Екінші деңгейлі банктердің несиелік қызметінің теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 21 Октября 2011 в 09:48, реферат

Описание работы

Нарықтық экономикада банктердің ресурстық потенциалын өсіру маңызды мәселе болып табылады. Ерекше несиелік ресурс болып эмиссионық ресурс. Оның несиелік ресурс ретінде құралуы және пайдалану мүмкіндігі келесімен байланысты. Тұрғындардың қолма-қол ақшалай түрде алатын табыстары бірден жұмсалмайды, сондықтан банктың кассаларынан берілетін қолма-қол ақшалардың осы кассаларға келіп түсетін түсімдерде бір жыл ішінде артық болуы тұрғындардың өз табыстарының бөлігін жұмсамай-ақ банк тұлғасында мемлекеттік несиелеуге беріледі.

Содержание

КІРІСПЕ
. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Екінші деңгейлі банктердің несиесі және олардың құрылымы
1.2 Несиелендіру саясаты және оның теориялық негіздері

Работа содержит 1 файл

МАЗМҰНЫ.docx

— 56.14 Кб (Скачать)

     Маманданған несие-қаржы институттары кейбір шаруашылық аясында кең түрде қызмет көрсетуде:

  1. халықтың ұсақ жинақтарын тартуда;
  2. ипотекалық несие беруде;
  3. тұтыну несиесін беруде;
  4. ауыл шаруашылық несиесін беруде;
  5. сыртқы сауда операцияларын қаржыландыру мен есеп айырысуда;
  6. өнеркәсіп компанияларынның бағалы қағаздарын орналастыру мен капитал

инвестициялауда.

     Айта  кететін жәйт, революцияға дейінгі  Ресейде, одан соң КСРО-да (оның құрамындағы  Қазақстан) және жаңа экономикалық сясат (НЭП) пен кейін ауыл шаруашылығын ұйымдастыру жылдарында несие институттарының  кейбіреулері мысалы, несиелік серіктестіктер, өзара несиелеу қоғамдар, несиелік одақтар және т.б. олардың түрлері  болды. Қазірде банктік емес мекемелерге  кәсіпорындардағы өзарар көмек кассаларын, ломбардтарды, шаруа қожалықтары  ассоциацияларында (одақ) құрылған есеп айырысу қаржының орталықтарын кіргізуге  болады.

     Бірсыпыра мемлекеттерде маманданған несие-қаржы  институттарына: жинақ мекемелері, сақтандыру компаниялары, ақша нарығындағы  өзара қорлар жатады.

     Жинақ мекемелері несие саясатынің көмегінсіз өз алдына капитал ретінде пайдалануға  болмайтын ұсақ жинақтар мен табыстарды өзінде жинақтайды. Алғашында жинақ  мекемлері саясаты не жергілікті басқару органдары, не почта ведмоствосы  ұйымдастырған мемлекеттік мекемелер  түрінде, әсіресе орталық Европа елдерінде (Германия, Австрия) кең тараған  ХХ ғ. 30-40 жылдарынан бастап жеке жинақ  мекемелері түрінде кең өрістеуде. Жинақ мекемелерінің үш типі бар: өзара-жинақтау банктері, несие-жинақтау ассоцациялары және меншік одақтар (кооперативтер).

     Өзара-жинақтау банктері – ұсақ салымдарды белгілі  бір мерзімге қабылдайды. Бұндай салымды  кері алуға формалды түрде 30 күнге  дейінгі мерзім көрсетіліп, куәлік беріледі, ал шындығында банктер ақшаны клиенттің бірінші талабы бойынша  қайтарады. Тартылған қаражат әр түрлі жағдайларға және бағалы қағаздар сатып алуға негізінен тұрғын үй салу кепілдігі үшін ипотекаға мемлекеттік бағалы қағаздарға және жергілікті үкімет орындарының облигацияларына жұмсалады.

     Несие–жинақтау  ассациоциялары–осы ұйым мүшелерінің  төлеген жарнасынан құралады, яғни клиенттерге олардың бірінші  талаптары бойынша номиналымен  кері сатып алынатын және процент  түрінде табыс түсіретін айрықша  сертификат сату арқылы капиталы құрылатын  мекеме. Бұл сертификаттар мерзімді салымдарға ұқсас. Ассоциация капиталының  көп бөлігі тұрғын үй салу кепілдігі  үшін ипотекаға салынады.

     Несиелік  одақтар–кооперативтер түріндегі  ашық мекемесі, оны кәсіподақтар ірі  кәсіпорындар, шіркеулер ұйымдастырады. Одақтың капиталы мүшелік жарнаны  ерекше акциялар сатып алу қаражат  одақ мүшелеріне қысқа мерзімді несие  беру үшін қолданылады. Несиелік одақтар  АҚШ-та Ұлыбританияда, Канадада кең  тараған.

     Сақтандыру  компаниялары сақтандыру полистерін сату арқылы қаражат жинайды. Олардың  пассиві сақтандыру жарналары мен  актив операцияларынан түскен табыстан құрылады. Оларды сақтандыру полистерін төлеуге сонымен бірге ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға және тұрғын үй құрылысы үшін кепілдікке жұмсайды. Сақтандыру объктісіне қарай сақтандыру компаниялары, екі үлкен топқа бөлінеді. Олардың  біреулері халықты аурудан, өлімнен, яғни өмірді сақтандырса, басқалары  мүлікті оттан, ұрлаудан, стихиялы құбылыстардан  және т.б. жағдайлардан сақтандырады. Әсіресе, бірінші типті сақтандыру кең  тараған. Сөйтіп, сақтандару плистерін  сатудан компаниялар өте үлкен  қаржыны ұзақ мерзімге шоғырландырады. Мыысалы, 1984 ж. АҚШ-та 5500 млн долларға 385 млн өмірді сақтандыру полисі берілген.

     Несие операцияларын сақтандару тәжірибесі де кең қолданылады. Сақтандыру компаниясы несие мекемесіне (банкке) іс-әрекеті  бір топ операцияға жарайтын, яғни транспорт сатып алуға берілген несиеге және басқа ұзақ қолданылатын тауарға, ипотекалық несиеге, несие  карточкасына және т.б. көптеген операцияларды  қамтитын, сақтандыру полисін сатады. Ал банк қарыз алушыға сақтандыруға сертификатын беріп, олардан алған комиссиялық ақының бір бөлігін сақтандыру компаниясына төлейді. Мысалы, 1985 ж. АҚШ-та 190 млрд доллар құрайтын 66 млн несиені сақтандыратын полистер болған.

     Сақтандыру  компанияларына жылма-жыл түсетін  сақтандару сыйлық ақысы және активті  операциялардан түскен табыс түріндегі  қаражат полистерді ұстаушыларға төлейтін сомадан әлдеқайда көп. Бұл оларға жоғары табысты ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға салынатын инвестицияны ұлғайтуға, негізінен, өнеркәсіп компанияларының  облигацияларына қаржы салуға мүмкіндік  береді.

     Зейнетақы қорлары жұмысшылар мен қызметкерлерге белгіленген жасқа толғанда зейнетақы  төлеу үшін мемлекеттік және жеке мекемелер болып құрылады. Олар жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысының  бір бөлігінен, яғни қорға төлеген  жарнасынан құрылады.

     Қазақстан Республикасында жүргізілген зейнетақы  реформасының нәтижесінде мемлекеттік  зейнетақы қоры құрылды. Ол 1993ж. Әлеуметтік қорғау министрлігінің қарамағында  болып, мемлекеттік бюджеттің құрамына кірді. Ал 1995 жылдан бюджеттен шығарылып, Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы  қоры өз алдына жұмыс істеуде, сонымен  қатар бүгінгі күні республикада  одан бөлініп шыққан 15 жеке жинақтаушы зейнетақы қорлары бар.

     Қаржы компаниялары–олар тұтыну тауарларын қарызға сатуды несиелуге және екінші денгейлі несие беруге маманданған  мекемелер. Бұл компаниялардың қаржысы  өздері шығарған қысқа мерзімді міндеттемелер  мен екінші денгейлі банктердің берген несиесінен құралады.

     Қорыта  айтқанда, маманданған несие-қаржы  институттары кез-келген мемлекеттің  несие саясатынің құрамдас бөлігі. Бұл институттардың екінші денгейлі банктерден негізгі өзгешелігі –  халықтың жинағын тарту арқылы ресурс жинақтау, ал екінші денгейлі банктер  өз пассивтерін негізінен заңды  тұлғалардың уақытша бос қаражатын тарту арқылы құрастырады.  

Информация о работе Екінші деңгейлі банктердің несиелік қызметінің теориялық негіздері