Банктік операцияларды қорландырудың депозиттік емес көздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Января 2012 в 14:30, реферат

Описание работы

Бұл рефератта негізінен, біз банктік операцияларды қорландырудың депозиттік емес көздерімен, яғни негізгі бөлімінде біз банктің депозиттік емес ресурстарымен және коммерциялық банктердің активті операцияларының жіктелуімен танысамыз. Банктің депозиттік емес ресурстарына:
банктің қысқа мерзімді өтелімдігін қолдау мақсатында тартылатын банкаралық несиелер,
Ұлтық банктің несиелері,
банктердің меншікті бағалы қағаздарын эмиссиялау нәтижесінде тартқан ресурстары,
отандық және шетелдік басқа да қаржы нарығынан сатып алынған ресурстары жатады.

Содержание

Кіріспе

Негізгі бөлім

2.1.Банктің депозиттік емес ресурстары

2.2.Коммерциялық банктердің активті операцияларының жіктелуі

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Банктік операцияларды қорландырудың депозиттік емес көздері..docx

— 39.85 Кб (Скачать)

   Қайта есептеу кассасы клиенттiң инкассацияланған ақшалай түсiмдерiн қайта санаумен айналысады. Қайта есептеу кассасының кассирi, бақылаушы кассирдiң қатысумен кешкi кассаның кассирiнен және бақылаушы кассирден инкассаторлық сөмкенi қабылдап, ақшаны оған тiркеме құжаттар негiзiнде қайта санаудан өткiзiп, қабылдап алады.

   Инкассаторлардан  қолма-қол ақшасы бар сөмкелердi кассирлер қабылдау барысында мыналарды  тексередi:

  • келiп түскен сөмкелердiң тұтастығын;
  • сөмкедегi қойылған пломбаның банктегi пломбының үлгiсiмен сәйкестiгiн;
  • инкассаторлар тапсыратын сөмкелердiң құжаттағы сөмкенiң номерiмен сай келуiн;
  • қабылдайтын соманың құжатта көрсетiлген сомамен сәйкестiгiн.

   Инкассалық  сөмкенi қабылдап алған соң, бақылаушы-кассир және бригаданың әрбiр мүшесi қабылдаған сөмкелердi есепке алу журналдарының  екеуiне де қолдарын қояды. Журналдың  екiншi данасын бақылаушы инкассаторлардың басшысына бередi.

   Отандық банк тәжiрибесiнде банктердiң есеп айырысу-кассалық операциялары мынадай  түрлерге бөлiнедi:

  • банктiк шоттар ашу;
  • ұлттық немесе шетел валютасында аударым операциялары;

алдағы  уақытта валюталау күнi қойылуға тиiстi, ұлттық валютадағы аударым операциялары;

  • төлемнiң шартын өзгерту немесе қайтару;
  • валюталық операцияларға бақылау жасау;
  • шоттың архивiн беру;
  • шоттан қолма-қол ақша берк;
  • ұсақ ақшаларды iрiлеп беру;
  • банктен кеңсеге дейiн немесе керiсiнше қолма-қол ақшаларды инкассациялау;
  • құндылықтарды жеткiзiп беру.

   Коммерциялық  банктердiң тағы да бiр активтi операциясы бұл траст. “Траст” ағылшын тiлiнен аударғанда “сенiм” деген сөздi бiлдiредi. Траст бұл сенiммен басқаруға берiлген мүлiкке деген құқықты анықтайтын және меншiктi иеленудiң ерекше нысаны.

   Траст операциясы – клиенттiң сенiмдi тұлғасы  ретiнде оның мүлкiн басқаруға  және тапсырмасы бойынша басқа да қызмет көрсетуге байланысты банктiң  операциялары.

   Траст операциясына қатысушыларға мыналар жатады:

   Траст құрылтайшысы – сенiмдi меншiк иесiне сенiмхат арқылы басқаруға беретiн, мүлiктiң немесе мүлiктiк құқықтардың  меншiк иесi. Траст құрылтайшысы ретiнде кез келген қолында мүлкi бар заңды немесе жеке тұлға бола алады.

   Трастыны  иемденушi – траст келiсiмшартындағы  көрсетiлген жағдайға сәйкес, мүлiктi басұару  құқығын өзiне қабылдайтын тұлға. Мұндағы мүлiкке жылжитын және жылжымайтын мүлiктер де жатады.

   Бенефициар  – траст келiсiмшартын өзiнiң  пайдасына жарататын кез келген заңды және жеке тұлға.

   Сонымен, банктiң траст операциясы – бұл  банктiң өз клиенттерiне көрсететiн  әр түрлi қызметi түрiндегi сенiм операцияларын  бiлдiредi.

   Траст қызметiне: бiрiншiден, жылжымайтын және жылжитын мүлiктердi басқару; екiншiден, инвестициялық портфельдi қалыптастыру және оны басқару; үшiншiден, құндылықтарды  сақтауға қабылдау; төртiншiден, тұрақсыздыққа  ұшыраған фирмаларға қатысты несие  берушiлердiң қоятын талаптарын реттеу; бесiншiден, мұраға қалдыруға байланысты мүлiктi басқару қызметтерi жатады.

   Коммерциялық  банктiң траст бөлiмiнiң атқаратын  қызметi үлкен үш топқа бөлiнедi:

  • Клиенттердiң мұраға қалған мүлкiн иемдену;
  • Сенiмхат бойынша операцияларды жүзеге асыру;
  • Агенттiк қызметтер.

   Траст операциясын жасау үшiн ең бастысы, сенiм бiлдiрген банк пен ұйымның  арасында жасалатын келiсiмшарт болуы  қажет. Осы келiсiмшарт негiзiнде мынандай қызметтердi атқарады:

  • Бағалы қағаздарға деген меншiк құқығын беру;
  • Пайыздарды төлеу, қарыздарды өтеу;
  • Мүлiктi кепiлдiктен босату;
  • Сенiмхатқа сәйкес бiр бағалы қағазды алып, басқасын беру, яғни бағалы қағаздарды айырбастауға байланысты агенттiк қызметтi жүзеге асыру;
  • Акционерлiк қоғамдардың акциялар бойынша дивидендтер төлеу.

   Банктiң  траст қызметiн көрсетудiң басты  шеңберiн жеке тұлғалар, үкiмет органдары, iскер кәсiпорындар үшiн агенттiк  қызметтi атқару құрайды. Банк көрсеткен траст қызметi үшiн комиссионды сыйақы алады.

   Қазақстан Республикасының “Валюталық реттеу туралы” заңына сәйкес, “валюта  – мемлекеттердiң заңды төлем  құралы ретiнде қабылданған ақша бiрлiктерi немесе банкноталар, қазыналық  билеттер мен тиындар, соның iшiнде  қымбат металдардан жасалған тиындар  түрiндегi қолма-қол және аударым  нысандарындағы құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның iшiнде, халықаралық  ақша немесе есеп айырысу бiрлiктерiндегi қаражаттары.

   Осы заңда “валюталық операцияларға  мынандай түсiнiктер берiлген:

   Меншiк  құқығының және өзге құқықтардың  валюталық құндылықтарға өтуiне байланысты мәмiлелер, срның iшiнде шетел  валютасы төлемдерi мен шетел валютасындағы  төлем құралдарын қаражат ретiнде  пайдалануға байланысты мәмiлелер;

   Валюталық құндылықтарды кез келегн тәсiлмен Қазақстан Республикасына әкелу  және жөңелту, срндай-ақ Қазақстан Республикасынан  әкету және әкелу;

   лттық валютаға, сондай-ақ номиналы мен құны ұлттық валютада көрсетiлген бағалы қағаздар мен төлем құралдарына меншiк  құқығы мен басқа құқықтардың  ауысуына байланысты резиденттер мен  резидент еместердiң арасындағы мәмiлелер.

   Мұндағы, валюталық құндылықтарға мыналар  жатады:

  • шетел валютасы;
  • номиналы шетел валютасында көрсетiлген бағалы қағаздар және төлем құралдары;
  • тазартылған құйма алтын;
  • ұлттық валюта, резиденттер мен бейрезиденттер арасында олармен операциялар жасалған жағдайда құны ұлттыө валютамен көрсетiлген бағалы қағаздар және төлем құжаттары.

   Валюталық операциялар ағымдық операциялар  және капитал қозғалысымен байланысты операциялар бөлiнедi.

