Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2011 в 21:22, курсовая работа

Описание работы

«Материалдық емес активтер» Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына және «Материалдық емес активтер есебі» бухгалтерлік есеп стандарттарына сәйкес материалдық емес әкімшілік мақсатта және басқа субъектілерге жалға беруде, өндірісте және тауарларды, яғни жұмысты, көрсетілген қызметті өткізуде ұзақ уақыт бойы қолдануға арналған, заттай формасы жоқ үлестірілетін ақшалай емес активтер, оларды:
анықтауға болады;
субъект бақылайды;
қолданудан субъект болашақта экономикалық пайда алуды күтеді.
Материалдық емес бап материалдық емес актив болып саналады, егер:
материалдық актив анықтамаларына сәйкес келсе;
белгі-өлшемдерге сәйкес келеді және мынадай жағдайда есепке тіркеледі:

Содержание

КІРІСПЕ-------------------------------------------------------------------------------------3
І. МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРГЕ ТҮСІНІК-------------------------6
1.1 Материалдық емес активтер және олардың сипаттамасы---------------6
1.2 Материалдық емес активтердің түрлері--------------------------------------9
Материалдық емес активтерді есепке алу---------------------------------17

ІІ. МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫНЫҢ ЕСЕБІ---------------------------------------------------------------------------------------22
2.1 Материалдық емес активтердің есебі---------------------------------------22
2.2 Материалдық емес активтерді түгелдеу ----------------------------------25
2.3 Аналитикалық және синтетикалық есептер және шоттар--------------27
ҚОРЫТЫНДЫ ---------------------------------------------------------------------29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР----------------------------------------32

Работа содержит 1 файл

матер.емес актив амор..doc

— 187.50 Кб (Скачать)

    Қазақстан Республикасында материалдық емес активтерді есептен шығару мерзімі он жыл, бірақ ол субъектінің қызмет ету мерзімінен асып кетпеуі керек.

    "Интеялектуалдық  меншік" ұғымына: авторлык, құкықтары,  орындаушы-артистердің қызметіне  қатысты құқықтары (дыбысын жазуға, радио және телехабарларға байланысты хабар беруге), ойлап табушылық патент құқыктары, ғылыми жаңалық ашу құқықтары, өнеркәсіптік үлгілер, тауар белгілері, т.б. интеллектуалдық меншік түрлері жатады. 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1.   Материалдық емес активтерді есепке алу

    Материалдық емес активтер актив ретінде болашақта  экономикалық олжа әкелетін активтер ретінде танылады (есепке тіркеледі). Өз кезегінде, материалдық емес активтердің құны, активтердің белсенді нарығы бар кезде ғана дұрыс анықталуы мүмкін; кез келген уақытта мәміле жасауға ынта білдіруші сатып алушы мен сатушыны табуға және бұндай кезде сатылатын және сатып алынатын тауардың бағасы да халық ұйым қолайлы болады.

    Біршама материалдық емес активтердің белсенді нарығы болмайды, өйткені олар өте сирек кездеседі, мысалға, тауар белгілері, басылым атауы, кино мен музыкаға берілген авторлық құқықтары және бір актив үшін төленген сомасы, осы тәріздес басқа активтің құнын өлшеу үшін, негіз бола алмайды.

    Сондықтан көптеген материалдық емес активтердің құнын, әдетте, екі жақтың келісімі бойынша анықтайды.

    Материалдық емес активтер танылған кезеңінен бастап бастапқы құны бойынша бағаланады. Материалдық емес активтердің бастыпқы құны олардың алынған тәсіліне байланысты болып келеді: сырттан түссе (сатып алынған бағасы, ұйымдар бірлестігінің күшімен; айырбастау арқылы немесе мемлекеттік субсидияның есебінен) немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің өз күшімен жасалса.

    Құн қағидасына сәйкес, материалдық емес активтер сатып алынған кезде  сол құны бойынша көрініс табуы тиіс. Сатып алу құнына сатып алумен байланысты барлық шығындар енгізіледі, соның ішінде сатып алынған бағасы, тасымалдау шығыны және т.б.

    Егер  де материалдық емес активтер бартерлік (айырбас) негізде алынса, онда олардын  бағасы нарықтық күн немесе осы тәріздес материалдық емес активтер құны бойынша анықталады. Егер материалдық емес активтің бастапкы құны несие есебінен алынса, онда сол несие үшін төленетін пайыз бастапқы құнына қосылмайды, ал ол кезендік шығысқа жатқызылады. Егер материалдық емес активтің бастапқы құны мемлекеттің есебінен тегін (немесе номиналды атаулы, немесе мемлекеттің субсидиясының есебінен) алынса, онда ол сату немесе белсенді нарықтағы материалдық емес активтерінің тап осы түрінің құны бойынша танылады.

    Егер  де Үкімет тарапынан ауыл шаруашылығының қажеттілігін қамтамасыз ету үшін, мысалы, шегірткеге қарсы күресетін препаратқа "АВВА" кәсіпорыннын лицензиондық келісімін тегін алды делік, бұндай жағдайда аталған лицензиондык, келісімнің белсенді нарығы болмайды.

    Материалдық емес активтердін түсуі мен шығарылуы "Материалдық емес активтерді қабылдау-беру актісімен рәсімделеді. Актіде материалдық емес активтердің түрі дәл аталады және кәсіпорынға берілген күні (кәсіпорында жасалған күні), объектінің сипаттамасы, оның бастапқы құны, амортизация нормасы және басқа кажетті мәліметтері көрсетіледі.

    Материалдық емес активтерді қабылдап алу жөніндегі акті әрбір объектіге бір данадан толтырылады. Бірнеше біртектес материалдық емес активтерді қабылдау жөніндегі ортақ акт жасауға болады. Акт материалдық емес активтердің объектісі, оларды пайдалану тәртібі немесе кәсіпорынның мүліктік құқықтарын растайтын құжаттармен қоса бухгалтериява беріледі, оған бас бухгалтер қол қояды және кәсіпорынның басшысы бекітеді. Материалдық емес активтерді басқа кәсіпорынға бергенде (сату, тегін беру) акт екі дана етіп жасалынады: беруші және алушы кәсіпорын үшін.

    Материалдық емес активтердің нақты барлығы мен қозғалысын есепке алу 2700 "Материалдық емес активтер" бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Осы шоттардың дебеті бойынша — материалдық емес активтердің келіп түскен айдың басы мен аяғындағы қалдықтары көрсетіледі де, ал кредиті бойынша — материалдық емес активтердің есептен шығарылғандары көрсетіледі. 10-шы бөлімшеге темендегі шоттар кіреді: 2730 "Лицензиялық келісімдер", 2731 "Бағдарламалық жабдықтау", 2733 "Патенттер", 2734 "Ұйымдастыру шығындары", 2735 "Гудвилл", 106 "Материалдық емес басқа да активтер".

    2700 "Материалдық емес активтер" бөлімшесінің шоттарын талдамалық есепке алу "Материалдық емес активтердің мүліктік есеп карточкасында" жүргізіледі. Карточка кәсіпорынға түскен материалдық емес активтердің барлық түрлерін есепке алу үшін қолданылады. Материалдық емес активтердің әрбір жеке объектісіне бухгалтерияда мүліктік карточка ашылады. Карточка "Материалдық емес активтерді алу-беру актісінің", техникалық және басқа кұжаттардың, кәсіпорынның материалдық емес активтердің объектісін алғанын растайтын құжаттардың негізінде толтырылады. Материалдық емес активтерді басқа кәсіпорынға (ұйымға) берген кезде, оның есептен шыққаны туралы белгі соғу үшін негізі "Материалдық емес активтерді алу-беру актісі" болып табылады.

    Материалдық емес активтерді есепке алудың мүліктік карточкасы 104 бетте келтірілген. Материалдық емес активтердің мүліктік карточкалары "Материалдық емес активтерді есепке алудың тізімдемелерінде" топтастырылады. Тізімдемелерде материалдық емес активтердің айдың басы мен аяғындағы қалдықтары, бір айдағы қозғалысы көрсетіледі.

