Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 21:22, курсовая работа
«Материалдық емес активтер» Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына және «Материалдық емес активтер есебі» бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес материалдық емес әкімшілік мақсатта және басқа субъектілерге жалға беруде, өндірісте және тауарларды, яғни жұмысты, көрсетілген қызметті өткізуде ұзақ уақыт бойы қолдануға арналған, заттай формасы жоқ үлестірілетін ақшалай емес активтер, оларды:
анықтауға болады;
субъект бақылайды;
қолданудан субъект болашақта экономикалық пайда алуды күтеді.
Материалдық емес бап материалдық емес актив болып саналады, егер:
материалдық актив анықтамаларына сәйкес келсе;
белгі-өлшемдерге сәйкес келеді және мынадай жағдайда есепке тіркеледі:
КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3
І. МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРГЕ ТҮСІНІК-------------------------6
1.1 Материалдық емес активтер және олардың сипаттамасы---------------6
1.2 Материалдық емес активтердің түрлері--------------------------------------9
Материалдық емес активтерді есепке алу---------------------------------17
ІІ. МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫНЫҢ ЕСЕБІ---------------------------------------------------------------------------------------22
2.1 Материалдық емес активтердің есебі---------------------------------------22
2.2 Материалдық емес активтерді түгелдеу ----------------------------------25
2.3 Аналитикалық және синтетикалық есептер және шоттар--------------27
ҚОРЫТЫНДЫ ---------------------------------------------------------------------29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------32
2742 "Материалдық емес активтердің амортизациясы — патенттер";
2743 "Материалдық емес активтердің амортизациясы — ұйымдастыру шығындары";
2744 "Материалдық емес активтердің амортизациясы — "Гудвилл";
2745 "Материалдық емес активтердің амортизациясы — тағы басқалары".
Бұл шоттар пассивті, реттеуші, контрактивті болып келеді, олардың кредиті бойынша ай басындағы амортизацияның (тозудың) қалдығы, ағымдағы айда есептелінген амортизациясы және есеп берілген айдың соңындағы амортизацияның қалдығы көрсетіледі, ал дебеті бойынша — материалдык емес активтердің амортизациясын (тозуын) есептен шығарылған (төмеңдетілген) сомасы көрсетіледі. Материалдық емес активтердің амортизациясы олардың бастапқы құнынан және тиімді пайдаланудың болжамды мерзіміне анықталған нормалар бойынша әр ай сайын есептелініп отырады.
Әрбір кәсіпорын материалдық емес активтердің барлық түрлерінің пайдалану мерзімін, негізделген (дәлелденген) есептер бойынша анықталуы тиіс.
Амортизацияның
(тозу) есептелінген сомасына: 7110 "Тауарларды
(жұмыстарды, қызметтерді) сату шығындары",
7210 "Жалпы және әкімшілік шығындары",
8045, 8056 "Негізгі құралдардың тозуы және
материалдық емес активтердің амортизациясы",
шоттары дебеттеледі де, 2740 шоттары кредиттеледі.
2.2
Материалдық емес активтерді
түгелдеу
Егер де материалдық емес активтерден кәсіпорынға ешқандай экономикалық олжа болмаса, онда оны бухгалтерлік баланстан шығарады. Материалдық емес активтерді есептен шығарған кезде, одан алынған табыстар немесе зияндар қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беруде көрініс табады.
Материалдық емес активтерді есептен шығарған кезде, мына төмендегідей шоттар корреспонденциясы жасалынады.
Материалдық вмес активтерді мүліктік тугелдеу. Материалдық емес активтерді мүліктік түгелдеу кезінде кәсіпорынның меншік құқығы бар материалдық емес активтердің нақты бары мен жоғын; олардың баланста дұрыс және уақытында көрсетілуін, материалдық емес активтердің тозуын есептеудің дұрыстығын, моральдық тозуға ұшыраған активтерін тексереді. Негізгі құжаттарда материалдық емес активтер объектілерінің егжей-тегжейлі сипаттамасы болуы керек, олардың бастапқы құны, пайдалану мерзімі, амортизациялау нормасы, пайдаланылатын объектінің құрылымы және басқа мәліметтері көрсетіледі. Материалдық емес активтерді мүліктік түгендеу барысында объектінің нақты барын және кәсіпорынның оны пайдалану құқығын растайтын құжаттары да тексеріледі. Бұл құжаттарға материалдық емес активтердің объектісі немесе оны пайдалану тәртібін сипаттайтын және кәсіпорынның мүліктік құқықтарын растайтын құжаттары жатады. Материалдық активтерді сипаттайтын немесе олардың пайдалану тәртібін белгілейтін, сондай-ак кәсіпорынның мүліктік құқын қуаттайтын құжаттар жатады.
