Банктік тәуекел

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Марта 2012 в 07:25, реферат

Описание работы

клирингтік шарт негізінде түрлі саудаласатын елдердің нақты банктік есептеріндегі айналатын өзара сауда соммалары.
Факторингтік операциялар бойынша тәуекелді азайту үшін борышкерлердің төлем қабілеттілігін талдау, олардың жеткізушілермен шаруашылық байланыс пен өзара қатынастар сипатын құруын оқып білу, төлемдердің құрылымы, өнімнің бәсеке қабілеттілігі, оны қайтару жағдайларының саны мен сол сияқты.

Работа содержит 1 файл

Банк тәуекелдері.doc

— 130.50 Кб (Скачать)


клирингтік шарт негізінде түрлі саудаласатын елдердің нақты банктік есептеріндегі айналатын өзара сауда соммалары.

Факторингтік операциялар бойынша тәуекелді азайту үшін борышкерлердің төлем қабілеттілігін талдау, олардың жеткізушілермен шаруашылық байланыс пен өзара қатынастар сипатын құруын оқып білу, төлемдердің құрылымы, өнімнің бәсеке қабілеттілігі, оны қайтару жағдайларының саны мен сол сияқты.

Тәуекелдің деңгейін өлшеудің негізгі құралдарының бірі сарапшы бағаларының көмегімен, нақты жағдайға ықпал ететін тәуелді және тәуелсіз сыртқы және ішкі себепкер шарттарының талдауы болады.

Одан басқа, дамыған нарықтық экономикасымен елдердің коммерциялық банктердің тәжірибесінде банктік кепілдер жүйесі кеңінен қолданылады. Кепілдік операцияларында қатысатын банктер санына байланысты, тікелей, жанама және делдалдық операцияларды ажыратады.

 

№4. Валюталық тәуекелдер және оларды азайту жолдары

1. Валюталық операциялардың жалпы сипаты.

2. Валюталық тәуекелдердің пайда болу себептері.

3. Валюталық тәуекелдердің жіктелуі.

Валюталық операциялар түсінігінің мазмұны мен мәнін ашу мақсатында тақырыптың негізгі терминдеріне анықтама берген жөн. Валюталық операцияларға төмендегілер жатады:

1.                  Меншік құқығы мен басқа да құқықтарының валюталық құндылықтарға ауысу операциялары, сонымен қатар төлем құжаттары мен төлем құралы ретінде шетел валютасын қолдануға байланысты операциялар.

2.                  Қазақстан Республикасының валюталық құндылықтарды енгізу және шығару операциялары.

3.                  Халықаралық ақша аударысдарын жүзеге асыру. Бірақ бұл операциялармен ғана валюталық операциялар тізімі шектелмейді. Валюталық бақылау жөніндегі заңға сәйкес валюталық операциялар түсінігі валюталық құндылықтармен және Қазақстан Республикасының валютасында орындалатын операцияларды қамтиды.

Бірақ бұл операциялармен ғана валюталық операциялар тізімі шектелмейді. Валюталық бақылау жөніндегі заңға сәйкес валюталық операциялар түсінігі валюталық құндылықтармен және ҚР-ның валютасында орындалатын операцияларды қамтиды.

Валюталық тәуекел – банктік операциялар нарығын интернационализациялауымен, трансұлттық кәсіпорындардың, банктік мекемелерінің құрылуымен, олардың қызметтерінің диверсификациялауымен байланысты және де валюталық бағамдарының толқуы нәтижесіндегі ақша жоғалтымдарының мүмкіндігін көрсетеді.

Банктердің валюталық тәуекелдері валюталық ұстанымның ашылуы кезінде пайда болады. Сонымен қатар несие ұсыну валютасы мен төлем валютасы түйіспесе, валюталық тәуекел де орын алады. Бір банктің бірнеше филиалдарының бірлескен төлемдерін жүргізуі кезінде валюталық тәуекел пайда болуы ықтимал.

            хеджілеу, яғни әр тәуекел мәміле үшін өтеулі валюталық ұстанымды құру. Басқа сөзбен айтқанда, бір валюталық тәуекелдің – табыс не шығыстың өтемі – басқа сәйкес тәуекелмен пайда болады;

            екі түріне ие болатын валюталық своп. Біріншісі, параллельді несиелерді ресімдеуді көрсетеді, екі тарап екі түрлі елде теңшамалы несиелерді өтеудің бірдей мерзімі мен әдісі, бірақ түрлі валюталардағы көрінісімен. Екінші нұсқа – «своп» ставкасы бойынша валютаны сатып алу немесе сату екі банктің арасындағы қарапайым келісімі. Параллельді несиелерден айырмашылығы своптар проценттік төлемін қоспайды.

            активтер мен пассивтер бойынша өзара есеп, валютаның қайту шамасынан түсу валютасын шегеру жолымен банк басқармасының олардың мөлшеріне ықпал ету мүмкіндігі болады.

Валюталық тәуекел коммерциялық тәуекелдердің бөлігі болып табылады, оған халықаралық экономикалық қатынастардың қатысушылары ұшырайды. Валюталық тәуекелдер бұл шартқа қол қою немесе несиелік келісім мен төлемді жүзеге асыру арасындағы кезеңде валютаға қатысы бойынша төлем бағасының (заем) валюта курсының өзгеру нәтижесіндегі валюталық шығындардың қауіптілігі. Валюталық қауіп негізінде аталған кезеңіндегі ақшалай міндеттеменің шынайы құнының өзгеруі жатады. Валюталық тәуекелге екі тарап – келісімнің қатысушылары ұшырайды.

1-мысал: Германиядағы экспортер 1995 жылғы 10 ақпанда АҚШ-тағы импортермен төлемнің 1 айға кейінге қалдырумен 10 миллион доллар сомасына шарт жасасқан. Шарттағы бағаның валютасы – АҚШ доллары, төлем валютасы – неміс маркасы. Шартты жасау уақытына доллардың курсы маркаға қатысы бойынша 1USD=1.5346DM.

10 наурыз куніне төлем жүзеге асырылуы тиіс болған кезде, доллардың курсы 1USD=1.3966DM құрады. Осылайша ол бойынша шартты жасау мен төлем арасындағы кезеңінде доллар валютасының бағасы 8.99 құнсыздандырылды. Экспортердің шығындары 8.99 құрады да, ал импортер ұтты, өйткені ол 15346000 марканы емес, ал 13966000 марканы ғана төледі.

Келтірілген мысалда ұтылған тарап болып экспортер табылады, бірақ валюталық курстың қарама-қарсы үдеу жағдайында, яғни егер де доллардың курсы 10 наурыз күнінде 1.5346 DM мәнісі жоғарылаған кезде, тауардың импортері шығынға ұшырар еді.

1. Симметриялық себет – онда валюталар бірдей салыстырмалы салмаққа ие болады.

2. Ассиметриялық себет – онда валюталар әр түрлі салыстырмалы салмаққа ие болады.

3. Стандартты себет – валюталар валюта ретінде валюталық бірлікті пайдаланудың белгілі кезеңінде бекітілген.

4. Реттеу себет – валюталар нарықтық факторларға байланысты өзгереді.

Көп валюталық ескерту негізі ретінде СДР немесе ЭКЮ пайдаланудың артықшылығы олардың үнемі және жалпыға танылған бағаның белгіленуі төлем сомасын есептеген кездегі белгісіздікті шығарып тастайтындығында қорытындылайды.

Валюталық ескерту тетігінің құрамдас элементтері:

– оның әрекет етудің басталуы, ол шарттағы курстың толқымалы шектеріне тәуелді;

– валюталық себеттің базистік құнының күні. Базистік құнының күні шарттың жасау күні немесе оның алдындағы күні болып табылады. Кей кезде базистік құнының жылжымалы күні пайдаланылады, бұл қосымша белгісіздік жасайды;

– төлеу күніне валюталық себеттің шартты құнының күні немесе айқындау кезеңі; әдетте, төлеу күнінің алдында тікелей жұмыс күні немесе одан бірнеше күн алдын;

– төлем валютасының курсы өзгерген кезде ескертпе валютасы курсына қарсы валюталық ескертпенің әрекетін ескертпе әрекетінің төменгі және жоғарғы шектерін айқындау жолымен шектеу (әдетте төлем сомасына қарай пайыздарда анықталады).

Көп валюталық ескертпенің басқа нысандары:

1. Төлем валютасы ретінде келісілген жиынтығынан бірнеше валюталарды пайдалану, мысалы: доллар, марка, швейцарский франк және фунт стерлингтер.

2. Төлем валютасының опционы – шартты жасасқан сәтіне бағасы бірнеше валютада бекітіледі, ал төлем кезі түскен кезде экспортер төлем валютасын таңдау құқығына ие.

Валюталық ескертпені пайдаланудың мүлдем шектелуі (және атап айтқанда көп валюталы) валюталық және инфляциялық тәуекелден тауар бағаларының өсуі валюталар курстарының үдеуіне ықпал еткен дәрежесінде ғана сақтандыра алады. Мысал ретінде Ресей болуы мүмкін, онда валюталық ескертпелер бүкіл жерлерде тәжірибеге енгізілген, соның ішінде ішкі есептерде де: әдетте тауар сатушылары олардың бағасын доллардың курсына тәуелді айтқанына қарамастан, олардың ішкі инфляциядан шыққан шығындар курстың өсуімен өтелмейді. Әлемдік тәжірибелерде экспортерлер мен кредиторларды инфляциялық тәуекелден сақтандыру үшін тауар-бағалау ескертпелері пайдаланылады.

Тауар-бағалау ескертпесі – инфляциялық тәуекелден сақтандыру мақсатында халықаралық шартқа қосылатын шарт. Тауар-бағалау ескертпелеріне:

1. Баға құрылу факторларынан тәуелді жоғарылайтын жылжымалы бағасы туралы ескертпелер.

2. Индекстік ескертпелер – қол қою күнінен бастап міндеттерді атқару сәтіне дейін кезеңдері ішінде бағаның пропорционалды өзгеруіне төлем сомаларының өзгеру шарты. Индекстік ескертпелер бағалардың өсуін көрсететін индекстерді таңдау және қайта есептеу қиыншылықтарынан әлемдік тәжірибеде кең таралмаған.

1-беттегі қарастырылған 1-мысалда Германиядан келген экспортер келесіні жасауға мүмкін еді: шартты жасаумен бірге 1 айға 1USD=1.5446DM курсы бойынша сатушыдан доллардың опционын сатып алуы мүмкін еді. Бұл ретте ол опцион құнының 3 мөлшерінде премия төлер еді:

10000000х3

--------------- = 300000 доллар немесе 300000х1,5446 = 463380 марка.

        100

Шарт бойынша төлеу күніне доллардың маркаға курсы 1USD=1.3966DM құрады. Шарттың валюта бағасының құнсыздануынан мәміледен түскен экспортердің шығындар (1.5346-1.3966) х 10000000 = 1380000 марка құрады. Белгіленген курс бойынша опционды сату кезінде экспортердің пайдасы (1.5346-1.3966) х 10000000 = 1480000 марка құрады. Осылайша опционды сатып алу кезінде төленген премия есебімен экспортердің таза пайдасы 1480000 – 1380000 – 463380 = 536620 марка құрады. Егер төлемді жасау сәтіне доллардың курсы мысалы, 1USD=1.6346DM дейін жоғарылаған жағдайда, онда экспортер опционды сатпай тұрып долларды нарықтық курс бойынша сатар еді және (1.6346-1.5346)х10000000=1000000 марка мөлшеріндегі пайда алар еді, ал төленген премияның шегеруінен 1000000-463380=536620 марка мөлшерінде пайда алар еді.

Келтірілген мысалдағы экспортермен алынған қосымша пайда ол үшін валюта курсының тиімді динамикасы кезінде, сондай-ақ пайдалы курсы бойынша опционды сатып алу кезінде орын алуы мүмкін. Егер, мысалы, төлемді жасау сәтіне доллардың нарықтық курсы шарттағы курсқа нақты сәйкес болған кезде, онда экспортер опционды сатып алу кезінде төленген премия мөлшерінде шығындарға ұшырайтын еді.

4-мысал. Экспортер бір айға 1USD=1.5346DM курсы бойынша 10 ақпанда өзінің валюталық табысын сатады. Банк 2 мөлшерінде өзі үшін сыйақы белгілейді, оның есебімен форвард мәмілесінің курсы:

10000000х2

--------------- = 200000 доллар немесе 200000х1.5349 = 306290 марка

        100

ретінде айқындалатын болады.

15346000 – 306290 = 15039710 марка.

Форвард мәмілесінің курсы: 1USD=1.15039710/10000000=1.5039DM.

Экспорттық-импорттық мәміле бойынша есептеулерді жүзеге асырған кезде 10 наурыз күні доллардың курсы 1USD=1.3966DM құрайтын еді. Экспортер форвард мәмілесін жасаған банкі форвард мәмілесінің курсы мен нарықтық курс арасындағы айырмашылықты төлейді:

(1.5039 – 1.3966) х 10000000 = 1073000 марка.

Шарттың валюта бағасы курсының төмендеуінен экспортердің шығындары

(1.5346 – 1.3966) х 10000000 = 1380000 марка құрады.

Банкпен төленген айырмашылығының есебімен шығындар сомасы 307000 маркаға дейін төмендеді. Банктің шығындар 1073000–306290=766710 марканы құрады.

Осылайша, қаралып жатқан мысалдан банк өзіне экспортерден форвард курсы бойынша валютаны сатып алу міндетін ала отырып елеулі шығындарға тап болды.

Форвард валюталық мәмілелерді импортерлер де пайдаланады. Егер импортер шарт бойынша төлемді жүзеге асырып жүрген валютаның курсы өсуі күтіліп отырса, онда импортерге егер шынайы нарықтық курсынан жоғары болса да форвард курсы бойынша осы валютаны сатып алу пайдалы, бірақ бұл ретте өзін шарт бойынша төлеу күніне осы валютасы курсының одан да жоғары өсуінен қауіпсіз етуі керек.

Валюталық форвард операцияларынан басқа 1984 жылдан бастап несиелік және қаржы құралдарымен форвард операциялары тәжірибеге енгізілген – «келешек ставкасы туралы келісім» (forward rate agreements) деп аталады, олар 1 жылға дейін депозиттері бойынша пайыздық ставкалардың өзгеруінен шығындардың өзара өтеу туралы банкаралық жедел келісімдерді көрсетеді (әдетте, 1 млн бастап 50 млн долларға дейінгі сомасына).

 

№5. Банктердің ішкі тәуекелдері. Банктің клиентіне байланысты тәуекелдер. Пассивтік операциялар тәуекелдері.

1. Коммерциялық банктердің ішкі тәуекелдерінің сипаты.

2. Ішкі тәуекелдердің жіктелуі. Банктің түріне байланысты тәуекелдер.

3. Банк клиентінің ерекшелігіне байланысты тәуекелдер.

4. Банктің ішкі тәуекелдерін азайту тәсілдері.

5. Пассивтік операциялар тәуекелдері, олардың пайда болу себептері.

Банктік қызметінің тәуекелі дегеніміз банк қызметіне әсер ететін, ликвидтілікті және қаржылық жоғалтымдарды бұзу мүмкіндігі деп түсініледі.

Банктік қадағалау бойынша Базельді комитетінің кепілдемелеріне сәйкес банктік тәуекелдерінің топтастырылуы Банктік қызметінің тәуекелдеріне ішкі бақылауды ұйымдастыру бойынша кепілдемелерінде берілді.

Банктік тәуекелдер олардың пайда болу қайнар көздерінің орналасуына байланысты бірқатар деңгейлерге бөлуге болады, №1 кестеде көрсетілген.

 

№1 Кесте. Банктік тәуекелдердің топтастырылуы.

 

Тәуекелдердің деңгейлері

Тәуекелдердің түрлері

         Жеке деңгейдегі тәуекелдер (қызметкер деңгейі) – бұл жеке жұмысшыларының құқықтық емес және құзырлы емес себеп-салдарынан көрінген тәуекелдер.

      Құндылықтарды ұрлау

      Банкке зиян келтіретін, мәмілелер мен операцияларды жүргізу, осы операциялардың нәтижелерін жасыру

      Коммерциялық банктерді көлеңкелі және криминалды экономика өзара қарым-қатынасына тарту

         Микродеңгейдегі тәуекелдер – басқару аппаратының шешімімен қалыптасатын ликвидтілік тәуекелдер капиталды төмендету

      Несиелік тәуекел

      Елдік тәуекел

      Проценттік тәуекел

      Ликвидтілікті жоғалту тәуекелі

      Операциялық тәуекел

      Құқықтық тәуекел

                      Банктің абыройын жоғалту тәуекелі

          Макродеңгейдегі тәуекелдер – бұл банкке қатысы бойынша сыртқы макроэкономикалық және нормативті-құқықтық шарттар қызметімен анықталған тәуекелдер

      Банк операциялар мен мәмілелер жүргізетін отандық және халықаралық қаржы нарықтарының ағымды сыйымдылығы мен табыстылығы банк мүдделеріне жауап бермейді

      Экономикалық дамудың жағымсыз жалпы және құрылымдық тенденциялары (салалық және регионалдық)

      Мемлекеттік экономикалық саясаттың жағымсыз өзгеруі

                      Банк қызметінің отандық және шетелдік нормативтік-құқықтық шарттарының жағымсыз өзгеруі

Информация о работе Банктік тәуекел