   Ағымдық операцияларға жататындар:

  • Тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшiн төлемнiң не аванс төлемiнiң мерзiмiн 180 күннен аспайтын мерзiмге ұзартуды көздейтiн экспорт-импорт мәмiлелерi бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар;
  • 180 күннен аспайтын мерзiмге несиелер беру және алу;
  • салымдар, инвестициялар, заем және өзге операциялар бойынша дивиденттердi, сыйақыларды жәнеөзге де табыстарды алу және аудару;
  • гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын аударымдар, мұрагерлiк соманы, жалақыны, зейнетақыны, алименттердi және басқа сомаларды аудару;
  • осы заңмен капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатпайтын барлық өзге де валюталық операциялар.
  • Капитал қозғалысына байланысты операцияларға жататындар:
  • Инвестицияларды жүзеге асыру;
  • Интелектуалдық меншiк объектiлерiне ерекше құқықты толық берудi көздейтiн мәмiлелер бойынша есеп айырысуларды жүргiзуге арналған аударымдар;
  • Мүлiктiк құқыққа және өзге де жылжымайтын мүлiк құқығына төлеуге аударымдар;
  • 180 күннен асатын мерзiмге несиелер беру; жинақтау сипатындағы сақтандыру және қайта сақтандыру шартары бойынша халықаралық аударымдар.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қорытынды

     Сонымен, біз бұл рефератта біз банктік операцияларды қорландырудың депозиттік емес көздерімен, яғни негізгі бөлімінде біз банктің  депозиттік  емес  ресурстарымен және коммерциялық банктердің активті операцияларының жіктелуімен таныстық.

         Банктің депозиттік емес ресурстарына:

  • банктің  қысқа  мерзімді  өтелімдігін  қолдау  мақсатында  тартылатын банкаралық  несиелер, 
  • Ұлтық  банктің  несиелері,
  • банктердің  меншікті  бағалы  қағаздарын  эмиссиялау  нәтижесінде  тартқан  ресурстары, 
  • отандық  және  шетелдік  басқа  да  қаржы  нарығынан  сатып  алынған  ресурстары  жатады.

     Банкаралық  несие – бұл  коммерциялық банктердің  бір–біріне беретін несиелері.

     Депозиттік  емес  қаражаттардың  бір  түріне  Ұлттық  банктің коммерциялық банктерге  қысқа мерзімді өтімділігін қолдап отыру мақсатында беріліп отырған  мынадай несиелерін  жатқызуға  болады: овернайт  (бір  түндік)  және  күндізгі  заемдар.

     Овернайт  – банктердің  Ұлттық  банктегі  корреспонденттік  шотында  дебеттік  қалдықтың  пайда  болуына  байланысты  бір  түнге  берілетін  несие.

     Күндізгі  заем – банктік  жұмыс  күні  ішінде  банктердің  Ұлттық  банкте  ашқан  корреспонденттік  шотында  уақытша  қаражат  жоқтығына  немесе  жетіспеуіне  байланысты  ақшалай  ауларымдар  иен  төлемдер  жасау  мақсатында  берілетін  несие.

   Қазақстан Респупликасының активтік банктік  операциялары:

  • Несиелік операциялар;
  • Инвестициялық операция, яғни бағалы қағаздар бойынша;
  • Қаржылық опеарациялар (лизинг, факторинг, форфейтинг);
  • Кассалық операциялар
  • Делдалдық-комиссиондық операцияларбойынша бөлінетіндігін де білдік. 

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Банковский портфель – 1.Книга банкира. Книга клиента. Книга инвестора/ Авт. ұжымы О.Н.Антипова және басқалары. Жауапты ред. Ю.И.Коробова, Ю.Б.Рубин, В.И.Солдаткин.- М.:Соминтэк,1994ж.
  2. Банковское дело. Оқулық / Г.С. Сейткасымов жетекшілігімен. Алматы: Қаржы-қаражат, 1998ж.
  3. Банковское дело: управление и технология: Учебное пособие для вузов / Под. Ред. Проф. А.М. Тавасиева. –М.: Юнити- Дана, 2001.
  4. Банковское дело. О.И. Лаврушин  жетекшілігімен оқу құралы –М.: Финансы и статистика 2003ж.
  5. Банковское дело. Учебник/ Под.ред. Г.Н.Белоглазовой, Л.П.Криволецкой-5-ое изд.- М.: Финансы и статистика 2004.
  6. Банковское дело. Учебник/ Под.ред. д.э.н., проф. Г.Г. Коробовой; -М.: Экономист, 2004.
  7. Банковское дело. Учебник под ред. Лаврушина О. И – Москва; Банковский и биржевой научно-консультационный центр,2007 г
  8. Банковское дело: современнаяя система кредитования. Учебное пособие под ред. Лаврушина О.И., Москва, КНОРУС,2007 г.
  9. Банк ісі. Мақыш С.Б., Ілияс А.Ә. Оқу құралы – Алматы : Қазақ университеті, 2007 ж.
  10. Жарковская Е.П. Банковское дело, Москва, Омега-Л, 2007г.

Информация о работе Банктік операцияларды қорландырудың депозиттік емес көздері