    Материалдық емес активтердің бастапқы құны субъектінің  өз күшімен де жасалуы мүмкін, ол кезде оның құны нақты тікелей шығынымен де және үстеме шығысымен де танылады. Осы шығындарды есепке алу үшін, 2700 "Материалдық емес активтер" шоттарының бөлімшесіне, жеке "Материалдық емес активтерді жасау шығындары" деп аталатын ішкі (субшоты) ашылуы мүмкін. Осы аталған субшотқа мынадай шығындар енеді:

    - материалдық емес активтерді жасауға қатысқан еңбеккерлердің еңбек ақысы;

    -     заң бойынша белгіленген еңбек  ақыдан жасалатын аударымдар;

    -   материалдық емес активтерді  жасау кезінде тұтынатын материалдар мен атқарылатын қызметтер;

    -    несие үшін төленетін пайыздар (марапаттаулар);

    -    басқа да шығындар;

    -    үстеме шығындар.

    Материалдық емес активтерді жасауға кеткен барлық шығындар өзінің анықтамасы мен тұжырымдамасына сәйкес келген кезден бастап, 2700 "Материалдық емес активтердің" бөлімше шоттарының және "Материалдық емес активтерін жасауға кеткен шығындар" субшотының дебеті бойынша есепке алынады.

    Ал  сәйкес кезеңге дейінгі орын алған барлық шығындарға 7210 шоты дебеттеліп, 2700 "Материалдық емес активтерінің" бөлімше шоттары және "Материалдық емес активтерін жасауға кеткен шығындар" субшоты кредиттеледі.

    Субъектінің күшімен жасалған материалдық емес активтерді өз арналымы бойынша қолдануда  қолданса, онда олардың дайындық кезеңінен бастап, жасалған шығындарды 2700 "Материалды емес активтерінің" бөлімше шоттарының, "Материалдық емес активтерін жасауға кеткен шығындар" субшотының кредитінен 2700 "Материалдық емес активтер" бөлімшесінің тиесілі шоттарының дебетіне есептен шығарылады.

    Материалдық емес активтерді жасау кезінде оның құнын анықтауға бір мысал келтіріп көрейік. Өсімдік қоспасынан әзірленген дәрі-дәрмекке зерттеулерді фармацевтік зауыты жүргізді. 2005 жылы зауыт 300 мың теңге шығыс жасаған. Ал 2006 жылдың басында сол көрсетілген шығынның жұмсалғандығы дәлелденді, сосын сол аталған технологияны іске асыру үшін 2006 жылы ақпанда 500 мың теңге, ал наурызда 250 мың теңге жұмсалған.

    Фармацевтік зауытының 300 мын теңге шығарған шығыны, дайындалатын препараттың технологиясының сәйкес келуіне дейінгі шығысы 7440 шотының дебетінде және 4230, 3140, 4110, 2150 т.б. шоттарының кредитінде есепке алынады. Ал қалған шығыны (500+250=750) материалдық емес активтер ретінде, "Тәжірибелік — конструкторлық жұмыс" деп аталатын субшоттың кредитінде және 2730 "Басқа да" шотының дебетінде есепке алынады.

    Субъектінің өзі жасаған тауар белгілері  материалдық емес актив ретінде  танылмайды, өйткені олардың наұты құнын анықтау мүмкін бола бермейді. Компанияның жасаған жарнама шығындарынан тауар белгісіне тиесілісін анықтау мүмкін емес, бірақ ол субъектінің атағын шығаруға қолайлы жағдай туғызады және нарық жағдайында тауардың қозғалысын арттырады. Сондықтан бұндай жарнамаға кеткен шығындар есептік кезеңнің шығыстарына жатқызылады және материалдық емес активтердің алынатын құнына енгізілмейді.