Есеп беруде материалдық емес активтердің мәнін ашу. Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық есеп беруінде материалдық емес активтерінің есебі үшін қабылданған есеп саясаты ашылуы керек, атап айтқанда: амортизацияны есептеу үшін пайдаланатын тәсілі; пайдалы қызмет ету мерзімі немесе пайдаланатын амортизациялық нормасы; жалпы баланстық құн және есептік кезеңнің басы мен аяғына жинақталған амортизацияның сомасы; кәсіпорынның өзі жасаған материалдық емес активтердің баланстық құны және т.б. керсетіледі.
Сондай-ақ қаржылық есеп беруде: материалдық емес активтердің түрі, баланстық құны, материалдық емес активтердің амортизацияланбай қалған кезеңі; иелік ету құқығы шектелген материалдық емес активтердің баланстық құны; міндеттемесі бойынша кепілдік ретінде берілген активтердің жалпы баланстык құны; материалдық емес активтер бойынша алынған міндеттемелердің сомасы да ашып көрсетіледі.
Қаржылық есеп беруде есептік кезендегі шығыс деп танылған шығындар сомасы да ашылуы тиіс: бағдарламалық жабдықтау (қамтамасыз ету) шығындары; компанияның жарнама шығындары; субъектіні құру кезіндегі жұмсалған шығындар; материалдық емес активтерді алумен, күшейтумен, жинақтаумен, қолдаумен және басқа да шығындар сомасымен байланысты шығындар сомасы көрсетіледі.
Субъект
одан баска да материалдық емес активтерді
есептік бағалау өзгерістерінің нәтижесі
және сипатын, олардың материалдық салдарын
ашу керек.
2.3
Аналитикалық және
синтетикалық есептер
және шоттар
Бухгалтерлік шоттар көмегімен шаруашылықта болып жатқан түрлі процестермен қаржылардың қозғалыстарын тіркеп отырады. Бухгалтерлік есеп осы қозғалыстардың қорытындысын шығарып отырады. Ша-руашылыққа оперативті түрде күңделікті басшылық етіп отыру ұшін бұл жалпы мәліметтер ғана, оның үстіне тек ақша түріндегі мәліметтер жеткіліксіз болады. Есеп жұмысын жүргізу үстінде қорытынды мәліметтер де ескеріледі. Мысалы, шаруашылықтағы бар материалдардың жалпы сомасын ғана білу жеткіліксіз, материалдардың қандай түрлері, олар қанша және қай жерде, кімнің жауапкершілігінде екендігі сияқты жағдайлардың барлығы толық және дәл болып отыру керек. Бұл үшін экономикалық жағынан біртекті қаражаттар немесе олардың көздері ақшаға шаққан жалпы түрінде кәрсетіліп, есепке алынатын шоттарды дербес шоттар құрамдас бөліктеріне бөледі. Бұл дербес шоттар шаруашылықта қандай нәрселер, қандай мөлшерде бар екендігін қай жерде және кімнің жауапкершілігінде немесс қайда жұмсалғандығын көрсетеді. Шаруашылық қаражаттары, олардың қорларын және операцияларды құрамдас бөліктеріне ажыратпай, жинақы түрінде көрсететін шоттарды синтетикалық шоттар дейді. "Син-тетикалық" деген сөз — жалпыланған, жинақы деген сөздердің мағынасында болады. Синтетикалық шот тек ақшалай көрсеткіш бойынша жүргізіледі.
Шаруашылық қаражаттарының, олардың құралу-көздерінің, операциялардың әрқайсысының аты аталып, кімнің жауапкершілігінце екендігі көрсетіліп, қайда жұмсалғандығы айтылып, қайдан пайда болып, неге аралғандығы толық есепке алынатын шоттарды аналитикалық шоттар деп атайды. Аналитикалық ақшалай, заттай және еңбек көрсеткіштері тегіс қолданылады.
Шоттарды синтетикалық шоттардеп аталады, яғни шоттардан басқа бухгалтерлік есепте субшоттар деп екіге бөледі. Субшот жоғарыда аталған екі шоттың орта арасында есептеу буыны. Су6шот мәліметін аналигикалық деректерін қорыпу арқылы аламыз, ал сиктетикалық маліметтерін субшоттарды қорыта отырьп аламыз.
Сонымен
әрбір шотқа тиісті субшоттар
бір жағынан синтетикалық шотының
мазмұнын анықтап толықтырады, оның
дәл сипаттамасын көрсетеді, екінші
жағынан аналитикалық шоттар синтетикалық
шоттың қосымша жиынтығы болып табылады.
Синтетикалық шоттарды бірінші реттік
шоттар, субшоттарды екінші реттік шоттар,
аналитикалық шоттарды үшінші реттік
шоттар деп те атайды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Материалдық емес (ұстап көруге болмайтын) активтер — нақты табиғи нысаны жоқ сезілмейтін құндылыққа ие болғанымен материалдық активтердің де, материалдық емес активтердің де құрамында кездесуі мүмкін.
Кейбір материалдық емес активтер физикалық заттың (алып жүрушілердің) құрамында болады, атап айтсақ: компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ететін — дискетте, фильм-лентасында, заңды құжаттау (лицензия, патент) — қағазда болады, бірақ дискетте, лента да, қағаз да өз кезегінде қосалқы элементтер болып табылады және олар активтің мәнін анықтау үшін негіз бола алмайды.
Материалдық емес активтерге: лицензиондық келісімдер, компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етулер, патенттер, авторлық құқықтар, тауар белгілері, қызмет ету белгілері, фирма атаулары, тәжірибелі-конструкторлық жұмыстар және т.б.
Материалдық емес активтер актив ретінде болашақта экономикалық олжа әкелетін активтер ретінде танылады (есепке тіркеледі). Өз кезегінде, материалдық емес активтердің құны, активтердің белсенді нарығы бар кезде ғана дұрыс анықталуы мүмкін; кез келген уақытта мәміле жасауға ынта білдіруші сатып алушы мен сатушыны табуға және бұндай кезде сатылатын және сатып алынатын тауардың бағасы да халық ұйым қолайлы болады.
Материалдық емес активтер танылған кезеңінен бастап бастапқы құны бойынша бағаланады. Материалдық емес активтердің бастыпқы құны олардың алынған тәсіліне байланысты болып келеді: сырттан түссе (сатып алынған бағасы, ұйымдар бірлестігінің күшімен; айырбастау арқылы немесе мемлекеттік субсидияның есебінен) немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің өз күшімен жасалса.
Материалдық емес активтерді анықтауға болады: егер де оларды жалға берсе, сатса, айырбастаса; болашақта алынатын экономикалық олжаға олардың тікелей қатысы болса. Материалдық емес активтерді субъект бақылай алатын болса, онда онын экономикалық олжа табу мүмкіндігі ашылады.
Келешек экономикалық олжа, осы материалдық емес активпен тікелей байланысты, егер олар мынадай жағдай алынса: болашақ экономикалық олжаны өсіруде материалдық емес активтердің ролі анықталса; субъектінің осы активті пайдалану қабілеттілігі мен ниеті болса; бүгінгі күнге пара-пар қаржылық, техникалық және басқа да ресурстар бар болып, субъектіге болашақта күтілетін экономикалық олжаны алуға қолайлы жағдай туғызса.
Материалдық емес (ұстап көруге болмайтын) активтер — нақты табиғи нысаны жоқ сезілмейтін құндылыққа ие болғанымен материалдық активтердің де, материалдық емес активтердің де құрамында кездесуі мүмкін.
Кейбір материалдық емес активтер фирманың басқа да активтеріне жеке теңестірілуі мұмкін, мысалға, патент, сауда маркісі сияқтылары, ал басқалары болса жеке теңестірілмеуі мүмкін, керісінше, осындай материалдық емес активтердің құны басқа да фирманың активтерімен тығыз байланыста шығарылуы мүмкін: бұндай материалдық емес активтің қатарына гудвилл жатады, ол клиенттердің сеніміне немесе қызметкерлердің машықтық деңгейіне негізделеді. Мысал, Жоғары радиациялық (сәуле шашатын) зонада орналасқан фармацевтикалық "Феникс" кәсіпорны дәрі-дәрмек препаратын өндіретін фармацевтикалық "Бота" фирмасымен лицензиондық келісім жасасты делік. Ол радиациондық сәуленің әсерінен болатын ауруларды емдеу үшін қажет.
Компанияның келешектегі экономикалық пайдасы (олжасы) жоғарыда аталған лицензиондық келісіммен де тікелей байланысты болады, егер де:
- сол жерде тұратын халықтың шығарылатын препаратқа деген сұранысы жоғары болса және онда жүргізілген әлеуметтік мәселелерге, сондай-ак өндірілетін препараттың келешекте үлкен экономикалық пайда әкелетіндігіне толық сенім болса;
-
препарат өндіру үшін компания
басшылығы келісімді
- кредиторлардың, жасалған келісім-шартқа сәйкес, қаржылық және басқа да қажет ресурстарды беруге ынтасы бар болса.
Субъекті кей жағдайларда тиесілі заңды құжаттардың құқын рәсімдемей-ақ осы экономикалық олжамен басқа кәсіпорындардың шұғылдануына тиым сала алады. Егер де шығарылатын өнімнің технологиясы патенттелген болса, онда ол баска субъектінің айналысуына тиым салады.
Материалдық
емес активтерге: лицензиондық келісімдер,
компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз
етулер, патенттер, авторлық құқықтар,
тауар белгілері, қызмет ету белгілері,
фирма атаулары, тәжірибелі-конструкторлық
жұмыстар және т.б.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР