Банктік тәуекел

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 07:25, реферат

Описание работы

клирингтік шарт негізінде түрлі саудаласатын елдердің нақты банктік есептеріндегі айналатын өзара сауда соммалары.
Факторингтік операциялар бойынша тәуекелді азайту үшін борышкерлердің төлем қабілеттілігін талдау, олардың жеткізушілермен шаруашылық байланыс пен өзара қатынастар сипатын құруын оқып білу, төлемдердің құрылымы, өнімнің бәсеке қабілеттілігі, оны қайтару жағдайларының саны мен сол сияқты.

Работа содержит 1 файл

Банк тәуекелдері.doc

— 130.50 Кб (Скачать)

 

Жеке тәуекел – ішкі тәуекел болып табылады, оның деңгейі тек кәсіптіліктен гөрі, банк қызметкерлерінің адамгершілігінен түбегейлі тәуелді.

Макродеңгейдегі тәуекелдер, таза түрдегі сыртқы тәуекелдер, біртұтас экономиканың жағдайларының өзгеруімен байланысты, олар банктің өзінің қызметінен тәуелді емес – оларды мүмкіндігінше алдын алып, оларға бейімделу қажет.

Микродеңгейдегі тәуекелдер өзіне ішкі тәуекелдердің элементтерін де, сыртқы тәуекелдерін қосады, мысалы, халықаралық несиелер тәуекелдері, қаржы нарықтағы операциялар бойынша тәуекелдер және т.б. Көбінесе банктің басқару аппаратының құзырлық сапасынан тәуелді, сонымен қатар банкке қатысты сыртқы тәуекелдерді тудыратын ішкі және шетел нарықтарда көптеген себепкер шарттар әрекет етеді. Микродеңгейдегі тәуекелдер түрлерін қарастырайық.

Ішкі тәуекелдер банктің түрі мен ерекшелігінен, оның қызметінің сипатынан, оның серіктестердің құрамынан (клиенттер мен контрагенттер) тәуелді.

Ішкі тәуекелдердің деңгейі мен түрлерімен кездесетін коммерциялық банктердің әр түрлі түрлері негізінен олардың қызметінің ерекшелігінен тәуелді болады.

Арнайы коммерциялық банктерде, мысалы инновациялық, жаңа технологияларды несиелендірумен байланысты тәуекелдер басымырақ. Сонымен бірге көптеген инновациялық банктер, мысалы, құнды қағаздардың несиелік портфельдерін басқару бойынша әр түрлі қызметтерінің түрлерін өз клиенттеріне ұсыну мүмкіндігіне ие болғандықтан, портфельді тәуекелдердің төмен деңгейі болады. Осы орайда, олар фиксалды табыстарды сатып алады. Осындай тәуекелдердің деңгейін төмендету мақсатында, тек банктердің өздері ғана емес және де олардың контакті аудиториялары банктің реалды және потенциалды сыйымдылығы ашу бойынша белсенді маркетингті қызметті жүргізуі тиіс.

Салалы банктерде тәуекелдердің деңгейі үшін басты маңыз болып нақты саланың түрі мен ерекшелігі табылады. Жеке борышкермен байланысты салалық тәуекелдерді түсіну және білу тәуекелге баға беруде айтарлықтай көмек көрсетеді. Шаруашылықтың қызметі туралы ақпаратты жинау мен талдау батыс елдерінде жақсы дамыған. Қазақстанда осындай процестерді жүргізу бойынша шындаған жағдайлар, осы салалардың несие берушісі ретіндегі банктерге ғана емес, елдің экономикалық саясатын жүргізуге жауапты агенттілігіне де зор пайда әкелуші еді.

Депозиттерді, несиелерді және т.б. қайтаруын қамтамасыз ету үшін жеткіліксіз қолма-қол және тартылған қаражаттар ахуалымен кездесетіндігіне банктер күдіктенуде. Теңгерілмеген ликвидтілігімен кездескен банк, оның табыстарының төмендеуіне әкелетін, ағымды қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін аса жоғары ставкадағы қолма-қол қаражаттарды шұғыл тартуына мәжбүр болады.