    Демек, мына шығындар жұмсалғанымен материалдық  емес активтерге жатпайды, олар тек  кезендік шығыстар болып танылады:

    -   зерттеуге кеткен шығындар;

    - өндірістік немесе жаңа цехтардың ашылуына дейінгі кеткен шығындар (егер бұл шығындар негізгі кұралдың бастапқы құнына қосылмаса);

    - кәсіпорынды ашуға, заңды құжаттарын (жарлық, құрылтай келісім шарттарын, мәрін, штампын т. б.) әзірлеуге кеткен шығындар;

    -  мамандарды оқытуға кеткен шығындар;

    -   жарнамаға кеткен шығындар;

    -  жетілдіруге, көшуге, кайта күруға кеткен шығындар;

    - субъектінің жасаған: тауар белгілеріне,  фирма атауларына т.б. шығындар;

    - белгілі бір қызмет түрін жүзеге асыру үшін мемлекет берген лицензияға кеткен шығындар (оның әрекет ету мерзімі бір жылдан аспаса);

    -  патенттерге кеткен шығындар (оның әрекет ету мерзімі бір жылдан аспаса). Алғашқьща, материалдык емес активтерді алу ретінде танылған шығыстары, біршама уақыт өткеннен кейін онын құнының бір бәлігі болып саналмайды.  
 
 
 
 

    ІІ.  МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫНЫҢ  ЕСЕБІ

    2.1 Материалдық емес активтердің есебі 

    Материалдық емес активтер құнына сәйкес қағидасы бойынша активтің әрекет ететін мерзім бойына жүйелі түрде есептен шығарылып  отырылуы тиіс. Біз жоғарыда атап өткеніміздей, материалдық емес активтердің есебінде экономикалық қызмет ету мерзімін белгілеу жеткілікті түрде күрделі болып саналады және материалдық емес активтердің амортизациялық кезеңін анықтау барысында келесі факторларды ескерген жөн:

    - заңды, реттеуші, келісімді жағдайларын ескеріп, олардың максималды қызмет ету мерзімімен шектелуі мүмкін;

    -  жаңарту немесе ұзарту жағдайлары  келсе, онда оның топшыланған  қызмет ету мерзімі өзгеруі мүмкін;

    -  тозу, сұраныс және басқа да экономикалық факторлар оның қызмет ету мерзімін қысқартуы мүмкін;

    - келешектегі бәсекелестіктердің және басқа да субъектілердің әрекеті (іс-қимылы) материалдық емес активтердің бүгінгі белсенділік қабілеттілігін шектеуі мүмкін;

    -  материалдық емес активтердің  кейбір түрлерінің қызмет ету мерзімі сол активтердін құрамдас бөлшектері болуы мүмкін.

    Материалдық емес активтердің пайдалы қызмет ету мерзімін субъектінің өзі дербес белгілей алады, егер де заңдармен басқаша жағдайы қарастырылмаса (патент, авторлық құқык) немесе келісім-шартпен (лицензиондық келісім). Материалдық емес активтердің мерзімін дәл анықтау мүмкін болмаған жағдайда, оның пайдалы пайдалану мерзімін 10 жыл деңгейінде белгілейді, бірақ ол шаруашылық жүргізуші субъектінің қызмет ету мерзімінен аспауы керек.

    Материалдық емес активтерді есептеу үшін әртүрлі  әдістер пайдаланылады: бірқалыпты (түзу сызықты), қалдык құнын азайтатын және кумулятивтік. Әдісті таңдау активтен күтілетін экономикалық олжаның тұтыну моделіне байланысты болып келеді.

    Материалдық емес активтердің арналымы бойынша  пайдалануға дайындық кезеңінен  бастап амортизациясын есептейді.

    Амортизациялық  сомасы әдетте, шығыс ретінде танылады, егер де ол басқа да активтердің құнына қосылмаса. Амортизацияны есептеу әдісін таңдау бір есептік кезеңнен екіншісіне жүйелі түрде ауысып отырады, егер де активтерден алынатын олжаның тұтыну моделі айтарлықтай өзгермесе. Материалдық емес активтердің жою құны өте сирек кездеседі, олардан алынатын олжа тек қызмет ету мерзімінің соңында анықталады. Сондықтан материалдық емес активтердің жою кұны, әдетте нольге тең болады.

    Материалдық емес активтердің амортизациясын (тозуын) есепке алуға 2740 "Материалдық емес активтердің амортизациясы" деп аталатын бөлімшесінің шоттары арналған:

    2740 "Материалдық емес активтердің амортизациясы — лицензиялық келісімдер";

    2741 "Материалдық емес активтердің амортизациясы — бағдарламалық жабдықтау";

Информация о работе Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру