таңдау: бұл кезеңдегі маңызды сәт болып алыңған баспананы несиені қамтамасыз етуші ретінде алашақтың көзқарасы болып табылады.
3. ипотека нысанасы ретінде оның нарықтық бағасын анықтау мақсатында баспананы бағалау. Қарыз алушы таңдаған баспананың дербес бағалауын бағалаушы жүргізеді, оның қызметін қарыз алушы төлейді. Бағалаушымен берілетін нарықтық құн алашақпен берілетін несие сомасымен сәйкестендіріледі.
4. қарыз алушының андеррайтингі: бұл кезең қарыз алушының несиені төлеу мүмкіндігін алашақпен бағалау, қарыз алушының табысын есепке ала отырып, несие сомасын анықтау, қарыз алушыдағы жеке ақша көлемін анықтау. Алашақ қарыз алушы берген мәліметті тексеріп, несие беру не бермеу туралы шешім қабылдайды. Бұл кезеңде қарыз алушының жеке сақтандырылуы рәсімделуі тиіс;
5. келісім-шарт жасау кезеңі: а) сатып алушы мен сатушының баспананы сатып алу келісім-шарты; б) қарыз алушы мен алашақ арасындағы несие келісім-шарты.
Жеке меншік құқығының өтуі мен ипотека іс жүзіндегі заң шығару талаптарына сәйкес рәсімделіп, тіркеледі:
1) сатушымен есеп жүргізу кезеңі;
2) алынатын баспананы сақтандыру кезеңі;
3) ипотека келісім-шартын жасау
2.3. Ипотекалық несиелеудің Қазақстандық үлгісі
Қазақстан үшін тиімді несиелеудің ана-мына үлгісін таңдауға жағдайлар мен факторлардың біртұтас кешені әсер етті. Ипотекалық несиелеудің дамуына әсер еткен саяси факторлар: қоғамдық жүйенің жалпы тұрақтылығы; саяси режимдердің орнықты немесе орнықсыз болуы; сыртқы қауіпсіздіктің, әскери немесе, экономикалық экспонцияны бар немесе жоқ болуы. Ипотеканың жемісті дамуына мемлекет саясатына мүмкіндігі мол прокекционистік шаралар жиынтығын ендіру себін тигізеді. Олар: мақсатты несиелік қор беру, екінші қайтара нарық үшін құнды қағаздар эмиссиясы шеңберінде жасалатын ипотекалық несиелеуде мемлекеттік кепіл беру, сонымен қатар ипотекалық несие алушы нақты азаматтардың мекен-жайлық демеудың түрлі формаларының көптігі.
Құқықтық факторлар қоғамның жалпы құқықтық қалпымен анықталады. Сонымен қатар ипотеканың дамуына әсер етуші болып құқықтық ортаның жеке меншік қатынастарын қорғау қабілеттілігі танылады. Сонымен бірге аса үлкен ролді кепіл нысанасы болған мүлікке төлету мен алуды заңды әдістермен қамтамасыз ету атқарады. Бұған жылжымалы емес мүлікті нақты тіркеу жүйесінің бар немесе жоқ болуыда жатады. Ипотеканың жемісті дамуы ипотекалық операцияларды іске асыру тәртібі мен мазмұнын регламенттеуші үкімдер заңдардың арнайы жинағын белгілеу кезінде ғана болады.
Ипотекалық несиелеудің дамуына әсер ететін экономикалық факторлар болып келесілер табылады: несиелік-қаржы нарығы мен құнды қағаз нарығының жалпы дамуы валюта тұрақтылығы мен инфляция деңгейі, жылжымалы емес мүлік масштабы мен динамикасын анықтаушы халықтың төлем қабілеттілігі.
Фаткорлардың бұл тобындағы аса үлкен маңызға ипотекамен байланысты түрлі экономикалық қауіптерді сақтандыру жүйесінің дамуы ие облып табылады. Сонымен бірге ипотеканың дұрыс дамуы үшін жылжымалы емес мүлікті сақтандыру,қарыз алушылардың өмірін және оларға берілетін несиелерді сақтандыру, құнды қағаздарды сақтандыру қажет. Тарихи жағдайлар мен факторлар да ипотекалық несиелеудің формалары мен дамуына белгілі ықпал етті. Сонымен бірге аса үлкен маңызға ақша жинау дәстүрімен олардың болмауы және де халықтың несиеге деген қатысы ие болды. Ипотеканың нақты формаларының дамуына жер қатарының қалыптасу тарихының ерекшеліктері ықпал етті.