Кірме қаражаттарының көлемінің өсуі – депозиттер қайтудың жоғарлануы немесе несиелер сапасының төмендеуі жағдайында ликвидтік дағдарыстың басталу мүмкіндігі жоғарланады. Осы деңгейдегі тәуекелдің басқа көрсеткіштері болып:

      нетто-несиелердің жиынтық активтеріне қатынасы;

      қолма-қол қаражаттардың және өтеудің мерзімі аяқталып жатқан банк аралық несиенің жиынтық активтеріне қатынасы. Банктің теңгерілмеген ликвидтілік тәуекел деңгейін төмендетудің түпнұсқалы әдістеріне банктің операцияларын қаржыландыру үшін ең ұзақ мерзімді құнды қағаздарының қолдану немесе ликвидтілік активтеріне бағытталған, банк қаражаттарының үлесін жоғарлатуын қосады.

Осы тәуекелді минимизациялаудың себеп-салы ретінде, нақты салымшының үнемді қызметімен байланысты тәуекел кездеседі: бір салымшының үлесін банктік депозиттерінің жалпы соммасында бекіту.

Банктің таза табысына жататын тәуекел (барлық шығыстарды, сондай-ақ салықтарды шегеріп болғаннан кейін), табысты болдырмау тәуекелі атымен танымал. Ішкі банктік немесе сыртқы себепкер шарттардың ықпалынан табыс кенеттен күрт төмендеуі мүмкін.

Несиелік тәуекел – берілген несиелермен ұсынылған сомма, банктің активтер бөлігінің құны төмендейді не нольге жақындайды не болмаса осы активтердің бөлігі бойынша фактілік табыс күтілетін деңгейден күрт төмен болып қалады. Ликвидтілікті жоғалту тәуекелі банк өзінің міндеттерін орындамау мүмкіндігімен байланысты. Бұл тәуекел – сомма және мерзім бойынша банк талаптар мен міндеттемелері бір-біріне сәйкес келмейтін жағдайда, банкпен «банктің алтын ережелерін» бұзған жағдайда пайда болады. Банк қаржы делдалы бола отырып, қаражаттарды тартумен жұмыс жасайды, оларды өз атынан және өз есебінен орналастыратындықтан, ликвидтік тәуекел базалық банктік тәуекел ретінде қарастырылады. Ликвидтілікті жоғалту банктің қаржылық менеджментінің кемшіліктерінен пайда болуы мүмкін. Сол уақытта да банктен тәуелсіз сыртқы себептерден пайда болуы мүмкін.

Құқықтық тәуекел – дұрыс емес заңдық шешімдердің салдарынан активтердің құнсыздануы мен міндеттемелердің көбею тәуекелін, адал ниеттік шатасу мен сол сияқты арам ойлы ниетпен жасалған әрекеттер салдарынан заң құжаттарды дұрыс құрмау тәуекелдерін білдіреді. Одан басқа, банктің мүдделері мен клиенттерін қозғайтын заңнама өзгеруі ықтимал.

Банктің абыройын жоғалту тәуекелі – оның жұмысының операциялық қауыщдары салдарынан, сонымен қатар криминалды құрылымдарымен байланыста болу күдіктерінде және т.б. пайда болады. Жоғалту қаупі мен репутация банктер үшін аса талқанышты, себебі олардың бизнестерінің табиғаты несие берушілердің, салымшылардың және тұтас нарықтың сенімділігін нығайтуын талап етеді.

Аудару тәуекелі – экономикалық тәуекелдің субсанаты, елдің төлем балансының ликвидтілігімен анықталады, конверсилық валютадағы қаражат болуымен, сондай-ақ сыртқы қарыз бойынша оның қысқа мерзімді қарызгерлігімен анықталады. Аудару тәуекелі – сыртқы сауда және инвестициялармен байланысты ликвидтілік ахуалынан қарыз бойынша қызмет көрсетуін тоқтата тұру мүмкіндігі. Тәуекел – ірі немесе дамыған елде болуы мүмкін, ұзақ мерзімді экономикалық тәуекелге әсер етпейтін ахуалдар уақытша болуы мүмкін. Бұл операциялардың басты мақсаты, банктің ресурстарын қалыптастыру және оны ұлғайту. Сондықтан, бұл операциялардың банктің өзінің, несиелік мекеме ретінде жұмыс жасауы үшін төтенше маңызы бар. Пассивті операциялардың қатарына мыналар жатады:

      Заңды және жеке тұлғалардың есеп, немесе есеп шоттарына қаржы жұмылдыру (талап етілетін депозиттер);

      Басқа банктерден қарыз алу (банкаралық несие);

      Заңды және жеке тұлғалардың қаржыларын, мерзімді салымға жұмылдыру;

      Құнды қағаздарды шығарып, оларды орналастыру;

      Орталық банктен орталықтандырылған несие алу т.б. Банктің ресурстары дегенде ойымызда болатыны, басқаларға уақытша пайдалануға бере алатын, болмаса басқа да активтік операцияларды жүргізуге пайдалануға болатын банктің бос қаржысы.

Мұнда бос қаржы (ресурстар) банкінің меншікті капиталы мен қарызға алған (жұмылдырылған) қаржыдан құралады.

Қазақстан Республикасының заңдарының бір ерекшелігі – банктің құрылтайшылары мен акционерлері алған акцияның құнын түгелмен ақшалай төлеулері керек деген талап (аталмыш Заңның 16 бабының 2 тармағы). Басқа елдерге банктің меншікті капиталы тек ақшалай емес, басқа да материалдық және материалдық емес активтер мен үшінші тұлғаның құнды қағаздармен де төленуі мүмкін. Мысалы: кезінде кейбір Ресейлік банктердің меншікті капиталының 70-ке дейінгі материалдық активтер болды. Бірақ, мұны қолайлы жағдай деп айтуға болмайды. Өйткені, банктің меншікті капиталын, несие берудің көзі ретінде пайдалану мүмкіншілігі азаяды. Сондықтан Ресейдің Орталық банкісінің 1994 жылы 11 желтоқсанда орнатқан тәртібі бойынша, банктін меншікті капиталының 10,0-ке дейінгі бөлігі материалдық емес активпен құралуы мүмкін.

Банктің меншікті капиталының әрі қарай көбеюі банктің таза пайдасынан аударым жасаумен, немесе жаңадан акция шығарып, оны орналастырумен іске асырылады. Банктің меншікті капиталын көбейтудің тағы бір көзі, оның өткен жылы бөлінбей қалған пайдасы.

Банктің ресурстарының құрамында меншікті капиталдың үлесі онша көп емес – 10-12-тің шегінде, 88-90-ті жұмылдырылған қаржылар. Мұның өзі, банктік пассивтік операцияларының қандай маңызы бар екенін тағы да дәлелдейді. Жұмылдырылған резервтің елеулі орын алатындар депозиттік ресурстар. Олар мерзімді және талап етілмелі депозиттер болып бөлінеді. Депозиттің бұл екі түрінің өзара айырмашылықтары бар. Оның бастысы: мерзімді депозит белгіленген мерзімге салынады. Сол мерзім өткенге дейін оның иесі банктен ол депозитті алу өте тиімсіз. Онда ол көп табыс жоғалтады. Сондықтан банк, бұл қаржыны мерзімі өткенге дейін, ешбір қауіпсіз активтік операцияларға пайдалана алмайды.

Ал, талап етілмелі депозитте олай істеуге болмайды. Өйткені, оның иесі кез келген уақытта қаржысын түгелдей немесе жартылай талап етуі мүмкін. Сондықтан банк, қаржысын сұрап келген депозиттердің талабын орындау үшін, талап етілмелі депозиттің сомасын көбінесе бос ұстауға тырысады.

Олар құру әдістерімен де бірінен бірі ерекшеленеді. Егер мерзімді депозит банкіге табыс табу үшін, арнаулы шарт жасалып салынатын болса, талап етілмелі депозит, банктегі есеп, немесе ағымдағы және басқа да арнаулы шоттарына бос ақша жиналғанда құрылады. Бұл шот иесінің әдейі істейтін ісі емес, ал шаруашылық жүргізуші субъектілердің бос ақшаларын банкіде сақтау керек деген талаптан туатын іс.

Пассивті операцияларының тәуекелдері – активті және ресурстарды қамтамасыз етудегі қиыншылықтардың мүмкіндігімен байланысты. Әдетте, бұл тәуекел, салымшыны анықтайтын үнемді қызметпен байланысты.

Банктің активтері мен пассивтерін басқару, тиісті табыс табумен қатар, банктің өтемпаздық дәрежесін қажетті деңгейде ұстауды қамтамасыз етуі керек.

Банктің тез өткізілетін ақшалай қаржысы уақытында пассивтегі міндеттемелерін орындауға мүмкіншілік туғыза алатын болса, ол банк өтімпаз болып табылады. Банктің өтімпаздығы арнайы есептеу арқылы бағаланады. Көбінесе ол үшін, өтімділік коэффициенті қолданылады.

Банктің өтімпаздығы оның төлем қабілеттілігінің негізіне жатады, ол қабілеттілік банктің керекті мерзімде, толығымен өзінің міндеттемелеріне жауап бере алатындығын сипаттайды. Банктің төлем қабілеттілігіне көптеген себептер әсер етеді: елдегі саяси және экономикалық ахуал, ақша нарығының жағдайы, құнды қағаздар нарығының өсу дәрежесі, Орталық банктен қайта қаржыландыру алудың мүмкіншілігі және т.т. Бұл себептер, сонымен қатар, банктің басқа да өтемпаздығын сипаттайтын көрсеткіштеріне жанама әсер етеді. Сонымен, банктің өтемпаздығы мен төлем қабілеттілігі өзара белгілі бір байланысты жағдайда.

Жоғарыда айтылғандай, банктің қызметінде қауіптің элементтері қатар жүреді. Сондықтан банктің қызметінің бір мағынасы зор түрі – қауіпті басқару. Әсіресе, соңғы кездерде банк қызметіндегі қауіп асқынып кетті. Әр түрлі экономикалық параметрлердің тұрақсыздығы, банктің қаупін шиеленістіре түседі.

Сұраным мен ұсыным, қаржылық мәмілелердің жағдайлары, қарызгерлердің төлем қабілеттілігі жиі-жиі өзгеріп тұрады. Осыған байланысты банктің әр түрлі мәмілелер жасауымен қатар, олардың қаржылық нәтижесіне әрқашан да қауіптілік туып отырады (қарызгердің төлем қабілетті жоғалту қаупі, пайыздық қаупі, инфляциялық қаупі, т.т.).

Мұндай тепе-теңдік өтімпаздық пен пайдалылықтың өзара қатынасымен сипатталады. Сонымен қатар, өтімпаздық жоғарылаған сайын, пайдалылықтың төмендейтіндігін, және керісінше, өтімпаздық төмен болған сайын, пайдалылықтың өсетінін, сөйтіп қауіптің төмендейтіндігін ескеру қажет.

 

№6. Пайыз тәуекелі және оны азайту әдістері

1. Пайыз тәуекелі және оның пайда болу себептері.

2. Пассивтік операциялар бойынша пайыздық тәуекелдер.

3. Активтік операциялар бойынша пайыздық тәуекелдер.

Пайыздық тәуекелді басқару үшін оның минимизациялаудың мынадай әдістері қолданылады: проценттік ставкілерінің деңгейін болжау; қайтару мерзімі бойынша және үлестік ставкілерді бекіту әдісімен активтер мен пассивтерді келістіру; проценттік своптарды жүргізу; резервтер мен провизияларды құру; фьючерстер мен опциондар арқылы хеджерлеу және т.б.

Жылжымалы проценттік ставкасындағы несие борышкер адамды проценттік ставкасының көтермелеуінен жоғалтымдар тәуекеліне ұшыратады. Проценттік ставкілерінің деңгейін болжамы макроэкономикалық жағдайының дамуы сапалы талдауы мен болжауында негізделу қажет және де несие ресурстары нарығының қатысушылардың күтімінде осы өзгерістердің ықпалын ескеру. Қазақстандағы инфляцияның қарқынының болжамы соңғы жылдары көп жағдайда проценттік ставкілер динамикасының анықтауыш себепкер шарт болды.

Пайыз мөлшерлемесінің өзгеру тәуекелдігі – бұл пайыз мөлшерлемелерінің ауытқуы салдарынан мүмкін болатын зияндар. Пайыз мөлшерлемесінің артуы, тұрақты пайыз әкелетін бағалы қағаздар бағасының түсуіне жол беріп, нәтижесіне банктің портфелінің құнсыздануына және бағамдық зияндардың болуына әкеледі. Әр түрлі нарық сегменттеріндегі пайыз мөлшерлемелерінің секірмелі өзгерісі банктің операцияларының пайымдылығына қатты әсер етеді.

Номиналды және нақтылы проценттік ставка тең болады: күтілетін, нақты, тәуекелсіз проценттік ставка + күтілетін инфляция деңгейі + тәуекел – түзу (уақытты сақтамау тәуекелі, өтемеу тәуекелі).

Реалды проценттік ставка – тұтынушыны мүдделендіру, оның табыс бөлігін қорғау үшін қажетті проценттік ставкасының деңгейі.

Хеджерлеу дегеніміз тәуекелге ұшырау мүмкіндігін төмендету немесе өтеу бойынша әрекеттер. Хеджерлеудің негізгі міндеті болып проценттік ставкілерінің жағымсыз өзгерістерден қорғау табылады. Тәуекелді хеджерлеу туралы шешім Басқару деңгейінде қабылданады.

Пайыздық тәуекел деңгейін бақылау және басқару үшін, банкімен нақты жағдайға байланысты тұрақты нақты стратегиялық қызмет жасалады, яғни проценттік тәуекел деңгейін басқару әдістері №1 кестеде көрсетілген.

 

№1 Кесте. Пайыздық тәуекел деңгейін басқару әдістері.

 

Жағдайлар

Кепілдемелер

1. Едәуір төмен проценттік ставкілерінің өсуі күтулуде

а) қарыз қаражаттарының мерзімін жоғарылату;

б) фиксалды проценттік ставкілеріндегі несиелерді қысқарту;

в) инфестициялау мерзімдерін қысқарту;

г) инвестициялардың бөлігін сату (құнды қағаз түрінде);

д) ұзақ мерзімді қарыздарды алу;

 

2. Проценттік ставкілер өсуде, олардың сомаларының жоғарылауы жақын болашақта күтулуде.

а) қарыз қаражаттарының уақытын қысқартуын бастау;

б) инвестициялардың мерзімін ұзартуын бастау;

в) фиксалды ставкілеріндегі үлесті жоғарылатуын дайындау;

г) құнды қағаздарындағы инвестициялардың үлесін жоғарылатуы бойынша дайындау;

д) фиксалды проценттік ставкасымен мерзімнен бұрын қарыздарды өтеу мүмкіндігін қарастыру.

3. Едәуір жоғары проценттік ставкілерінің төмендеуі күтулуде.

а) қарыз қаражаттарының мерзімін қысқарту;

б) фиксалды ставкілеріндегі несиелердің үлесін жоғарылату;

в) жылжымалы ставкілеріндегі несиелердің салмағын жоғарылату;

г) жаңа несиелік тізбелерді ашу.

4. Проценттік ставкілер төмендеуде, минимумға жақын

а) қарыз қаражаттарының мерзімдерін ұзартуын бастау;

б) инвестициялардың мерзімдерін қысқартуын бастау;

в) жылжымалы ставкілеріндегі несиелердің салмағын жоғарылату;

г) құнды қағаздарындағы инвестицияларды қысқарту;

д) фиксалды ставка немесе табыстағы активтерді таңдамалы сату.

Информация о работе Банктік тәуекел